ПОӘК 042-18-12 113/ 03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013


Алтыншы кезең (модельдің верификациясы)



бет2/52
Дата12.03.2018
өлшемі5,3 Mb.
#39383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

Алтыншы кезең (модельдің верификациясы) накты және модельдік деректерді салыстыруды қарастырады, модельдің адекваттылығын тексеру, модельдік деректердің дәлдігін бағалау. Егер модель адекватты және дәл болса, оның негізінде нүктелік және интервалды болжау жасалады.

Соңғы үш кезең (4-ші, 5-ші жэне 6-шы) күрделі моделъді калибрлеу процедурасын береді. Она заключается в переборе большого числа разлмчных вариантов иормативные ограничения — значения отделыных переменных (что связано с миогократиыми «вычислительными прогонами модели) в целях получеиия совместной, непротиворечивой и идентифицируемой модели.



Ескерту. Егер экономикалық құбылыстың немесе процесстің математикалық моделін жалпы түрде төртінші және бесінші кезеңдердің орындалмауымен құрса, онда оны эконометрикалық деп есептеуге болмайды! Эконометрикалық моделъдің негізгі мәні мынада: ол жалпы жүйелерді емес, нақты экономикалық жүйенің қызметін сипатгайды. Сондықган ол модельдеудің төртінші және бесінші, сәйкес алтыншы кезеңдердің орындалуын қамтиды.

Эконометрикада жиі қолданылатын берілгендердің типіне көңіл аудару қажет. (Мәселе мынада, олар кейде экономикалық - математикалык сараптаудың кейбір әдістерін таңдауды ұсынатын әр түрде болуы немесе қалайда оған әсер етуі мүмкін).

1. Кросс секциялық деректер (перекрестные) әрбір жеке уақыт сәтіндегі айнымалылар жиынындағы жағдайды көрсетеді. Мысалы, газеттердің іскер бөлімдерінде жарияланатын акциялар бағасының тізімі, пайыздық ставкалар немесе айырбастау курстары кросс секциялык деректерді көрсетеді, өйткені берілген уақыт сәтінде бірнеше айнымалылардың бағасына немесе ставкасына қатысты (акциялар, валюта және т.б.)-

Нақты уақыт сәтінде FTSE 100 акциясының индексін құраушылардың әрбірінің бағасымен байланысты берілгендерде кросс секциялық деректер болып табылады.

2. Кеңістіктік деректер (кеңістіктік кесік) бір уақыт сәтінде (көлемінде) кеңістікті бөлінген ұқсас объектілерге қатысты нақты айнымалылардың жағдайын сипаттайды. Мысалы, Алматы қаласының әртүрлі айырбастау пункттері бойынша нақты бір күнде қолма қол валютаның сатылу және сатып алу курсы туралы деректер. Сонымен қатар бір уақыт сәтінде әртүрлі фирмалардың қызмет жағдайы туралы (өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, кіріс жэне т.б.) ақпарат.

3. Уақытша қатарлар уақыт аралығында қандай да бір айнымалының өзгеруін көрсетеді. Мысалы, акция бағасы туралы деректер, әрбір күндегі валюта курсы (жұма немесе ай) бірнеше жылдар көлемінде әркүндік (ежедневным) уақытша қатарлар болады. Басқа да уақытша берілгендерге мысал ретінде эркварталдық инфляция бойынша деректерді, орташа еңбек ақы, ұлттык кіріс және соңғы бірнеше жылдар көлеміндегі ақшалык эмиссия, немесе айталық, соңғы екі жыл ішіндегі АҚШ долларын (МТБ -да) әкелуге және ГКО (ММВБ) котировкалау фьючерстік контрактылардың бағасы


Өзін тексеру сұрақтары


  1. «Эконометрия» пәні нені оқытады?

  2. «Эконометрия» пәнінің негізгі ұғымдары

  3. Эконометрияның қолданбалы мәні неде?

  4. Эконометрияның негізгі міндеттері?

  5. Эконометрикалық модельдердің кезеңдерін ата

  6. Модельді калибрлеу процедурасы деген не?

  7. Деректердің негізгі типтерін ата


Әдебиет:

  1. К. Доугерти Введение в эконометрику. Пер. с англ. Москва-1997.

  2. Просветов Г.И. Эконометрика: задачи и решения. Уч. Методическое пособие. Москва 2004г.

  3. Брейли Р. Принципы корпоративных финансов: Пер. с англ.-М.:ЗАО «Олимп-Бизнес», 1997

  4. Ә.Ж. Сапарбаев, А.Т. Мақұлова. Эконометрика. Алматы: Бастау, 2007ж.



Дәріс № 2. Таңдамалы ковариация. Ковариацияны есептеу ережелері. Таңдамалы дисперсия. Дисперсияны есептеу ережесі
Дәріс жоспары:

  1. Статистикалық әдіс

  2. Ковариация түсінігі, анықтамасы.

  3. Ковариацияны есептеудің негізгі ережелері.

  4. Функционалды және корреляциялық тәуелділік

  5. Таңдамалы дисперсия ұғымы

  6. Таңдамалы дисперсияны есептеу ережелері


Таңдамалы ковариация

Таңдамалы ковариация екі айнымалы арасындағы өзара байланыстың өлшемі болып табылады. Берілген ұғымды қарапайым мысалмен көрсетейік. Мұнай кризисі уақытында, 1973 жылы бензиннің нақты бағасы, яғни жалпы инфляция деңгейіндегі бағасы өсіп, ол тұтынушылық сұранысқа көрнекті әсерін тигізді. Берілген мәліметтерге сүйенсек, 1963-1972 жылдары бензинге деген тұтынушылық сұраныс тұрақты түрде көтерілді. Бұл тенденция 1973 жылдары тоқтатылып, сұраныс төмендеді. Бұл мәлімет мына кестемен берілді. Мұнда мұнай кризисінен кейінгі тұтынушылық сұраныспен нақты баға.



АҚШ-та бензинге тұтыну шығыны мен оның нақты бағасы

жылы

Шығындар(млрд $,(1972 жылдағы баға)

Нақты бағаның индексі (1972=100)

1973

1974


1975

1976


1977

1978


1979

1980


1981

1982


26,2

24,8


25,6

26,8


27,7

28,3


27,4

25,1


25,2

25,6


103,5

127


126

124,8


124,7

121,6


149,7

188,8


193,6

173,9


Енді мұны диаграмма түрінде көрсетейік

Бұл диаграммадан көретініміз бензинге тұтыну сұранысы мен оның нақты бағасы арасындағы кері байланысты нақты көруге болады. Ал таңдамалы ковариация көрсеткіші берілген байланысты бір санмен өрнектеуге мүмкіндік береді. Оны есептеу үшін біз ең бірінші баға мен бензинге сұраныстың мәндерінің орташасын тауып аламыз.



Айталық бағаны р деп белгілеп, сұранысты у арқылы белгілейік. Ал осыдан орташа мәнді ржәне удеп белгілеп, тауып аламыз. Ендеше р=143,366 у=26,27. Бұдан соң әрбір жылдың р және у-нің орташа мәндерден ауытқуын тауып, оларды көбейтеміз. I-ші жыл үшін (р-)=(103,5-143,36)=-(39,86.және (у- у)=(26,2-26,27)=-0,07. Ал көбейтіндісі (р-)*(у-)=2,79 Осы барлық жеке таңдамасына жүргізіп, орташа мәнін аламыз. Сол таңдамалы ковариация болады. Ендеше нәтиже мынандай болады:

бақылау

р

у

(р-)

(у- у)

(р-)(у- у)

1973

1974


1975

1976


1977

1978


1979

1980


1981

1982


Қосынды

Орташа мәні



103,5

127,0


126,0

124,8


124,7

124,6


149,7

188,8


193,6

173,9


1433,6

143,36


26,2

24,8


25,6

26,8


27,7

28,3


27,4

25,1


25,2

25,6


262,7

26,27


-39,86

-16,36


-17,36

-18,56


-18,66

-21,76


6,34

45,44


50,24

30,54



-0,07

-1,47


-0,67

0,53


1,43

2,03


1,13

-1,17


-1,07

-0,67


2,79

24,05


11,63

-9084


-26,68

-44,17


7,16

-53,16


-53,76

-20,46


-162,44

-16,24

Мұнда таңдамалы ковариация мәні (-16,24)-ке тең. Яғни теріс байланыс деген сөз. Біздің мысалымызда да солай болған болатын.

Мұнан шығатын қортынды берілген мысалдағы байланыс теріс болса, теріс ковариация, ал оң байланыс болса, оң ковариация шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет