ПОӘК 042-18-18 49/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет1/5
Дата08.09.2017
өлшемі1,21 Mb.
#30962
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-18.1.49/03-2013

№ 1 басылым 18.09.2013

73 беттің 2 беті



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-18-18.1.49/03-2013

«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені



№1 басылым

18.09.2013




«Қазақстандағы ұлт-азаттық

қозғалыстар тарихы»
пәнінің оқу- әдістемелік кешенінің

оқу-әдітемелік материалдары
5В020300: «Тарих»

мамандығына арналған

Семей -2013
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

5В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған. Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы П.Санкайбаева

«__03__» __09__ 2013 ж.

2 ҚАРАЛДЫ


    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

« Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды

Хаттама №_1__ « 03_»_09_ 2013 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова

2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №_1__ «_05_»__09_ 2013 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева


3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №_1___ «_18_»__09__2013 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова


4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № 4 «_13_» 09._ 2012_ ж. баспа ОРНЫНА)

Мазмұны :



  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмыстары


1 ГЛОССАРИЙ
1. Матриархат- аналық рулық қауым.

2. Патриархат – аталық рулық қауым.

3. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.

4. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)

5. миф-аңыз,ертегі.

6. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.

7. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.

8. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.

9. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.

10. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.

11. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.

12. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.

13. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.

14. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.

15. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.

16. «Яссы» (Жасақ)- Шыңғыс ханның заңдар жинағы.

17. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.

18. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі.

19. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі.

20. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.

21. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.

22. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді.

23. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.

24. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.

25. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы.

26. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.

27. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.

28. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.

29. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.

30. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.

31. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.

32. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.

33. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.

34. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.

35. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.

36. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы.

37. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.

38. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету жолындағы күрес.

39. Блокада- әскери қысым, қоршау.

40. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.

41. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)

42. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)

43. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)

44. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.

45. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.

46 I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.

47. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.

48. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.

49. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.

50. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.

51 Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.

52. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.

53. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату саясаты.

54. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.

55. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.

56. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)

57. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.

58. «Жылымық жылдар»- 1953-1964 жылдар аралығындағы Н.С. Хрущевтік кезең.

59. Тоқырау жылдары- 1970-1980жж. саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс.

60. Қайта құру – 1985ж. КСРО басшысы М.Горбагевтың саясаты.

61. Желтоқсан оқиғасы - 1986ж. жастар, студенттер қозғалысы.

62. Егемендік туралы декларация – 1990ж. 25- қазандағы Қазақ КСР-нің тәуелсіздігі туралы құжат.

63. Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран.

64. Конституция – Ата заң, мемлекеттің негізгі заңы.

65. «Қазақстан-2030» - Қазақстан Республикасының 2030жылға дейінгі даму бағдарламасы.

66. Президент – Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша ең жоғарғы мемлекеттік лауазымы

67. Жолдау – Қазақстан Республикасы президетінің жыл сайынғы өз халқына белгілі мемлекеттік мақсаттарды жүзеге асырудағы негізгі мігндеттері көрсетілген қорытынды есебі мен болашақтың жоспары

68.Анархия (гр. anarchic) – басшысыздық, өкіметсіздік.

Аристократия – билеушісі социумның жоғарғы, артықшылыққа ие болған тобы, бай немесе ақсүйектер. 2) билік ақсүйектер қолында болатын мемлекеттік басқару формасы.

69.Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде оның құрамына біртіндеп сіңіп, жқтылып кету құбылысы.


70.Ассимиляциялық саясат – мемлекеттердің шовинистік саясаты, қаналған халықтың ұлттық тілін, мәдениетін, дінін, күштеп тану арқылы жүзеге асырылады.

71.Әлеуметтік әділеттілік – қоғамдағы барлық тқлғаларға әлеуметтік топтардың саяси және экономикалық құқықтарының тең болуы, оларға бірдей мүмкіндіктер беру.

72.Әлеуметтік мүдде – жеке адамның немесе әлеуметтік топтың саяси, рухани және экономикалық қажеттіліктерінің жиынтығы.

73.Басқару әдісі – үкіметтік органдардың ұйымдық тәртібі, сондай-ақ өлкенің құрылуы, ерекшеліктері және мемлекеттің халықпен өзара қатынасы.

74.Бодандық – монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі.

75.Большевизм – саяси ой ағымы және Ленин бастаған саяси қозғалыс. РСДРП-ның (1930) II съезінде басшы органдар сайлауы кезінде Ленин жақтастары көп дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.

76.Билік – бедел, құқық, қанау арқылы адамдар өызметіне ықпал ету мүмкіндігі.1)беделді, күш, құқықты, жігерді қолдана отырып біреуге ықпал ету қабілеттілігі.

2)саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі саясатты іске асыру құралы.

77.Буржуазия - әлеуметтік топ, қоғам табы, кейінгі орта ғасыр кезеңінде пайда болды, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстемдікке ие болған.

78.Буржуазиялық төңкерістер - әлеуметтік төңкеріс, оның негізгі мақсаты феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жою, буржуазия билігін орнату,буржуазиялық мемлекет құру.

79.Бюрократия – шенеуніктер билігі, билік жүйесі, ал қоғам алдындағы белгілі бір функциялар мен артықшылартарға ие билік аппараттардың көмегімен іске асырылады.

80.Демократия – халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.

81.Национализация – жеке кәсіпорындардың мемлекет меншігіне өтуі, яғни мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.

82.Отаршылдық – күшті державаның өзінің аумақтық бақылауын неғұрлым әлсіз елге немесе халыққа тарататын саясаты мен тәжірибесі.

83.Өкіметтің бөлінісі – ешқандай мемлекеттік орган, жеке тұлға мемлекеттің тұтастығына кепілдік бере алмайды. Сондықтан үкімет үш бұтаққа бөлінген. Олар заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі.

84.Өркениет – материалдық және рухани мәдениеттің, қоғамдық дамуының деңгейі.

85.Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, әр адамның өз Отанын қорғауы, сол үшін жанын да, қанын да береді.

86.Саяси тәртіп – мемлекет және қоғамда басқарудың әдісі, әрине, үкімет тарапынан. Саяси тәртіптің демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық жүйелері болады.

87.Саясат – қоғамда, әлеуметтік топтар арасында, ұлттар арасында маңызы зор сөз жүйесі және оны іспен қабыстыру.
88.Федерация – жаңа біріккен мемлекет құру мақсатындағы бірнеше мемлекеттер одағы. Оның құрамына енген мемлекеттер федерация субъектісі ретінде құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.

89.Ұлт – тарих қалыптастырған әлеуметтік жағдайы, тілі, діні, бір белгілі бір жерді мекен еткен мәдениеті, тілі бір елдің тобы.

90.Ұлттық мүдде – үкімет белгілейтін мемлекет мүддесі.

91.Ұлтсыздық – ассимиляция салдары, ұлт болмысындағы ауыр дерт, басқа ұлттармен аралас-құраластық, жақындасудың шегінен аттап, оларға сіңіп кету.

92.Эволюция - өрлеу, өркендеу.

93.Революция – 1) түпкілікті төңкеріс, бір сапалы жағдайда екіншісіне ауысуы. Ойдың, қоғамның және табиғаттың диалектикалық даму заңдылықтарының көрінуі; 2) мәдениеттегі ғылымдағы, дүниеге деген көзқарастағы, экономика мен қоғамдағы түбегейлі сапалы өзгеріс.

94.Репрессия – қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.

95.Реформа – қайта құру, өзара, қоғамдық өмірдің бір қырын қайта құру.Мұнда өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.

96.Тарихнама – (гр. Тарихи баяндау) – арнайы тарихи ғылым. Тарихи білімін және тарих ғылымының дамуын зерттейді.

97.Тарих – (өткен туралы әңгіме) – табиғат пен қоғам дамуының үдерісі.

98.Толеранттылық – шыдамдылық.

99.Тоталитаризм – қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатқан мемлекеттік билік.

100.Саяси элита – саяси жетекшілер тобы. Үкімет, мемлекет ісіне ықпал ететін саяси күш.

2 ДӘРІСТЕР

1тақырып: Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәні, қарастыратын мәселелері

Жоспары:

1.Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы

2. Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

3.Тарихнамасы мен деректері.




2тақырып: Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775жж)

Жоспары:

1.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуының алғышарттары.

2. Шаруалар көтерілісінің барысы және бағыттары.

3. Шаруалар көтерілісінің аяқталуы және жеңілу себептері.



18 ғасырдың 1-жартысында империясының Қазақстанда, әсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста Орал мен Сібір бекіністерін салу, көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділаралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері әсер етті. Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі – Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің мәлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774 жылы қаңтарда А.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды. Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына және Елек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүз қазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сәуірде Сакмара ауд-ндағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібір қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 жылы маусымның басында Сарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі менЕділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының әскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады

3тақырып: Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық күрес тарихы

Жоспары:

1.Ұлт-азаттық кұрестің алғы шарттары мен себептері

2.С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық күрес: оның барысы мен мәні

2.Ұлт-азаттық күрестің тарихи маңызы мен сипаты, тарихи бағасы


1783-1797 жылдары Кіші жүз Сырым Датұлының басшылығымен халық –азаттық көтерілісі болды. Бұл көтеріліс феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған қозғалыс. Кіші жүздің Ресейге қосылуы қазақ қоғамының шаруашылық және мәдени дамуында елеулі тежеуші рөл атқарды. Сонымен қатар Кіші жүз патша үкіметінің отаршылдық езгісінің күшеюіне де себепші болды. Феодалдық қатынастардың одан әрі дамуы тап қайшылықтарының шиеленісуіне әкеп соқты. Осының бәрі еңбекші бұқараның наразылығын туғызды. Бұл әсіресе, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қауымдарына аса қажетті қоныстық жерлерді пайдалану мәселелерінде байқалды. Патша үкіметінің 1756ж указы бойынша қазақ қауымдарына Жайықтың оң жақ жағалауындағы жерлерді («ішкері жақ») пайдалануға тйым салынған. Еділ (Волга) мен Жайық аралығындағы едәуір жерді 1771жылға дейін қалмақтар мекендеді олардың Жоңғарияға үдере көшуіне байланысты (1771ж) бұл жерлер босап қалды. Қазақ шонжарларының осы жерлердегі қысқы жайылымға сұраған өтініштері патша үкіметі тарапынан аяқсыз қалды. Қазақтардың «ішкері жаққа» өтуіне патша үкіметі 1782жылы ғана рұқсат берді. Кіші жүз ханы Нұралы және оның туыстары қоныстарды иемдену правосын пайдаланып, халық бұқарасына барынша қиянат жасады. Олар «ішкері жаққа» өтетін әрбір түтіннен 1 жылқы мен 1 қой алып отырды. Ал, Орал казак-орыстары старшиндармен ауыз жаласқан хан мен сұлтандар мұндай ақы төлемейтін, әрі «ішкері жаққа» өткен ауылдарды тонайтын. Мұның өзі хан тұқымының, шекаралық әкімшілік- орындарының және Орал казак-орыстары билеуші тобының пайда түсіретін табыс көзіне айналды. Бұл отырықшылдық және феодалдық езгінің ұштасқан анық аңғартады. Мұның бәрі көтерілістің шығуына себепші болды. Кіші жүздерде жер мәселесінің шиеленісумен қатар феодал, шонжарлардың өз ішінде өкімет билігі үшін тартысы да өрши түсті. Төре тұқымынан шыққан ақсүйектер билер мен батырлардың ел арасындағы ықпалының артуына қарсы болды. Патша үкіметінің қолшоқпарына айналған Кіші жүз ханы Нұралы билер мен батырлардың саяси өмірінде атқарған жұмыстарын жоққа шығаруға тырысты. Сол мақсатпен ол билер кеңесін шақырғысы, олармен санасқысы келмеді. Өз кезегінде билер мен батырлар хан мен сұлтандардың правосы мен билігіне шек қоюға ұмтылды. Бұл көтерілістің қозғаушы күші феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы күрескен шаруалар табы болды. Көтеріліске патриархалдық- феодалдық шонжарлар - билер мен батырлар да қатысты. Бірақ олар халық наразылығын өз мақсаттарына, дәлірек айтқанда , хан мен сұлтандардың билігін шектеуге пайдаланды. Сондықтан да көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар мен патриархалдық – феодалдық топтардың мүдделері бір-біріне қайшы келді. Олардың арасындағы тап қайшылығы жойылады. Көтеріліс кең көлемде өріс алғанмен, шаруалар соғысының дәрежесіне көтере алмады. Ол халық қозғалысы сипатында болды. Көтерілістің негізгі себептері мен мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің «ішкері жаққа», Жайық сыртына өтуге тиым салуы, ру басшыларының праволарына қысым жасауы, хандардың, сұлтандардың, Жайықтың казак әскерінің және патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық тонап, озбырлық жасауы болды. Көтерілістің тікелей басталуына 1783жылдың көктемінде Орал казак-орыс әскері старшиналарының Кіші жүз қауымдарының «ішкері жаққа» өткізген 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі сылтау болды. Көтеріліс алғаш ында Кіші жүз жерінің Батыс аймақтарын мекендеген Тама руын қамтып, көп ұзамай Жайық пен Жем өзендерінің аралығындағы басқа руларға да тарай бастады. Көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға ру старшындары басшылық етті. Бұлардың ішінде, әсіресе Байбақты руының старшины Сырым Датовтың ықпалы зор еді. Көтеріліс 1784жылға дейін Орал әскерлеріне қарсы бағытталды.мысалы, көтеріліс басшысы Сырым Датов 1783жылы Нұралы ханның ауылдарын талаған Чаганов басқарған шеп әскерлерімен соғысты. Чаганов тұтқынға алынып, Сырым оны Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бірақ сол жылдың өзінде жазалаушы отряд Сырымның өзін тұтқындады. Оны Нұралы хан мал беріп құтқарып алды. Тұтқыннан босаған соң Сырым Табын руының старшины Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Орал казак-орыс әскерімен күресін қайта жалғастырды. Бірақ Сырым Нуралыны енді қолдамады. Қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісті басу үшін әскер беруін өтінді. Өйткені Сырым Датов бастаған көтеріліс халық қозғалысы 1784жылдан бастап Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды. 1785жылдың басында Сырымның отряды 2700 адам болса, жалпы көтеріліске қатысқандардың саны 6мыңнан асты. Көтерілістің бұлайша кең жайылуынан қауіптенген патша әкімшілігі енді оны қарулы күшпен басуға кірісті. Осы мақсатпен Орынборға генерал Смирнов бастаған әскери отряд құрылып, ол 1785жылғы ақпанның орташа шеніне Елек өзеніне қарай беттеді. Ал әскери старшиналар Калпаков пен Пономарев бастаған отрядтар Оралдан Жем өзеніне бет алды. Алайда, бұл отрядтар халық қозғалысын баса алмады. Бұл кезде көтеріліске қатысқан ауылдар Жем бойынан көшіп кетті. 1785жылдың наурыз айында Сырым бастаған шағын отряд Антоновск форпосты мен Сахарная қамалына шабуыл жасады. Дегенмен, сол кездегі соғыс өнеріне сай қаруланған гарнизондарға Сырым жасақтары төтеп бере алмады. Осы кезде Назаров бастаған жазалаушы отряд Каршинск форпосты мен Сахарная қамалына жақын жерлерде көшіп жүрген Табын руының бірнеше ауылдарын тонады. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтеріліске бұрын одан тыс қауымдардың қосылуына мүмкіндік жасады. Осы жылдың орта шенінде Кіші жүздің көптеген рулары Нұралыға бағынбай , көтерілісшілер жағына шықты. Соның салдарынан Нұраы ханның өкіметі едәуір дағдарысқа ұшырады. Көтерілісшілердің хан мен сұлтандарға, патша әкімшілдігіне қарсы жүргізген күресі қалың бұқара тарапынан қолдау алып отырды. Хандық өкіметінің дәрменсіздігін жақсы түсінген жергілікті патша әкімшілдігі енді көтеріліс бастаған старшиндармен тікелей байланыс жасауға кірісті. Осы мақсатпен генерал-губернатор О. А. Игельстром көтерілісшілерге Ахун Құсайновты елші етіп жіберді. 1785ж азында көтерілісшілер қатысуымен өткен старшиндар жиналысында патша әкімшілдігінің көтерілісті тоқтату жөніндегі талаптарды талқыланды. Олар сонымен қатар генерал-губернаторға өз талаптарын білдірді. Көтеріліс басшылары қазақ қауымдарына Жайық пен Еділ аралығындағы қоныстарды беруді және Орал казак-орыс әскерлерінің жазалаушы отрядтарын жіберуді тоқтатуын талап етті. Көтеріліске қатысқандардың басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан түсіру болды. Ал сол жылдың күзінде болған старшиндар жиналысы Нұралыны бұдан былай хан деп танудан бас тартқандықтарын білдірді. 1786ж апрелінде көтеріліске қатысушылардың қысымымен Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Сол жылдың маусым айында Екатерина ІІ Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қойды. Осы жағдайды пайдаланған патша үкіметі енді Кіші жүзде хандық үкіметін бір жолата жоймақшы болды. Мұны Игельстром реформасы жүзеге асыруға тиісті болды. Алайда, бұдан еш нәрсеге шықпады. Оның үстіне көтеріліске қатысқан старшиндардың барлығы бірдей хандық үкіметті жоюды қолдамады. Олардың бір бөлігі Нұралыға ғана қарсы шығып, Жәдік әулетінен шыққан Қайыпты хан етіп сайлауды ұсынды. Сондықтан да Игельстром реформасына сәйкес құрылған шекаралық сот пен сот келісімін орындау ешқандай нәтиже жаңа басқару системасын орнатуға тырысқан әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін патша үкіметі хандық билікті қайта қалпына келтіру, қазақ қоғамының жоғарғы сұлтандар тобымен арадағы одақты нығайту бағытын ұстады. Игельстромның орнына жаңадан генерал-губернатор болып сайланған А. А. Пеутлинг енді Нұралының інісі Ералы сұлтанмен байланыс жасады. Осы кезден бастап (1790ж) Орал казак-орыс әскерлері старшиндарының қазақ ауылдарына шабуыл үдей түсті. Жазалаушы отрядтардың іс-әрекетін сұлтандар қолдады. Мұның өзі халық наразылығын күшейтті. Осыған байланысты Кіші жүз ауылдарында стихиялық толқулары күшейіп, көтерілісшілер жасақтары Ойыл және Шыңғырлау өзендерінің бойында шоғырланды. Көтеріліс барысында таптық күштердің күштері барған сайын айқындала түсті. Билер мен старшиндардың кейбір топтары халық наразылығының одан әрі өріс алуынан қорқып, сұлтандармен ауыз жаласып кетті. Сөйтіп, көтерілістің негізгі қозғаушы күші болған шаруалар мен патриархалдық-феодалдық шонжарлардың мүдделері іс жүзінде қайшылыққа ұшырады.

Алайда, патриархалдық-феодалдық дәстүрлерге шырмалған, езілген халық бұқарасы «өз» феодалдарына қарсы батыл күрес жүргізе алмады. 1790ж тамызда Нұралы хан Уфа қаласында қайтыс болды. Ералы патша үкіметі әскерінің қолдауымен хан болып жарияланады (1791ж тамыз). Сұлтан тобының басшысы Ералының хан болуын халық наразылығын күшейтті. Сырым бастаған топ енді патша әскерлерімен кішігірім қақтығысулармен бас тартып, 1792ж ашық соғыс қимылдарына көшті. Патша қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар айтарлықтай нәтижеге жете алмады. Өйткені сол кездегі соғыс тактикасын бұрынша меңгерген қамал гарнизондарының күші қазақ жасақтарынан әлде-қайда басым болатын. Сондықтан да көтерілісшілердің 1792ж күзінде Елек қамалына жасаған шабуылы сәтсіз аяқталды. Бұдан соң көтеріліс басшылары күрес әдісін өзгертіп, партизандық соғыс тәсілдерін қолдады. Олар шекаралық бекіністерге , сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, адамдарын тұтқынға алды. 1794ж Ералы қайтыс болғаннан кейін, патша үкіметі Кіші жүз ханы етіп Нұралының баласы Есімді сайлады (1796ж). ол көтерілісті басуға бар күшін салды. Көтеріліс басшыларын патша үкіметіне ұстап берді. Сол жылдың желтоқсанында Орынбордың әскери губернаторы болып тағайындалған барон Игельстромға көтерілісті біржолата басуға бағытталға шараларды жүзеге асыру жүктелді. 1797ж наурыз айында көтерілісшілердің бір тобы хан ауылына шабуыл жасап, Есімді өлтірді. Ханның өлтірілуі феодал топтардың Сырымға қарсы шығуына себепші болды. Мәселен, Сырымға қарсы жіберілген жазалаушы отрядтың құрамына Кіші жүздің Байбақты, Алаша, Беріш, Тама, Адай, Шеркеш т.б. руларының билері мен старшиндары да кірді. Есім хан өлтірілгеннен кейін, Кіші жүзде хан кеңесі құрылды. Оған Айшуақ сұлтаннан басқа 6 старшин және патша әкімшілігінің өкілі муфти Құсайынов кірді. Бұл кеңестің құрылуы сұлтандар мен ірі патриархалдық-феодалдық шонжарлардың мүдделеріне толық сай келіп, халық көтерілісін басып-жаныштауға жағдай жасады. Хан кеңесінің 1797ж тамызда болған мәжілісінде Сырым мыңға тарта адаммен келіп күресті тоқтататынын мәлімдеді. Сырым хан кеңесінің құрамына енгізілді. Осыдан кейін көп ұзамай –ақ 14жылға созылған Кіші жүз шаруаларп көтерілісі тоқталды.

Сонымен, халқымыздың тарихындағы ашылмай жатқан ақтандықтардың бірі –ұлт-азаттық көтерілістері. Бұл тұрғыдан көпшілік қауымға Сырым Датұлы, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық қозғалыстары, 1916ж ұлт-азаттық көтерілістері кеңірек таныстырылған. Алайда еш шүбә келтіруге болмайтын осы қозғалыстардың өзі де советтік дәуіріміздің белгілі бір кезеңдерінде тарих сахнасынан орынсыз ысырылды, ол жайында айтылған шындық сөз буржуазиялық-ұлтшылдықтың көрінісі ретінде ай ыпталды. Соның да салдары болуы керек, бұл аталған халық қозғалыстарының назардан қалған тұстары әлі де баршылық. Әрі Қазан төңкерісіне дейінгі бостандық, теңдік аңсаған қазақ елінің ұлт-азаттық көтерілісі, әділет жолындағы күресі осы айтылған үш кезеңмен ғана шектеліп қоймады. Оған төменгі хронологиялық тәсілмен беріліп отырған архив деректері айқын мысал.

Алдымен ауызға ілігетіні , әрине, Әлкей Марғұлан: «Әбілқайыр тұқымы патшаға қарсы күресте қазақ тарихынан ең қадірлі орын алатын көрнектісі » деп бағалаған ХҮІІІғ аяғындағы Сырым Датов бастаған айбынды қозғалыс. Оның 1780ж басталып, жиырма жылға жуық уақытты қамтығаны жұртшылыққа мәлім. Көтерілістің туу себебін Әлкей Марғұлан ертеректе жазылып, архивке тапсырылған қолжазбасында : «Бұл кезде хан мен патша халықты екі жақтап сорып, оларға жыл сайын төлейтін рамат, жасқ, салық деген нәрселер халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халықты мүлде бас көтертпеді. Отаршылдық талаудың өзге түрі халық бұқарасын әбден көк иық қылып, кіші жүз қазақтары енді құлдық бұғауының астында шіруге айналды. Бұлардың ішінде халықтың еңсесіне батқаны әсіресе олардың атамекен қонысын тартып алып, өздерінің бас еркіндігіне нұқсан келтіргендік еді» деп көрсетеді.

Хан тұқымының озбырлығы күресті бейбіт түрде бастаған Сырым батырдың патшаға жөнелткен шағым хаттарына ашық айтылған. Саяси бостандықты көксеп , бір хатында: «Ханды орнынан түсіріп, әкімшілікті халықтың өз қолына беруді» талап еткен. Сонымен қатар патша үкіметінің отаршылдық іс-әрекетіне де наразылық білдіріп: «Бұл Мәзқұр Досқанов Орал қаласынан мың жарым әскермен шығып, бейбіт жатқан кінәсіз қазақ халықының екі жүз жиырма үйін шауып, оларды талан-таражға ұшыратып, 57 кісін ұстап әкетті. Алған жылқы, ту сиыр дегеннің есебі жоқ» деп жазғаны ерекше назар айдартады.

1783ж жазда көтерілісшілер Ойыл мен Жем бойын жайлап, патша ұлықтарына, өткінші саудагерлерге, хан-сұлтандарға шабуыл жасады. Сырым батыр патша әскерімен қалай қақтығысуды ақылдасу ниетімен атасына ас беруді сылтауратып, өзіне жақтас би, батырларды, халық өкілдерін жинады. Мұны алдын-ала сезген Нұралы ханның тыңшылары қарулы қолмен келіп, Сырым батырды бірнеше серігімен алдап оңаша шығарып, тұтқындап әкетеді. Ол Орынбор түрмесінде бір жыл жатып, халықтың талап етуімен бостандық алғаннан кейін күрес қайта жанданды. «Лябежный», «Руежный», «Сахарный»,т.б.қамалдарға шабуыл жасалып, өрт қойылады. Бұдан сәл ертерек Кульнев бастаған 3462 адамдық жазалаушы отряд көтерілісшілерді таппай, бейбіт ауылдарды қан қақсатып оралса, енді Орынбор мен Оралдан екі әскер шығады. Бетпе-бет қақтығыста екі жақтан да біраз шығын болып, патшаның үш офицері оққа ұшады. Осы ұрыстан соң көтерілісшілер шегініп, жазалаушы отряд қорғансыз ауылға шауып, екі жүздей ауыл мен жүзден аса кемпір-шал, бала-шағаны тұтқынға алған. Оған кектенген Сырым батыр ізінше сарбаздарын аттандырып, Орынбор мен Жайық төңірегіндегі қамалдарға шабуыл жасатқан. Осылай жалғасқан көтерілістің бірде басылып, бірде қайта өрлеп, 1798ж дейін созылғанын, олардың қолынан Нұралының баласы есім хан өлтіргені , патша үкіметінің Сырым Датовтың басына үш мың сом алтын тіккенін айғақтайтын деректер жетерлік.

Біздің Сырым батыр бастаған көтеріліске көбірек тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Хан-сұлтандардың шексіз билігіне, сатқындығына және патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсылық-бұдан соңғы көтерілістердің бір қатарына ортақ сипат. Мәселен, Сырым батыр бекініс-қамалдарға шабуылдап, өрт қойдыртса, кейінгілері де шекаралық аймақтарда қарулы отрядтармен қақтығысып, жалаңаш қолмен от көсегендей болды. Рас, хандыққа таласып, халық толқынысып, көтеріліс мақсатын жеке бас пайдасына бұрып әрекет етушілер де жоқ емес.

Міне, сондай қозғалыстардың біріне ХІХғ алғашқы ширегінде Қартай Нуралиев басшылық етті. Есім хан өлген соң, ел жақсылықтарының қалауы соған түсті. Ол жөнінде тарихшы А. Ф. Рязанов «Қазақ халқының қырық жылдық ұлт-азаттық күресі» (1926ж Қызылорда) атты кітабында : «Бұл өктем әрі өте қатал адам еді, оны россияның «қолжаулығы»етіп, басшылықтың талабын бұлжытпай орындату қиын болды. Игельстром Қаратай сұлтан таққа отырса, олардың тәуелсіз, күшті басқарушысына айналып , Россиядан бөлініп кетуі мүмкін екендігінен қауіптенді» деп жазды. Сөйтіп, патша үкіметі ел жақсылықтарының тілегін ескермей, ант аманаты ретінде Орынборда көп жыл тұрған, кейінгі қызметінде де сенімдерін ақтаған Айшуақты хан көтереді.

1806ж Қартай Нуралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді олар күтпеген қарсылыққа ұшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетінен де жасап көрді. Оған да көнбеген сұлтанды ұстауға 1807ж 3артиллерия құруы, 1500 адам бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штаб-капитан Ешпанешниковтың т.б.жазалаушы отрядтары аттандырылды. Көтеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820ж басына дейін созылды.

Іле қазақ даласында 1826-1838ж аралығында Қайып-Ғали Есімов бастаған тағы бір көтеріліс шықты. Архив деректеріне оның да ел ішінде ықпалды сұлтан болғаны айтылады. Қайып-Ғали екі рет тұтқындалып, алғашқысында сегіз айдан соң босатылған, ал екінші жолы өз жақтастарының көмегімен түрмеден қашып шығады. Оны ұстап, көтерілісті басуға 1828ж подполковник Биязновтың , бір жылдан соң 520 адамдық әскері бар атаман Бородиннің т.б. жазалаушы отрядтарын жұмсады. Қайып-Ғалиды у беріп өлтіру, алдап қолға түсіру, жанындағы серіктерін ақшаға сатып алу әрекеттері де ойластырылды. Алайда бұл әрекеттердің бәрі нәтижесіз аяқталып,жазалаушы отряд көбінесе бейбіт ауылдарды шауып , тонап қайтып жүрді. Есесіне көтерілісшілер де хан-сұлтандар ауылына, бекініс-қамалдарға шабуыл ұйымдастырды. Арада тілегін орындамаған Хиуа хандығымен де араздасып, Исатай Тайманов бастаған көтерілісшілерге көмекке ұмтылды. 1838ж Исатай мен Махамбетке қосылып, құрамында бірнеше жүздігі, Орал казк полкі, 50 жаяу солдаты, екі зеңбірегі және хан жасағы бір патша әскерімен қақтығыста жеңіліс тапты.

ХІХғ басында патшалық Россиямен қатар, қазақ жерін жаулаған Хиуа, Қоқан хандығына қарсы да ұлт-азаттық көтерілістері өріс алды. Оның бірі 1820жылдары Омар ханның салық жинаушыларына наразылық көрсеткен Түркістан, Шымкент, Сайрам, Әулиеата өңірінде басталды. Ұзын саны 12 мыңға жеткен көтерілісшілерге Тентек төре (Мәлік төре) басшылық етті. Оны басуға Омар хан мен үлкен жасақ жөнелткен. Екіге бөлініп , Сайрам мен Шымкентке бекінген көтерілісшілер табан тірескен ұрыстан соң күші сарқылып, амалсыз тізе бүкті.

Дәл осы кезде Жаңа Елек ауданы маңындағы шүйгінді жайылымдарын патша отаршылдары тартып алаған, табын руы қару асынып, атқа мінді. Батыр Жоламан Тіленшиевтің соңынан ерген бұл көтерілісшілер де шекаралық аймақтарға, хан-сұлтандар ауылына қатты шүйлікті. Көтеріліс, әсіресе 1835ж кең қанат жайды. Жазалаушы отрядтармен сан мәрте бетпе-бет келіп қақтығысқан Жоламан батыр өз жерінен ығыстырылып, ақыры үш жүзді түгел қамтыған Кенесары қозғалысына аттанды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет