ПОӘК 042-18-24 03\03-2013 1 ші басылым



бет8/9
Дата15.09.2017
өлшемі5,95 Mb.
#33593
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Операция тәсілі. Теріні шетке қарай ысырып, инені немесе трокарды қабырға шетініне перпендикуляпрлы бағытта енгізеді. Ол үшін иненің соңғы жағына резеңке түтік кигізіп, және оған кеудені тесу барысында ауа енудің алдын алу қысқыш үшін қысқыш қояды. Иненің кеуде қуысына кіргенін оның оңай жүрісінен, өзегінен сұықтың ағуынан біледі. Инені ірі малға 3-4 см кіргізеді. Өкпеде ісіну болмау үшін немесе мал есінен танбау үшін кеуде қуысын сұықтан жайлап босатады. Журек әлсіз болған жағдайда алын ала кофеин береді Егер іріңді плеврит болмаса барлық сұықты алып керегі жоқ, қалған экссудат өзі бірте - бірте сіңіп кететі. Іріңді экссудатты толық сорып алып, кеуде қуысына асептикалық ертінді мен пенициллин, стрептоцид, риваноль, бактерецид, араластырып жібереді. Ертінді жайлап жібереді де бірнеше минуттан кейін қайта сорып алып тастайды Жууды таза сұйық аққанша бірнеше рет қайталайды. Тескен орынды иод ертіндісімен өңдеп, кілейлі таңғышпен (лейкопластр) жабады. Пункцияны қайталағанда басқа орын таңдайды.


Қабырға резекциясы. Көрсетілімі.

1. Кариесте, некрозда, остеомелитте, қабырғаның жарқыштанып сынуы;

2. Кеуде қуысын ашу үшін сау қабырғаны алып тастайды.

Операция тәсілі. Малды бекітіп, ауырсындырмау жасалып, кесіп алынатын қабырға аумағында операция алаңы дайындалады. Содан соң кесіп алынатын қабырға үсті терісі, тері асты ұлпалары тілініп, қабырға ашылады. Содан соң қабырғаның кесіп алынатын екі ұшынан қабырға тысы көлденең тілініп, олар бір бірімен қабырға бойымен жасалған тілікпен қосылады. Осыдан соң сүйек тысы астына Дунайенконың қабырға тысын ажыратқышы енгізіліп, оны жоғары төмен жүргізу арқылы қабырға тысы қабырғадан ажыратылады. Бұл жағдайда плевраны тесіп алмау керек. Қабырғаның кесіп алынатын бөлігі сүйек кескіш қайшымен немесе хирургиялық арамен кесіп алынады. Қабырға ұштары егеліп, алдымен сүйек тысы, содан соң бұлшық еттер, ең соңында тері тігіледі.


Дәріс 10. ҚҰРСАҚ АЙМАҒЫНА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР (ЛЖС – 11)

Жалпы анатомо топографиялық ерекшеліктері.

Құрсақ қуысын тесу және ашу.

Мес қарынды тесу және ашу.



Операциалық жолмен құрсақ жарықтарын емдеу.

Сиырдың қаңқасы және ішкі ағзаларының көрінісі:
1. Өңеш; 2. Кеңірдек; 3. Өкпе; 4.Алдыңғы диафрагма шеңбері

5. Көкбауыр (оның алдыңры шеңбері); 6. Қарын; 7. Қуық;

8. Жатырдың сол бөлігі; 9. Тік ішек; 10. Қынап; 11. Зәр шығару тесігі; 12.

Тоқ ішек жиегі; 13. Қатпаршақ қарын; 14. Жүрек.

Шекарасы. Құрсақ аймағының алдынғы шекарасы көк етпен (диафрагма, «төс етек» ) анықталады. Артқы шекарасы жамбас қуысының шап байламы тұсына дейін. Жоғарғы шекарасын бел омыртқалар және оның бұлшық еттері анықтайды. Төменгі шекарасы - төс шеміршегінен (r. xiphoidae) басталып, шапқа дейін созылып жатқан құрсақтың ақ сызығы. Құрсақ - құрсақ қуысына және құрсақ қабырғасына бөлінеді. Екі жақтағы құрсақ қабырғаларын жабын ұлпалар мен бұлшық еттер құраса, құрсақ қуысында ішкі ағзалар орналасқан. Құрсақ аймағы шартты түрде 5 бөлікке бөлінеді. 1. Аш бүйір (fossa paralumbalis); 2. Аш құрсақ (r. iliacft); 3. Құрсақтың кіндік алды бөлігі; 4. Құрсақтың кіндік арты бөлігі; 5. Шат аймағы (r. pubis). Құрсақ қабырғасының жабын ұлпалары мен бұлшық еттер. 1. Тері және оның астындағы борпылдақ ұлпасы және онымен бірігіп өскен тері асты сірі қабық (фасция). 2. Тері асты бұлшық етті. 3. Ішкі құрсақ сірі қабығы немесе оны ішкі сары сірі қабық (fascia flava abdominis) дейді. 4. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті (m. obliguus abdominis). Бұлшық еттің басы 5 қабырғадан бастап соңғы қабырғаға дейін, қабырғаның жоғарғы артқы жақтарына бекиді Төменгі басы құрсақ қабырғасын түгел қаптап, соңғы жағы құрсақтың ақ сызығын жасауға қатысады. Сонымен бірге оның артқы жағы шап байламын жасап сербекке және шат сүйекке бекіген. Соңғы жағында бөлініп, шап тесігін жасайды. 5. Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық еті (m. obliguus abdominis internus). Ірі бұлшық ет. Оның жоғарғы басы бел омыртқалардың көлденең қанаттарына бекіп, соңғы қабырғаның орта тұсына қарай бағытталып, бекиді. «Аш бүйірді» қалыптастырады. 6. Құрсақтың түзу бұлшық еті (m. rectus abdominis). Ол 4-5 қабырға шеміршегінен басталып, «ақ сызыққа» паралелл созылып шат сүйекке бекиді. 7. Құрсақтың тік түзу бұлшық еті (m. transversus abdominis). Оның жоғарғы басы бел омыртқалардың көлденең қанаттарына бекіп, төменгі жағы құрсақтың ақ сызығын жасауға қатысады. 8. Құрсақтың ішкі көлденең сірі қабығы (fascia transversa) 9. Ішперде (брюшина) – құрсақты іш жағынан толық қаптап жатқан сірі қабық. 10. Құрсақтың «ақ сызығы» (lineo alba) - қан тамырлары мен жүйкелері аса аз, құрсақтың сірі қабықтары мен бұлшық еттерінің байлам сіңірлерінен түзілген құрсақтың төменгіжағы. Оның ортасында кіндік орналасқан. Қан айналысы.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет