ПОӘК 042-18-24 03\03-2013 1 ші басылым


Ірі қараны жықпай, түрегеліп тұрған күйінде



бет2/9
Дата15.09.2017
өлшемі5,95 Mb.
#33593
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ірі қараны жықпай, түрегеліп тұрған күйінде бекемдеу

Негізінен ірі қараны тұрран күйінде бекемдеген дұрыс, өйткені ауру малды жығып тұрғызып жүргенде кейде оның жарақаттануы, сүйегінің сынуы, бұлшық етінің жыртылуы, сіңірінің созылуы, ішкі арзаларына зақым келуі, жүйкесінің салдануы да жиі кездеседі. Ірі қараға жақын- дап, ең алдымен ауру малдың мінез-құлқына назар аударран жөн. Жәрдем көрсетуге тиіс ауырған малға алдынғы жағынан келіп, ол өзіне жақындаған адамды сезуі үшін сылап-сипап белгі беруі керек. Бекімдеушіге немесе жәрдем беруші маманға қауіпсіз болу үшін, малды белгілі бір тәртіппен байқап, мойнын, денесін және аяқтарын қарап шыққан жөн. Ауырған жерді зерттеу алдында оны аз ғана сипап немесе ауырмаған жерін ақырын шапалақтап алған дұрыс. Мұндай жағдайда малдың ауырған жеріне бір рет қол тигізген жөн. Бұл малдың қозғалысын білуге және аяғымен теуіп қалмауына, зерттеушінің аяғын басып кетпеуіне мүмкіндік береді. Мысалы: денесінің алдыңғы жағынан қараған кезде бір қолды жауырынға немесе иығына салады, ал арқасын, құйрығын, құрсағын, жамбас жағын зерттеген кезде сербек сүйегінен ұстайды. Денедегі зақымдалған жерді сылап-сипап және басып езгілеу, ауруды күшейте түседі. Сондықтан мал мазасызданып, бұл әрекеттерден бойын аулақтауға тырысады. Осыған байланысты жәрдем көрсетуші адам мал түлігінің ерекшеліктерін білуіге тиіс. Ірі қараның сүзуі, маңдайымен ұруы, артқы аяғымен (сыртқа қарай, кейде артқа қарай) теуіп қалуы, аяқты басып кетуі мүмкін. Малдың бұл түлігін ұстап тұру әдісі жәрдем көрсеткен кезде аурудың ерекшелігіне, малдың күй жағдайына және басқа себептерге байланысты.



Малдың турған күйінде басын бекемдеу. Малдың басын бекемдеудің бірнеше әдісі белгілі. Мысалы: бекемдеуші саусақпен немесе тұмсық қысқышымен танау тесіктерінен бір қолының саусақтарын өткізіп, екінші қолымен мүйізінен ұстап малдың басын қатты қысып ұстайды.

Ауруған малдың басын көтеру қажет болған жағдайда, бір қолмен мүйізінен ұстап, екінші қолдың саусағын танау тесіктерінен өткізіп жоғары кетереді (7,8-сурет). Ең дұрысы танау қысқышын қолдану (Гармс, Ш.А.Кумсиев қысқыштары). Ол үшін қысқышты танау тесігінен өткізіп, қысқышқа жіп-арқан байлап, малдың басын өзіне тартып тұрады. Егер малдың танау, мұрын айнасы жарақаттанып қысқыш қолдануга болмаса, басқа әдіске жүгіну керек. Ол үшін ірі қараның екі мүйізіне бірдей арқан байлап, оның басын жерге терең қағылған бағанаға тақап таңып байлап тастайды, екінші көмекші құйрығынан тартып ұстап тұрады.



7- сурет. Ірі қараның тұмсығынан қысып ұстау

а) саусақтармөн б) тұмсық қысқышымен

8-сурет. Ірі қараның басын бекемдеу а) баганаға баОлау; б) Кумсиев әдісімен;





Ірі қараның аяғын бекемдеу

Малдың шабын, енін, күпегін, сүт безін, санын емдеп, әр түрлі ветеринарлық жәрдем көрсеткенде, мал қозғалмай тұру үшін артқы аяқтары бекемделеді. Ол үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Жуас малдың бір артқы аяғына ағаш таяқ өткізіп бекемдеушінің артқа тартып, кейде екі артқы аяқты бір-біріне жақындатып арқанмен таңып байлайды. Артқы аяғын көлденеңдете кейін қарай тартып, арнайы станоктарға іліп бекемдеу қолайлы болады (9-сурет).




9-сурет. Ірі қараның артқы аяғын бекітіп баилау әдістері а-тілерсекке бұрау салу; б-таяқтың көмегімен; в-артқы екі аяғын арқанмен тұзақтау; г-құйрык,тың өзімен баилау; д-бақаидың басынан станок ішіне арқанмен байлау; е-станок ішінде көлденең тұррызып байлау.
Ірі қараның алдыңғы аяқтарын бекемдеудің де кейбір әдістері белгілі (10 - сурет). Алдыңғы аяқтың тұсамыс сүйегінен арқан байлап, малдың арқасынан асыра келесі жағына жіберіп, сол байланған артқы аяғын көтерген күйінде бекемдеуші тартып тұрады. Ең дұрысы алдыңғы және артқы аяқтарды станок ішінде байлап бекемдеу.

Малды бекемдейтін арнайы станок болмаған жағдайда, мал шағылыстыру станоктарында пайдалануга болады. Ірі қара мен басқа да ірі малды бекемдеуге С.П. Политовтың жылжымалы, құрастырмалы станогын пайдаланкан жөн.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет