ПОӘК 042-18 32/01-2014 №1 баспа 28. 08. 2014 ж


Тұрақсыз дыбыстар- жүйедегі музыкалық ойдың аяқталмағандығын құлаққа анық естілдіріп тұрады. Тартылыс-



бет3/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,58 Mb.
#25874
1   2   3   4

Тұрақсыз дыбыстар- жүйедегі музыкалық ойдың аяқталмағандығын құлаққа анық естілдіріп тұрады.

Тартылыс-дыбыстан дыбысқа ауысудың күтілуі. Бір дыбыстан келесі дыбысқа тартылыс негізінде ауысу – шешілу деп аталады.

Тапсырма:

Әуенді ести отырып тұрақсыз дыбыстарға талдау жасау.



Әдістемелік нұсқаулар:

Тұрақты дыбыстар бір ойдың ( тыныштықты) аяқталғандығын меңзесе, ал тұрақсыз дыбыстар керісінше одан әрі жалғасуын сездіртіп тұрады. әрбір дыбысты жеке талдаңыз.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай дыбыстарды тұрақсыз деп атаймыз?

  2. Тартылыс деген не?

  3. Шешілу деген не?

№ 19. Тақырып. Мажорлық лад.



Сабақ мақсаты: табиғи жажорлық ладқа түсініктеме беру, құрып үйрету, әр сатыларына жеке-жеке тоқталу.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Мажор- тоникасында мажорлық үшдыбыстылық құралатын лад. Тоникасына орналасқан үшдыбыстылық тоникалық деп аталады.

Гамма- бір тоникадан келесі тоникаға дейінгі аралықта рет- ретімен орналасқан ладтың дыбыстары. Гамма жоғарғы және төмен бағыттарда орналасады. Гамма дыбыстарын тең бөлікке бөлгендегі жартысы тетрахорд деп аталады. Яғни төменгі және жоғарғы бағыттағы гамманың негізінде белгіленеді. әрбір саты ерекше атаумен аталады:

1- тоника Т;

2- төмен шешілетін кіріспе дыбыс;

3- медианта;

4-субдоминанта S;

5- доминанта Д;

6- субмедианта;

7- жоғары шешілетін кіріспе дыбыс;


Т, S, Д- негізгі сатылар, яғни басты үшдыбыстылықтар осы сатыларда құралады.

Мажорда үш тұрақты сатылар ( 1,3,5)- олар тоникалық үшдыбыстылықтарға кіреді, бірақ әр қайсысының тұрақтылығы біркелкі емес. Тоника ең тұрақты болып саналады, өйткені 2,4,6,7 тұрақсыз сатылардың барлығы соған қарай тартылады.



Тапсырма:

Кез-келген бір сатыдан мажорлық гамма құру және барлық тұрақсыз сатылардың соған тартылуын көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ең алдымен бір дыбысты таңдап алыңыз. Яғни гамма құратын. Гамма құрылып болған соң жеке-жеке әр көршілес сатылардың арасындағы қашықтықты мына формула бойынша құрамыз: тон, тон, жарты тон,тон, тон, тон, жарты тон. Құру кезінде гамма дыбыстарын жоғарылату не төмендету қажет болып жатса, ол белгілерді кілттен кейін орналастырамыз.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Мажор деген не?

  2. Лад деп нені айтамыз?

  3. Табиғи мажорлық гамма қалай құрылады?

  4. Ладтың дыбыстары қалай аталады?

  5. Ладтың қай дыбыстары басты болып саналады?

  6. Мажордың қай дыбыстары тұрақты?

7. Мажорлық ладта тартылуына қарай қандай ерекшеліктер бар?

№ 20. Тақырып. Минорлық лад.



Сабақ мақсаты: Минорлық ладқа түсініктеме бере отырып, оны формула бойынша гаммамен құрып үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Минор – тоникасында минорлық үш дыбыстылық орналасатын лад. (moll)

Тапсырма:

Ля – дыбысынан минорлық лад құрып гаммадағы тартылыстарды көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ля- дыбысынан минорлық лад құру кезінде мына формулаға сүйенеміз: тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон. Тұрақсыз дыбыстардың ішін бояп, қайда тартылып тұрғанын көрсетіп қою керек.



Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Минор дегеніміз не?

  2. Табиғи минорлық ладтың гаммасы қалай құрылады?

  3. Минорлық гамманың дыбыстары қалай аталады?

  4. Минорлық гамманың сатылары қалай аталады?

№ 21. Тақырып. Тональдік. Мажорлық тональдіктер (диездік және



бемольдік). Квинталық шеңбер.

Сабақ мақсаты: Тональдікке анықтама бере отырып, квинталық шеңбер бойынша барлық мажорды оңға және солға құру.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Тональдік- ладтың биіктік жағдайы. Дыбыс қатарының кез- келген дыбысын ладтың тоникасы ретінде алуға болады. Мажордың тоникасы үлкен әріппен жазылады. Кілттік белгілер тональдіктің құрамына қажет және кілттен кейін орналасады. Белгілі бір қатармен жайғасады:

Диездер- фа, до, соль, ре, ля, ми, си;

Бемольдер- си, ми, ля, ре, соль, до, фа.

Егер С-dur тональдігінің доминантасын тоника деп алатын болсақ, онда G- dur тональдігі пайда болады және бұған фа- диез белгісі қажет болады. Осы жолмен жүре берсе мажорлық тональдіктің жеті диезге дейін тұратын топтары пайда болады. Олар бір- бірінен Т5 аралығы бойынша жоғары бағытта орналасқан.

Бемольдік тональдіктер жүйесі осыған қарама – қарсы әдіспен орналасады.

Квинталық шеңбер дегеніміз бір ладтың барлық тональдіктері таза квинта бойынша ретпен орналасады.

C – dur


F- dur G- dur

B- dur D-dur

Es- dur A-dur

As- dur E- dur

Des-dur Ces- dur

Cis- dur H-dur

Ges- dur

Fis- dur
Тапсырма:

Мажорлық тональдіктердің кілттік белгілерін жаттау.

Әдістемелік нұсқаулар:

Жаттауға оңайлау болу үшін кейбір заңдылықтарды ескеру қажет:



  1. До мажорда белгі жоқ, до-диезде жетеу, до-бемольда да жетеу.

  2. Фа мажор мен соль мажор – до мажорға S, Д, болып келеді, мұнда бір-бір белгіден бар.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тональдік деген не?

  2. Қандай белгілерді кілттік деп атаймыз?

  3. Кілттік белгілер не үшін қажет?

  4. Квинталық шеңбер деген не?

  5. Кілттегі диездердің орналасу тәртібі?

  6. Кілттегі бемольдардың орналасу тәртібі?

№ 22 Тақырып. Мажорлық тональдіктердің энгармониялық теңдігі. Мажордың түрлері: табиғи, гармониялық, мелодиялық.



Сабақ мақсаты: студенттерді мажорлық ладтың энгармониялық теңдіктегі үш жұп тональдіктерімен таныстыру және гармониялық, мелодиялық түрлерін табиғидан ажырата білуге үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Энгармониялық теңдіктегі тональдіктер деп, барлық сатылармен үндестіктері бір-біріне дәл келетін тонельдіктерді айтамыз. Диездік тонельдіктер бемольдық тонельдікке және керісінше болып ауыстырыла береді. Мыс:

Си мажор (бес диез) = До бемоль мажор ( жеті бемоль)

Фа- диез мажор (алты диез) = Соль бемоль мажор (алты бемоль)

До- диез мажор ( жеті диез) = Ре бемоль мажор (бес бемоль)



Гармониялық мажор- табиғи мажордан өзгешелігі алтыншы саты төмендетілген. Оның анық белгісі: 6-7ші сатыларда ұлғ. 2.орналасады.

Мелодиялық мажор- табиғи мажордан төмен бағытта алтыншы, жетінші сатылардың төмендетілуімен ерекшеленеді.

Тапсырма:

Ноталық шығармалардан мажордың табиғи, гармониялық, мелодиялық түрлерін көрсету.



Әдістемелік нұсқаулар:

Кез- кеген шығарманың тональдігін табу үшін, ең бірінші кілттік белгілеріне көз жүгіртіп, содан кейін ең басқы дыбыстарымен ең аяғындағы дыбыстарына назар аудару керек.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Энгармониялық теңдіктегі тональдіктер деген не?

  2. Қандай мажорды гармониялық деп атаймыз?

  3. гармониялық мажордың ерекше белгісі?

  4. Мелодиялық мажор қалай құрылады?

№ 23 Тақырып. Минорлық тональдіктер ( диездік және бемольдық). Параллель тональдіктер. Минорлық тональдіктердің Квинталық шеңбері.



Сабақ мақсаты: студенттерге барлық минорлық тональдіктерді квинталық шеңбер бойынша құра отырып, мажорға параллель минорларды тауып үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың берілулері:

Әр мажорлық тональдіктердің дыбыс қатарына дәл келетін, оған параллель минорлық тональдіктер болады. Олар мажордан к 3 аралығында төмен орналасады.

Табиғи түрінде дыбыстар құрамы мен кілттік белгілері біркелкі келетін мажор мен минор- параллель тональдіктер болып саналады.

Минорлық тональдіктер кіші әріппен белгіленеді. Минорлық ладтың 15 тональдігі бар. Оларды квинталық шеңбермен орналастырсақ:

a

d e


g h

c lis


l cis

b as


ais gis

el

dis



Тапсырма:

Мажордан параллель минорды, минордан параллель мажорды тауып үйрену.



Әдістемелік нұсқаулар:

Кез-келген мажордың параллель минорын табу үшін к3- ға төмен түссек, минордың параллель мажорын табу үшін керісінше к3- ға жоғары шығамыз.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Параллель тональдіктер деген не?

  2. Мажорға параллель минорлық тональдік қандай арақашықтықта жатады?

  3. Минорлық тональдіктердің квинталық шеңбері деген не?

№24 Тақырып. Минордың түрлері: табиғи, гармониялық, мелодиялық. Аттас тонельдіктер. Мажор мен минордың кейбір ұқсастықтары мен өзгешеліктері.



Сабақ мақсаты: минорлық ладтың үш түрімен таныстыру, аттас тонельдіктерге анықтама беру және ортақ терциялық, параллель тональдіктерге салыстырма жасау.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Гармониялық минордың табиғидан айырмашылығы жетінші сатысы жоғарлатылған.

Мелодиялық минорда алтыншы, жетінші сатылар жоғарылатылған. Мелодиялық минор гамманың тек жоғары бағытында ғана қолданылады.

Ортақ тоникасы бар мажор мен минор аттас деп аталады: До мажор- во минор.

Терциялық тондары дәл келетін мажор мен минор ортақ терциялық тональдіктер болып саналады.

Тапсырма:

Ноталық мысалдардан аттас және ортақ терциялық тональдіктерді тауып көрсету.



Әдістемелі нұсқаулар:

Аттас тонльдіктердің салыстырмаларын Бетховеннің шығармаларынан қарастырыңыз, ортақ терциялық – романтик компазиторлар: Шуман, Лист, Вагнер, Верди, Шопен, Брамс т.б. шығармаларынан кездестіруге болады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Гармониялық минор несімен еркшеленеді?

  2. мелодиялық минор несімен ерекшеленеді?

  3. Қандай тональдіктерді аттас деп атаймыз?

  4. Қандай тональдіктерді ортақ терциялық деп атаймыз?

№ 25 Тақырып. Табиғи мажор мен минорлардағы арақашықтықтар.



Сабақ мақсаты: мажорп мен минор ладтарының ішіндегі бар арақашықтықтардың алуан түрлерін танып білу, оларды табиғи ладтарда шешу.

Негізгі сұрақтар және олардыңтезистік берілулері:

Ладтағы арақашықтықтар жеке дыбыстар сияқты тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Ладтағы екі дыбысы да тұрақты, яғни тоникалық үшдыбыстылықтың құрамына кіретін арақашықтықтар – тұрақты болып саналады.

Ладтағы тұрақсыз арқашықтықтар деп екеуі де, не болмаса не болмаса бір дыфбысы тұрақсыз, яғни тоникалық үшдыбыстылықтың құрамына кірмейтін арақашықтықтарды айтамыз. Ладтағы барлық тұрақсыз арақашықтықтар тұрақтыларға тартылады.

Диссонанстық арақашықтықтардың консонансқа немесе тұраақсыздың тұрақтыға орын ауыстыруын арақашықтықтардың шешілуі деп атаймыз.

Тұрақсыз дыбыстың жақын тұрақтыға орын ауыстыруының арқасында тұрақсыз консонанстар тұрақты консонанстарға шешіледі. Квинтадан квинтаға октавадан октаваға орын ауыстыруға жол берілмейді.

Дисонанстар тұрақсыз болғандықтан, олардыконсонансқа шешерден бұрын мына нәрселерді ажыратып алған жөн: секундада – төменгі, септимада- жоғарғы, кварта мен нокада кез-келген дыбыстар дисонанс болып саналады.Сондықтан дисонанстарды шешу кезінде – дисонанстық дыбыс секундаға төмен, ал екінші дыбыс орнында қалады немесе консонансқа орын ауыстырады.

Табиғи мажордағы арақашықтықтар:

Табиғи мажор гаммасының көршілес сатылары секундадан құрылады. Екеуі кіші (3-4, 7-1), қалғандары үлкен секундалар.

Табиғи мажордағы септималар да екі түрлі: үлкен және кіші. Үлкен септима 1 және 7 сатыларда, қалғандары кіші.

Терциялар: үш үлкен терциясы бар функциялар T, S, D. Қалғандары – кіші терциялар.

Секста – терцияның айналымы, яғни үш кіші секста бар.Табиғи мажордың кварталардың барлығы таза, тек төртінші сатыдағы ұлғ. 4-дан басқа.

Квинталардың барлығы таза, тек жетінші сатыдағы аз. 5-дан басқа.

Табиғи минорда да осы арақашықтықтар, тек табиғи мажордан бір ерекшелігі 1 сатыдағы терцияның үлкен кішілігінде.



Тапсырма:

Таңдалынған ладта барлық тұрақты арақашықтықтарды құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Тұрақты дыбыстарды түсініктірек болу үшін іші боялмаған овалдармен белгілеген жөн, яығни 1,3,5 сатылар.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тұрақты арақашықтық нені білдіреді?

  2. Қандай арақашықтықтарды тұрақсыз деп атаймыз?

  3. Арақашықтықтардың шешілуі деген не?

  4. Тұрақсыз консонанстар қалай шешіледі?

  5. Диссонанстар қалай шешіледі?

№ 26 Тақырып. Гармониялық мажор мен гармониялық минордағы



Арақашықтықтар. Характерлі арақашықтықтар.

Сабақ мақсаты: студенттерді гармониялық мажор мен минорда пайда болатын характерлі арақашықтықтармен таныстырып, оларды құрып, шешуге дағдыландыру.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Гармониялық мажор табиғидан 6- шы сатысы төмендетілуімен, ал гармониялық минор табиғи минордан 7- ші сатысы жоғарлатылуымен өзгешеленеді.

Гармониялық ладтарда хроматикалық арақашықтықтардың айралымы екі жұбы бар:

Ұлғ.2- аз.ғ, ұлғ.5-аз.4.

Ұлғайтылған арақашықтықтардың бір дауысы кеңею бағытына қарай шешіледі. Ал азайтылған арақашықтықтардың бір дауысы керісінше тартылу бағытына қарай шешіледі.

Тапсырма:

Гармониялық мажорда кездесетін барлық арақашықтықтарды құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ең алдымен гармониялық сатысын тауып алып, сол сатыменладтың басқа сатыларын октаваға дейін үндестіру керек. Сонда арақашықтықтардың ұзын қатары пайда болады. Әрбір арақашықтықты анықтап, жаңадан пайда болғандарын түртіп қою керек.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Гармониялық мажор несімен ерекшеленеді?

  2. Гармониялық минорда қай саты өзгеріске ұшырайды?

  3. Қандай арақашықтықтарды характерлі деп айтамыз?

  4. Ұлғайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі?

  5. Азайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі?

№27.Тақырып. Тұрақты және тұрақсыз арақашықтықтар Тұрақтылық пен консонанстың айырмашылығы, консонанстың тұрақсыздығы, диссонанспен. Тұрақсыз арақашықтықтардың тартылуы бойынша шешілуі. Дисонанстық арақашықтықтардың шешілуі.



Сабақ мақсаты: ладтағы тұрақты, тұрақсыз арақашықтықтарды ажыратып үйрену және тұрақсыз консонанстар мен диссонанстарды шешуге машықтану.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Жеке дыбыстарға ұқсап, ладтағы арақашықтарда тұрақты, тұрақсыз болып келеді.

Ладтағы тұрақты арақашықтықтар деп- екі дыбысы да тұрақтыға жататын, тоникалық үшдыбыстылықтың дыбыстар қатарына кіретін арақашықтықтарды айтамыз.

Ладтағы тұрақсыз арақашықтықтар деп- екі дыбысы да, не болмаса біреуі тұрақсыз болып келетін, тоникалық үшдыбыстылықтың дыбыстар қатарына кірмейтін, арақашықтықтарды айтамыз.Ладтағы барлық тұрақсыз арақашықтықтар, тұрақтыларға тартылады.

Диссонанстық арақашықтықтың консонансқа, немесе тұрақсыздың тұрақтыға ауысуы- арақашықтықтың шешілуі деп аталады.

Тұрақсыз консонанстар-тұрақсыз дыбысының жақын тұрақтыға ауысуы арқылы тұрақты консонансқа шешілуі қажет.квитадан квинтаға, октавадан октаваға ауысуға жол берілмейді.

Диссонанстар тұрақсыз болғандықтан, оларды консонансқа шешерден бұрын мына нәрселерді ажыратып алған жөн: секундада – төменгі, септимада- жоғарғы, кварта мен нонада кез-келген дыбыстар диссонанс болып саналады.

Сондықтан диссонанстарды шешу кезінде- диссонанстық дыбыс секундаға төмен, ал екінші дыбыс орнында қалады немесе консонансқа орын ауыстырады.

Тапсырма:

Таңдалынған ладтағы барлық арақашықтықтарды құрып, тұрақсыздарын заңдылықтарға сәкес шешу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Барлық прима, секунда, терция т.б. арақашықтықтарды әр сатыдан жеке- жеке құрып алған жөн. Содан кейін барып заңдылықтарға сәйкес шешу керек. Параллель унисон, квинта, октаваларға жол берілмейді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тұрақты деп қандайарақашықтықтарды айтамыз?

  2. Тұрақсыз деп қандай арақашықтықтарды айтамыз?

  3. Тұрақсыз консонанстар қалай шешіледі?

  4. Диссонанстар қалай шешіледі?

  5. Ұлғайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі?

  6. Азайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі?

№ 28 Тақырып. Халықтық ладтар. Жалпы көзқарас.



Сабақ мақсаты: студенттерді халық музыкасындағы байырғы шіркеулік ладтармен таныстырып, жалпы көзқарас қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Ладтардың пайда болуына дейінгі музыкалау жүйесі- сатылармен шектелмейтін еркін глиссандо түрінде болған (экмалика). Одан кейін жарты тондары жоқ дыбыс қатары- ангемитоникапайда болды. Мұнда алғашында екі дыбыс, кейінірек үш дыбыс, төрт... сөйте- сөйте таза квинталар қатары пайда болды: фа, до, соль, ре, ля.



Диатоника- хроматикалық жоғарлатылуы пайда болғанға дейінгі жалғасатын таза квинталар қатары. Диатоника толық және толық емес болады. Толық емес- тетрахорд, трихорд.

Толық диатоника- табиғи жеті сатылық ладтардың айналасы (табиғи мажор мен минор, дорийский, фригийский, лидийский, миксолидийский). Олардың белгілері:



  1. Олардың барлық жеті сатылары таза квинталық тізбекпен орналасуы мүмкін.

  2. Олардың гаммаларындағы көршілес сатылардың арасы бес үлкен секунда және бір-бірінен т.5. аралығында жатқан екі кіші секундалардан құралады.

Диатониканың пайда болуына дейін, пайда болу езі және пайда болғаннан кейін де модальдық ладтар болған. Негізгі тональдік ладтардың элементі аккорд (тігінен) болса, ал модальдық ладтардың негізгі элементі тек қана дыбыс болып келеді.

Тапсырма:

Екі, үш, төрт, бес дыбыстардан ангемитониканың үлгілерін құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Ең басты ереже: жарты тондық тартылысқа жол бермеу.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Экмилика деген не?

  2. Ангемитоникаға тән ерекшелік?

  3. Модальдік ладтар деген не?

  4. Диатоникаға не тән?

№29 Тақырып. Жеті сатылы диатоникалық ладтардың



ерекше түрлері.

Сабақ мақсаты:Байырғы жеті сатылы диатоникалық лдатарды ажыратып және құрып үйрену: ионийский, лидийский, миксолидийский, дорийский, фригийский, эолийский ладтары.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Байырғы табиғи (оларды дыбыс қатарының негізгі сатыларынан құра беруге болады.), шіркеулік(олар шіркеулік мақамдар негізінен шыққандықтан) ладтар:

Ионийский лад- табиғи мажормен дәл келеді.

Миксолийдийский лад- табиғи мажордан жетінші сатысының төмендетілуімен ерекшеленеді.

Лидийский лад- табиғи мажордан төртінші стысының жоғарлатылуымен еркшеленеді.

Эолийский лад- табиғи минормен дәл келеді.

Дорийский лад- табиғи минордан алтыншы сатысының жоғарлатылуымен ерекшеленеді.

Фригийский лад- табиғи минордан екінші сатысының төмендетілуімен ерекшеленіді.

Кәсіби европа музыкасында бұл ладтар 19 ғасырдың ортасынан бастап қолданыста.( Шопен, Григ т.б.).



Тапсырма:

Кез-келген дыбыстан байырғы құру.



Әдістемелік сұрақтар:

Егер мажорлық гамманың дыбыстарын алатын болсақ, онда солардың әр- қайсысынан халықтық ладтарды құруға болады. Пайда болған ладты мажормен немесе минормен салыстырыңыз, сол арқылы қвай сатыөзгеріске ұшырағанын анықтаймыз.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ионийский ладқа не тән?

  2. Миксолийдийский лад құрылады?

  3. Лидийский лад қалай құрылады?

  4. Эолийский лад несімен ерекшеленеді?

  5. Дорийский ладтың ерекшелігі?

№ 30 Тақырып. Пентатоника.



Сабақ мақсаты: пентатоникалық дыбыс қатарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, мадорлық және минорлық пентатоникаларды құрып үйрету.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Біздің есімізде байырғы заманның жарты тондары жоқ ладтарын ангемитоника деп аталатындығы.



Пентатоника- арасында тритон тудырушы сатылар болмайтын бес дыбыстан тұратын мажорлық және минорлық ладтар. Яғни пентатоника бұл толық- ангемитоника.

Фортепиано аспабында қара басқыштардағы дыбыстар пентатониканы құрайды. Оның белгілері:



  1. Кіші секундалар, тритондар және өткір тартылыстардың болиауы.

  2. К. 3.-ның үстінен, не астынан қосылған ү,2-сцы бар үш дыбыстан құралған топтар. Мұндай топтарды трихордтар деп атайды.

  3. Пентатониканың сатыларын т.5. квинталарын тізбегімен орналастыруға болады.

Пентатоника дыбыс қатарының кез-келген дыбысы- тоника болады.

Пентатоникалық дыбыс қатары Ерте Шығыс халықтарыныңәуендерінен бастау алған. Ал қазір Қазан татарлары, гуваштар, буряттар, Монголия, Қытай, Япония, Корей т.б.халықтардың әуендерінде көп қолданысқа ие.



Тапсырма:

Фортепианоның ақ басқыштарынан пентатоника құру. Құрылған пентатоникаларды мажор- минорға бөлу.



Әдістемелік нұсқаулар:

Мажорлық және минорлық пентатоникаларды құру кезінде, тритон құрайтын дыбыстардың сатылары болмайтынын есте сақталған жөн.



Өзін-өзі арналған сұрақтар:

  1. Пентатоника деген не?

  2. ОЛ қай халықтарда көбіне қолданылады?

  3. Мажорлық пентатониканықалавй құру керек?

  4. Минорлық пентатоникаларды қалай керек?

№ 31. Тақырып. Ауыспалы ладтар. Ауыспалы параллель лад



Және мажор- минор. Басқа да ладтар.

Сабақ мақсаты: ноталық шығармалардан ауыспалы ладтарды ажыратып үйрену, ауыспалы – параллель ладпен мажор –минордың арасындағы айырмашылықты анықтауға дағдылану және қолдан жасалған ладтар, басқа да түрлерімен танысу.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:

Параллельді – ауыспалы лад- тоникалары тең жағдайларда болып келетін параллель мажор мен минордың бір ладтық жүйеге бірігуі.

Мажор – минор – аттас мажор –минордың бірге оқылуы. Бірақ екеуінің біреуі көбірек қолданыста болады да, екіншісі тек ара- арасында уақытша пайда болып отырады. Бұл лад 19-20 ғасырлар музыкасында кеңінен пайдаланған. Локррийский ладтың тоникасы – азайтылған үшдыбыстылық. Дыбыс қатары: жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон ,тон. Доминантасы тониканың қызметін атқаратын миорлық ладта кездеседі. Оны доминанталы минорлық лад деп атаймыз.

Әзірбайжан, түркмен, тәжік, болгар, венгр, сыған халықтарының музыкасында екі ұлғайтылған секундасы бар ладтар кездеседі. Олар түрлі –түрлі болып келеді және солардың біреуі төртінші сатысы жоғарылатылған гармониялық минормен дәлме-дәл. Бұл ладты екі есе гармониялы лад деп атайды.тағы да бір түрі- ұлғ. 2. екінші мен үшінші сатылардың арасында болып келгенде.

19 ғасырдан бастап ұлғайтылған лад кездеседі. Мұнда барлық үшдыбыстылықтары ұлғайтылған . Ұлғайтылған ладтың гаммасы бүтін тондар тізбегінен құралады, сондықтан оны бүтін тондық деп те атайды.бұл лад қолдан жасалынғандықтан , халық музыкасында кездеспейді.фантастикалық бояу беру үшін азайтылған ладты қолдануға болады. Мұның тоникасы- азайтылған септаккорд.

Джаз музыкасында естілу жағынан табиғи мажорға келетін, бірақ 3,5,7 сатылары төмендетілген ладтар қолданылады.



Тапсырма:

Әр-түрлі ладтар құру.



Әдістемелік нұсқаулар:

Дыбысты студенттер өз еріктерімен таңдап алады, сол дыбыстан лда құру кезінде әрбір ладтың өзіндік бір ерекшеліктеріне назар аударған жөн. Құрылған ладты міндетті түрде аспапта ойнап, бояуына зер салу керек.



Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қандай ладты параллельді – ауыспалы деп атаймыз?

  2. Мажор- минор және минор- мажор деген не?

  3. Локрийский ладтың ерекшелігі?

  4. Доминанталы минорлық лад несімен ерекшеленеді?

  5. Сіз қандай жасанды ладтарды білесіз?

  6. Екі ұлғайтылған секундасы бар ладтар қалай құралады?

№ 32. Тақырып. Аккордтар. Үшдыбыстылық. Үшдыбыстылықтың түрлері. Консонанстық және диссонанстық үшдыбыстылықтар.Оның айналымдары.



Сабақ мақсаты: үндестік ұғымын қайталау, аккорд пен үшдыбыстылықтың арасындағы айырмашылықты түсіну, үшдыбыстылықтың төрт түрін білу, айналымдарын құрып үйрену.

Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет