ПОӘК 042-18. 38. 44/01-2013.№1 баспа 2013 ж



бет4/16
Дата08.09.2017
өлшемі2,6 Mb.
#30421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мұндағы І спиндік кванттық сан, оны көбінесе ядро спині деп атайды. Ол бүтін және жартылай бүтін сандарды қабылдайды. А жұп ядролар спиндері бүтін, ал А тақ ядролар жартылай бүтін



Электрон спинін Штерн мен Герлах тәжірибе жүзінде анықтаған. Протон спині сутек молекуласының айналу спектрлерінің интенсивтігін анықтау негізінде анықталды, ол һ/2 тең. Нейтрон спині де осыған тең. Жартылай бүтін спинге тең ядро Паули принципіне бағынады. Атом ядросы спиннен басқа магниттік моментке де ие. Ядроның магниттік моменті мен спиндік моменті арасындағы байланыс:

(2)

мұндағы gя пропорциональдық коэффициент, оны ядролық гиромагниттік қатынас деп атайды. Ш ынында да, магниттік момент атомның барлық құраушыларында бар. Ядроның магниттік моменті ядроның спиндік моментімен байланысты. Ядроның магниттік моментінің бірлігі ядролық магнетон болып табылады.



(3)

мұндағы тp протон массасы. Ядролық магнетон mp/me1836 есе Бор магнетонынан кіші. Сондықтан, атомдардың магниттік қасиеттері оның электрондарының магниттік моментт



ері қасиеттерімен анықталады. Бор магнетоны мен ядро магнетоны арасындағы айырмашылық ондағы электрон массасы протон массасымен ауыстырылды. Өте дәл өлшеулер арқылы ядролық магнетонның эрг/гс-ке тең екендігі анықталды.

Ядролардың магниттік моменттерін анықтау үшін қазіргі кезде магниттік резонансы әдісі қолданылады. Ядроның магниттік моменттерімен байланысты магниттік резонанс молекулаллық шоқтар әдісі ретінде зерттеледі, немесе радиожиілікті сәулеленуді жұту методы арқылы. Соңғысында ядролық магниттік резонанс немесе магниттік резонанс термині қолданылады. Ядролық парамагниттік резонанс кезіндегі заттарда электромагниттік сәулеленудің толығымен таңдалып жұтылуы әртүрлі энергетикалық аралық деңгейлерде ядролардың ауысуып орналасуынан болады. Себебі, ядроның магниттік моменті сыртқы біртекті тұрақты өрісте кеңістіктік квантталады. 1896 жылы П.Зееман жарық көзін электромагнит



полюстері арасына орналастырсақ, онда оның спектрлік сызықтарының бірнеше компоненттерге таралатынын бақылаған. Зееман эффектісі дегеніміз спектрлік сызықтардың таралуы және сыртқы магнитк өрісіндегі энергия деңгейлері. Бор теориясынан кейінгі уақытта атомдардың спектрлерінің көрінетін және ультракүлгін аймақтарын зерттеу атом құрылысы туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. Зееман эффектісі бойынша күшті магнит өрісіне орналастырылған жарық көзі спектрлері үш немесе екі компонентке таралады. Резонанстық жиіліктерді зерттеу әртүрлі ядролардың энергетикалық деңгейлерінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Магниттік резонанс әдістері арқылы әртүрлі ядролардың, нейтрондар мен протондардың магниттік моменттерін өте үлкен дәлдікпен анықтауға болады. Нейтронның магниттік моментін анықтаған кезде нейтрондар шоғын қанығуға дейін магниттелген екі ферромагнетиктер арасына орналастырады. Егер нейтрондардың магниттік моменті болса, онда олар ферромагнетиктер арасынан өткенде нейтрондардың заттарда шашырауынан басқа, сонымен қатар нейтрондардың магниттік моменттері мен ферроомагнетиктердің магниттік моменттері арасында электромагниттік өзара әсерлесулері байқалуы керек. Бізге белгілі параллель магниттік моменттер тебіледі, ал қарама-қарсы магниттік моменттер тартылады. Сонымен нейтрондар үшін бірінші ферромагнетик поляризатор (бағытталған магниттік моменттері үлкен нейтрондарды өткізеді), ал екіншісі анализатор ролін атқарады. Ол бірінші және екінші ферромагнитердің магниттік векторлар арасындағы өзара әсерлесулеріне байланысты нейтрондардың барлығын өткізбейді. Ол тәжірибе негізінде расталды. Сонымен нейтронның магниттік моменті бар, ол теріс магниттік моментке ие .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет