Нуклондардың меншікті магниттік моменттері бар, олар ядроның меншікті моментін анықтайды, өлшем бірлігі ядролық магнетон , mp –протонның массасы.
Ядроның байланыс энергиясы - нуклондарды бөлуге кететін (кинетикалық энергиясыз) жұмыс. Ол еркін нуклондардың энергиясы мен олардың ядродағы энергияларының айырмасына тең.
(1)
мұндағы Δm – массаның ақауы, ол нуклондардың ядро құрағандағы энергияларының азаюын сыйпаттайды, с – электродинамикалық тұрақты.
(2)
mp, mn –протонның және нейтронның массалары, МЯ –ядроның массасы. Массалар массаның атомдық өлшем бірлігімен өлшенуі мүмкін.
Кей кезде ядроның және протонның массаларын атомның массасымен Ма және сутегі атомының массасымен mH алмастырады, онда
(3)
меншікті байланыс энергиясының массалық санға А тәуелділігі көрсетілген. Массалық сандары 50≤А≥ 60 (Cr-Zn) аралықтағы нуклондардың байланыстары күшті екені көрініп тұр. Олар үшін Есв = 8,7 МэВ/нуклон. Ең ауыр табиғаттық ядро үшін Есв = 7,5 МэВ/нуклон.
Мұндай тәуелділік ауыр ядролардың бөлінуінің және жеңіл ядролардың қосылуының (синтез) энергиялық мүмкіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |