2.14.2 Ван-дер Ваальс теңдеуі
Идеал газдарды қарастырғанда молекулаларды серпімді шар деп қарастырдық және олардың бір-біріне әсері тек соқтыққанда ғана білінеді деп есептетедік. Олардың арасындағы әсерлесу күшін серпімді тебіліс күші деп қарастырдық та, молекулалардың өлшемін ескермедік. Идеал газдар үшін мынадай заңдар тағайындалды: Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, Шарль заңдары. Ал нақты газдар бұл заңдарға тек жуықтап қана бағынады. Жоғары қысымдарда Бойль-Мариотт заңына барлық газдар бағынбайды. Егер молекуланың радиусы r=10-8см болатын сфера деп қарастырсақ, онда оның көлемі болады. 1 см3 көлемде 3 . 1019 молекула бар. 1 см3 көлемде молекуланың өзінің алатын көлемі
Vм= 3 . 1019 . 4.10-24см3=10-4см3
Егер 1 см3 көлемнің қысымы 1 атм. болса, қысым 5000 атм. болғанда көлем 1см3/5000=2.10-4см3 болу керек. Бұл жағдайда осы көлемнің жартысын молекуланың өзі алуы керек. Ендеше Бойль-Мариот заңын пайдалануға болмайды.
Сонымен молекуланың өзінің алатын көлемі мен молекулалардың өзара әсерлесу күшін есепке алу нақты газдардың теңдеуін - Ван-дер Вааль теңдеуін- қорытып шығаруға әкелді. Ол үшін идеал газ күйінің теңдеуіне (Менделеев-Клапейрон теңдеуіне) екі түзеткіш енгізіледі:
мұндағы V0 молярлық көлемнен молекуланың көлеміне тең шама b алынып тасталуы керек:
(2.14.2.1)
Достарыңызбен бөлісу: |