ПОӘК «Банктік менеджмент және маркетинг» пәні бойынша



бет4/7
Дата26.08.2017
өлшемі1,4 Mb.
#28764
1   2   3   4   5   6   7

Менеджмент ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына принциптерді сипаттайды:

  1. Басқару субьектісі әректінің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.

  2. Олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының ортақтығын.

  3. Құрамына жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау енетін басқару үрдісінің кешенділігін.

  4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.

  5. Оларды іске асырудағы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды.

  6. Ұжымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылық белсенділігін, табыстылығы мен жетістігін материальдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру.

  7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты.

  8. Жұмысшылардың кәсіптік деңгейін көтеруге, үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын меңгеруге мүдделілікті.

  9. Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлануды.

  10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігін.

Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі банк клиенті болып табылатын немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын, ұйым менеджменті деңгейін бағалай білуі қажет. Менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық элементтерінің бірі болып табылады.

Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық қызметінде тиісті фирманың менеджменті 10 баллдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.



Мәселен:

1 балл

Барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік

3 балл

Жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада.

5 балл

Орташа біліктілік.

7 балл

Жекелеген салаларда айқын әлсіздік.

10 балл

Төмен деңгей

Мұнда баллдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің өсуін білдіреді, ең көп шамадағы баллда фирмамен несиелік қатынас орнату проблемалы болып саналады.

Банк менеджментінің ерекшеліктері:

  • Банк несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, халыққа, мемлекетке төлем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.

  • Банк басқа біреулердің ақшасымен жұмыс істейді. Онда жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың т.б. ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осыған байланысты банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде әрекет етеді.

  • Банк тек өзінің ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса, баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығында позициясы тұрақты болмайды.

Банк менеджментінің негізгі бағыттары:

  1. Жоспарлау. Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады.

  2. Активтерді басқару. Активтерді басқару процесінде екі міндет алға қойылады – жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

  3. Пассивтерді басқару. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:

  • Міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу.

  • Банк өз клиентерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздеу.

  • Банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Банк менеджментінің міндеттері:

  • Өзіндік банк қаражатын басқару.

  • Банк жұмысының пайдалылығын басқару.

  • Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқару.

  • Еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасы.

Шетелдік тәжірибеде менеджментің екі үлгісі бар: жапондық үлгі (банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған ролін тануға негізделеді) және американдық үлгі (бүкіл ұжым қызметінде шешуші роль ойнайтын тұлғаға негізделеді).

Ұжымды басқарудағы басты міндет – менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.

Ұжымды басқаруда менеджер білуге тиісті үш фактордың орны ерекше:


  • Ұжым жұмысын ұйымдастыра білу.

  • әр қызметкермен тіл табыса білу.

  • Ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.

Менеджердің ұжым жұмысын ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру, нақты тапсырмалар беру, оларды нақты көрсеткіштермен көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпараттық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету, міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына қарай жіктей отырып, оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

Менеджердің әр қызметкермен тіл табыса білуіоның жеке басының қасиетіне байланысты, оләр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі керек.

Әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу. Бұл – менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне жете көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін қызметкерге алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді.
Лекция № 2 Коммерциялық банктердің ұйымдастыру және басқару құрылымы

1. Коммерциялық банк ұғымы және оның ұйымдық құрылымы.

2. Коммерциялық банк қызметінің негізгі ұстанымдары.

3. Коммерциялық банктің басқару аппаратының құрылымы.

4. Қазақстан Республикасында банктер жұмысының заңды негізі.

5. Банк басқармасының негізгі функциялары қандай?


Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін мекемелер тобын білдіреді.

Коммерциялық банк қызметінің принциптеріне мыналар жатады:



  1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу.

  2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

  3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филииалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Бөлімшелер мен филиал топтарының кең таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теріс жағы мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

Банкті ұйымдастырудың және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштылардың қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.

Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес шешуге құқығы бар.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.



Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері.

Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • Банктің коммерциялық қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;

  • Клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу және экономикалық талдау;

  • Банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;

  • Маркетинг және клиентурамен байланыс.

Депозиттік операцияларды басқару депозиттік операция және қор бөлімінен тұрады.

Несие операцияларын басқару мынадай бөлімдерде берілген:



  • Клиенттерды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелермен несиелеу;

  • Халықты несиелеу;

  • Несиелеумен байланысты дәстүрлі емес банк операциялары.

Делдалдық және өзге операцияларды басқару мына бөлімдерді қақтиды:

  • Кепілдікті операциялар және сенімхаттар бойынша операциялар;

  • Банктік қызмет көрсету;

  • Құнды қағаздармен операциялар жүргізу;

Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару несие және валюта операцияларының бөлімінен, сондай-ақ, халықаралық есеп айырысу бөлімінен тұрады.

Есептік-операциялық мына бөлімдерді қамтиды:

  • Операциялық;

  • Кассалық операция;

  • Есеп айырысу.

Банк қызметінің бөлімшелеріне мына бөлімдер кіреді:

  • әкімшілік-шаруашылық;

  • заңдық;

  • ЭВМ-енгізу және пайдалану;

  • Тексеру бөлімі.

Алайда, операцияларды орындау және оларды ұйымдастырудың құқықтық формаларын басқарудың орындалғанына қарамастан әрбір банк өзіндік ерекшелігі бар өкілдерді ендіреді, әрі өздерінің міндетті басқарудың нақты блоктар жиынына ие болады. Бұлар:Банк кеңесі.

    1. Басқарма.

    2. Басқарудың жалпы мәселелері бойынша банк бөлімшесі.

    3. Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша банктің бөлімшесі.


Лекция № 3 Коммерциялық банк ресурстарын жоспарлау және реттеу

1. Банк ресурстарын қалыптастыру көзі.

2. Коммерциялық банктердің өзіндік қаражаты.

3. Коммерциялық банктердің тартылған қаражаты және оның ресурс базасын қалыптастырудағы рөлі.

Банк ресурсы банктің пассивтік операцияларды жүргізуінің нәтижесінде пайда болады әрі банктегі баланстың пассивінде көрініс табады.

Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады яғни,табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады.

Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.

Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттердің салым ақшалары жатады. Алайда, бөтен капиталды тарту үшін банктердің өзіндік капиталы болуы керек. Бұл қиын сәттерде несие берушінің сенімді болуы үшін қажет.

Банктің өзіндік қаражатына жарғылық және резервтік қорлары, сондай-ақ, банк пайдасы есебінен қалыптасқан өзге де қорлар, сақтандыру резервтері және жыл ішінде бөлінген пайда жатады.

Банктің жарғылық қоры (капитал) – банк ісін ұйымдастырудың бастапқы нүктесі. Оның формасына қарай жарғылық қоры толықтай қатысушылардың – заңды және жеке тұлғалардың салым ақшаларынын есебінен қалыптасады әрі олардың міндеттемесін қамтамасыз етеді. Ол банк несиенің есебінен емес, тек ақшалай қаражатпен ғана, әрі-беріден соң банк қатысушыларының өзіндік қаражатымен құрылады. Тартылған ақшалай қаражат жарғылық қордың жарнасы үшін пайдаланылмайды.

Банктің жарғылық капиталына акционерлер (қатысушылар) салым ақшаны салумен қатар жыл сайын дивидендтертүрінде банк пайдасының бір бөлігін алып отырады.

Аударылатын дивиденттердің мөлшері, аударылатын кезегі мен тәртібі акциялардың түрлерімен және щығарылатын шарттарымен байланысты (пайданың мөлшеріне қарай табыстың деңгейін түзететін артықшылықты акция немесе жай акция).

Банкке түскен пайда жеткізіксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивиденттерді есептеу резервтік қордың есебінен жүргізіледі.

Коммерциялық банктің резервтік қоры активтік операциялардан болған залалдың орнын толтыруға арналған, банк облигациясыбойынша төлем көзі ретінде әрі алынған пайда жеткіліксіз болған жағдайда артықшылықты акция бойынша дивидендтердің төлем көзі ретінде қызмет етеді. Резервтік қор түскен пайдадан жыл сайын аударылатын аударымдардың есебінен қалыптасады. Оның шекті мөлшері банктің жарғысында жарғылық қор шамасының 25-100% деңгейінде анықталған. Шекті мөлшерге жеткеннен кейін қалыптасқан резервтік қор жарғылық қорға капиталдандырылады және оны есептеу қайтадан басталады.

Коммерциялық банктерде резервтік қормен қатар пайдадан аударудың есебінен арнайы қорлар құрылады. Олардың қалыптасуы мен жұмсалуы банктің коммерциялық есеп айырысу туралы ережесімен реттеледі.

Банктегі өзіндік қаражаттың айрықша құрамдас бөлігіне банктің нақты операцияларды орындау арқылы қалыптастыратын сақтандыру резерві жатады. Ол – банк сатып алған құнды қағаздардың нарықтық құнының нақты кемуіне және берілген ссуданың қайтарылмауына байланысты орын алатын жағымсыз салдарды жою үшін тағайындалады.

Банктегі өзіндік қаражаттың маңызды функциясы – банктің өз салымшылары алдындағы міндеттемесін қамтамасыз ету. Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшері оның негізгі қызметін ауқымдап береді. Өзіндік қаражаттың мөлшерін коммерциялық банктер көптеген факторларға қарай дербес анықтайды. Оның ішінде, ол:


  1. банктегі активтік операциялардың шекті мөлшерін анықтайды;

  2. өз клиенттерінің өзіндік ерекшеліктеріне тәуелді;

  3. өзінің активтік операцияларының сипатына тәуелді;

  4. Ұлттық банктің жүргізіп отырған несие саясатына және несиелік ресурстар нарығының даму деңгейіне тәуелді.

Банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін жинақтау түрінде арттырудың екі әдісі пайдалануы мүмкін: а) банктегі өзіндік қаражаттың мөлшерін, б) пайданы немесе шығарылған акциялардың санын арттыру.

Пайданы жинақтау банктің резервтік және өзге де қорларын жылдам құру әрі оларды кейін капиталдандыру формасында жүзеге асырылады. Жылдың соңында пайданың бір бөлігін жарғылық қорға тікелей қосу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әдіс ең арзан әдіс болғандықтан акцияларды шығаруда қосымша шығынды талап етпейді. Алайда, пайданы жинақтау өз кезегінде банктің нарықтағы позициясын әлсіретуге әкеп соқтырып мынадай жағдайға жол беруі мүмкін: пайданы жинақтау ағымдағы жылдың ішінде акционерлерге төленетін дивидендтерді кемітеді.

Коммерциялық банктер қалыптасқан нарықта өз орнын тұрақты, сенімді, берік ету үшін әрекет етеді. Алайда, оларды көбінесе пайданы ұзақ мерзімді келешекте өсіруден гөрі ағымдағы дивидендтер проблемасы қинайды. Сол себепті де олар өзіндік қаражаттың мөлшерін жаңа акцияларды шығарудың есебінен немесе жаңа пайшыларды тартудың есебінен арттыруды жөн көреді.

Коммерциялық кәсіпорынның бір түрі ретінде банк мекемелерінің өзіндік ерекшелігі мынада: оның көптеген ресурстары өзіндік қаражаттың есебінен емес, қарыз қаражатының есебінен қалыптасады. Банк қаражатының құрамы әр түрлі. Оның негізгі түріне банктің өз клиентурасымен жұмыс істеу процесінде тартқан қаражат және өзге несие мекемелерінен қарызға алған қаражат жатады.

Тартылған қаражат ссудалық капиталды құра алады, содан кейін, ол пайдалы жолмен кез келген шаруашылық саласына орналастырылады. Салым бойынша проценттегі және қарыз алушыдан алынған капитал проценттегі айырмашылық банктің еркін ақшалай қаражатты тарту бойынша жүргізген жұмысының сыйақысы болып табылады.

Салым қаражатын тарту үшін коммерциялық банктер мынадай әдістерді қолданады:


  • халықтың қаражатын тарту бойынша әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу; салымшылар мен клиенттерге кең ауқымды оның ішінде, банк сипатындағы қызметті көрсету.

  • Салым ақша мерзімі аяқталғанда сыйлықықысы төленетін инвестиция сипатындағы салым ақша бойынша жоғары процент мөлшерлемесін пайдалану;

  • Тұрақты салымшыларға «банкке адалдығы үшін» сыйлықақы төлеу;

  • Банк пен клиенттің экономикалық мүдделерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін НАУ және САПС сипаттарындағы аралас шотты пайдалану.

НАУ және САПС шоттарына ұқсас шотты отандық коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалардың шотына қызмет көрсету процесінде пайдаланады.
Лекция № 4 Банк қатерлерін басқару тәсілі. Банк қызметіндегі тәуекелдік

    1. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер.

    2. Тәуекелдікті төмендету тәсілдері.

Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік-менеджменті жатады.

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет.Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:


  • Қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;

  • Болжалды зиянның ауқымын бағалау;

  • Ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу;

Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастырумен жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.

Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.

Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шағын шығару қаупін түсіндіреді. Банктің қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктің қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшылар төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрңніс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты.

Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғаралытуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.

Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындығы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі; несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.

Несие тәуекелдік – қарыз алушынын өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдік.

Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі займдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.



Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер – дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70-жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болған.

Ішкі займдар бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.

Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:



  1. Банктік қарыздар портфелін диферсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.

  2. Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау.Көптеген банк осы әдісті қолайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты болар барлық зиянның алдын алады.

Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:

    • Абсолюттік өтімділік коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;

    • Аралық өтеу коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.

    • Жабудың жалпы коэффициенті – бұл айналым капиталы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.

Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көз ретінде ақшалай түсімдерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.

Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны балдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.



  1. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет