Ария, романс жанрларымен таныстыру, орындау шеберлігіне жету, жұмыс істеу. Дауыс диапазонымен жұмыс. Жоспары: 1. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы әрбір студенттің дауыс көлемін кеңейту.
2.Күнделікті жұмыс диапазонын белгілеу.
Тәжірибелі ұстаз баланың дауыс ерекшеліктерін білу керек, олардың дауыстарына абай болуын, оларды ән айтуға қызықтыра біледі. Сондықтан баланың дауыс аппаратына, дауысына шамадан тыс ауыртпалық түспейді.
Мұғалім әрбір студентке тікелей жақын қараудың, олардың даму деңгейін, жасын, ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен қатар олардың психологиясын да біліп, оларға басшылық жасау кажет.
Ырғақ - деп дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасын айтамыз. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше. Күнделікті естіп жүрген әндеріміздің дыбыстарын бір қалыпты ұзақтықпен айтатын болсақ, ол ән емес, ешбір әуенге ұқсамайтын жай дыбыстар жиынтығы болып шығар еді. Осыған орай әрбір әуен құрайтын дыбыстар ырғақ жағынан түрлі ұзақтықтарда болып келуі – заңдылық.
Айтылып жүрген немесе ойналып жатқан музыкалық шығармаларды зер сала тыңдап отырсаңыз, онда қатты және жай шығып тұрған дыбыстар такт деп аталатын бір бөлшектің ішінде болып келеді. Ырғақта күшті және әлсіз бөліктер болады.
Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық) – деп музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісіз айтамыз. Композитор қандай музыка жазбасын, әр уақытта оның айналу немесе айтылу жылдамдығын шығарманың барысында көрсетеді.
Темптің үш түрі бар: біріншісі өте жай, салмақпен орындалатын шығармалар, екіншісі орта екпінде орындалатын, үшіншісі шапшаң немесе тез жылдамдықта орындалатын шығармалар. Жоғарыда айтылған үш түрлі жылдамдықтардың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Музыкалық шығарманы композитор көрсеткен жылдамдықпен көрсеткен жылдамдығында (екпінде) орындаған жөн. Ал, автордың көрсеткен жылдамдығында екпінен тыс кету ойналатын шығарманың мазмұнын, көркемдік қасиеті мен идеясын төмендетіп жібереді.
Екпін түрлері: Presto - быстро, тез
Allegro – скоро , подвижно, жылдам.
Moderno - умеренно, орташа, асықпай
Andante – не спеша, спокойно, асықпай,
байсалды.
Gento – медленно, жай
Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта.
Агогика – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады. Ол ерекше заңдылығымен тұрақты. Агогика әннің ырғағы екпіні аздау өзгеріспен орындалады. Ән ішіндегі қозғалыс шарықтау шегіне талпынуы. Ол музыкалық шығарманың сипатына лайық әсерлеу, көркемдеу әрекеті болып табылады.
Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;
Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;
Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;
Puu – Mosso – более подвижно, жылдамдата;
Mene – Mosso – менее подвижно, жайлата;
Вокалдық техникалық элементтері, дикция, артикуляция, дыбысты таза (интонация) орындау дағдыларын меңгерту.
Дикция – (латынша) – айтылу, айту деген мағынаны береді. Ол негізінде екіге бөлінеді:
Күнделікті тұрмыста адамдардың бір – бірімен ұғынысуында қолданылатын тіл дикциясы. Бұған актерлердің сахнада сөйлеу дикциясы және адамдардың бір – бірімен тіл қатынасы жатады.
Әншілердің жеке- жеке дикциясы. Дикция кең мағыналы ұғым. Ол тіліміздегі әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстардың, сөздер мен сөйлемдердің бұрмаланбай таза айтылуы ғана емес, сонымен бірге жеке сөздер қурылысы жағынан әрі сауатты , әрі ұғымды тартымды болып келуінде. Әнмен айтылатын сөздерді құрап тұрған барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың ашық айқын естілуі қажет.
Дикция әннің сөздерін дұрыс, анық және дауысты дауыссыз дыбыстардың орындалу қағидасын білу техникасы тұрмыс – салт өлең әндерді өз ырғағымен, өз сазымен ауыздан – ауызға тарап, халық ортасында бағасын ала білді. Дауысты дыбыстар: а, о, у, и, ы, е, дыбыстары ерекше көңілге болуы кажет етеді, Көмкеріп, ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығуына дағдылану қажет. Әндегі дауссыз дыбыстардың ішінде әсіресе айтуға қиың: қ, п, т, ф, х, және с, ш, ц, щ, и, сияқты әріптердің міндетті түрде берік айтып, қысқа айту қажет, ал а, ш, ц, г, щ, дыбыстарын қысқа, үстіртін айтқан жөн.