ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Әннің сөзін дұрыс айта білуге баулу. Ә



бет16/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

Әннің сөзін дұрыс айта білуге баулу. Ән айтуға баулу жолында мынадай жағдайлар кейде ескеріле бермейді: сөзді дұрыс айтқанмен оның аныќ жетуіне назар аударылмайды, немесе сөз аның айтылғаныменен дұрыс қолданылмай жатады.

Жеке сабақ № 13.
Әлем халықтарының әндері.
Орфоэпия. Орфэпиялық дыбыстармен жұмыс.
Жоспары:

  1. Ұяң, қатаң дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.

  2. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы дыбыстарды таза айту.

  3. Әнді ансамбльмен айтуға дағдылану (дуэт, трио, т.б.)


Студенттерді ән айтуға оқыту вокалды - техникалық дағдылардың белгілі бір жинағын үйретумен байланысты. Ән айтуда резонаторларды айрықша ұйымдастыру талап етіледі. Әрине, жылжымалы резонаторлармен басқару да сабаќ барысында өзінің көмегін тигізеді. Оқытушының вокалдық есту ќабілеті өте жоғары болуы керек. Тәжірибелі оқьпушы дыбысталу сапасын баланың дауыс аппараты дұрыс немесе дұрыс емес жұмыс жасағанын анықтап, онда болып жатќан кішкентай да өзгешеліктерін бірден байқайды. Жаттығудың «қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын активтендіріп, бірден айќын, таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң «к» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысынын кұлаққа жағымды, майда болып шығуына, сөз тексінің мазмұнына лайықты сезімталдыќпен орындауды талап ету әсерін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтќанда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадағалан жөн. Әдетте практикада созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да, дауысты дыбыстың орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын жағдайларда кездесіп қалады («ү»-нің орнына «л»). Жаттығуды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда, онын характерін жеткізе білуде мұғалімнің дирижерлік қол қимылын окушылардың дұрыс түсіне білуінін мәні зор. Әуен өз дәрежесінде орындалған соң, берілген тональдыќтан бастап жарты тоннан жоғарылатып айтќызуға болады. Алғашќы жаттығу балалардың орындауына (звук) дыбыстардан басталып, бірінші октаваның сиb ,-си ноталарынан аспауы қажет. Бірте-бірте сыныптың әнді орындау қабілетінің ќалыптасуына орай, орындау диапазоны кеңейтіле береді13-сабақ-Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылыќтарына сүйенуге тура келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан дыбыс легі үзіліп - үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығуєа қойылатьгн талапта мынадай құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: «әлі-ақ ұйықтап қаласын» деген сөйлемдегі «әлі-ақ» деген сөзде «а» дыбысыныѕ ыкпалынан «і» дыбысы түсіп қалады, ал «қ» қатаң дыбысы келесі «ұйықтап» сөзінің бірінші дыбысы «ү» -нің әсерінен «ғ»-ға айналады. Сонда жазылуы «әлі-аќ» болғанмен, орындалғанда «әлағ» болып айтылады.
Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі компоненті болып табылады. Орныдалатын шығарманың мазмұнының тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты айќын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төмеңгі жақ сүйегінін жұмысын өзі өте жақсы меңгеріп, оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.
«Гәк», «гик», «гай» буындарында кездесетін «г», «к» дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», рай», т.б. буындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден ќысын шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға ќолданылатыны белгілі.
«У» дыбысы ерін дыбыстары ќатарына жатќанмен, өзінің акустикалыќ формасы жағынан терең, көлемді естіледі.







Орфоэпия грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. Сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Алғашқы әншілікке баулу жайлы еңбектердің өзінде-ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған.
Ю.Барсов өзінің «әншілікке тәрбиелеу тарихынан» деген еңбегінде, Ломакинның «ән айту методтары» (1837 жылы басыл-ған) деген еңбектерінде былай дейді: «ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе – сөзді анық айту. Сәзді дұрыс айта білмеу әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді». Бұл ескертулер ќазір де өзінің мәнін жойған жоќ. Көптеген ұстаздар ән айту барысында дыбыс-тың күшті де дұрыс шығуына ден қояды да, сөзі назардан тыс қалып қояды, бұл мүлде жіберуге болмайтын қателік.
«...Көптеген әншілер әдемі де қатесіз сөйлей алмайды», -дейді - Станиславский, - міне сондыќтан да олардың салған әні тартымды естілмейді, көп жағдайда сөздерін ұға алмайсың» (33).
Ќалай болғанда да, ән айтушыларға да халыќтың тіліндегі әріптердің айтылуына, олардың сөз құрау ерекшеліктеріне ден қоймауға болмайтындығын сезінуі хаќ. Мәселен, тілінде тамаќпен айтылатын ќатаң дауыссыз дыбыстар ән айтуда қиындыќтар келтіреді деп саналған.
Зерттеуші С.Татубаев жұмсак дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі, (а, ә, е, о, ұ, ү, і, ы) қазақ әніндегі сөздің айтылу үнділігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазақ сөздерінде ќатаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыбыстарға ауысып айтылып жататын кездері болады. Мәселен «Ќ» және «К», жұмсак дауысссыз «Г» жэне «Є» дыбыстарын; мұның бәрі айтылған әріптердің мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады «а, е, ы, і, ж, з, и, л, м, н, ң, р, у» сияќты, немес керсінше «қ» жэне «к» дыбыстары «ғ» және «г» дыбыстарымен ауысады. Мысалы:
Вокал пәнінің мұғалімі мынадай ерекшеліктерді есте ұстағаны жөн, егер «б» әрпі дауысты «а, э, е, о, о, у, ү, ы, і», немесе «в» әрпіне жаќын болып айтылады. К. Ниеталиеваның Ќазаќтың орфоэпиялык сөздігінде бұл таңба былай белгіленеді: «б».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет