Жазылуы:Айтылуы: Асыр сап ойнадық («Сүйікті мектебім») - асыр саб ойнадық
Жайнап өскен («Біз өмірдің гүліміз») - жайнап өскен
Келіп ем («Ќоңырау») - келіб ем
Біз баќытты - || - - біз бақытты
Мен бір билеп («Ортеке») - мен бір билеп
Шыбыќ («Жаңбыр») - шыбық
Гүл бақшада («бақытты балалык шаќ») - гүл баќшада
Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа аяќталып, келесі сөз дауысты дыбысты сөзден басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады. Мысалы:
Жазылуы:Айтылуы: Шилі өзен («Шилі өзен») - шил" өзен
Жерде отыр - || - - жерд" отыр
Бізді ойла - || - - бізд11 ойла
Тұра алмаймын («Ќарғаш») - тұр" алмаймын
Ќара орамал («Гауһартас») - қар" орамал
Шаќырса анаң - || - - шақырс" анаң
Сүйеді ел («батыр бала Болатбек») - сүйед" ел
Етікші ата («Етікші») - етікш" ата
Біз кейбір сөздердің «айтылу» және «жазылу» заңдылыќтарын мысалға келтірдік. Бұл заңдылықтарды саќтай отырып жұмыс істеу музыка маманының мектеп оқушыларын ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесетіні сөзсіз.
14-сабақ-Дауысты жаттыќтару үшін халық күйлерінің әуенін де ќолдануға болады. Бұл тек ырғаќты ғана дамытып ќоймай, дыбысты жеңіл, әсем, дауыс аппаратына күш түсірмей айтуына тәрбиелейді. Балалар әуенді айтқанда өздері домбыра мен қобызда ойнау ќимылын бейнелеп отыруына болады.
Күй әуенімен жаттығу жасау сонымен қатар музыканы тез есте сактауға, шығармашылық ќиялына козғау салып, балалардың музыкаға деген көркемдік талғамын арттыруға көмектеседі. Бұл жерде есте сақтайтын бір жай, музыкалық материалды тыңдағанда, балалардын музыкаға бейімділігін, олардың жас ерекшелігін ескеру ќажеттігі окушыларды әншілік мәдениетке баулуда, оларға халыќ әндерін үйрету үлкен роль атқарады...