ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет15/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

Жеке сабақ № 12.
Дауыс диапазонымен жұмыс. Вокалдық техникалық жаттығуларды ары қарай жалғастыру.
Жоспары:
1. Шығармаларды техникалық таза орындау.
2.Көркем, мәнерлеп орындау.
Вокалдық педагогиканың талаптарына сай (демді дұрыс алу, ќоңыржай үнділікті саќтай айту, кантилена), сөздін ашыќ, айқын айтылуы (дикция), мәнерлеп орынадуға дағдылану) балаларды әншілік өнерге баулуда практикада қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабактың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған жаттығулар, тек дауыс аппаратын ән айтуға дауындап ќана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдыны қалыптастырады. Әдетте вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске асырылады. Біздің пайымдауымызша, алғашќы орындалатын жаттығу жай екпінде, дыбыс легінің қоңыржай үнділігі сақталып, окушылардың сезіміне әсер ететін болуы тиіс.
Мұғалім осы берілген фрагменттерден басқа да методикалық кұндылығы мол, балалардың жас және дауыс ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды өздері таңдап алуына болады.
Жаттығуларды өз алдына оќшау емес, күрделі де ќиын, әншілік өнерге баулудың негізгі құралы деп қараған жөн. Ќандай жаттығу болмасын, вокалдыќ - техникалық талаптарды жүзеге асырып ќана ќоймай, сезміталдыққа қанағаттандыруына тиіс. Бұл жөнінде заманымыздың көрнекті ғалым - ұстазы О.Апраксина былай дейді: «Әрбір жаттығу, егер ол бір ғана дыбыстың тұрса да, әуезді, мәнерлі орындалуы тиіс. Бұл жағдайда, оқытушысының әр жаттығуды өз дәрежесінде, қойылған талапқа сай мән бере, дауыстың тембрін балалардың үніне жаќындатьш орындай білуінің маңызы зор. Балалардың еліктеушілік қасиетін және дауыс ерекшеліктерін ескере отырып (әні ашыќ, сыңғырлаған, жеңіл, таза) бас, баритон, меццо -сопрано дауыстыларға жататын мұғалімдер дыбысты жеңілдетіп айта білуі керек. Сол себепті меццо - сопрано дауыстылар І октавада сопрано баяуымен, алерлер фальцетпен немесе соған жақындатып айтуға тиіс»
Әншілік өнерге баулаға қойылатын талаптардың бәрі бір –бірімен тығыз байланысты. Демді дұрыс алуға, сөзді анық айтуға, ќоңыржай үнділікті саќтай білуге өз алдына жеке - жеке үйрету айтарлыќтай ќанағаттандырарлық нәтижеге жеткізбейді. Арнайы жаттығуларда біршама табыстарға жеткенмен, шығарманы орындағанда ол дағдылар пайдаланыла алмай қалатын жағдайлар болады. Сондыќтан ќандай жаттығу болмасын оны орындауда комплексті талап қойылуы ќажет деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет