Жеке сабақ № 8 Халық әндері Жоспары: 1. Студенттер халық әнінің нота әуенімен танысады. Әндре әрбір студенттің дауыс диапазонына байланысты беріледі.
2. Әннің характерін, мазмұнын ашып өз деңгейінде орындау үшін, дауыс мүмкіндігін пайдаланып қоймай, вокалды-технкалық жаттығулар арқылы шығарманың сапалы орындалуына жету.
3. Әнді концермейстердің сүйемелдеуімен талапқа сай орындалу шеберлігін меңгеру.
Студенттерді әншілікке баулу жолында халық әуендерінің тәрбиелік мәнінің зор екендігін ескере отырып, жұмыс барысында халыќтың ән дәстүрін шебер талғаммен пайдалана білген жөн. Б.В.Асафьев халық әндерін музыка сабақтарында пайдалана білудің орны ерекше екендігін айта отырып былай деген еді: «Халық арасында музыканы кеңінен дамуы үшін және оның әсерлілілігінін артуы үшін, халықтың өзі туғызған мәңгілік өлмес ән өнерінің орны бөлек». Б.В.Асафьев халық әніне ерекше мән бере отырып, оның мектеп жасындағы балаларды музыкаға тәрбиелеудегі алатын орынын осылайша көрсетті.
Ән айту мәдениетін қалыптастыруда, мүмкіндігінше баяу да созылыңқы түрде айтылатын халық әндерін еңгізу пайдалы болмақ. Мысалы, халық әні «Әлдиді» алар болсақ, оның баяу да салмақты сипаты шығарманы орындағанда дауыс аппаратының қысылмауына, тыныс алуды бақылап отыруға, сөздің анық айтылуына және дыбыстың сапалы шығуына мүмкіндік береді.
Халықтың дәстүрдегі орындаушылар әдетте әннің басында, ортасында немесе аяғында қысқа ғана вокализдерді қолданып отырған (аха-ха, или-гай, гәк-ку, хай-ли-лау, әридаш-ау, угу-гу, иги-гак, т.б.) мұның өзін кейде әннің келесі шумағына дайындыќ ретінде немесе көмейді дем алдыру үшін пайдаланған. Аталған жаттығуларды біз өз тәжірибемізде дыбыстарды дұрыс, анық, таза айта білу үшін қолдандық.
Халық әндерінің бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Әрбір әнді байқап қараса, олардың өлеңдері бірнеше шумақтан пайда болып, сол шумақтардың ішіндегі тармақтары бір – бірімен ырғақ жағынан сәйкестеніп келеді. Бұны біз шумақтық әндердейміз