Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Бірақ, кейбір мұғалімдер мұндай ерекшеліктерді бағалай және ескере білмейді. Дауыс аппаратының құрылысын терең білу, әнге тәрбиелеудің жаңа жолдары мен бағыт – бағдарларының дүниеге келуіне әсер етеді.
Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы.
Адамның негізгі дыбыс шығарарда, тыныс алғанда әртүрлі формаға түседі. Мәселен, ән айтқанда дауыс саңлауы өте тарылып кішкене үшбұрыш формасына енеді, жай тыныс алғанда кеңейіп кәдімгі үшбұрыш фомасындай болады. Ал терең тыныс алғанда дауыс саңлауы барынша кең ашылады.
Сонымен қатар көмейдің тағы да бірнеше атқаратын қызметтері бар. Ол қорғаушылық және қозғалтушылық міндетін атқарумен бірге, жоғарғы тыныс алу мүшелеріне қатысты болғандықтан, барлық тыныс жолдарымен тығыз байланысты болады.
Кіші сынып оқушыларының ән айту кезіндегі дауысының дыбысталуы олардың дауыс аппараттарының жас ерекшеліктерін есептей отыра, ең жақсы, үйлесімді, орнықты деп есептеуге болады. Олардың дауыс аппараттарымен (искусстволык,) жасанды, яғни таза орындау. (фальцет) түріндегі кеуде қуысы (регистр) арқылы да жұмыс жасай алады Алайда, олардың дауыстарын сақтау жағынан келетін болсақ, онда искусстволық жасанды, таза орындауды және жеңіл микст қолдану тиімдірек болады. Бұл бас арқылы дыбыс жүргізуге тән жеңіл және сыңғырлаған дыбысталуға сәйкес келеді. Бұл кезеңде балалардың дауыс күштері әлсіз болады, жеке тембрлері әлі айқындала қоймайды. Дауыс диапазондары да шектеулі болады.
Дыбыс алу дегеніміз, грек тілінде – Фонация – (phone) – звук. Біз сөйлегенде сөздің бәрі жазылғандай айтылады. Ал, ән салғанда дауысты дыбыстар өзгертіледі. Мысалы: