Жеке сабақ № 5 Әндер 1-6 сыныпқа арналған музыка пәніне арнап мектеп бағдарламасынан алынады. Жоспары: Әнмен нота арқылы танысып, әуенін үйрену.
Сөзімен қосып, концертмейстердің сүйемелдеуімен орындау.
Талдау: а) техникалық (диапазонын, тоналдігін, өлшемін, т.б.), б) әдістемелік (қай сыныпқа арналған, не туралы айтылған, қандай әдістемелік тәсілдер арқылы үйрету қажет, т.б.)
Музыка сабағы - бастауыш сынып оқушылары үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Олар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртқа шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.
Осыған байланысты, біз өзіміздің зерттеулеріміздің арқауы ретінде бала даусының қыр - сырын анықтау мәселесін мақсат етіп, музыка сабағындағы және сыныптан тыс жүргізілетін оқу - тәрбие жұмыстарына тереңірек жүгінуді жөн көрдік.
Қазіргі таңда мектептерде жас ұрпақты әсемдікке баулудың негізгі құралы - музыка сабағы. Жастардың дауысын тәрбиелеп, олардың музыкалық есту қабілетін дамытып отыру - әнші – педагогтың міндеті. Мәселен, ән айту адамның физиологиялық, анатомиялық, психологиялық және педагогикалық қасиеттерін қамту мен бірге, техникалық жаттығуды да қажет етеді.
Балалардың бейнелік ойлау қабілетінің артуы олардың ән салу мәдениетіне де ықпалын тигізетінін тәжірибе жұмыстары көрсетіп отыр. Белгілі педагог В.Белбородова былай деп атап көрсеткен еді: “Вокалдық – хор жұмысын жүргізгенде, олардың техникалық орындау жақтарын образды түрде ойлай білу мүмкіндігінен бөле қарауға болмайды, бұлар бірін – бірі толықтырып отырады”.
Мысалы, балалар халық әні “Қарлығашты” айта отырып көз алдарына қайырымды да сүйкімді құстың бейнесін елестетіні сөзсіз… Сонымен бірге олардың естеріне “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” мультфильмін түсіруге болады. Вокалды шығармаларды орындағанда олардың әнді мәнерлеп айту жағына аса назар аударған жөн. Бұндай дағдыларды қалыптастыру үшін, балалардың үнемі таңдаулы хор ұжымдарымен, белгілі әншілерді, шебер орындаушыларды тыңдап мүмкіндік болса концерттерге барып отыруларына үнемі жағдай жасау керек.
Дыбыс деп - әуеннің ең бір кішкене белгісін айтамыз. Сондықтан тәжірибеде қандай дыбыстар бар екенін анықтап алайық. Оны фортепиано аспабында қарастырған жөн. Дыбыстар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінеді. Музыкадағы негізгі дыбыстар жетеу, ал олардың өзіне тән аттары бар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Ал қалғандыбыстар көмекші дыбыстар болып саналады. Олар альтерациялық белгілермен белгіленіп (#; b; х; bb) до диез, ре бемоль, фа дубль диез, соль дубль бемоль т.б. сияқты атауларға ие болады. Осы айтылған дыбыстардың өзіне тән биіктігі болады. Әр дыбыстар ноталық станда, өз биіктігінде және кілттер арқылы орналасады. Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызметі.
Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады.
Тыныс мүшелері.
Тамақ.
Қуыс мүшелері.
Тыныс мүшелері: өкпе, қолқа, көмекейжәне жоғарғы резонаторлар құрылысы.
Тамақ және дауыс шымылдығы.
Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.