ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет3/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы.

  • Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақ сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екә жағынан бір – біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды, ал тамақ ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке асырып жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда қарлыққан, баяу дыбыс шығаруға шамасы келеді.

    Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы деп аталады. Дауысшымылдығының аралығы қуысы немесе дауыс түтігі делінеді.
    Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмай, үн шықпайды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де дауыс шамалы болады. Ал, қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды, міне сондықтан да ол дыбыстардың құрамында үннің “қатысы болмайды”.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет