ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы


А – дыбысы – О дыбысына жақын Е –



бет9/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

А дыбысы – О дыбысына жақын
Е – дыбысы – Э дыбысына жақын
И – дыбысы –Ы дыбысына жақын
У – О – дыбыстары өзекті орындалады.

  • Әнші ән салғанда немесе дыбыс шығарғанда қандай дене мүшелері қызымет етеді?

  • Ауыз, мұрын қуыстары, тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектерінің көмегі бар, кеңірдек, бронхалар, өкпе, диафрагма және дем алуға қатысатын кеуде қуыс бұлшықтары, қарын бұлшықтары, дауыс аппаратын құрайды.

  • “Диафрагма” дегеніміз - кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі

  • Дауысты дыбыстарды айтқанда ауыздың дұрыс ашылуын, дыбыстың анық естілуін қадағалау:

А” – дыбысының айтылуы
Ә” – дыбысының айтылуы
И” – дыбысының айтылуы
О” – дыбысының айтылуы
Ө” – дыбысының айтылуы
У” – дыбысының айтылуы
Осылар ән техникасын дұрыс меңгеріге септігін тигізеді.
Вокалды - техникалық дағдылардың қатарына: резонаторларды дұрыс қолдану, әннің сөзін анық айту – дикция, ерін қимылдарының техникалық менгеру артикуляция, аспаппен сүйемелдеп орындау кезінде, ансамбль, вокалдық әшекейлеуді (пассаж) еркін және жеңіл қолдану, динамикаларға көңіл бөлу, әнді нақышына келтіре мәнерлі орындау кіреді.
Әнді жинақы қойылған дауыспен орындағанда көңіл аударарлық маңызы бар мәселе, резонаторларды пайдалана білу. Резонаторлар деп, дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақты айтады. Дыбыс мүшелері, яғни дауыс желбезегі әлсіз, әрі нәзік мүше, оған үн күшін қосылып күшейткіш резонаторлардың үлкен ролі бар. Ол тек дыбысты күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге оған өте мол тембрлік рең бояу береді. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.
Дауыс диапозонының дыбыс қатары өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленіп – регистр деп аталынады. Регистрлерге, резонанстар сияқты бас регистрі және кеуде регистрі болып бөлінеді. Мысалы, дауыс диапозонының жоғарғы дыбыстары жоғарғы, немесе бас регистрі деп аталынады. Төменгі дыбыстар төменгі, немесе кеуде регистрі деп аталынады.
Ән салу күрделі психофизиологиялық процесс болғандықтан оның кызмет ортасын нерв жүйесі арқылы және дауыс аппараттарының қызметі арқылы атқарылады. Әншінің дауыс шығарушы дене мүшелерінің құрамына ауыз, мұрын қуыстары тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектері бар көмегі, кеірдек, бронхалар, өкпе, диафрагма және дем алуға қатысатын кеуде қуысының бұлшықтары, қарын бұлшықтары кіріп дауыс аппаратын құрайды. Ал. әнші дауысының акустикалық қасиеттеріне дауыс биіктігі, дауыс күші, тембрі (әуезі) және дыбыс ұзақтығы жатады. Дауыс биіктігі - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі. Дауыс күші - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі. Тербеліс амплитудасы қаншалықты қарқынды, кең болса, дауыс күші соншалықты пәрменді болады. Дыбыс ұзақтығы әншінің демін ұстай алу ұзақтығына, ән салу дағдыларының дұрыс қалыптасуына байланысты. Яғни, дем алудың үш түріне тоқталу қажет:

  • Бірінші, таза мұрын арқылы тыныс алу, бұл әншінің шулы тыныс алуына әкеліп соқса, таза ауыз қуысымен дем алу дыбыс мүшелерін құрғатып жібереді. Бұл екінші тыныс алудың түрі.

Үшінші түрі аралас деп аталады, яғни ауыз және мұрын қуыстарының бірдей көлемде ашылып ауаның екі қуыстан да кедергісіз, шусыз “гүлді иіскегендей” сезімде жүруі қажет. Міне осындай тыныс алу вокалдық техникада дұрыс тыныс алу болып саналады.
денесі түзу, еркін, төрт нүктесі (қара құс, екі жауырын, жанбас, өкше) бір сызықтың бойында орналасқандай Әншінің дене құрылысын дұрыс ұстауында вокалдыдағдылардың біріне жатады. Әншінің бірінші кезекте болуы қажет. Әншінің, әсіресе ер азаматтың аяқ қоюы иықтың көлемінде болса, әйел адамдыкі бидің 3-ші позицмясында орналасады. Екі қолы әншінің және оқытушының қалауы бойынша белде, бір қолы аспанға сүйенген немесе шынтақтан бүгіліп алдыға ұстау арқылы, әнді өз бойында ұстауға, қол арқылы өзіне көмек беру мақсатында қолданылады. Ал бас, мойын, бет мүшелерін еркін ұстау, оларды дұрыс пайдалану шығарманың мазмұнына байланысты. Әншінің вокалдық шеберлігі қаншалықты деңгейде екендігін ән айту техникасын меңгеруінен байқауға болады. Әуен дауыстың шығыуна байланысты болса, дауыс дыбыстың құрылуына байланысты. Осыдан келіп дыбыстың құрылу кезіңі, немесе тынысты алғаннан кейінгі пайда болған алғашқы дыбыс шабул деп аталады. Дыбыс шабулы екі түрге бөлінеді: қатан және жұмсақ.
Дыбыстың қатты, кенеттен құрылуын немесе пайда болуын қатаң дыбыс шабуылы деп атайды. Ол көбінде жылдам жүретін, жігерлі, салтанатты, марш екпінімен, қаһармандықты суреттейтін шығармаларда кездеседі.
Өте нәзік және болар – болмас жай естілетін жұмсақ басталуды жұмсақ дыбыс шабуылы дейді. Ол лирикалық терең сезімде суреттейтін, жай жүретін шығармаларда көбірек кездеседі. Осы шабуылдардан соң дауыс қою техникасы жүреді. Дыбыстың шеңберлң жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еріндік дауыстыларға жуықтан, дөңгелекте жинақтан, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрылуындағы жинақты үлгі деп атайды, немесе вокалды позицияның үлгісі дейді.
Мұндай үлгіде ән айтуда кейбір дауысты дыбыстар: и, е, а, көбінесе жинақталып айтылып, өзінің үнділігімен: ы, үй, э, о дыбыстарына сәйкестеніп, жақындап жуықтай түседі. Дегенмен, мұндай талантты сөзбе – сөз түсінуге болмайды, орындау барысында көрсетіп отырған жөн.
Дыбысты айтылған тілекке соң бүтіндей өзгертіп жіберуге де болмайды. Тек ептеп қана жуықтап, орынды жинақтау керек те, текстінің негізгі мағынасына нұқсан келтірмейді. Дауысты дыбыстарды орындауда әншілердің ауызы мен еріндерінің атқаратын ролі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет