ПоәК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет4/21
Дата06.02.2022
өлшемі293,5 Kb.
#80947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
beku kerekti 11111

Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс неме үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әртүрлі өң “рең” беріледі, тіл дыбыстары бірінен бірі ерекшеленеді. Қуыс мүшелеріне:

Ауыз қуысы.
Мұрын қуысы жатады.
Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.
Тіл. Бұл – дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылдам жылжымалы мүше. Ауыз қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары – төмен жүйіткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді.
Ерін. Дыбыс шығаруда қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір – біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен [п. б] дыбыстары пайда болса, астынғы еріннің үстіңгі ерін мен тіске келіп қатысуынан [ф. в] дыбыстары шығады, екі еріннің дөңгеленіп алға қарай шүйіріліп тұруынан ө, о, ү, ұ, у, дыбыстары жасалады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін керілуінен дыбыс сапасы өзгереді. Сөйлеу тіліндегі езулік дауысты дыбыстарды: а, е, и, ә, э, і ән айтуда еркіндік дауысты дыбыстарына жуықтап дөңгеленте орындайды.
Тіс. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің белгеле бір мөлшерде қатысы бар. Біра, бұл жылжымалы мұше емес, ауыз қуысындағы жылжымалы мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуының соқтығысуынан дауыссыз дыбыстардың түрлері жасалады.
Таңдай. Мұның өзі қатты таңдай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің біріне қатты таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан, соқтығысуынан дыбыстардың сапасы өзгеріп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет