ПоәК «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандықтарына арналған


Ақпараттық басылымдармен жұмыс істеу машығын қалыптастыру. Ізденушілік іскерлік қабілеттерін жетілдіру



бет3/4
Дата07.07.2018
өлшемі327 Kb.
#48230
1   2   3   4

Ақпараттық басылымдармен жұмыс істеу машығын қалыптастыру. Ізденушілік іскерлік қабілеттерін жетілдіру.

Әр түрлі жағдайларға жарнамалар жазу.



Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова. Ресми-іскери қазақ тілі . Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы-2004

В.И.Скала, Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу Алматы-2006


11.Тақырыбы: БАҚ-пен жұмыс.

Мақсаты: Пунктуациялық қателерсіз жазуға дағдыландыру.

Пунктуация алфавиттен тыс белгілердің графикалық жүйесі. Пунктуация тыныс белгілерін қою ережелерінің жиынтығы.

Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына әуелі үтір, содан кейін сызықша қойылады
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Әдістемелік нұсқаулық:

Лексикалық минимум:

Түрлі тақырыптарда іскери кездесулерге ресми түрде сұхбаттар құрастыру. Бұқаралық ақпараттардағы іскерлік кездесулер туралы материалдармен танысу.

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізі. Алматы-2004

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006

12.Тақырыбы: Ресми құжаттар. Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері, емеле ережелері.

Көпшілік алдында сөз сөйлей білесің бе?

Мақсаты: Ресми құжаттар. Ресми құжаттардың кейбір стильдік ерекшеліктері, емеле ережелері туралы мағлұмат беру.

Лексикалық минимум:

Тұжырымдама, тіркеу карточкасы, өтініш, хаттама, бұйрық,жарғы, ереже, шарт, нұсқаухат, хабарлама, шешім, кепілхат, жарлық, баяндама, өкім, арыз, сенімхат, келісім, баянат, қолхат, анықтама, тұрақты оралымдар, екіұдайылық, бекітілген, ресми стиль, ғылыми дәрежелер, ұйымдар, мерзімді баспасөз, мекемелер, публицистика стилі, халықаралық стандарт, лауазымдар, атақтар, дәрежелер, тармақ, ықшамдалған атауы, мүдделі адам, мөр, ресімделу, бейнелеу, анықтамалық деректер, мәтін, ауызекі сөйлеу стмлі, лауазымды тұлғалар, орындаушы, сілтеме, құрылтайшылар келісімі, тағайындау, мәмлегер, зайырлы, тұсаукесер, ұсыным, дайындаушы, көкейкесті, біріздендіру.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Ресми құжаттар дегеніміз не?

2. Ресми құжаттардың қандай стильдік ерекшеліктері бар?

3. Көпшілік алдында сөз сөйлей білесің бе? деген тақырыпта шығарма жазыңыз.



Әдістемелік нұсқаулық:

Мәтінмен жұмыс жасау. Тақырыптарға байланысты қолданылған сөздердің антоним, синонимдерін табу.

Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау. Сұхбаттар құрастыру.

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізі. Алматы-2004

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006

Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
13.Тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері. Іскер адамға қажетті қағидалар.

Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі, диалог жайында жалпы мағлұмат беру, олардағы тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіру.

Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін не ойын қатыстырып айтып, не жазып отырады. Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір,нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады: «Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиістіміз», – деді .

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Мысалы: Өздері оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиіс екенін айтты. Төл сөзді жеткізу үшінқажетті сөзді автор сөзі дейді. Басқа біреудің сөзі төл сөз болса, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Тыныс белгілері:

1. « Төл сөз », - автор сөзі.

2. Автор сөзі: « Төл сөз ».

3. Автор сөзі: « Төл сөз », - автор сөзі.

Төл сөздердің біразы автор сөзінің қатысынсыз да кездесіп отырады. Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогті сөйлемдер бас әріппен басталады да, алдынан сызықша қойылады.



Лексикалық минимум:

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Төл сөз, автор сөзі дегеніміз не?

2.Тыныс белгілері туралы айтып беріңдер

Әдістемелік нұсқау: Төл сөз, автор сөзі, диалог жайындағы білімдерін тереңдету өздері келтірген мысалдар арқылы жүргізілген жұмыс түрлерімен ұштастырылады. Көркем әдебиеттен, мәтіндерден төл сөз, автор сөзі, диалогтарды тауып, тыныс белгілерін ажыратуларын байқау керек.

Мақсаты: Әр маман иесіне өз мақсатына қол жеткізіп, табыс билігіне көтерілу үшін батыл іс қимыл жасай білумен қатар көпшілік алдында сөз сөйлей білуі керектігін түсіндіру.

Жарғының жасалуы туралы мәліметтер беріп ,құрылымымен таныстыру.


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Сіз көпшілік алдында сөйлей аласыз ба?

2. ҚР қандай заңдарын білесің?

3. Жарғы қандай жағдайда қабылданады?



Әдістемелік нұсқаулық:

ҚР заңдарымен танысу. Жарғыларда , ережнлерде жиі қолданылатын тұрақты терминдер, терминдік сөз тіркестерімен таныстыру. Номенклатуралық атаулардың құрамындағы сөздердің өзара байланысу ерекшеліктерін түсіндіру.

Аударма жұмыстары.

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
14.Тақырыбы: Пунктуация. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері. Іскерлік байланыстар: Екі ел арасындағы қарым – қатынасты дамыту.(газет,журналдармен жұмыс)

Пунктуациялық қателерсіз жазуға дағдыландыру.

Пунктуация алфавиттен тыс белгілердің графикалық жүйесі. Пунктуация тыныс белгілерін қою ережелерінің жиынтығы.

Құрмалас сөйлемдегі бірақ, сонда да, алайда, сондықтан, дегенмен сияқты жалғаулықтар түсіп қалғанда, екі сөйлем арасына әуелі үтір, содан кейін сызықша қойылады.



Мақсаты:

Лексикалық минимум:

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Лексикалық-грамматикалақ тест тапсырмалары.



Әдістемелік нұсқау:

Бірнеше нұсқада лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындау.

Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002
15.Тақырыбы: Межелік бақылау. Қорытынды тест

Мақсаты: Семестр бойы өткен тақырыптарды қайталау. Тест тапсырмаларын орындау арқылы студенттердің әр тақырып көлемінде жинақтаған білімін өз бетінше бағалауын, тексеруін, бақылауын жүзеге асыру.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Тест тапсырмалары.



Әдістемелік нұсқаулық:

Өткен тақырыптар бойынша қайталау–пысықтау сұрақтарына дайындалу Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізі. Алматы-2004

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2000

Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000

СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Тақырыбы: Тіл туралы Заң.

Қазақ терминологиясының тарихы.

Терминком бекіткен сөздер.

Мақсаты: Тіл туралы Заңды оқу.

Терминге, терминологияға байланысты біздегі қалыптасқан көзқарас қандай?, Қазақтың төл терминологясы қашан жасалды?, Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз? деген сұрақтарға жауап түсініктеме беру.

1989 жылы қыркүйектің 22-сі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.

1997 жылы Тіл Заңы Парламентте қайтадан талқыланып, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл жарлық қазақ тілінің мемлекеттік статусын сақтады. Сол 1997 жылы шілденің 7-сі күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін арттыру, әрі Қазақстан халықтарының ұлттық тілін дамыту мақсатымен Республикада «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы» жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қаңтардың 20-сы күнгі Жарлығына сай жыл сайын қыркүйектің 22-сі күні – «Қазақстан халықтарының тілдері күні » ретінде республика көлемінде аталып өтіле бастады.Осы жылдан бастап еліміздің барлық жерлерінде тіл мерекесі апталықтарын, әр түрлі шараларды өткізу дәстүрге айналды.

Тапсырмалар, сұрақтар:

1.Мәтінді оқы.

2.Мәтінге сұхбат құрастыр .

3.Мәтінді бірнеше бөлімге бөл, мазмұнда.



Бақылау түрі: сұрақ -жауап

Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту, мәтіндегі қиын сөйлем, сөздерді талқылау, түсіндіруге бағытталады.

Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар мен тест-сұрақтар.

Әдебиеттер тізімі:

Б.Қалиұлы. Қазақ тілінің көкейтесті мәселелері Алматы, 1997

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Тіл туралы заң.

ҚР үкіметі жанындағы мемлекеттік терминологиялық комиссияның 2000-2006 жылдары бекіткен терминдер. Өскемен қаласы –2006.


2.Тақырыбы: Амандасу. Қоштасу.

Қаратпа сөздер.



Мақсаты: Күнделікті айналымда басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында тілдік нормаға енген, баршаға түсінікті белгілі бір сөздермен сөзтіркестерін, сөз орамдарын, сөйлемдерді пайдалануға дағдыландыру.

Қаратпа сөз тыңдаушының немесе оқырманның назарын аудару мақсатында айтылады. Олар сөйлемнен тыс тұруыда мүмкін, сөйлем ішінде болуы да мүмкін. Мысалы, Қызым, аман есенсің бе?, Халың қалай, балам ? Иә, жеңге, ауыл аймағыңыз аман есен бе?



Амандасу.

Кішінің ізгілікпен үлкенге дәстүрлі салтанатпен сәлем беріп,ақсақалдың құрметке, жастың өзара ізетке бөленген амандасулары қарым-қатынастың басы болып табылады. Амандасу – ел ішіндегі береке, ынтымақ, бірліктің, сыйластықтың негізі. Ізгіліктің үлгісі – сәлемдескенде жылы шырай білдіру көңілді, ашық дауыспен ниет көрсету. Лауазымы кішілер , лауазымы үлкендермен жастарының үлкен ,кішілігіне қарамастан бірінші болып амандасады. Амандасуға қатысты сөйлеу үлгілері екі семантикалық топқа бөлінеді. Олар: амандық білісу, хал-жағдай сұрасу.


Амандасуға қатысты сөйлеу үлгілері.

Амандық білісу: Хал-жағдай сұрасу:

-Ассалаумағалейкүм! - Халыңыз қалай?

-Уағалейкүмассалам! - Өте жақсы.


  • Жаман емес.

  • Ақырындап.

  • Халым жақсы.

-Сәлеметсіз бе? - Жағдайыңыз қалай?

-Сәлеметсіз бе!

- Жағдайым жаман емес.

-Жағдайым жақсы.

-Аман-есенсіз бе? -Көңіл-күйіңіз қалай?

-Аман-есенбіз. –Көңіл-күйім жаман емес

-Есен-аманмын. –Көңіл-күйім әзірге жақсы.

-Көңіл-күйім өте жақсы.



Қаратпа сөздер: Мырза, ханым, ақсақал, ата, атай, әже, әжей, аға ағай, ағатай, апа, апай, жеңгей, жігітім, бикеш, інішек, қарындас, сіңілім, балам, қызым, қарағым, бауырым, балақай, балалар, құрметті әріптестер, қымбатты достар, қадірменді қонақтар.

- Тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөздер мен сөзтіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

2.Амандық білісу, хал-жағдай сұрасуға байланысты тағы да қандай сөзтіркестерін білесіз?

3.Сәлемдесу, амандасуға қатысты мақал-мәтелдер жазыңыз.



    1. Амандық білісу, хал-жағдай сұрасуға байланысты сөздермен қаратпа сөздерді жаттаңыз.

    2. Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: ауызша сұхбат.

Әдістемелік нұсқау:

Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.



Үлестірмелі материалдар:

Сызбалармен жұмыс.


Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


3.Тақырыбы: Қоштасу, сәт-сапар тілесу. Кешірім сұрау.

Мақсаты: : Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Амандасу – қоғамда адамдармен қарым-қатынасқа түсудің басы, ал қоштасу – қарым - қатынастың заңды жалғасы. Амандасу бар жерде қоштасу да бар. Адамдар бір-бірі мен амандасқанда бірі хал-жағдай , денсаулығын сұраса екіншісі оның сұрағына орай жауап беріп жатады.. Ал қоштасқанда екеулері де бірдеі бір-біріне ізгі тілектерін білдіріседі, сәт- сапар тілеседі.



Қоштасу, сәт-сапар тілесу сөздері: Сау болыңыз, қош болыңыз, қош-сау болыңыз, аман болыңыз , аман-сау болыңыз, аман-есен болыңыз, есен болыңыз, келесі кездескенше, келесі жүздескенше, келесі көріскенше, көріскенше /жүздескенше, кездескенше/ күн жақсы.

Сәт-сапар тілесу сөздері: Жолыңыз болсын, сәт-сапар тілеймін, сапарыңыз оң болсын, ақ жол тілеймін, аман барып сау қайтыңыз, қуанышта кездесейік, жақсылықта жақсы күндерде кездесейік, жортқанда жолың болсын.

Кешірім сөздер: Кешірім өтінемін /сұраймын/, кешіріңіз, ғафу етіңіз, ренжімеңіз, өкпелемеңіз, айып етпеңіз, айыпқа бұйырмаңыз, ашуланбаңыз, оқасы жоқ , бұдан былай сізді ренжітпеймін, құжай үшін ренжи көрмеңіз, мен сізді ренжіткім келмеді, көңіліңіз қалып жүрмесін, сізді мазалағаныма кешірім сұраймын,кешіккеніме кешірім сұраймын, сіздің өтінішіңізді орындай алмағаныма кешірім сұраймын, әуреге салғаныма кешірім сұраймын.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Кешірім, сәт-сапар тілесу, қоштасуға байланысты сөзтікестерін орыс тіліне аударыңыз.

2. Түрлі жағдаяттарда сұхбатар құрастырыңыз.

2. Кешірім, сәт-сапар тілесу, қоштасуға байланысты сөзтікестерін жатап алыңыз.

3. Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: Сұхбат.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыпқа байланысты кесте толтыру,жаттығуларды, тапсырмаларды орындау. Сұхбаттар құрастыру.


Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

Ә.Хазимова Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізі. Алматы-2004

В.И.Скала,Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізі Алматы-2006


4.Тақырыбы: Алғыс. Бата сөздер.

Мақсаты: : Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Алғыс – адамның ізгі ниетін және ықыласын білдіреді. Алғысты біреуге көмек көрсеткенде, қол ұшын бергенде, жақсылық жасағанда алады. Ақ тілеудің, алғыстың белгісі бата беру. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасйетті рухани ұғым . Мұның бірнеше түрлері бар. Мысалы: дастарқанға , сәбиге, жастарға т.б.

Алғыстың ресми түрі де бар. Үздік еңбегі үшін айтылатын ресми құрмет – алғыс деп аталады. Ол ұжымның, ұйымның сол адамға немесе адамдар тобына деген құрметін білдіреді.

Алғыс сөздер: көп рахмет ,мыңда бір рахмет, шын жүректен рахмет , бәріміздің атымыздан рахмет, ілтипатыңызға рахмет, пейіліңізге рахмет, ниетіңізге рахмет, шақырғаныңызға рахмет, құтықтағаныңызға рахмет, жылы қабылдағаныңызға рахмет, кеңесіңізге рахмет, көңіл бөлгеніңізге рахмет, жақсылығыңызға рахмет, көмегіңізге рахмет, алғыс айтамын, алғыс айтқым келеді, өте ризамын, дән ризамын, ықыласыңызға ризамын, ризашылығымды білдіргім келеді.

Бата сөздер: Бақ қонсын, береке дарысын, дәулетің тасысын, жамандық көрме, жүзге жет, ғұмыр жасың ұзақ болсын, қызыққа тойма, дастарқаның бай болсын, қосағыңмен қоса ағар, тілегің қабыл болсын, абыройлы бол ұзағынан сүйіндірсін т.б..
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөздер мен сөзтіркестерін орыс тіліне аударып, жаттаңыз.

2.Өткен тақырыптарды пайдаланып, түрлі тапсырмаларға сұхбат құрастырыңыз.

3.Баталар жаттаңыз.

4.Түрлі жағдаяттарда алғыс айтып үйреніңіз.

5. Грамматикалық тапсырмалар.



Бақылау түрі: Сұхбат құрастыру

Әдістемелік нұсқау: Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова. Ресми іс қағаздары. Мемлекеттік қызметшілерге арналған анықтағыш. А-2002


5.Тақырыбы: Өтініш сөздері, рұқсат ету сөздері,

рұқсат етпеу сөздері.

Мақсаты: Өтініш сөздері, рұқсат ету сөздері, рұқсат етпеу

сөздері үйрету. : Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.


Өтініш сөздер: өтінемін , рұқсат па ?, рұқсат етіңізші? Бола ма екен?, кіруге

рұқсат па?, кіруге бола ма?, өтуге рұқсат па?, өтуге бола ма? айтуға бола

ма?, сізден сұрауға бола ма?, отыруға бола ма?, өтінемін сөзімді

бөлмеңізші!, өтінемін бұл іске араласпаңыз!, өтінемін жолымнан

қалдырмаңыз!, өтінемін сәл тоқтаңызшы!

Рұқсат ету сөздері: Иә, рұқсат, рұқсат етемін, болады, жарайды мен қарсы

емеспін, еркіңіз білсін, жақсы жалғастыра беріңіз, қалауыңыз білсін,

айтқаныңыз болсын, қарсылық жоқ, солай жасаңыз, ойыңызды жүзеге асыра

беріңіз, не қалайсыз сол болады, айт беріңіз болады.



Рұқсат етпеу сөздері: Рұқсат жоқ, рұқсат етпеймін, жоқ болмайды, мен қарсымын, доғарыңыз, келіспеймін, айтқаныңызды орындай алмаймын, қалауыңыз жүзеге аспайды, бұныңыз орынсыз, қабылдамаймын, мен қосылмаймын, келісім бермеймін, кіруге рұқсат берілмейді, ойыңызға келгенді істемеңіз.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Өтініш сөздерін, рұқсат ету сөздерін, рұқсат етпеу сөздерін орыс тіліне аударыңыз.

2.Түрлі тапсырмаларға сұхбат құрастырыңыз.

  1. Өтініш сөздерін, рұқсат ету сөздерін, рұқсат етпеу сөздерін жаттап алыңыз.

  2. Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: Сөздік диктант.
Әдістемелік нұсқау:

Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.


Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


6.Тақырыбы: Шақыру. Шығарып салу.



Мақсаты: Шақыру, шығарып салу жағдайларын байланысты сөздерді үйрету.

Қарым-қатынастың шақыруға қатысты үлгілері өте көп .Мысалы, қонаққа шақыру,тойға шақыру, жұмысқа шақыру, мейрамханпа не дәмханаға т.б. жерлерге шақыру.

Шақыру екі топқа бөлінеді. Шақыру және ресми шақыру. Ресми шақыру дегеніміз қандай да болмасын белгілі бір іс – шараға шақыру билетін беріп немесе жарнама арқылы шақырудың түрі. Себебі мүндай шақыруда кімнің шақырылатыны, шақырылушы қандай мақсатпен шақырылатыны қашан, қайда шақырылатыны толық және анық көрсетіледі.

Шақыру болған жерде шығарып салу да бар. Шақырған адамаын шығарып салу әр адамның міндеті. Қарым-қатынаста шығарып салудың бірнеше түрі кездеседі. Мысалы, қанақты шығарып салу,әскерге шығарып салу, қайтыс болған адамды о дүниеге шығарып салу т.б.. Шығарып салу екі түрге бөлінеді: шығарып салу және аттандыру. Шығарып салу көңіл көтеруге т.б. жерлерге шақырған кісіні жөнелтуді, ал аттандыру деп қайтып келуі екі талай ұзақ сапарға адамды не болмаса қаза болған адамды жөнелтуді айтады.



Шақыруға қатысты сұрақтар: Сіз кімді шақырасыз?. Сіз не үшін шақырасыз?. Сіз қашан шақырасыз?. Сіз сағат нешеге шақырасыз?. Сіз қайда шақырасыз?. Сіз қанша кісі шақырасыз?. Сіз қандай кісілерді шақырасыз?. Сіз қалай шақырасыз?

Шығарып салуға қатысты сөздер: Мен сізді шығарып салайын. Сізді қай жерге дейін шығарып салайын. Келгеніңізге өте қуаныштымын. Тағы да келіп тұрыңыыз. Жиі-жиі қабарласып тұрайық. Мен сізді жібергім келмейді әлі де бола тұрсаңыз қайтеді. Жақсы келесі кездескенше!


Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Шақыру және шығарып салуға қатысты сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

2.Түрлі тапсырмаларға сұхбат құрастырыңыз.

3. Шақыру және шығарып салуға қатысты сөздерді жаттап алыңыз.

4.Сұрақтарға жауап беріңіз.

5. Грамматикалық тапсырмалар.

Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар, сұрақтармен жұмыс.

Әдістемелік нұсқау:

Сөздік диктант. Сұхбат құрастыру.

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


7. Тақырыбы: Еркелету. Айналып – толғану.



Мақсаты: Еркелету, айналып-толғану сөздерін үйрену.

Еркелету сөздері: айым, күнім, тәп-тәттім, ақботам, ботақаным, балапаным, құлыншағым, қоңыр қозым, қарлығашым, жарығым, қарашығым, тентегім, қалқатайым, қалқам, айналайын, жұбанышым, бөпешім, еркем, аспандағы жұлдызым, жан дегенде жалғызым.

Айналып-толғану сөздері: сәулем, жаным, алтыным, асылым, аққуым, сұлуым, періштем, ардағым, аруым, аяулым, сүйіктім, бақытым, өмірімнің мәні, гүлім, қымбаттым, тірегім, данышпаным, ақылдым, көз нұрым, сүйенішім.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

2. Еркелету , айналып-толғану сөздерін пайдаланып сұхбат құрастырыңыз.

3.Әдеби шығармалардан еркелету, айналып-толғану сөздері бар мысалдар жазыңыз.

4.Осы сөздерді жаттап алыңыз.

5. Грамматикалық тапсырмалар.



Бақылау түрі: жаттығулар.
Әдістемелік нұсқау:

Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.


Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

. А.-2000

8.Тақырыбы: Достасу. Ғашықтық сөздер.



Мақсаты: : Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Достасу – адамдардың бір-біріне сыйласуы, сырласуы, мұңдасуы, ойларының ,мақсаттарынының бір жерден шығуы.

Кез-келген жанмен дос бола алмайсың. Достық-өмір жолында шыңдалып, бір бағыт, бір мақсатқа ғана бой түзеген адамдардың түйісу нүктесі. Адам баласы қуанышы мен мұңын бөлісетін дос іздейді. Достықтың екі түрі болады.Оның бірі – адал дос та , екіншісі – айнымалы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап одан айрылып қалмау жағын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық , өз ара қамқорлық жасау қажет. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып нені болса да бірдей көретін болады.

Айнымалы дос өзіңе емес, малыңа дос. Абайша айтқанда “Жаман дос- көлеңке, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың”. Бұндай достан сақ болған жөн.



Ғашықтық сөздер: Мен сені сүйемін, мен сені жақсы көремін, мен сені өзімнен артық жақсы көремін, мен сізге ғашықтын, жүрегім сізді қалайды,мен сізбен өзімді бақытты сезінемін, мен үшін сенен асыл адам жоқ, сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын, жүрекке әмір жүрмейді екен, сенен артық жанды таба алмадым, оймнан кетпейсің, еркімді бйледің , маған сенсіз өмір бос, бір көгеннен ұнатып қалдым, сені көрсем деп армандаймын, сені мәңгілік аялап өтемін, күндіз күлкі түнде ұйқымнан айрылдым, бақыттан басым айналып тұр, өмірлік жарым болшы.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Ғашықтық сөздердің орысша баламасын табыңыз.

2.Кітапта берілген мәтіндерді қазақ тіліне аударыңыз.

3.Ақындардың махаббат лирикасына жазған өлеңдерін жаттаңыз.

4. Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: сұхбат, әңгімелесу.

Әдістемелік нұсқау:

Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.


Әдебиеттер:

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

9.Тақырыбы: Сәттілік. Сәтсіздік. Таңдану.



Мақсаты : Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Адам болған соң, оның басынан қуанышты сәттер деғ қайғылы сәттер де өтіп жатады. Осыған орай адам өз басынан кешкен сезімін, біреумен бөліссем дейді. Сөйтіп, ол қуанышын немесе қайғысын бөлісуге туған-туыстарын, жақындарын, достарын, таныстарын шақырады.

Сәттілікке, сәтсіздікке , тандануға байланысты сөздер: Сәтті өтті, қолым қысқарды /байланды/, үш ұйықтасам түсіме кірген емес, сәті түсті,мен аң-таң болдым, сәті түспеді, өте қызық, үмітім ақталды, еңбегім жанбады, тілегім қабыл болмады, бұл мен үшін күтпеген жағдай, жұлдызым жанды, мәссаған, бәрі де бекер болды, қандай керемет, абыройы артты, абыройы айрандай төгілді, бұл жаңалық қой!, қолым ұзарды, аяғына тұсау болды, кездесем деп кім ойлаған, періштелер қолдады, киесі соқты, бағым жанды,қандай ғажап, мен таң қалдым, бағы жанбады, сәтсіздікке ұшырады, тасы өрге домалады, тауы шағылды, сүрінбей өттім, кім ойлаған, сүрініп кетті, үміті үзілді, еңбегім жанды, жұлдызы ағып түсті, тілеуімді берді, жолы болды деген осы да, тамаша.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Жоғарыдағы сөздердің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

2.Сәттілікке байланысты антоним сөздерді табыңыз.

3.Сәттілікке, сәтсіздікке, таңдануға байланысты сөздерді бөліп жазыңыз.

4.Сөзтіркестерін жаттап алыңыз.

5.Мәтіндерді аударыңыз.

6.Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: тіл дамыту.

Әдістемелік нұсқаулық: Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.
Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


10.Тақырыбы: Ұмыту. Түсіну. Түсінбеу.

Мақсаты: Сөйлеу дағдысын дамыту.

Адамдар бір нәрсені зерттейді, қажетіне жаратады. Ол зат не нәрсе өз қажеттілігін жойғаннан бастап, сол зат жайындағы мәлімет оның есінен бірте –бірте шығып тек жадында сақталып қалады. Адамның осы естен шығару процесін ұмыту деп атайды. Өмірге адамға қажетті мәліметтер , деректер сақталады, ал қажетсіздері ұмытылады.



Ұмытуға байланысты сөздер: Кешіріңіз, сізді танымай тұрмын. Айтып жіберіңізші сіздің туған күніңіз қашан еді?. Ғафу етіңіз, жасыңыз қаншада еді?. Сіз қайда тұратын едіңіз?, Кешіріңіз, сіздің жұмыс орныңыз қайда екені есіме түспей тұр.

Түсінуге байланысты сөздер: Түсінікті, мен сізді түсіндім, бәрін түсіндім, оп-оңай түсіндім, бірден түсіндім, сол кезде-ақ түсінгенмін, бұрында түсінетінмін, ұқтым, ұғып алдым, не айтқысы келгенін бірден ұқтым, көкейіме қондырдым, ойын сездім, тіл табыстық, түсінігі терең, өте сауатты, дәлелдеп бердім, түсіндіріп бердім, жеріне жеткізе түсіндіріп бердім.

Түсінбеуге байланысты сөздер: Түсініксіз, мен сізді түсінбедім, ештеңе түсінген жоқпын, түсінуге қиын болды, түсінбестік болды, ойымды жеткізе алмадым, түсінгенім шамалы болды, ұқпадым, ұғына алмадым, не айтқысы келгенін ұға алмадым, көкейіме қонбады, не ойлағанын кім білсін, тіл табыса алмадық, ұғымы қарадүрсін, сауатсыз, дәлелдей алмадым.

Бақылау түрі: Сөздік диктант.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Түсіну, түсінбеу, ұмыту сөздерінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

2. Сөзтіркестерімен сұхбаттар құрастырыңыз.

3. Орыс тілінде берілген диалогтарды қазақ тіліне аударыңыз.



  1. Жаттығы жұмыстарын орындаңыз.

  2. Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: Сөздік диктант.

Әдістемелік нұсқаулық:

Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту



Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

11.Тақырыбы: Жұбаныш. Қайғыру сөздері.

Мақсаты: Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.

Қайғыру қуанышқа қарама-қарсы жүреді.Өзгелердің қуанышын бөлісе білген халқымыз басқаның қайғысына да ортақтаса білген. “Қуанышты бөліссең көбейеді, қайғыны бөліссең азайады” деген сөз бар. Адам баласы қандай болмасын басына түскен қайғы-қасіретті төзіммен жеңе білуі керек. Қайғының емі – сабарлылық . Жаның күйзеліп қайғыға душар болғанда басыңды тасқа да, жарға да соғып, аласұрмай сабыр сақтап артын күттсең, уақыт өте бірі ұмытылады. Қайғыру – жан күйзелісі, қасірет, уайым.



Көңіл айту сөздері: Қайғыңызға ортақтын. Қайырлы қаза болсын, Жаны жанатта болсын. Жатқан жері жайлы болсын .Топырағы торқа болсын. Нұры пейіште шалқысын. Қайғыңыздың арты қайырлы болсын. Артынан жақсылығын берсін. Марқұмның жасын балаларыңызға берсін.Болған іске болаттай болыңыз. Берік болыңыз.

Жұбаныш сөздер: Менің сізге жаным ашиды. Көп қапаланбаңыз :Көп уайымдамаңыз. Бәрі де жақсы болады. Оқасы жоқ. Көп қайғырмаңыз.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Көңіл айту ,жұбаныш сөздерінің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

2.Мәтінмен аударма жұмысы.

3.Грамматикалық тапсырмалар.



Бақылау түрі: сөздік диктант

Әдістемелік нұсқаулық:

Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


12.Тақырыбы: Жеку сөздері. Ашулану.

Мақсаты: Сөйлеу дағдысын дамыту.

Адамдардың бір-бірімен келіспей қалуы, яғни, пікірлерінің, көзқарастарының бір жерден шықпауы.



Жекіру сөздері: Енді кімнен көресің, шаңыраққа қара, тарт қолыңды, қысқарт тіліңді, жетер енді, қой дедім ғой енді, тоқтат, недеп тұрсың, кіммен сөйлесіп тұрғаныңді білесің бе?, қолыма бір түсерсің.

Ашулану сөздері: Өкпем қара қазандай, бәрі саған ұнамайды, өзің тілеп алдың, сіздің жұмысыңыз болмасын, ашуымды келтірме менің, қатты ашуландым, ұят емес пе, бәрін бүлдірдің.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Жекіру,ашулану сөздерінің орысша баламасын табыңыз.

2.Грамматикалық тапсырмалар.

3.Аударма жұмыстары.


Бақылау түрі: Терме диктант.
Әдістемелік нұсқаулық: Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау.

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002
13.Тақырыбы: Жағымды және жағымсыз қасиеттер.

Мақсаты: Жағымды және жағымсыз қасйеттерге қатысты сөздермен танысу.

Жағымды қасиеттерге байланысты сөздер: Абыройлы, адал,алғыр, аңқау, бейнетқор, жомарт, еңбекқор, қарапайым, пәк, пысық, сергек, текті,төзімді, шебер, шыншыл, дана, арлы т.б..

Жағымсыз қасиеттерге байланысты сөздер: арам, кешше, қараниет,

дөрекі, сараң, ез, есуас, беделсіз, олақ, салақ, шұқалақ, енжар т.б..



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Жағымды, жағымсыз қасиеттерге байланысты сөздердің орыс тіліндегі баламасан беріңіз.

    2. Жағымды, жағымсыз қасиеттерге байланысты тағы қандай сөздерді білесіз?

    3. Грамматикалық тапсырмалар.

  1. Мәтіндерді аударыңыз.

Бақылау түрі: Тіл дамыту.

Әдістемелік нұсқаулық: Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002

14.Тақырыбы: Фразеологиялық тіркестер,

мақал-мәтелдер және қанатты сөздер.

Мақсаты: Фразеологиялық тіркестерді, мақал-мәтелдерді және қанатты сөздерді ауыз екі сөйлесуде пайдалана біліу.

Фразеологиялық тіркестер: Екі көзі төрт болу, зәресі зәр түбіне кеті, кірерге жер таппау, аузынан тісіп қалғандай , ит өлген жер, үріп ауызға салғандай , асығы алшысынан түсті, оң саусағынан өнер тамған , тайға таңба басқандай т.б..

Мақал-мәтелдер: Асықпаған арбаман қоян алар, барымен базар, ауру қалса да әдет қалмайды, жаман әдет жұққыш, шешінген судан тайынбас т.б..

Қанатты сөздер: Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз. С.Мұқанов

Ашу дегеніміз- әлсіздің қаруы. С.Сегюр.

Бақыт-әр бір адам ұмтылатын мақсат. Әл-Фараби.

Өмір үшін өлгенше күрес. Б.Момыш-ұлы

Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады. Абай.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


    1. Фразеологиялық тіркестердің, мақал-мәтелдердің және қанатты сөздердің орыс тіліндегі баламасын беріңіз.

    2. Мақал –мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер жазып, жаттаңыз . Оларды ауыз екі сөйлесуде пайдалана біліңіз.

    3. Фразеологиялық тіркестердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.

    4. Грамматикалық тапсырмалар.

Бақылау түрі: Жаттығы жұмыстары.

Әдістемелік нұсқау:

Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау. Ауызша сөйлеу дағдысын дамыту

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


15.Тақырыбы: Қорытынды сабақ

Мақсаты: Семестр бойы өткен тақырыптарды қайталау.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалары.

Бақылау түрі: тест

Әдістемелік нұсқаулық:

Өткен тақырыптар бойынша қайталау–пысықтау сұрақтарына дайындалу

Әдебиеттер:

Т.Өмірзақ, Ә.Сансызбай. Қазақ тілі ІІІ деңгей. Келешек-Пресс. Астана 2006.

Д.Х.Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова .Ресми-іскери қазақ тілі .

Арман-2002


СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: Мемлекеттік тілді оқыту барысында халқымыздың тілін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерте отырып, бүгінгі жас ұрпақты парасатты, білімді, білікті, Отанын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуіміз керек.

Осы орайда қазақ тілінен білім беру стандартының мақсаттарының бірі-өзге тілді оқушыларды қазақ тілінде еркін сауатты, саналы оқуға үйрету және қазақ тілінде сөйлеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру болып отыр.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мынандай міндеттер қойылады:


  • Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру;

  • студенттердің танымдық деңгейін көтеру;

  • Күнделікті тұрмыста, адам өмірінде жиі кездесетін амандасу – қоштасуға, алғыс-ренішке, жақсы-жаманға байланысты тақырыптар бойынша тіл ұстарту

-Сөйлеу,айту,жазу дағдыларын қалыптастыру.




СӨЖ

Тақырыптары

Бақылау түрі

Әдебиеттер

1

СӨЖ

1 семестр

Тіл туралы Заң



Конспект


Тіл туралы заң

2

СӨЖ

Қабылдау бөлмесінде

Сұхбат


Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер.

3

СӨЖ

Бастықтың қабылдауында

Сұхбат

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

4

СӨЖ

Кадр бөлімінде

Сұхбат

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

5

СӨЖ

Құжаттарды толтыру кезінде

Сұхбат

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

6

СӨЖ

Құтықтаулар жазу /ресми, жай/

Сұхбат

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

7

СӨЖ

Кітапхана – даналық сарайы

Ауыз екі сөйлесу




8

СӨЖ

Кітап – халықтық қазына

Конспект




9

СӨЖ

Мен таңдаған мамандық

Шығарма




10

СӨЖ

Спорт - сенің серігің

Ауызекі сөйлесу




11

СӨЖ

Халықтар достығы

Конспект
Газет-журналдар

12

СӨЖ

Абайдың қара сөздері /таңдауы бойынша/

Жаттау

Абайдың қара сөздері.

13

СӨЖ

Қоғамдық тамақтану орындарында

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

14

СӨЖ

Сауда-саттық орындарында

Диалогтар құрастыру


Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

15

СӨЖ

Медицианлық қызмет көрсету орындарында

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

16

СӨЖ

Тұрмыстық қызмет көрсету саласы /шаштаразда, жөндеу жұмыстары т.б./

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

17

СӨЖ

Мәдени орындарында

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

18

СӨЖ

Сапар шегу /анықтама бюросында, кассада/

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

19

СӨЖ

Халыққа қызмет көрсету орындары /банк, почта, дүкендер т.б./

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер

20

СӨЖ

Мақал-мәтелдер

Жаттау

Мақал-мәтелдер жинағы

21

СӨЖ

Құттықтау сөздер

Жаттау

Сөздіктер.

22

СӨЖ



Қалалық траспорттарда

Диалогтар құрастыру

Қазақша-орысша тілашарлар. Сөздіктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет