ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша



бет36/140
Дата12.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#99790
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   140
Байланысты:
ПО К «Салы ж не салы салу» п ні бойынша

Лекцияның мақсаты: ҚР салық жүйесін оқып –үйрену, басқа елдерлың салық жүйесімен салыстыра білу. Салық саясатының мақсатыв мен міндетін түсіну және бүгнігі күнгі салық саясатына талдау жасай білу.Негізгі сөздер: салық жүйесі, функция, орталықтандырылған қаржы жүйесі.

Салық жүйесі – бұл мемлекет бекіткен және орталықтандырылған, жалпымемлекеттік қаржы ресурстар қорын құру мақсатымен алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жиынтығы. Сонымен қатар олардың алу тәсілдерінің, әдістерінің, принциптерінің және салық органдарының қызметтерінің жиынтығы болып табылады.

ҚР-ның салық жүйесі салық кодексіне сәйкес салық қатынастарын және салық органдарының қызметін реттейтін салық түрлерінен, баждардан, жиындардан және де құқықтық нормалардан тұрады.

Салықтарды пайдалану экономикалық басқарудың және кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің коммерциялық жалпы қоғамдық мүддесін біріктіруді қамтамасыз етудің белгілі бір әдісі болып табылады.

Салықтардың көмегімен мемлекет қоғамдық функцияларын орындауға керекті ресурстарды өз иелігіне алады. Салықтардың көмегімен кірістердің бөлінуін өзгеріске түсіретін әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары қаржыландырылады.

Жалпы, салық жүйесі дегеніміз мемлекетпен белгіленген және қаржы ресурстарының орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қоғамдық қорлар салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жиынтығы, сондай-ақ салықтарды алудың әдәстері мен тәсілдерінің , нысандары мен қағидаларының және салық қызметі органдарынын тұрады.

Қазіргі қоғамда салық қаржы қатынысының мемлекетінің ақшалай табысымен құралғанын көрсетеді, оған қатысты келкесі функцияларды орындалуға тиіс. Мысалы: әлеуметтік, қорғаныс, табиғатты қорғау және т.б. Экономикалық қатынастардың бірі ретінде салықтар экономикалық базиске жатады және объективті қажетті болып табылады. Сол себептен, салықтар мемлекетке өзіне алынған функцияларды, жұмыстарды атқару үшін және салықты жоюды талап ету,ол өз-өзіңді жоюды талап ету деген сөз.

Салықтың түсуі немесе табыстың көбейуі, шаруашылық қызметінің нығайуы, капитал салымының көбейуі, сұраныстың, шаруашылық канъюктурасының жандануы дегенді білдіреді. Салықтың көтерілуі – ол конъюктураның қызуы мен күресу.

Табысқа салынатын салық ставкасының өзгеруі, мемлекет капитал салымына қосымша стимулды кемітеді немесе жасай алады, ал жанама салық көмегімен жұмсалу қорына және баға деңгейіне ықпал ете алады.

Либералды немесе протекционды сыртқы сауда саясатының таңдау арқылы, мемлекет кеден баждарын өзгерте алады, әріптестерінен кезекті немесе қаржылық қолдау алады, немесе ұлттық экспорт талаптарын қояды. Кедендік баж жанама салықтың бір түрі, олардың көтерілуі импорттың қымбаттауына, оның артынан ұлттық тауарлардың, өкінішке орай сыртқы сауда айналымына әсер етеді. Баждың төмендеуі немесе алынуы ішкі нарықта бәсекенің шиеленісуіне, бағаның өсуінің бәсеңдеуіне, сыртқы сауданың жоғарылауына әкеледі.

Салық ставкасы салалар және аймақтарға диференцацияланады. Олар кешен және кешенді құрылымға ықпал ете бастады. Сондықтан мұнайға және газ өндіруге салық жоғары, бірақ аз менгерілген, экономикасы дамымаған аймақтарда төмендеу болады.

Салық жүйесі біртіндеп икемді тетікке айналып келеді. Салық заңының негізін және құрылымының негізін сақтауда мемлекеттік салықтарды реттеу органдары, мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсатында уақытша және белгілі бір кәсіпорынды таңдап алып, оның салық ставкасын төмендетеді немесе салықты мүлде қысқартады. Келесі салаларға капитал ретінде жұмасалатын табысқа салықтарды жеңілдету кең қолданыс табуда: ғылыми зерттеулер және олардың жетістіктеріне қол жеткізу, жаңа жұмыс орындарын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға.

Салық салуды реттеу объектлері нақтылануда. Мысалы, кәсіпорын табысының екі түұріне салық салу дифференцияланады: таратылмаған (кәсіпорындарда шаруашылық қызметін дамытуға қалдырылған) және таратылған ( дивиденттерге және акция иелеріне төленетін төлем). Дивиденттер сомасына салынатын салық көлемі жоғары болған кезде, таратылмайтын табысқа салынатын салық ставкасының төмендеуі, табыстың екі осы бөліміндегі тепе-теңдіктің, оның таратылмаған бөлімінің пайдасына қарай өзгеретіні анықталған, дивиденттердің бір уақытта төмендеуінен, капиталдың ішкі жинақталуы ұлғайып, инвестицияның өзін-өзі қаржыландыруы өседі, егер бұл тенденция ұзақ уақыттық сипат алатын болса, акциялардың бағасы төмендеп, оларды отандық және шетелдік инвесторлардың сатып алуы қаупі туады. Таратылмайтын табысқа салықтың көтереліуінен және оның дивиденттерге төленетін сомаға азаюуынан кері көріністі көруге болады.

Қазіргі кезде салықтардың реттеуші қызметі табыстар мен пайдаларды салықтан босататып, және сол уақыттағы экономиканы мемлекеттік реттеу мақсатына сәйкес әрекеттер үшін, жалпы және жеке ынталандыру құрайтындай жағдайда емес, керісінше, шаруашылық субъектісі мен оның нақты шаруашылық акциясына берілген салықтық жеңілдіктер көлемінің арасында қатаң сандық тәуелділік орнатуға тырысады.

Батыста экономиканы мемлекеттік реттеудің көптеген мақсаттарына капитал салымын мақсатты түрде ынталандыру арқылы қол жеткізеді. Негізгі капиталдың жаңаруы мен ұлғаюы көлеміне негізінен өсу қарқыны, конъюктура жағдайы, сұраныс, ұлттық бәсекелестік тәуелді, ал инвестиция құрылымына салалық және аймақтық құрылым, ғылыми зерттеу жұмыстарына бағытталу мәселелері тәуелді.

Соңғы он жылда инвестициялық сұраныстарды қамтамасыз ету формасын иеленген, капиталсалуда үлесі 55 пен 85 пайыз арасында ауытқып тұратын өзін - өзі қаржыландыру болып отыр. Өзін-өзі қаржыландырудың мұндай көлемі тек қана мемлекеттік салық саясатының арқасында ғана мүмкін болып отыр, атап айтқанда, үкіметтік органдар қолданған негізгі капиталды жеделтеліген амортизация бойынша есептен шығару санкциясының арқасында жүзеге асып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет