ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша



бет38/140
Дата12.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#99790
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   140
Байланысты:
ПО К «Салы ж не салы салу» п ні бойынша

Лекцияның мақсаты: Меншікке салынатын салықтар, оның ішінде, көлік құралдарына салынатын салық бойынша оққып – үйрену.

Негізгі сөздер: көлік, салық, двигатель көлемі, ставка, объект, субъект.

Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер болып меншік құқығында, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері табылады.

Салық салу объектілері:үкіметті мемлекеттік тіркеуде жататын және есепте тұрған төлемқұралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Ал, жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.

Бұл салық түрінің өзіндік төлеу мен есептеу тәртібі бар.жекелеген жағдайларда салық төлеуші салық сомасын салық заңдылықтарына сүйене отырып, салық салу объектісі арқылы, салық ставкалары, әрбір көлік құралдары бойынша түзету коэфицентін қолдана отырып есептейді. Сонымен бірге салықты бюджетке төлеу объектінің тіркелген жеріне байланысты төленіп отыру керек.

Көлік құралдарына салынатын салықтың ерекше тәртібі бар, ол 4-кестеде көрсетілген.

Ерекше атап өтетін бір жәйт, заңды тұлғалардың көлік салығын өздігінен есептеуі бірқатар себептермен көптеген қателердің пайда болуына және салықтың бюджетке толық түспеуіне алып келуі мүмкін. Келесілерді атап айтуға болады:

- кәсіпорынның балансындағы көлік құралдарын жол полициясы басқармасының мемлекеттік есебіне өткізбеу;



  • жол полициясы органдарының мемлекеттік есебінде тіркелмеген көліктік техниканы кәсіпорын территориясында жұмыс істеу үшін пайдалану;

  • жеңіл автомобильдері көлік құралдарының техникалық паспорттарында двигательдердің көлемі туралы мәлімет текше сантиметрмен берілмеуі, ол техникалық құралдардың қуаттылығын дұрыс анықтауды қиындатады;

  • көлік құралдарын толық тозуы салдарынан кәсіпорынның баланысынан шығарып тастау бірақ, жол полициясы басқармасына мұндай мәліметтерді бермеу салықты төлеу қажеттілігін туындатады;

  • бухгалтердің көліктер түрлерінің ерекшеліктерін білмеуі және бос механик немесе жүргізушінің берген ақпараттарына сүйенуі;

көлік құралдарының техникалық сипаттамаларының анықтамалықтарының болмауы;

айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлік құралдары салығы бойынша декларациялық есепті кейінгі жылдың 31-науырызынан кешіктірмей салық органдарына табыс етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет