ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет40/140
Дата12.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#99790
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   140
Байланысты:
ПО К «Салы ж не салы салу» п ні бойынша

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жерге салынатын салықтардың экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектіісі не болып табылады?

  6. қандай коэффициенттер пайдаланылады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 2,3,5,21

5.Такырып. Мүлік салығы

Лекцияның мақсаты:

1.Мүлік салығының экономикалық мәні мен табиғаты

2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық құрылымының сипаттамасы

3. Мүлік салығының ставкалары және ерекшеліктері

Лекцияның мақсаты: Меншікке салынатын салықчтар, оның ішінде, мүлікке салынатын салық бойынша оққып – үйрену.

Негізгі сөздер: мүлік, салық, орташа жылдық қалдық құн, ставка.

Жалпы меншікке салынатын салықтың мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді. Алайда, көлемінің ірі болуы табыстың көбеюуіне кепілдік бермейді: егер салық салынбаса ірі меншік иелерінің артықшылықтары молаяды да, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылмайды. Осылайша мүлік салығы, жер салығы қоғам алдында салық жауапкершілігін көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.

Оның ішінде, мүлікке салатын салықты қарастыратын болсақ, әртүрлі шаруашылық субъектлері мен жеке тұлғалар үшін күрделі, әрі жалпы салықтардың біреуі болып мүлік салығы табылады. Өйткені оны жеке азаматтар да, кәсіпкерлер де төлейді. Қазақстан заң актлеріне сәйкес оның төлеушілері меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды және жеке тұлғалар. Салық төлеушілердің оны төлеу кезіндегі негізгі міндеті салық салу базасын тиімді анықтау және мүлікті дұрыс бағалау болып табылады. Мүлік салығы жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы жүргізген мүлікті бағалауға сәйкес аумақтық салық органдарымен есептеледі.

Салық салу объектілерінің тұрған жері бойынша салық төленетіні жаңалық емес. Бірақ таралып жатқан филиалдар тараптары бар, яғни салық салу объектілері басқа облыстардың (аудандардың) аумағында орналасқан заңды тұлғалар (оның ішінде резидент еместер) салықтың осы түрі бойынша есептеме беру тәртібіндегі өзгерістер белгіленді. Бұл ретте төлемдер объектінің тұрған жері бойынша жүргізіледі, ал заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері тұрған жері бойынша ағымдық төлемдердің есептерін және салық бойынша декларация тапсырады. Бірақ бұл орайда олар бас ұйымға көшірмелерді жібереді. Олардың негізінде заңды тұлға жыл аяқталғаннан кейін құрылымдық бөлімшелері бөлігінде есептелген және төленген салық сомалары бойынша жинақтаушы тізілім жасайды. Декларация белгіленген нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірмей тапсырады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мүлікке салынатын салықты төлеуге төлеуші жауапты.

Бұл жағдайда құрылымдық бөлімшелер бойынша мүлік салығының сомасы жалпы заңды тұлғалар бойынша мүлік салығымен сәйкес келуі керек.

Қазіргі кезде өкілдіктерді пайдаланушылардың категорияларының саны азаюда, өйткені Қазақстанда қолданыстағы салық кодексі бойынша жеңілдіктер келесі субъектлерге қолданылады:



  1. Коммерциялық емес ұйымдар;

  2. Әлеуметтік ұйымдар;

  3. Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы мемелекеттік кәсіпорындар;

  4. Негізгі қызметі кітапханалық қызмет көрсету болып табылатын ұйымдар;

  5. Мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрлыстарының объектлері бойынша заңды тұлғалар;

  6. Ауылшаруашылығы өнімін өндіруші- жерді тыңайтуға арналған гидромелиоративті құрылғылар объектлері бойынша заңды тұлғалар бойынша жеңілдікті салық ставкасын пайдаланылады.

Жоғарыдағы мәліметтердің келтірілу себебі, қаржылық қызметтер мүлік салығының жеңілдіктер категориясын дұрыс анықтамауына байланысты дұрыс есептелмеуі де мумкін. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткеніндей көптеген қателер кетуі мүмкін.

Жеке тұлғалардың мүлік салығына келетін болсақ, “Салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы” заңда бұл салықты жеке тұлғалардың бөлек төлеуі жөнінде жеке көрсетілмеген болатын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет