ПОӘК «Салық және салық салу» пәні бойынша


Ұлы отан соғысы ардагері жер салығы бойынша қандай жерлерінен салық төлемейді?



бет11/12
Дата21.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#14446
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

112. Ұлы отан соғысы ардагері жер салығы бойынша қандай жерлерінен салық төлемейді?

а) Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша;

в) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінен;

с) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінен;

д) Су қоры жерлерінен;

е) Елді мекен жерлері бойынша бөлінген жерлері бойынша;



113. Жер салығы қандай бюджетке түседі?

а) Жергілікті бюджет;

в) Мемлекеттік бюджет;

с) Республикалық бюджет;

д) 50%-республикалыққа,50%-жергіліктіге;

е) Арнайы қорларға;



114. Жер салығының базалық ставкаларын кім бекітеді?

а) ҚР-ның Үкіметі;

в) Жергілікті мәслихат;

с) Қаржы Министрлігі;

д) Кіріс Министрлігі;

е) ҚР Парламенті;



115. Резидент емес заңды тұлға деп

а) ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын,сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары;

в) ҚР-ның заңдарына сәйкес құрылған немесе нақты басқару органы Қазақстанда болатын заңды тұлғалар;

с) Басталған не аяқталуға жақын салық жылының 12 айлық кезеңінің 183 және одан да көп күн Қазақстанда болған шетел жеке тұлғасы мен азаматтығы жоқ адамдар;

д) Қазақстанда 183 күннен аз болған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

е) ҚР-да тұрақты болатын не өмірлік мүдделерінің орталығы ҚР-да орныққан жеке тұлғалар;



116. Резидент заңды тұлға деп

а) ҚР-ның заңдарына сәйкес құрылған немесе нақты басқару органы Қазақстанда болатын заңды тұлғалар;

в) ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын,сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары;

с) Басталған не аяқталуға жақын салық жылының 12 айлық кезеңінің 183 және одан да көп күн Қазақстанда болған шетел жеке тұлғасы мен азаматтығы жоқ адамдар;

д) Қазақстанда 183 күннен аз болған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

е) Барлық жауап дұрыс;



117. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны заңды тұлғалар қай кезде табыс етеді?

а) Есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешітірмей;

в) әр айдың 20–на

с) Есепті кезеңнен кейінгі айдың 15–нен кешіктірмей;

д) Салық жылының 1 шілдесіне дейін;

е) Салық жылының 1 қазанынан кешіктірмей;



118. Заңды тұлға дегеніміз не ?

а) ҚР-ның және шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым;

в) ҚР-ның азаматы;

с) Шетел азаматы;

д) Азаматтығы жоқ адамдар

е) Барлық жауап дұрыс;



119. Мына салық обьектілерінің қайсысы корпорациялық табыс салығының салық салу обьектісі?

а) Салық салынатын табыс;

в) Салық салынатын айналым;

с) Салық салынатын импорт;

д) Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

е) Орташа қалдық құны;



120. Жеке табыс салығының ставкасы:

а) 10%;


в) 30%;

с) 10%-тен 40%-ке дейін;

д) 20%-тен 100%-ке дейін;

е) 5%-тен 40%-ке дейін;



121. Мына табыстардың қайсысынан төлем көзінде салық алынбайды?

а) Мүліктік табыс;

в) Қызметкерлердің табысы;

с) Бір жолғы төлемдерден алынған табыстар;

д) Дивидендтер,ұтыстар түріндегі табыстар;

е) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері ;



122. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға мыналар жатады:

а) мүліктік табыс жұмысшылар табысымен біржолғы төлем түріндегі табыстар;

б) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін төлемдер;

с) жұмысшылар табысымен біржолғы төлем түріндегі табыстар;

д) дивидент, ұтыстар, мен сыйақы түріндегі табыстар;

е) степендиялар.



123. Төменде аталған жеке тұлғалар табыстарының қайсысы төлем көзінен төленетін төлемдерге жатады:

а) жинақтаушы сақтандыру келісімі бойынша табыстар;

б) жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы;

с) адвокаттар табысы;

д) мүліктік табыс;

е) жеке нотариустар табысы.



124. Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы:

а) заңды тұлғалардың салық салынатын табысы сияқты есептеледі;

б) төлем көзінен салық салынатын табысы сияқты есептеледі;

с) біржолғы төлем түріндегі табыс;

д) адвокаттар табысы сияқты есептеледі;

е) нотариустар табысы сияқты есептеледі.



125. ЖЖТ туралы және шегерімдер туралы декларацияны салық органына мыналардың қайсысы тапсырмайды:

а) банк қызметкерлері тұрғын үй салу және осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 АЕК жоғары сомаға бір жолғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер;

б) төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бар жеке тұлғалар;

с) парламен депутаттары мен судьялар;

д) ҚР тыс жерлерден табыс алатын жеке тұлғалар;

е) тұрғын үй салу және осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 АЕК жоғары сомаға бір жолғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер.



126. Салық салудың әділдігі принципі, бұл:

  1. ҚР-да салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады;

  2. ҚР-да салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдері айқын болып табылады;

  3. салық салу мәселелерін реттейтін нормативті құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс;

  4. салық төлеуші белгіленген міндеттерді толық орындауы тиіс;

  5. барлық салық төлеушілерге біртұтас болып табылады.

127. Салық жеңілдіктері қандай жағдайда беріледі?

  1. салықты экономикалық реттеу әдісіретінде қолданғанда;

  2. салықтың төлем бұйымын мемлекет мәжбүрлі түрде алғанда;

  3. салық төлеуші объектісі барлығы туралы арнайы хабарлағанда;

  4. бір жолғы талон алғанда немесе патент алғанда

  5. төлем көзінен салықты ұстап қалғанда.

128. Салық ставкалары мен бюджеттің кірісін және салық базасының жағдайын зерттеген американ экономисі:

  1. Лаффер

  2. Лоренц

  3. Лоре

  4. Кейнс

  5. Адам Смит

129. Келесі аталғандардың қайсысы салық салу принципі болып табылады?

  1. салық жүйесі біртұтас болуы тиіс;

  2. ер азамат салық төлеуі тиіс;

  3. салық төлеушілер үшін салық төлемі анық болуы тиіс;

  4. салық мемлекетке қолайлы уақытта алынуы тиіс;

  5. әрбір азамат үкіметті қоғамға қатысуға міндетті.

130. Қазақстан Республикасы салық салу принциптеріне жатпайды:

  1. салық салудың мақсаттылығы;

  2. салық салудың міндеттілігі;

  3. салық салудың айқындылығы;

  4. салық салудың біртұтастылығы;

  5. салық салудың жариялығы.

131. Салық салудың келесі принципіне сәйкес салық жинау ең төменгі шығындарда жургізілуі қажет:

  1. үнемділік принцип;

  2. өлшемділік принципі;

  3. қолайлылық принципі;

  4. шындық принципі;

  5. анықтылық принципі.

132. Төлемақы – бұл:

  1. мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланғаны үшін төлем;

  2. мемлекет сұранысын қанғаттандыру мақсатында ақшалардың қозғалуы;

  3. заңды елеулі әрекеттерді жасағаны үшін алынатын міндетті төлем;

  4. мәжбүрлі сипатқа ие мемлекет бекіткен төлем;

  5. ақша иесінен өз еркімен мемлекетке түсетін ақшалай төлем.

133. Кәсіпорынның салық жеңілдіктерін заңсыз қолдануы, кешіктіріп төлеуі немесе салықтарды есептеу мен төлеуге қажетті құжаттарды көрсетпеуі:

  1. салық төлеуден қашу;

  2. салықты жоспарлау;

  3. салық ауыртпалығы;

  4. салық ставкасы;

  5. салық базасы.

134. Активтерді және табысты ұтымды орналастыру, қаржыларды инвестициялау мен жинау мәселелері қай процестің кезеңі болып табылады?

  1. салықты жинау;

  2. салықтардан қашу;

  3. салықты жоспарлау;

  4. салық салуды жүргізу;

  5. салық ауыртпалығы.

135. Жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығы бойынша салық базасы болып:

а) мүліктің орташа жылдық баланстық құны; мүліктің қалдық құны;

б) салық салу объектісінің бағалау құны;

с) негізгі құралдар мен материалды емес активтердің баланстық құны;

д) салық салу объектісінің орташа жылдық қалдық құны;

е) мүліктің қалдық құны.



137. Жердің қандай санаттары салық салуға жатады:

а) елді мекенді жерлер

б) ерекше қорғалатын жерлер

с) су қорының жерлері

д) запастағы жерлер;

е) орман қорының жерлері



138. Жерге салық салу қағидалары:

а) жер салығының мөлшері шаруашылық қызметтің нәтижелеріне байланысты

б) жер салығының негізі болып жер учаскесінің нарықтық құны табылады

с) жер салығының негізі болып жер учаскесінің бағалау құны табылады

д) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты

е) жер салығының мөлшері қаржылық нәтижелерге байланысты



139. Жер салығынан босатылатындар:

а) елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жерлері

б) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, орман қорының жерлері

с) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, су қорының жерлері

д) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, табиғатты ерекше қорғау жерлері

е) су қорының жерлерінің құрылыстар, ғимараттар және тағы да басқа объектілер орналасқан жерлері



140. Бюджетке толенетін ҚҚС томендегідей аныкталады:

а) сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының айырмасы ретінде;

б) алынган тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленген ҚҚС сомасы ретінде;

с) өнімді сатып алушыдан алынған ҚҚС сомасы ретінде;

д) құны ондіріс шығындарына нақты жіберілген материалды жабдықтаушылармен төленген ҚҚС сомасы ретінде;

е) сатылган тауарлар, аткарылган жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есептелген ҚҚС сомасы ретінде.



141. ҚҚС-ның нөлдік ставкасы қолданылмайтын айналымды атаңыз:

а) тауарларды импорттау

б) халықаралық тасымалдауға салық салу

с) мақта-мата, былғары аяқ киім өнеркәсібі

д) аффинирленген бағалы металдарға салық салу

е) тауар экспорты



142. ҚР кеден территориясына еркін айналысқа импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық салу объектісіне жатпайтындар:

а) жеке тұлғалармен ҚР Үкіметі белгілеген нормада импортталатын тауарлар

б) ҚР территориясына бейрезиденттермен сатылған тауарлар

с) жеке тұлғалармен әкелінген тауарлар

д) ТМД елдері ққатысушылары-мемлекеттерінен әкелінген тауарлар

е) экспорттаушы елде ҚҚС ставкасы ҚР-де белгіленген мөлшерден төмен болса



143. ҚҚС салынатын импорт көлеміне кіретіндер:

а) ҚР кеден заңдарымен анықталған тауарлардың кедендік құны, тауарды импорттауда алынатын кеден алымы сомасы, акциз сомасы және кедендік баж

б) тауарды имполрттауда төленетін акциз және кеден алымын қоспағандағы тауарлардың кедендік құны

с) импортталтын тауарлардың кедендік құны, сонымен қатар ҚҚС қоспағандағы чсалықтар мен міндетті төлемдер

д) импортталатын тауарлардың кедендік құны, сонымен қатар ҚР кеден заңдарымен анықталған кеден алымы, акциздер мен кедендік баж сомалары

е) ҚР кеден заңдарымен анықталған кеден алымын қоспағандағы тауарды импорттауда алынатын кеден құны



144. Акциздер – ол:

а) өнімнің құнына енгізілетін салықтар

б) көтерме баға кұрамына енетін салыктар

с) көтерме бағаға қосылатын салықтар

д) өндіріс шығындарына енгізілетін салыктар

е) өндіріс шығындарына және енгізілетін салықтар.



145. Акциздерді төлеушілер:

а) акцизделетін тауарларды сатып алушылар

б) акциз өнімдерін өткізуші дүкендер

с) акциз өнімін өндірушілер

д) дүкен және сатып алушы.

е) дүкен және сатып алушы



146. Акцизделетін тауарларға жатпайтындар:

а) таза былғары және терілер және олардан жасалған бұйымдар

б) шараптар

с) сыра


д) темекі өнімдері

е) спирттің барлық түрлері.



147. Отандық спиртті өткізуде анықталатын акциз сомасы:

а) өткізілетін спирт мөлщері  акциз,тг

б) өткізілетін спирт бағасы  ҚҚС және акцизді есептемегенде/ ставкасы, %/100%

с) өткізілетін спирт бағасы  ставкасы, %/100%

д) өткізілетін спирт мөлщері  акциз, %

е) өткізілетін спирт мөлщері  акциз, евро.



148. Шарапты импорттауда анықталатын акциз сомасы:

а) (әкелінетін шарап мөлшері  евро курсы бойынша ставка)  кедендік төлемдер төлеу кезіндегі Ұлттық банк курсы

б) өткізілетін шараптың бағасы ставка, тг

с) тартылатын шараптың бағасы (ҚҚС және акцизді есептемегенде)  ставка %/100%

д) әкелінетін шараптың кедендік құны ставкасыставка %/100%

е) әкелінетін шарап мөлшері  теңге бойынша ставка



149. Салық салынатын табыс:

а) ЖЖТ пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады

б) барлық табыстардың сомасы ретінде анықталады;

с) ЖЖТ пен шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады;

д) шығындар мен кірістер арасындағы айырма ретінде анықталады;

е) барлық кірістер ретінде анықталады.



150. Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатқаннан түскен табыстарға:

а) ҚҚС қоса алғанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

б) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және амортизацияға жатпайтын активтерді сатқан кездегі құн өсімінен түскен табыстар;

с) сатып алынған тауарлар жіне жұмысшыларға төленетін табыстар мен өтемақылар бойынша міндеттелер;

д) ҚҚС қоспағанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

е) негізгі қарыздарды талап ету мен қарыз алушыға төленетін сома арасындағы оң айырма ретінде анықталатын табыс.



151. Амортизацияға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:

а) жер;


б) үйлер, құрылыстар;

с) өтпелі құрылғылар;

д) қызмет түрлеріне байланысты жұмыс машиналары мен жабдықтар;

е) көпжылдық өсімдіктер.



152. Төменде көрсетілген өтемдердің қайсысына әлеуметтік салық есептелмейді:

а) адрестік әлеуметтік көмек

б) жұмысшы үшін тура және жанама табыс болып табылатын жұмыс берушінің шығарған шығындары

с) жұмысшыларға өткізілетін тауарлар ненмесе қызметтер құны мен олардың сатылып алынған бағасымен немесе осы тауарла мен қызметтердің өзіндік құны арасындағы айырма

д) сый ақылар

е) еңбек ақыға қосымша ақы



153. Қандай өтем түрлеріне әлеуметтік салық есептелмейді:

а) демалыс уақытын пайдаланбағаны үшін өтемақы

б) еңбек ақыға қосымша ақы және көтерме ақы

с) бала туған сәтте жұмысшыға берілетін 50-есе АЕК шегінде берілетін жәдем ақы

д) еңбек ақы және сыйақы

е) еңбекке жарамсыздық күндері үшін берілетін ақы



154. 4,5 ставка бойынша әлеуметтік салықты төлейтіндер:

а) барлық жауаптар дұрыс

б) Қазақстан зағиптар қоғамы

с) Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамы

д) Ерікті Ауған соғысы мүгедектері қоғамы

е) ерікті мүгедектер қоғамы



155. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеушілер болып кімдер табылмайды:

а) жеке кәсіпкерлер

б) мемлекеттік кәсіпорындар

с) коммерциялық кәсіпорындар

д) кәсіпорындар мен мекемелер

е) коммерциялық емес ұйымдар



156. Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуі кімдермен атқарылады:

а) әділет министрлігі

б) нотариалдық кеңсе

с) салық органы

д) статистикалық комитет

е) әкімшілік



157. Салық төлеушілер жер учаскесін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдерді:

а) бірдей мөлшерде 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада төлейді;

б) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 науырызында;

с) есепті жылдан кейінгі айдың 15 жұлдызында;

д) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 жұлдызында;

е) бірдей мөлшерде ағымдағы жылдың 20 қазанында, есепті жылдан кейінгі 20 наурызда төлейді.



158. Әлеуметтік салықты әр жұмысшы үшін бір АЕК және екі АЕК мөлшерінде өзі үшін төлейтіндер:

а) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, жеке нотариустар, адвокаттар б) патент негізінде кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар

с) шаруа қожалықтары

д) заңды тұлғалар

е) шаруа қожалықтары және патент негізінде кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке тұлғалар

159. Бірыңғай жер салығын төлеу негізіндегі арнайы салық режимдері келесі қызмет түрлеріне қолданылады:

а) ойын бизнесі аумағы

б) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар

с) жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын заңды тұлғалар

д) шаруа қожалықтары

е) шағын бизнес субъектілері



160. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкердің тоқсандық табысы 2000,0 мың теңгені құрайтын болса, қандай салық ставкасы қолданылады:

а) табыс сомасынан 3%;

б) табыс сомасынан 4%;

с) табыс сомасынан 5%;

д) табыс сомасынан 2%;

е) табыс сомасынан 6%;



161. Шағын бизнес субъектлері үшін АСР келесі салықтарды есептеу мен төлеуді жеңілдетеді:

а) әлеуметтік салықты

б) корпоративтік табыс салығын

с) жеке табыс салығын/ төлем көзінен алынатын жеке табыс салығынан өзге/

д) әлеуметтік салықты және корпорациялық табыс салығын;

е) әлеуметтік салықты және корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын;



162. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданушы жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлерінің орташа айлығы ең төменгі жалақының 2-еселенген мөлшерінен асатын болса, онда салық сомасына мынандай түзету қолданылады:

а) әрбір жұмысшының салық сомасы 1,5 % мөлшерінде көбейтіледі;

б) әрбір жұмысшының салық сомасы 1,5 % мөлшерінде азайтылады;

с) әрбір жұмысшының салық сомасы 2 % мөлшерінде көбейтіледі;

д) әрбір жұмысшының салық сомасы 2 % мөлшерінде азайтылады;

е) түзетуге жатпайды



163. Бірыңғай жер салығын есептеу келесі ставканы қолдану арқылы жүргізіледі:

а) жер учаскесінің қалдық құнынан 0,1%;

б) жер учаскесінің бағалану құнынан 0,1%;

с) жер көлеміне гектармен;

д) жер учаскесінің қалдық құнынан 0,5%;

е) жер учаскесінің бағалану құнынан 0,1%;



164. Бір жолғы талон негізінде АСР қолданушы салық төлеушілерді атаңыз:

а) жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын заңды тұлғалар

б) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар

с) эпизоттық сипаттағы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар

д) жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын жеке кәсіпкерлер

е) жыл ішіндегі табысы 1 млн. теңгеден аспайтын табысы бар жеке кәсіпкерлер



165. Патент негізінде АСР қолданушы салық төлеушілерді атаңыз:

а) жалдамалы жұмыс күшін қолданбайтын заңды тұлғалар

б) жалдамалы жұмыс күшін қолданатын жеке кәсіпкерлер

с) жыл ішіндегі табысы 1 млн. теңгеден аспайтын табысы бар жеке кәсіпкерлер

д) шаруа қожалықтары

е) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жеке тұлғалар



166. Бір жолғы талон-бұл:

а) арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және әлеметтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды нақтылайтын құжат

б) салық төлеушілердің барлық санаттары үшін арнаулы салық режимдерін белгілейтін құжат

с) арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және бюджетке салық сомаларын төлегендігін нақтылайтын құжат

д) арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысуды нақтылайтын құжат

е) арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды нақтылайтын құжат



167. Тіркелген жиынтық салықтың құрамына:

а) 50 % - корпорациялық табыс салығы және 50%-ҚҚС;

б) 50 % - әлеуметтіе салық және 50%-ҚҚС;

с) 70 % - корпорациялық табыс салығы және 30%-ҚҚС;

д) 30 % - корпорациялық табыс салығы және 70%-ҚҚС;

е) 60 % - корпорациялық табыс салығы және 40%-ҚҚС;



168. Салық қызметінің ең басшы органы:

а) ҚР Қаржы Министрлігі;

б) ҚР Әділет Министрлігі;

с) ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті;

д) ҚР Үкіметі;

е) облыстық салық комитеті.



169. Салықтық есептің кассалық әдісіне орай:

а) табыстар жұмыс орындалып, қызмет көрсетілгеннен кейін есепке алынады;

б) шегерімдер жұмыс орындалып, қызмет көрсетілгеннен кейін шегеріледі;

с) табыстар мен шегерімдер жұмыс орындалғаннан кейін, қызмет көрсетілгеннен кейін есепке алынады; мүліктерді тиеп жіберу мен қабылдап алу төлеу мерзіміне байланыссыз болады;

д) табыстар жұмыс орындалғаннан кейін есепке алынады, қызмет көрсетулер төлеу мерзіміне байланыссыз болады;

е) табыстар мен шегерімдер жұмыс орындалғаннан бастап, қызметтер көрсету мен мүліктерді қабылдап алу олар бойынша төлем жүргізілгеннен кейін есепке алынады.



170. Қазіргі кездегі ҚР салық заңдылығында салық есебінің келесі әдісі қолданылады:

а) декларация бойынша, кассалық және есептеу әдісі қолданылады;

б) кассалық әдіс;

с) есептеу әдісі;

д) декларация бойынша;

е) кассалық және есептеу әдісі.



171. ҚР салық жүйесінің біртұтастығы қалай өрнектеледі?

  1. ҚР мемлекет және әрбір салық төлеушіге ортақ салықтардың біртұтас жүйесі әрекет етеді;

  2. мемлекеттік органдар салықтарды бекітеді және өзгертеді;

  3. ҚР салық жүйесі Салық кодексі мен анықталады;

  4. салықтардың барлық негізгі элементтері тікелей Салық кодексінде анықталған;

  5. ҚР салық органдарының жүйесі республикаға бағынатын біртұтас орталықтандырылған жүйе.

172. Шағын бизнес субъектлері үшін АСР келесі салықтарды есептеу мен төлеуді жеңілдетеді:

    1. әлеуметтік салықты және корпорациялық табыс салығын;

    2. әлеуметтік салықты

    3. корпоративтік табыс салығын

    4. жеке табыс салығын/ төлем көзінен алынатын жеке табыс салығынан өзге/

    5. әлеуметтік салықты және корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын;

173. Салықтық есепте амортизацияны есептеу үшін қолданатын әдіс:

    1. сандардың жиынтығы бойынша құнынан есептен шығару/куммулятивтік әдіс/

    2. құнды бірқалыпты /тура жолды/ есептен шығару әдісі

    3. құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді /тепе-тең ,барабар/ мөлшерде есептен шығару әдісі/өндірістік әдіс/

    4. қалдық құнның кемуі /қалдықты азайту/ әдісі

    5. салық төлеушінің еркімен таңдалған құнды есептен шығару әдісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет