ПОӘК «Салық және салық салу» пәні бойынша


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет7/12
Дата21.04.2017
өлшемі2,23 Mb.
#14446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтар мен міндетті төлемдердің экономикалық мәні неде?

  2. Бонус дегеніміз не?

  3. Коммерциялық табу бонусы дегеніміз не?

  4. Роялти дегеніміз не?

  5. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  6. Салық жеңілдіктерін атаңыз?

  7. Салық базасы дегеніміз не?

  8. Салық объектіісі не болып табылады?

  9. Салық шегерімдеріне не жатады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,16,21
14. Тақырып. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні

2. Ауыл шаруашылығы өнісдерін өндірушілер үшін арнулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны

Негізгі сөздер: Шаруа қожалықтары, фермер, ауыл шаруашылыгы өнімдері т.б.

Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады.

Жеке меншік құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

Салық кезеңі-Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жер учаскесінің ор­наласқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды

Салықтың өтінішпен бір мезгілде мынадай құжаттардың:

1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актілердің көшірмелері табыс етіледі.

Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерін бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құны негізге алына отырып айқындалады.

Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары ондағы деректері өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған құжаттарды қайтадан табыс етеді.2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

Салық төлеушінің осы Кодекстің 439-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және салық төлеушінің осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртіппен салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі.

Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде, салық төлеуші талаптарға сәйкессіздік туындаған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде салық органына салықтық өтінішті табыс етеді және сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтеді.

Арнаулы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Жер учаскесін жалға берудегі салық салу ерекшеліктері?

  2. Патент беру тәртібі

  3. Салық салу объектілері мен ставкалары?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 2,3,5,21
6 БӨЛІМ. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

15-тақырып. Алымдар,төлемдер және баждар

1. Алымдар,төлемдер және баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны

2. Алымдар,төлемдер және баждар және аударымдардың жалпы және ерекшеленген белгілері

Лекцияның мақсаты: Алымдар мен төлемдерді оқып, үйрену, есептеу –төлеу тәртібін үйрену.

Негізгі сөздер: алым, төлем, мемлекеттік баж, салық, объект, субъект, ставка, адвалорлық стака, тұрлаулы ставка.

Алымдар – қандай да бір мемлекеттік және жеке тұлғаға мемлекеттен қандай да бір құқық беретін- біржолғы төлем. Қазақстанда қазіргі кезде мынадай алымдардың түрлері бар.



Алымдардың түрлері және олардың сипаты



Алым түрі

Қысқаша сипаттамасы

1.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге салынатын алым

- заңды тұлғалар мен олардың филиалдарының қызметін тоқтату немесе құруды мемлекеттік тіркеуден алынады

2.

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуден алым

- ҚР аумағында заңды тұлға құрмай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынады

3.

Жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын келісім-шартты мемлекеттік тіркеуге салынатын алым

- жылжымайтын мүлік пен онымен жасалатын келісімшарт құқығын тіркеген кезде алынады

4.

Радиоэлектронды құралдар мен жоғарғы жиілікті жабдықтардымемлекеттік тіркеуден алынатын алым

- радиоэлектрондық және жоғары жиілікті жабдықтарды тіркеген кезде алынады

5.

Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді

- механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде алынады

6.

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым

Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым

7.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеген (қайта тіркеген) кезде алынатын алым

8.

Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым

Қолдануға рұқсат етілген Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын беркезде алынады.

9.

Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым

ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргені үшін алынатын алым

10

Аукциондардан алынатын алым

Аукиолндардан алынатын алым аукциондарда мүлікті сату кезінде алынады.

11

Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқықығы үшін лицензиялық алым

Бұл алым-ҚР заңдарына сәйкес, лицензиялануға тиісті белгілі бір қызмет түрімен айналысуға лицензия беру кезінде алынады.

12

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым

Ол байланыс саласындағы уәкілетті орган ҚР-ның телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берген кезде алынады

Ал 2002 – 2003 жылдарда енгізілген өзгерістерге сәйкес, Консулдық және Елтаңбалық алым алынып тасталды.

ҚР Конституциясына сәйкес, алымдарды, салықтар секілді, Парламент немесе Конституциямен қарастырылған жағдайда ҚР Президентті бекітуге хақылы.

Алымдардың өзгеше ерекшелігі сонда, олар төлеуші үшін мемлекеттік органның көрсеткен қызметіне байланысты төленеді. Сөйте тұра, алым сомасы ҚР Үкіметі бекіткен ставка бойынша есептеледі және бюджетке тіркелген орны бойынша енгізіледі. Оларды төлеу тіркеген органға қажетті құжаттарды өткізгенге дейін жүргізіледі. Төленген сома қайтарылмайды (алымды төлеген тұлғаның, тіркеуші органға құжаттарын өткізгенге дейін, тіркеуден бас тартпаса). Мемлекетпен қарым-қатынасқа түсу, заңды тұлға үшін де, жеке тұлға үшін де мәжбүрлі сипатқа ие емес. Өйткені, алым төлеуге себеп болған жағдаймен, мемлекетке өтініш берудің өзі еркін. Бұдан өзге алымға қатысты байланыста да бір жақты сипатта.

Алым заңды тұлғалардың немесе олардың филиалдарының қызметін жүзеге асыра бастағанда немесе тоқтатқандағы, мемлекеттік тіркеуден өткізгенде, сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін алғанда жиналады.

Алымды, шаруа қожалықтары, 1,2,3 топтағы мүгедектер, сонымен қатар, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүрген оралмандардан өзге, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін жеке тұлға төлейді.

Алым банктер немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен жүзеге асады немесе құзырлы органның арнайы пункттарында қатаң есепті бланктер негізінде қолма-қол ақша төлеу арқылы жүзеге асады.

Қолма-қол ақша үшін енгізілген Қатаң есептілік бланктерінің формасы және алым сомасын бюджетке төлеу тәртібі, құзырлы мемлекеттік органдардың келісімімен, ҚР Қаржы министрілігімен бекітіледі.

Аукционда сатылуға қойылған мүліктері үшін, аукционға мүлік қойған заңды және жеке тұлғалар аукцион алымдарының төлеушілері болып табылады. Алым сомасын төлеушілер өз алдына жеке, салым объектісіәне ставка қолдану арқылы есептейді.

Орындау құжаттары бойынша, орындау өндірісі органдары жүзеге асырған аукцион бойынша алымды есептеген кезде, орындаушы санкция бюджетке аударатын салым объектісінің сомасына өзгерістер енгізіледі.

Алымдарды төлеу аукционды өткізгеннен кейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленеді. Төлемақы – негізінде азаматтық-құқықтық қатынастар жатқан қайтарылатын, эквивалентті төлем. Мұнда мемлекет азаматтық құқық субъектісі ретінде жүреді. Төлемақының ерекшелігі сонда, ол түрлі жергілікті органдармен бекітіледі. Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай төлемақы түрлері бар.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы - мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға бергені үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады;

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы - ол жер үсті көздерінен суды ала оырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады;



Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен алымдардың экономикалық мәні неде?

  2. Салық ставкаларының түрлерін атаңыз?

  3. Алым бойынша жеңілдіктерін атаңыз?

  4. Салық базасы дегеніміз не?

  5. Салық объектісі не болып табылады?

Ұсынылған әдебиеттер тізімінен: 2,3,7,21

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы

  2. ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы (сәйкесінше жылға)

  3. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі,1 қаңтар 2009жыл

  4. Идрисова Э.К. Налоговое регулирование предпринимательской деятельности в сфере малого и среднего бизнеса – алматы: Қаржы-Қаражат,1999.

  5. Ильясов К.К Идрисова Э.К. Налоги развитых зарубежных государств- Алматы: Қаржы-Қаражат,1997.

  6. Карагусова Г. Налоги. Сущность и практика-Алматы,Қаржы –Қаражат,1994.

  7. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы:Қ-Қ,195.

  8. Мещерякова О.В. Налоговые системы развитых стран мира. Справочник – М.:Фонд»Правовая культура»,1995.

  9. Баймуратов У.Б. «Национальная экономическая система».-Алматы: Ғылым 2000ж.

  10. Мельников В.Д. Основы финансов. Оқулық.-Алматы:ЛЕМ,2006.

  11. Методы налоговой оптимизации, или как избежать опасных ошибок-учебное пособие под,ред. Брызгалина А.В.-М.:Аналитика ПРЕСС,1999.

  12. Налоги и налогообложение-учебник под ред. Юткиной Т.Ф.-М.:ЮНИТИ,2001.

  13. Налоги и налообложение- Гурина А.С. оқу құралы Санкт-Петербург 2001г

  14. Налоги: оқулық. Под ред.д.э.н.,профессора Черника Д.Г.-М.: Финансы и статистика,2000.

  15. Налоги и налогообложение. Оқу құралы Ильясов К.К. зейнельгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж.-Алматы,1995г.

  16. Налогообложение доходов юридических лиц в Казахстане. С. Ержанова:Алматы,1997.

  17. Налоги и налогообложение в Казахстане. Оқу құралы./Идрисова Э.К. Алматы:Фонд «Формирование налоговой культуры», 2003.

  18. Худяков А.И. Налоговое право РК. Оқулық. Алматы-«...»,1998.-304с.

  19. Налоги и нологооболожение: Оқу құралы/под ред. И.Г. Русаковой, В.А.Кашина.- М.: ЮНИТИ, 2000.-495с.

  20. Интыкбаева С.Ж., Кульжабаева М.Т. Практикум по налогам и налообложению. Учебное пособие. А., 2011г

  21. А.Д. Умбеталиев, Ғ.Е.Керімбек. Салық және салық салу. А., Экономика. - 2006ж

  1. Қосымша әдебиеттер

        1. Мельников В.Д., Ильясова К.К. «Финансы»-Жоғары оқу орнына арналған оқу құралы-Алматы: Фин Эко 2001 ж.

        2. «Финансы». Оқу құралы-М.: Перспектива, Юнити, 2000 ж.

        3. «Финансовое право» (Химичев Н.И.)-М.: Юрист, 1999 ж.

        4. Ильясов К.К. Идрисова Э.К. «Налоги развитых зарубежных государств»- Алматы: Қаржы-қаражат,1997.

        5. Идрисова Э.К. «Налоговое регулирование предпринимательской деятельности в сфере малого и среднего бизнеса»-Алматы: Қаржы-қарадат, 1999

        6. Киперман Г.Я.. Тимфеева О.А. «Налоги в рыночной экономике».- М.: Финансы и статистика,- екінші басылым, 2001 ж.

        7. Мельников В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана».- Алматы: Қаржы-қаражат, 1995 ж.

        8. Оспанов М.Т. «Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений»- 1997

        9. Налогоплательщик - ай сайын шығатын журнал*.

        10. Вестник НС РК - ай сайын шығатын журнал*.

        11. Бухгалтер бюллетені - ай сайын шығатын журнал*.

        12. Қаржы – қаражат, ғылыми – практикалық журнал*.

Интернет мәліметтері

        1. www tax kz.kz.

        2. www budgetrf.ru.

        3. www esep.kz.

        4. www government.kz. 17,www minfin.kz.

7. Семинар сабақтарының жоспары

1-Тақырып. Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты

1. Салықтардың пайда болуы мен қажеттілігі

2. Салықтардың функциялары

3. Салық салынатын және салық салынбайтын табыс

4. Салық ставкаларының түрлері

5. Салық салу принциптері, оларға сипаттама

6. Салық жеңілдіктері

7. Нарықтық экономика жағдайында салық салу принциптерінің жүзеге асырылуы



Тапсыру уақыты: 1-апта
2. Тақырып. ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері, қазіргі кездегі жағдайына сипаттама. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындагы алатын орны. Салық механизмі.

1. Салық жүйесі ұғымының экономикалық мәні

2. Салық жүйесінің құрылымы

3. Салық жүйесі функцияларына жалпы сипаттама

4. Салық салу міндеттемесінің принциптері

5. ҚР Салық жүйесінің даму және қалыптасу кезеңдері

6. ҚР салық жүйесін басқару

7. Салық саясатының экономикалық мазмұны

8. Салық механизмінің құрылымы

Тапсыру уақыты: 2-апта
3. Тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық

1. Меншікке салынатын салықтардың экономикалық мазмұны және табиғаты

2. Көлік құралдарына салынатын салықтар

3. Көлік құралдарына салынатын салықтарды реформалаудың негізгі кезеңдері

4. Салық ставкалары

5. Салықты төлеу мерзімдері

6. Салық есептілігі

Тапсыру уақыты: 3-апта
4. Тақырып. Жер салығы

1. Жер салығының экономикалық мазмұны

2. Салық салу мақсатындағы жер категориясы

3. Жер салығының төлеушілері

4. жер салығын алудың негіздері

5. жер салығының салық ставкаларының құрылымы

6. Жер салығының ставкасын реттеу: мәні, қажеттілігі және есептеу тәртібі

7. Жер салығын есептеу және төлеу механизмі



Тапсыру уақыты: 4-апта
5. Тақырып. Мүлік салығы

1. мүлік салығының экономикалық мәні

2. мүлік салығының жіктелуіне жалпы сипаттама

3. мулік салығын төлеушілер

4. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу ерекшеліктері

5. Салық базасы

6. Салықты төлеу мен есептеу тәртібі

Тапсыру уақыты: 5-апта

6. Тақырып. Қосылған құнға салынатын салық

1. Тұтынғанға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен табиғаты.

2. Қосылған құн салығының экономикалық мәні, жіктелуіне сипаттама.

3. Қазақстанда ҚҚС енгізудің қажеттілігі мен алғы шарттары.

4. ҚҚС артықшылықтары мен кемшіліктері.

5. ҚҚС негізгі құрылымы. ҚҚС төлеушілер:түзету тәртібі және салық есебінен шегерімдер. ҚҚС салу объектісі. Салық салынатын айналым. Салық салынбайтын айналым. Тауарды,қызмет көрсетулерді өткізу орны.

6. Салық салынатын айналын мөлшерін анықтау ерекшеліктері.

7.Салық салынатын айналын мөлшерін қолдану механизмі және оның экономикалық мәні. ҚР ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезінде салық салынатын айналымның ерекшеліктері.

8.ҚҚС ставкалары және оларды қолдану тәртібі.

Тапсыру уақыты: 6-апта
7. Тақырып. Акциздер

1. Акциздер мәні мен экономикалық табиғаты. Акциздер функциялары.

2. Акциздердің даму эволюциясы. Акцизделетін тауарлар тізбесін айқындау ерекшеліктері: мақсаты, критерилері.

3. Салық саясатын жүргізудегі акциздердің рөлі.

Қазақстанның салық жүйесіндегі акциздердің қызмет ету ерекшеліктері. Акцизді төлеушілер. Акциздік тауарлар тізбесі. Акциз ставкалары және оларды қолдану ерекшеліктері.

4. ҚР-да өндірілетін,өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу. Салық базасы. Салық салу объектісі. Жеңілдіктер.

5. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу тіртібі және мерзімі.

Тапсыру уақыты: 7-апта
8. Тақырып. Корпоративтік табыс салыгы

1. Қазақстанда заңды тұлғалардың табысына салық салудың дамуы.

2. Корпоративтік табыс салығының экономикалық мазмұны мен слық жүйесіндегі алатын орны (КТС).

3. корпоративтік табыс салығының құрылу негіздері.

4. Салық салу объектілері және төлеушілер. Салық салу базасын анықтау тәртібі.

5. Жылдық жиынтық табыс: құрамы мен құрылымы. Жылдық жиынтық табысты түзету.

6. Инвестициялық салық преференциялары. Салық преференцияларының салаларға орналастырылуы және экономикалық мазмұны. Преференциялардың объектісі. Преференцияларды қолдану әдістері. Преференция объектілерінің салықтық есепке алу ерекшеліктері.

7. Туынды қаржы құралдары.

8. Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыс. Своп бойынша табыс.

9. Хеджерлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері.



Тапсыру уақыты: 8-апта
9 Тақырып. Жеке табыс салыгы

1. Азаматтардың табысына салық салу жүйесінің эволюциясы және экономикалық мазмұны.

2. Жеке тұлғалардың табысына салық салудың негізгі принциптері. Жеке тұлғалардың табысына слық салудың негізгі принциптері.

3. Жеке табыс салығының құрылу формалары.

Қазақстандағы жеке табыс салығы және оның дамуы.

4. Жеке табыс салығының құрылу негізі.Жеке табыс салығын төлеушілер.

5. ҚР-ның резиденті болып табылатын шет елдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері. Салық салу объектілері

6. . Салық салуға жатпайтын табыстар.



Тапсыру уақыты: 9-апта
10 Тақырып. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

1. Халықаралық салық салудың негізгі принциптері.

2. Резиденттікті айқындау тәртібі. Резидент еместер. Резидент еместердің тұрақты мекемесі.

3. Резидент еместің ҚР-дағы табыстардың түрлері.

4. Салық салынатын табысты айқындау.

ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына корпоративтік табыс салығын салуды есептеу және төлеуді анықтау ерекшеліктері.

5. Таза табысқа салық салу тәртібі. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі. 6. Резидент емес жеке тұлғалардың төлем көзінен табыс салығын есептеу , ұстау және аудару тәртібі.

Тапсыру уақыты: 10-апта




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет