ПОӘК042-18-18 45/01-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет6/8
Дата30.04.2017
өлшемі1,46 Mb.
#15229
1   2   3   4   5   6   7   8

тақырып.  Критерий

Теориялық  бөлім.  Критерий  - мақсат. Критерий – құндылық.  Критерйгесипаттама:  қол  жеткізу  мүмкіндігі,  нақтылық,  сәйкестілік.

Практикалық бөлім.  Қарарға арнап   критерий  шығару  мен  оған  сараптама  жасау.  Критерйді негіздеу.  Критерйдің  қарар  және  аргументтермен  байланысы. 



4  тақырып.  Дефинициялар (анықтамалар) – негізгі ұғымдарды анықтау. 

Теориялық  бөлім.

Пікір – сайыс  шеңберін  белгілеп  алу  үшін  қарардағы  нешізгі  ұғымдарды  анықтау.  Анықтамалар  қажетті  шектеулер.  Анықтамалар  қарарды зерттеу бағытын  анықтау  құралы.

Практикалық  бөлім.

Энциклопедиялық  сөздіктермен  жұмыс  істеу. Анықтамаларды  сараптау.  

5 тақырып.  Аргументтер ( 4 сағат).

Теориялық  бөлім.

Ақыл  шабуылы  аргумент  құрастыру  бағытындағы  алғашқы  қадам.  Ақыл шабуылының  тәртібі. Аргумент  құрастыру.  Аргумент құрылысы.  Аргументті  қолдау.  Аргументті  негіздеу  түрлері.  Жалпылау.  Ұқсастық.  Себеп –салдар  қатынасы.  Беделге   сүйену.  Критерий  мен   аргумент  арасындағы  байланыс.  Пікір –сайыс  парағы.  Практикалық  бөлім.  Аргумент  құрастыру. 

6 тақырып.  Дәлелдер

Теориялық  бөлім. 

Зерттеу  мен  дәлелдер.  Мәлімет  жинау.  Мамандармен  сұхбат.  Компьютерлік  зерттеулер.  Дәлелдердің  түрлері:  куәлік (куәләндіру),  фактілер,  статистикалық   мәліметтер,  шолулар  мен  мысалдар.  Үзінді  келтіру ережесі.  Мәлімет  алынған  қайнар  көздің  беделдігі  мен  объективтілігі.

Практикалық  бөлім.

Мәлімет  алынатын  мәтінмен  жұмыс  істеу. Дәлелдер   парағын  дайындау.  

7 тақырып.  Жақтау  кейсі

Теориялық  бөлім.

Жақтау  кейсінің   құрылымы.  Кіріспе. Аргументтер  тізбегі. ауысу.  Қорытынды.  Жақтау  кейсінің   үлгісі.

Практикалық  бөлім.

Жақтау  кейсін  құрастыру. 

8 тақырып.  Даттау  кейсі

Теориялық  бөлім.

Даттау  кейсінің  құрылымы.  Терістеу  уақыты.  Терістеудің  3  деңгейі:  қарарды  интерпретациялау,  критерйді  терістеу,  аргументтер  тізбегін  терістеу.  Терістеу  стратегиялары.  Контраргументтер  ұсыну. Терістеуді  терістеу.  Даттау  кейсінің  үлгісі.

Практикалық  бөлім.

Даттау  кейсін  құрастыру.  

9 тақырып. Спикерлердің  міндеттері 

Теориялық бөлім.

Спикерлердің  рольдері. Сөз  түрлері (конструктивті,  дамытушы,  қорытындылаушы). Спикерлерді  бағалау  критерйлері.  Кемшіліктер  мен  қателіктер.Стиль  мен  ұсынылуы.  Көз  бе  көз  байланыс.  Дауысты  қадағалау (ырғақ, үзіліс,  дауыстылық). Қимыл қозғалыс. Өзін -өзі  ұстау. 


    1. тақырып.  Қарсы сұрақ – жауап

    2. Теориялық  бөлім.

Қарсы  сұрақ – жауаптардың  мақсаты.  нәтижелі  сұрақ  қою  әдістері.  Ашық  және  жабық сұрақтар.  Қарсы  сұрақ – жауап  кезіндегі  спикерлердің  өзін -өзі  ұстауы.  Практикалық  бөлім.

Сұрақтардың тізбегін  құрастыру.  



      1. тақырып. Төрешілік  Теориялық  бөлім.

Төрешінің  міндеттері.  Шешім шығару. Ойыннан  кейінгі  төрешінің  сараптамасы.  Топтарды  бағалау  тәртібі. Спикерлерді  бағалау  тәртібі. Жақсы  төрешінің  сипаттамасы. 

Практикалық  бөлім.

Төреші  парағын  толтыру.  Пікір – сайыс  парағын ( картасын)  жүргізу.  

Пікір – сайыс  бәсекелері

Теориялық  бөлім. Бәсекелердің  ұйымдастырылуы.  Пікір- сайыс  бәсекелерін   өткізудің  ережелері  мен  кеңестер. Карл  Поппердің  пікір – сайыс  үлгісінің  негізінде жасалған.  Пікір – сайыс бағдарламасы. Пікір – сайыс  клубтары.  

       Карл  Поппердің «Пікір - сайыс»  әдістемесіне  түсініктеме.

Пікір сайыстарға қажетті  негізгі  элементтер:


    • Қарар (пікір – сайыс  тақырыбы)

    • Жақтау жағы

    • Даттау  жағы

    • Критерий  мен  аргументтер ( мақсат  пен  дәйектер)

    • Дәлелдер

    • Қарсы  сұрақ – жауаптар

    • Шешім.

Пікір – сайыстың  негізгі мақсаты - өзіңіз  ұстанып отырған бағыттың, келтірген дәйектеріңіздің қарсыласыңыздікінен артық ( дұрыс)  екенін  дәлелдеп  шығу. Пікір сайыстардың шарты бойынша екі қарсы топ берілген  қарар бойынша бір –біріне  кереғар  бағыттар  ұстанып,  төрешілерді  өз  бағыттарының  дұрыс  екеніне  көндіруі тиіс.  Жақтау тобының ( спикерлері)  ойыншылары  өз  бағыттарын  қорғап  шығу  үшін  өз  кейстерін  ұсынады,  онда  өз  қарарлары,  дефинциялары – негізгі  ұғымдардың  анықтамалары,  критерий,  аргумент  және  дәлелдерін   ұсынады.

 Әр  топ үш  ойыншыдан тұрады.  Әрқайсысының  ойында  өз орны  бар және  міндеттері  нақты белгіленген.  Олар өз кейстерін ( жақтау  және  даттау)  дайындау үшін  ойынға  дейін  де  бірлесіп жұмыс  істейді,  сонымен  бірге  пікір - сайыс  барысында  да  ойыншылар  тығыз  байланыста  болып,  бірлесіп  жұмыс істейді.   Пікір –сайысты  жақтау  тобының бірінші спикері бастайды.  Оның  6  минут уақыты  бар. Сөзін  төрешілерді, қарсыластарын,  көрермендер  мен  өз  тобымен  амандасудан  бастап,  өз кейсіне  көшеді. Ең  алдымен  қарарымен  келіседі ( мысалы: «Жастардың  сайлауға  қатыспауы  ақталмайды»),  содан  кейін  қарардағы  негізгі  ұғымдарды  анықтайды – «сайлау», «ақталмайды»,  «жастар».

Негізгі ұғымдарға анықтама  берудің маңызы  өте зор.  Сол арқылы  ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын  немесе  қозғауға  болмайтын мәселелер шеңберін   анықтап алады. Анықтама  берген  кезде  ойыншылар  анықтаманың  қайнар  көзін (  алынған  жерін),  тіпті  бетін  көрсетуі  тиіс.

 Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші  топтарға жеребе  тартқызып,  олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан  кейін топтар  дайындыққа 15 минут уақыт алады.  Бұның сыртында  әр  топтың  ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға  дайындалу үшін  8  минут уақыттары бар,  бұл кақытты пайдалану,  бөлу  мәселелері  топтың  өз  еншісінде. Әр ойынды  уақытты қадағалап отыратын  уақыт  төрешісі  болуы  тиіс.   

Қарардың  негізгі ұғымдары  анықталғаннан кейін,  бірінші спикер  жақтау  тобының критерйін енгізеді. Критерийді  әр  топтың  өз қарарын,  өз бағытын қорғаудағы  негізгі мәні, сол қарарды   қолдаудағы  мүдделері  ретінде  қарастыруға  болады. Критерийін  жариялағаннан  кейін,  бірінші  спикер  алғашқы.     
3.Практикалық сабақтың құрылымы

Тақырып 1 Кіріспе.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тарихты оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым мен гуманитарлық білім жүйесіндегі орны.

2ТОӘ- педагогикалық пән.

Ұсынылатын әдебиет

1.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе

М, 1999 г.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж.

3. Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории

в средней школе


Тақырып 2. Тарихты оқыту әдістемесі курсының қызметі

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тарихты оқыту әдістемесінің әлеуметтік қызметі.

2. Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен ролі

Ұсынылатын әдебиет

1.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе

М, 1999 г.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж.

3.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе М, 1998
Тақырып 3 Тарихты оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму кезеңдері

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Оқыту әдістемесінің теориялық-методологиялық кезеңдеоі.

2.Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасуы мен дамуы.
Ұсынылатын әдебиет

1. Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе М, 1999 г.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж.

3.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе
Тақырып 4. Қазіргі кезеңдегі тарихи білім

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.ХХғ. Басындағы тарихты оқыту әдістемесі.

2.Қазіргі кезеңдегі тарихи білім беру.

Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.
Тақырып 5. Тарихи білімнің құрылымы.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Оқулық- маңызды білім көзі және оқу қралы.

2.Тарих бойынша оқулық кешені.

Ұсынылатын әдебиет

1.Актуальные вопросы методики обучения истории в средней школе

М, 1999 г.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999ж.

3.Гора П.В. Повышение эффективности обучения истории в средней школе
Тақырып 6. Тарихты оқытудағы әдістер

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдер. Әдістерді топтастыру.

2.Тарихи материалдың құрылымы

Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.



Тақырып 7 . Тарихи материалдың құрылымы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Оқытудғы көрнекілік түрлері.

2.Шартты-графикалық (кескіндемелік) көрнекіліктер.
Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.



Тақырып 8. Тарихты оқытудағы өзекті мәселелер

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Сабақта оны қолданудың жолдары.

2.Тарихи құжаттар мен тарихи деректерді оқып үйрену.

3.Тарихи хронология Оқыту мен есте сақтаудың жолдары. Тарихты оқытудағы көркем әдебиеттермен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. .



Ұсынылатын әдебиет

1. Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах

М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.



Тақырып 9. Тарихты оқытудағы көрнекіліктер

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тарих сабағы және оны дайындау мен өткізу.

2.Сабақ типтері. Аралас сабақ оның бөлімдері.

3.Білімді тексеру, есепке алу.



Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.


Тақырып 10. Тарих сабағындағы тарихи құжаттар мен дерек көздері.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары.

2. Семинар сабағы мен мектеп дәрісі.

3.Баяндамалар мен рефераттар.



Ұсынылатын әдебиет

1. Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах

М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.


Тақырып 11. Тарих сабағы

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тірек конспектілері.

2. Сабақта конспектімен жұмыс жасау әдістемесі.

3.Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі



Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.


Тақырып 12. Жоғарғы сыныптағы оқу сабақтары

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Тарих пәні бойынша сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыс түрлері мен оны ұйымдастырудың әдістері.

2.Сабақты өткізудің түріне сипаттама

Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.


Тақырып 13. Тарихты оқытудағы жаңашылдық

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1.Жылдық жоспар құрылымы.

2.Оның ерекшелігі мен маңыздылығы.

3.Студент ерекшелігі ескерілген жылдық жоспарлар.



Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г.


Тақырып 14. Жылдық жоспар

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1.Жылдық жоспар құрылымы.

2.Оның ерекшелігі мен маңыздылығы.

3.Студент ерекшелігі ескерілген жылдық жоспарлар.



Ұсынылатын әдебиет

1.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

2..Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

3..Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г


Тақырып 15. Тарих бойынша сыныптан тыс жұмыстар

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1.Брейнг-ринг және диспуты ұйымдастырудың тәсілдері

2.Сыныптан тыс жұмыс түрлері

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.Тұрлығұлов Қазақстан тарихын оқытудың теориясымен әдістемесі А, 2002

2.Лейбенгруб П.С. О повторении на уроках истори в ҮІІ-Х классах М,1998 г.

3.Биберина А.В. Тестовые задания для проверкт знаний учащихся по истории древнего мира М, 1996 г.

4.Будаева О.Д. Документ на уроке истории Тверь, 1996 г


4. Студенттердің өздік жұмысы

4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.


4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары Кесте -1


р/с

Негізгі тақырыптар

Сағ.

Тапсырма түрі

1

Әдебиеттерге аннотация

4

әдебиеттерге шолу

2

ТОӘ пәні : қыметі мен әдістері

4

коллеквиум

3

Тарихты оқыту әдістеміс пәнінің қалыптасу кезеңдері

4

конспектілеу

4

Тарихи білім берудің маңыздылығы

4

хабарлама

5

Тарихи білімнің құрылымы

4

конспектілеу

6

Тарих сабағындағы әдістер түрлері

4

Баспа материалдарымен танысу

7

Тарихты оқытудағы дерек көздері

4

конспектілеу

8

Тарих сабағы оның жоспары

4

Жоспар үлгілерін жасау

9

Тарих сабағындағы көрнекіліктер

4

көрнекіліктер жасау

10

Тарихи құжаттар және тарихи әдебиеттер

4

Озық тәжірибелерді оқып танысу

11

Тарих сабағы: сабақ түрлері

4

Сабақ түрлерінің үлгісін жасау

12

Жоғарғы сыныптағы тарихи сабақтарының түрлері

4

Сабақ түрлерінің жоспарларын жасау

13

Тарихты оқытудағы жаңашылдық

4

Конспектілеу

14

Жаңашыл әдістер

4

Үлгілермен танысу

15

Тарих бойынша сыныптан тыс жұмыстар

4

Сабақ үлгілерін жасау




Барлығы:

60







    1. Аралық аттестацияға (емтихан) дайындық сұрақтары




  • Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша тест тапсырмалары 05020 «Тарих» мамандығы

$$$ 1 «Әдістемесі» сөзінің мағынасы

A) оқыту процесі

B) педагогикалық құбылыс

C) таным тәсілі,зерттеу жолы

D) оқытудың мазмұны

E) айтылғандар дұрыс

$$$ 2 Тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі негізгі пәні:

A) білім беру мазмұны

B) адамзат қоғамының тарихы

C) тарихты оқыту міндеттері

D) оқушылардың жас ерекшеліктерін анықтау

E) тарихты оқыту процестері

$$$ 3 Мұғалімнің негізгі қызметі дайын білімді беру, ал оқушының оны қабылдау, ой елегінен өткізу, есте сақтауы және дайын білімді қолдана білуге бағытталған оқу процесі,ол...

A) үйрету

B) оқыту және оқу

C) тәрбиелеу

D) дамыту

E) барлық жауабы дұрыс

$$$ 4 Мұғалімнің және оқушының іс-әрекетінің тығыз байланысына негізделген оқу процесі, ол...

A) үйрету

B) тәрбиелеу

C) оқыту


D) дамыту

E) барлық жауабы дұрыс

$$$ 5 Білімнің, тәрбиенің және дамытудың межелік нәтижесі:

A) білім беру мазмұны

B) білім берудің нәтижесі

C) білім берудің мақсаты

D) білім берудің факторлары

E) дұрыс жауабы жоқ

$$$ 6 Оқу процесін неғұрлым тиімді әдістермен жүзеге асыруды анықтай отырып, әдістеме қандай сұраққа жауап береді

A) нені оқытамын?

B) не үшін оқыту керек?

C) қалай оқыту керек?

D) нені оқыту керек?

E) барлық жауап дұрыс

$$$ 7 Тарихты оқытуда қандай мақсаттар қою керектігін анықтай отырып, әдістеме қандай сұраққа жауап береді?

A) неге оқыту керек?

B) не үшін оқыту керек?

C) қалай оқыту керек?

D) нені оқыту керек?

E) барлық жауап дұрыс

$$$ 8 Тарихты оқытудың тиімді мазмұны мен құрылымын анықтай отырып, әдістеме қай сұраққа жауап береді?

A) нені оқыту?

B) не үшін оқыту?

C) қалай оқыту?

D) неге оқыту?

E) айтылғандардың бәріне

$$$ 9 Оқыту процесінің негізгі факторларынан артылған алып таста:

A) білімнің мазмұны

B) білімнің мақсаты

C) білімнің категориялары

D) білімнің нәтижелері

E) оқытуды ұйымдастыру

$$$ 10 Оқыту мазмұны-бұл:

A) білім,тәрбие және дамыту дәрежесі

B) жұмыстың әдіс,амалдары

C) әдіс және әдістемелік амалдар

D) оқушылардың білімі,іскерлігіжәне дағдысының жүйесі

E) іс-әрекет жолдары туралы білім

$$$ 11Әдістемелік зерттеудіңнегізгі екі әдісін таңдап алыңыз:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет