Поэзия тіліндегі троптар



Дата11.05.2022
өлшемі33,62 Kb.
#142451
Байланысты:
адеппппп

ПОЭЗИЯ ТІЛІНДЕГІ ТРОПТАР


Жадырасын Дəулет Жақсымағамбетұлы,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, филология мамандығының 1 курс магистранты, Қостанай қ.

Аннотация


Өзектілігі: Бұл мақалада троптың теориялық негізі еуропа,орыс,түркі,қазақ тіл біліміндегі еңбектерде қарастырылатыны айтылады. Троптың түрлерінің поэзияда кездесуі лингвистикалық тұрғыдан сөз болады.
Мақсаты: көркем шығармалардағы троп түрлерін жарқын мысалдармен дəлелдеу.
Түйінді сөздер: поэзия, троп, кейіптеу.

Аннотация


Актуальность: В данной статье говорится, что теоретическая основа тропа в языке поэзии рассматривается в трудах европейских, русских, тюркских, казахских языков. С лингвистической точки зрения встречается разновидности тропа в поэзии.
Цель: Доказать яркими примерами типы тропов в художственных произведениях.
Ключевые слова: поэзия, троп, олицетворение.

Аbstract


Relevance:In the following article it is said that theoretical basis of trope in a language is studied in european, russian, turkic and kazakh languages. From linguistic point there are different kinds of tropes.
Goal:To prove the types of tropes in artistic works with vivid examples. Keywords: poetry, trope, display.
Жоғары оқу орындарында көбіне əдебиет теориясына пайдаланып жүрген Г.Л.Абрамович, Л.И.Тимофеев, Г.Н.Поспелов, З.Қабдолов, Т.Кəкішевтің еңбектері. Алдыңғы үш автор əдебиет теориясының алғы шарттары, стильдерді, ағымдар мен жалпы əдеби процесті талдап-тексерудің принциптері мен методикасын қарастырады. С.Антонов Л.Тимофеевтің еңбектерінде жазылған əдеби терминдердің қысқаша сөздігінде байланыс-/завязка/, шарықтау-/кульминация/,шешім-/развязка/ деген түсініктерді сынға алған. М.Əуезовтің əйгілі «Абай жолы» эпопеясы-ХХ ғасырдағы Қазақ көркем сөзінің Абайдан кейінгі даму тарихында қиындықтарға қарамай өсіп, өркендей келе шырқап шыңға шыққан шығарма. Көркемдік-кемеңгерлік келбеті күллі парасат əлемін таң қалдырған. Бұл ғасырлық туынды мəңгілік кітап жазушылық шеберліктің кешегі, бүгінгі жəне ертеңгі ең биік деңгейін белгілеп берді. Ренессанс деген осы. Əдебиеттің теориясын оның практикасымен байланыстыру –қиынның қиыны. Дегенмен əдебиет теориясын көркем əдебиеттің қазіргі практикалық жағдайынан айыра қарамауымыз шарт. Кеңес дəуірі өтті, кеңес əдебиеті сонымен бірге кетті,өйткені ол жалған əдебиет еді деп айтуға болмайды. Əр дəуірдің əдебиеті-сол дəуірдің айнасы.Сөз өнерінің өмір шындығын, келер ұрпаққа шегелеп қалдыратын құдіретті күші де осы арада жатыр. ХХІ ғасырдың əдеби дамудағы үлкен мақсаты-қазақ əдебиетшілерінің алдында тұрған қарыз бен парыз-осы. Бұл аз уақытта атқарыла қалатын шаруа емес. Бұл үшін қаламгердің іштей-сырттай біршама творчестволық түлеуі қажет. Əдебиетшінің дүниетанымында, шындыққа көзқарасында əртүрлі жаңғырулар, жаңарулар болуы қажет. Жазушылар творчестволық еркіндікке шықты дедік, тоталитарлық тəртіптің тұсауынан босанды дедік. Бірақ,өзіне қоятын биік талап пен терең талғам тəртібінен, жазылмаған заңынан ешқашан босана алмайды...
Ж.Марузоның «Лингвистикалық терминдердің сөздігінде» текстің идеялық-эстетикалық жəне көркемдік байлығын арттыратын мағыналық экспрессивтілігін, əсерлілігін күшейтетін троптың түрлеріне тоқталған. (1, 208) Көркем шығарма адамға өмірді танытады,адамды тəрбиелейді. Ал троп түрлері көркем шығармалардағы мағынаны əсерлеп, құбылтып адамның жадында қалуына өз ықпалын тигізеді.Адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына,тұрмыс-тіршілігіне əсер етеді. Гетенің «Теория сұрғылттау, ал өмірдің мəңгі-бақи гүл атқан өз терегінің түрі жап-жасыл» деген қанатты сөзін еске алмасқа болмайды. Глеб Успенскийдің «Тез» деген əңгімесіне тоқталайық. Шын мағынасындағы өнер адамның көкірегіне күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, адамның мінез-құлқындағы, ұғым-нанымындағы қисаю, қайысу, майысу атаулыны тура тезге салғандай түзеп,тіктеп жіберер магиялық қасиеті терең, сұлу суреттелген. Ауыр тұрмыс еңсесін езіп, тағдыры бір уыс болған Тяпушкин деген мұғалім өзінің бай қожайындарымен бірге Парижге сапар шегіп барады. Басы мең-зең шаршаған мұғалім өздері жатқан мейманханадан шығып, сенделіп жүріп, ойда-жоқта Луврға кіріп, əлемге əйгілі Милос Венерасының алдында қалай қалшиып тұрғанын өзі аңғармай қалады. Осы статуяны көрген сəттен өзінің үлкен қуанышқа кез болғанын білді. Осынау тас жұмбаққа көз алмай қарап тұрып,өзінің осы халге қалай түскенін іздеумен болды. Бұл тас мүсіннің адам жанын құлпырту құпиясын түсіндірер сөз адам тілінде жоқ шығар. Бұл «құпия» деп отырғаны адамның өнер туындысынан алар эстетикалық əсері. Тяпушкин ғаламат сұлу сезімге бөленді, жаңалық ашты, дүние таныды, сол арқылы өзінің адамдық болмысын тəрбиеледі. Тяпушкин«тас құпиядан» жер үстінде адам болу қандай бақыт екенін ұқты,еңсесін көтеріп, көңіл-күйін көлдей шалқытып шыға келді. Өмір – өнерге көшкенде ғана өмір. Əйтпесе, бүгін бар,ертең жоқ уақытша пенде секілді өткінші. Ал өнер мəңгілік. Шын өнер мен адам арасындағы қарым-қатынас осындай.
Дəл осы шын өнер мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты троптар арқылы поэзиядан қарастыру-мақала тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Мақаланың негізгі мақсаты – поэзиядағы құбылған сөз əсерлілік үстіне адам баласының танымын байытатынын көркем шығармалардағымысалдармен дəлелдеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер атқарылды:

  • Тілді ажарлау аз, құбылту керек;

  • Поэзиядағы троптар яғни құбылту түрлеріне бірнеше мысалдар келтіру;

  • Бұл жөнінде Европаның бірнеше ғалымдарының пікірлеріне тоқталу;

  • Қазақ тіл білімінің сөз құбылтуында, яғни троп түрлері жөнінде əртүрлі пікірлер бар екеніне тоқталу;

Əдеби тілдің əсемдігі ғана емес, əсерлілігі үшін де орасан қажет тəсіл – құбылту, яки троп (грекше tгороs – иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту, осының бəрі ақындардың өлеңдерінен мысалдармен дəлелденді. Бұл ретте əдеби тілді ажарлау оны құбылтудың алғашқы кезеңі – ең қарапайым түрі деуге болар еді [1, 95]. Поэзиядағы троптар, яғни, құбылту түрлеріне бірнеше мысалдар келтірілді. Бұл жөнінде Европаның бірнеше ғалымдарының пікірлеріне тоқталсақ, Г.Н. Поспелов троп түрлеріне«метонимия, синекдоха, метафора, теңеу, эпитет, ирония, символ, аллегория, перифраз, кейіптеулерді» жатқызады. Л.И.Тимофеев «теңеу, эпитет, метонимия, метафора, гипербола, литота, аллегория, оксюморон, прозопопея, антономасия, синекдоха, иронияларды» жатқызады, Л.В.Чернец «метафора, метонимия, эпитет, теңеу, синекдоха, перифраз, символ, аллегория, ирония, кейіптеу, оксюморондарды» жатқызады, ал Х.Н.Садыков «теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу, синекдоха, гипербола, литота, аллегорияларды» жатқызған [2, 63].
Ал қазақ тіл білімінің сөз құбылтуын зерттеген Қ.Жұмалиев, Р.Сыздықова, З.Қабдолов, З.Ахметов, С. Негимов т.б. көптеген ғалымдарымыздың еңбектерінде де троп түрлері жөнінде əртүрлі пікірлер бар екенін айтады.
Задында, суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Сондықтан жоғарыда аталған жəне басқа ғалымдардың пікірлерін жоққа шығарудан аулақпыз. Құбылған сөз əсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ; бір сөз бір-ақ нəрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. Демек, троптың ең басты мəні таным тарапында жатыр. Өмірде мақсатсыз ешбір əрекет жоқ. Мұны білген жағдайда ажарлау секілді құбылту да суреткердің идеялық мақсатына, эстетикалық мұратына қызмет ететін тəсіл екенін тəптіштеп жату артық.Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Əдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки м е т а ф о р а (грекше меtарһога – көшіру) – сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту.
Қыр төсінде мөлдір айдын – ақ сынап,
Жиегінде жасыл кірпік -жас құрақ.(Ə. Сəрсенбаев.) Əйнегі – күн, шатыры – аспан, Кең дала… Төсі – толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан – Республикам менің!(Д. Əбілев.)
Бұл мысалдардағы ауыстырулар (ақ сынап, жасыл кірпік) қырдағы айдын көл мен бала құраққа айрықша сұлу сымбат бітірген. Келесі мысалдағы метафоралар ап-ашық əсірелеумен ұштастырылып, жер мен көктен, күн мен көлден тұтасқан асыңқы бейне жасаған да, ақынның туған республикаға деген махаббаттына, мақтаныш сезіміне өзгеше ажар берген.Жоғарыда біз бір сөздің ретінде ауыстырудың ұлғайған, күрделі түрі болатынын атап өткенбіз. Күрделі метафора жасаудағы мақсат та – сөзді құбылту арқылы ұғымды тереңдету; ой образын үстемелей, өсіре келе оның əсерін күшейту.
Хан-қабан халық құлағын бұрап тұрған.
Бүйі-би билеп-төстеп сұрап тұрған. (І.Ж.14б.)
Атау тұлғасындағы зат есімдерден/хан-қабан,би-бүйі/метафоралары жасалған. Халықты қанаушы үстем тап өкілдері хан мен билерге бұқаралық көзқарас тұрғысынан қарап, хан-қабан, би-бүйі метафораларын қолдану арқылы, елді озық мəдениетті, жоғары дамыған тəуелсіз мемлекет деңгейіне көтерудің орнына, қолдағы билікті байыған сайын байи түсуге пайдаланып жүрген атқа мінгендердің образын дəл жасаған.
1964 жылдың жазында Алматының, күншығысындағы тау үстінде көз жасындай мөлдіреп жататын атақты сұлу-Есік көлі қас пен көздің арасында жоқ болды. Осы оқиғаға Қ.Шаңғытбаев мынадай əдемі өлең жазды:
Күйдірген хан мен қазыңды, Жоғалды алтын балдағым, Күндеген талай патшалар, Салып ем көзін лағылдан, Ұрлаттым гауһар тəжімді! Қапа боп жанды қармадым!
Қай жақтан табам, бəтшағар? Қақты екен қандай қағынған? Күл-талқан болды шар айнам “Есік” деп жазған бар
Інжуден еді жиегі, таңбам, –
Сұқтанған еді-ау талай жан! Көрдіңдер қайсы ой-қырдан?
Өзегім от боп күйеді. Пері боп ұшты ғашығым,
Дертіне дəт қып төзбедім,
Арылдым алтын алқамнан Есігім- есіл асылым,
Жақұтпен үзіп, ойдырған. Түскендей ағып көздерім..(Қ. Шаңғытбаев.)
Осы өлеңдегі оқыған адамның жан-жүрегін жұлқып-жұлқып қалатын күш пен əсер, ақын сəтті іздеп тапқан сұлу метафораларда жатыр. Əр шумақ Есіктің өзі емес, əр түрлі балауын баптайды да жоқтайды: патшалар кие алмаған гауһар тəж бен лағыл көз алтын балдақтан, жиегі інжу шар айна мен жақұттан үзіп ойдырған алтын алқадан айырлу, шынында да, адамның іші күйгендей оқиға. Осының бəрін ақын сіздің ойыңызға ұлғайған метафоралар арқылы ұялата келіп, ең соңында «Есігім- есіл асылым, түскендей ағып көздерім», – деп зар илегенде сіз де амалсыз аһ ұра жаздайсыз…
Енді мына шығармаға тоқталайық: Мəселен, Горькийдің атақты «Дауылпаз туралы жырында» кəдімгі жай ғана жаратылыс құбылыстарына тура тірі кісінің мінезі, кылығы, əрекеті беріле – жансыз табиғат жандандырыла суреттеледі: қанатымен толқынды жанап, енді бірде оқтай зымырап бұлтқа еніп, саңқ-саңқ еткен Дауылпаздың қимылы ештеңе емес-ау, тіпті «құс даусынан бұлттар шаттық үнін еститінін… бұлттар төмен сусып, теңізге қонақтайтынын, əн салатынын» қайтерсің? Ал мынаған тоқталсақ: «Əуе дауылы толқындар тобын балуан құшағына қысып алып, айбарлы ашумен жартасқа лақтырады, тау тұлғалы асқар толқындарды шаңдай шашып, тозаңдай тоздырады». Қысқасы, бұл шығармада жансыз табиғат құбылысы кəдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелген. Құбылтудың (троптың) мұндай түрі-к е й і п т е у (грекше ргоsорорёiа, орысша олицетворение). Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу тəсілі – түп-түгел кейіптеу: асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы – бəрі де өзен емес, адам мінезіне ұқсайды. Енді бірде Терек Каспиге келіп: -Аптығып асау інің келді, ақсақал, Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал. Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,
Сəлем-сауқат əкелдім, қош көріп ал, – деп айна-қатесіз адамша саудырап сөйлеп тұрса, қартаң Қаспий, қалғыған қалпы, анау əкелген «бұғы мен маралға, адамнан тартып алған көп малға, ер-тоқымы, атымен, қаруымен тұтқындап əкелген ер шеркеске»…– біріне риза болмай ма, кім білсін», өзін де ашпайды, тіл де қатпайды. Амалы құрыған Терек ақырында: Азырқандың, білемін, ақсақал шал, Тентегіңнің сөзіне құлағың, сал. Қазақ-орыс қатыны бір сұлуды
Əкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал! – деп бағанадан бері қимай тұрған аяулы асылын ұсынғанда ғана:
Кəрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты…
Каспидің, Абайша айтқанда, «жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күлген» шайтан шалдың одан арғы қылығы мен қимылы да – аумаған адамның мінезі мен əрекеті-керемет кейіптеу.
Кейіптеу-қазіргі əдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан əдемі тəсіл:
Балқытып гүлді деміне, Қызғаншақ кыс келді де, Сүйді жаз əбден беріле: Сілтеді суық қанжарын.
Əкетпек еді ұзатып, Жас жігіт қыршын өлді де,
Өзінің. жылы жеріне…, Қалдырып кетті жан жарын.(Ə. Тəжібаев.)
Жолшы қазақ -сол қазақ Жұлқылайды етектен Кете берді тепеңдеп, Құлағына сарнайды;
Сол қазақты жел мазақ.Кейде алдынан жетектеп,
Ете берсем екен деп; Кейде артынан қалмайды. (X. Ергалиев.)
Алдыңғы шумақта Ə.Тəжібаев əдеттегі қыс пен жазға əдеттен тыс мінез бен əрекет беріп, жансызға жан сала суреттеу арқылы ойды биік философияға көтеріп əкеткен болса, кейінгі шумақта Х.Ерғалиев Бетпақтың беймаза желін құдды тірі кісідей құбылтып, оған қызық-қызық қылықтар жасату арқылы өзі суреттеп отырған шындыққа тағы бір тың шырай береді.
Кейіптеу-ертегілер мен аңыз əңгімелерде жиі қолданылатын тəсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылту, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше аlIеgогіа – пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда əшейін ұғым қалпында тұрған дерексіз нəрселер кəдімгідей көзге көрінер деректі нəрсеге ауыстырылады [3,75]. Айталық, қулық, зорлық, қастық, секілді жалпылама ұғымдарды дəл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Осыларды С.Дөнентаев өзінің «Ауырған арыстан» деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай деректі нəрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң, атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, əрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу Түлкі аяқ астынан айла тауып, Арыстан секілді өзінің де «ауырып» қалғанын, одан əйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, əрең «жазылғанын» айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық – Түлкі, зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген.
Əдебиет тарихына қарап отырсақ, пернелеу арқылы дерексіздік деректілікке көшіріліп қана қоймаған, қызық аллегориялық образдар жасалғанын көреміз. Мысалы, Данте жазған əйгілі «Тəңірінің тəлкегінде» арыстан, тағы мысық, қаншық қасқыр тəрізді аңдар арқылы адамға тəн əр түрлі құштарлықтар пернеленіп қана қоймайды, кəдімгі көркем образдар жасалады. Қазақтың ауыз əдебиетіндегі өтірік өлеңдерде бейнеленетін тұлғалар түгелімен – аллегориялық образдар.
Осымен байланысты көріктеу құралдарын қолдана отырып, дəстүрлік тілдік норманы сақтаудың, əсіресе тілдің лексика-грамматикалық кұрылымы мен жүйесін дұрыс қолдануға да айрықша мəн беріледі. Бұл ретте тілдік бірліктердің мағынасы мен қызметін, өзара байланысын жан-жақты талдап, тереңірек барлай түсу, ерекше белгілерін дəл көрсетіп айқындап беру, көріктеу құралдарын орнымен қолдану, авторлардың алдында тұрған аса келелі міндеттердің бірі болып табылады.
Аталмыш салада арнаулы зерттеулер жүргізілгенімен, бұл мəселе түбегейлі шешілді, оған қатысты мəселелер түгелдей айтылып, жазылып болды деуден аулақпыз. Бұл салада əлі де болса арнайы қаралатын мəселелер жеткілікті. Солардың бірі – көріктеу құралдарын орнымен қолдану.
Поэзия тіліндегі арнайы сөз болған осы мəселенің, яғни көріктеу құралдарының барлық сөз табынан қалай жасалатындығы жəне олардың өзара тіркесу қабілеті, табиғи жолдары, кезеңдерін рет-ретімен дəлелдеуге тырыстық.
Қазақ əдеби тілін,поэзия тілін қалыптастырушы сөз зергерлерінде бұрыннан бар жəне тілдік қарым-қатынаста кəдеге жарап, айтылар ойдың мəн-мағынасын тартымды түсіндіруде орны бар осы тақырыпты дəлелдейтін кейбір мағыналы-мəнді өлең жолдары мысалға алынып, талданды. Сондықтан көркем əдебиет тілін,поэзия тілінкөріктендіруде, сапасын көтеруде, троптар, яғни көріктеу құралдары арқылы жасалған сөз байланыстарының тіл білімінде орны бар мəселе екенін дəлелдеуге тырыстық.
Тіл мен қоғам арасындағы байланыс та авторлар тілінен көрініс табатынын ескерген жөн /5-78/.
Мақаламызды қорытындылай келе,осы үзінділердегі құбылтулар авторлар тіліне де, кейіпкерлер сөзіне де əжептəуір нəр беріп, ойнақы өң бітіріп, кəдімгідей құбылтып əкеткенін байқаймыз. Ығысын тауып, ыңғайымен қолданған жағдайда құбылтудың басқа түрлері де əдеби тілді осындай əп-əсем ажарлауы даусыз. Троп туралы ілімнің поэзия ішінде қалыптасу ерекшелігін айқындау, даму бағыттарын саралау, əлемдік лингвистиканың концептуалды тұжырымдарымен сабақтастығын,өзіндік үлесін талдау қажеттігі сол байланыстың уəжді жалғасы болып табылады.
Ақын-жазушының шеберлігі туралы сөз болғанда, көріктеу құралдары көңіл аудартпай қоймайды. Дəлелдеу үшін өлең өрімдерінен мысалдар келтіріп, оларға жанжақты талдау жасауға тырыстық.
Əдебиеттер тізімі:

  1. Қайыпбаева А. «Поэзия тіліндегі перифраздар» мақала – Қостанай; А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,3i; intellect,idea,innovation-интеллект, идея, инновация 2010 ж., тамыз №3. – 203 б.

  2. Ə. Қайдар «Тіл білімінің өзекті мəселелері», 1998 ж. «Ғылым басапасы». 302 бет.

  3. Мақтым Шəбжантайқызы «Əдебиет теориясы – көркемсөз ғылымының айнасы». Көкшетау, 2002. – 186 б.

  4. Қабдолов З. «Сөз өнері» – Алматы: «Санат», 2002. – 360 б.

  5. Абасилов А. Əлеуметтік лингвистика:оқу құралы/Мəтін/.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет