Актиномицеттер (Actinomycetales, грекше aktis-сәуле, mykes-саңырауқұлақ)- актинобактериялар (Actinobacteria) типіне жататын тармақталған бактериялар. Олар зең саңырауқұлақтары мен бактериялардың қасиеттері үйлескен,аралық орынға ие микроорганизмдер.Мицелийлерінің болуына қарай және тұқым жемісті органдарының құрылымына қарай саңырауқұлақтарға ұқсатады.
Актиномицеттердің маңызы
Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген түрлері антибиотиктер,дәрумендер,ауксиндер және т.б. биологиялық белсенді заттар түзуге қабілетті. Бөлініп алынған жүздеген антибиотиктер ішінде ең маңыздылары стрептомициттермен өндірілген препараттар,оларға стрептомицин(S.griseus), хлоромицетин(S.Venezuelae), ауреомицин және тетрациклин(S.qureofaciens) жатады.