Вирустар-облигатты клетка ішілік паразиттер, көптеген жағдайда адамда,жануарларда, өсімдіктер мен микроорганизмдерде ауру тудырады. Өзінің көлеміне қарай вирустың бөлшектері ең кішкене тірі клеткалар мен химиялық қосылыстардың ірі молекулалары арасынан орын алады. Айырмашылықтары: ДНҚ немесе РНҚ нуклеин қышқылының болуы,өзіндік метаболизмнің жоқтығы. Ерекше қасиеті-олардың зертханада жасалған жасанды күрделі қоректік ортада өспеуі.
Вирустар қалған организмдер секілді орта жағдайына бейімделуге де қабілетті. Олардың осы қасиетін ескере отырып,қазіргі кезде аса тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.
Қорытынды
Жер бетіндегі микроорганизмдердің жалпы салмағы барлық өсімдіктер мен жануарлардың массасынан басым түседі. Тіршілігіміздің тірегі жер анамыздың топырағында микроорганизмдер органикалық заттарды толассыз шірітіп,өсімдіктер шірітіп пайдалана алатын химиялық қосылыстарға айналдырып отырады. Кейбір микроорганизмдер атмосферадан азотты сіңіріп,топырақтың құнарлылығын арттырады.Малдың азық қорыту үрдісі де микроорганизмдердің қатысуынсыз өтпейді.Микроорганизмдердің тіршілік әрекеттерінің арқасында табиғатта зат айналымы іске асып,жануарлар мен өсімдіктердің өміріне қолайлы жағдайлар туындап отырады. Жер қойнауындағы шымтезек,көмір,мұнай сияқты қазба байлықтардың түзілуі де микроорганизмдердің тіршілік әрекеттерімен тікелей байланысты екендігі ғылыми дәлелденген.