Полимерлі материалдар мен бұйымдар полимерлі материалдар (пластмассалар) түралы жалпы мəліметтер Полимерлер



бет9/11
Дата29.04.2023
өлшемі39,18 Kb.
#175701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-дәріс. Полимерли материалдар мен бұйымдар (1)

Мастикалық (құйылымды) еден. Еден кұрау үшін рулонды
жəне тақтайша материалдармен қатар, мастикалық материалдар да
қолданылады. Олар тұтқырлығы əртүрлі негіздерге құю немесе
тозаңдандыру арқылы төселеді. Онан соң қатаятын полимер
құрамдары, мысалы поливинилацетатты, мұндай еден жіксіз,
пайдалануға ыңғайлы эпоксидкаучук композициясынан жасалған
құйылымды едендер, ылғал мен үйкелісте төзімді. Мастикалық
едендер жасау үшін термопластикалық полимерлермен қатар,
термореактивтік гюлимерлер де қолданылуы мүмкін.


Конструкциялық полимерлі материалдар мен құбырлар


Полимербетондар – полимерлі байланыстырғыш жəне
минералды, кəдімгі жəне толтырғыштар негізінде алынатын материал.
Полимер байланыстырғыш ретінде фуранды, эпоксидті полиэфирлі
жəне фенолформальдегидті шайырлар, яғни поликонденсация əдісімен
алынатын полимерлер көп қолданылады. Минералды ұнтақ
толғырғыштарға – майда, бөлшектерінің мөлшері 0,15 мм кем
түйірлер, ал кəдімгі толтырғыштарға – түйірлерінің мөлшері 5 мм-ге
дейінгі құм мен 50 мм дейінгі жарықшақ тастар жатады. Полимер
ерітінділердің құрамында полимер-бетонмен салыстырғанда
жарықшақ тас болмайды, ал мастикаларда – полимерден тек майда
диеперсті ұнтақ толтырғыш қана болады.
Ең жоғарғы физика-механикалық қасиетті полимербетон
эпоксидті шайырлар негізінде алынады. Бірақ, эпоксидті шайырлар
қымбат əрі тапшы болғандықтан, оларды қара маймен
модификациялайды. Осындай құрама байланыстырғышқа соңғының
мөлшері 35-50%. Полимер-бетонның ең көп тараған түрі,
сулфоқышқылдар қосып қатайтылатын шайыр негізінде жасалынады.
Фуранды бетонның қасиеттерін жақсарту үшін оны эпоксидті
шайырлармен модификациялайды.
Полимербетондар əсіресе фуранды бетонға ұнтақ пен кəдімгі
толтырғыштардың химиялық-минералдық көрсеткіштері үлкен əсер
етеді. Фуранды шайыр, соның ішінде ФА мономері қышқыл орталы
болғандықтан, сілтілі таужыныстарын – ізбес тас, доломит, т.б.
дайындалған толтырғыштарды пайдалануға болмайды. Фуранды
полимер-бетондар үшін толтырғыштар ретінде гранитті, лабрадоритті,
либброны, т.б. негізгі минералдары кварц пен дала шпаттары
таужыныстарын қолданған тиімді.
Полимер-бетонның құрамы, ондағы толтырғыштардың ең тығыз
орналасуын қамтамасыз етіп, байланыстырғыштың шығымын
мүмкіншілігінше азайтуы қажет. Бұйымдар жасау үшін əдетте «арық»
1 м3 бетонға полимердің шығыны 100-200 кг, байланыстырғыш пен
толтырғыштардың қатынасы 1:5-1:І2 мөлшерде қоспалар
араластырылып, пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет