Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


-лекция. Практик психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттары



бет36/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
14-лекция.
Практик психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттары


Жоспары:
1. Практикалық психологияның негізгі міндеттері мен бөлімдері.
2. Психопрафилактика және психогигиена.
3. Психодиагностика және психокоррекция
4. Психологиялық кеңес беру және психологиялық коррекция


1. Практикалық психологияның негізгі міндеттері мен бөлімдері
Жаңа жүзжылдықта адаммен байланысты ғылымдар қарқынды дамыды. Жаңа ғасырда басты рөлде психология ғылымы болатынын ғалымдар алдын ала болжады. Яғни, адамның ішкі психикалық әлемі және рухани дамуы туралы ғылым.
Біздің күрделі өміріміз алдымызға кәсіби және жекелік проблемаларды туындатады. Олар шиеленістерден, адамдар қарама-қайшылық туындататын өмірлік ситуациялардан шығу жолын іздестіреді. Оны біздің қалай табатынымыз байқап көру және қателесу әдісі арқылы мүмкін, бірақ, бұл жүйкелік –психикалық шығынмен жүретін қиын жол.
Практикалық психологияның пәні- тұлғаларға психологиялық кеңес беру, психологиялық қолдау көрсету, қиын өмірлік жағдайлардан шешім табуға бағыттау және психологиялық ақиқатты анықтау болып табылады.
Белгілі психологтар Ю.М. Забродин және В.В. Новиков теориялық (ғылыми-зерттеу) және ғылыми-практикалық психологияның ерекшеліктері ең алдымен, пәні және объектісінде деп тұжырымдайды. Ғылыми-практикалық психология шынайы объект- тұлғалық құрылым, функциялық және психикалық қалыптар жүйесін қарастырады.
Практик-психолог жұмысында шынайы объект табиғатын түсіну бір пәндік тұжырымдарға ғана емес, сол адам араласатын ақиқатқа да сүйенеді.
Практик –психологтың басты назарында барлық ерекшеліктермен «жанды» адам тұруы тиіс.


2. Психопрафилактика және психогигиена
Психологиялық мамандықтың көптеген өкілдері психолог практик ретінде жұмыс жасайды. Олар нақты адамдардың психологиялық проблемаларының алдын алу және коррекциялау міндеттерін шешеді.
Практик психолог өз мамандығының ерекшелігі бойынша басқа адамдармен қарым-қатынаста болады («адам-адам»). Бұл «басқалар»: клиент, тапсырыс беруші, пайдаланушы, әріптес болуы мүмкін.
Психологиялық қызмет енді құрыла бастаған кезде (1990 ж.) психологтарды психиатрлық, экстрасеансорлық қабілеттерге ие деген көзқарастар болды.
Практикалық психологияда міндеттерді шешуді үш деңгейін бөледі:
1) ғылыми зерттеушілік- практик психолог іс-әрекетінің әдіснамалық негіздерін құру мақсатында тұлға дамуы мен қалыптасуының заңдылықтарын меңгеру; түрлі әлеуметтік жүйеде психологиялық білімдерді кәсіби пайдалану тәсілдерін, әдістерін және амалдарын құру;
2) қолданбалы міндеттер- мамандар дяарлау және қайта даярлау үшін практикалық психологияның оқу бағдарламаларын, құралдарын және әдістемелік материалдар дайындау; практик психолог қызметін негіздеу;
3) психолог практиктің кәсіби іс-әрекетінің орнына тәуелсіз нақты проблемаларды анықтайтын практикалық міндеттер; арнайы психологиялық орталықтарда және кабинеттерде -*нақты адамдарға психологиялық көмек көрсету формасы.
Психологиялық ықпал етуге сипатты негізгі терминдер:

  • психологиялық көмек- көмекке келген клиентке қатынасты жүзеге асырады. Негізгі функциясы: профилактика, коррекциялық-дамытушы, терапевтік. Клиент туындаған өмірлік қиын ситуацияларды түсінеді, бірақ, шеше алмайды.

  • психологиялық әрекеттесу немесе жәрдемдесу- мұнда клиентке тікелей ықпал етпейді, ол өзін (клиент) жайлы сезінетін жағдайда құру. М: мектеп психологы оқушылармен жұмыс жасағанда психологиялық жәрдемдесіп, ата-ана мен мұғалімдермен жұмыс жасайды. Оларды диагностикалау және кеңес беруді жүзеге асыру;

  • психологиялық қолдау- психологтан жоғары белсенділік пен бастамашылдық қажет етпейді. Бұл жағдайда бар қарым- қатынасты қолдау, керек болған жағдайда көмек көрсету;

  • психологиялық сүйемелдеу- соңғы кездерде пайда болды. Психолог пен клиенттің гуманистік қарым-қатынас нұсқасын ұсынады, клиенттің өзіндік қайта құрылуларына және оның жекелік өсу әлеуетінің мүмкіндігіне сенім. Психологиялық сүйемелдеу барысында ең алдымен, психологта төмендегідей қасиеттер болуы қажет: нақтылық, шыдамдылық, сене білу және қолдау.

Практикалық психологияның негізгі бөлімдері: психологиялық алдын алу, психодиагностика, психологиялық коррекция, психологиялық кеңес беру және психотерапия.
Психологтың профилактикалық іс-әрекетінің негізгі мазмұны үш міндетте түйістіруге болады.
1. Жаңа әлеуметтік жүйеге қосылатын адамдарға адаптациялануға көмектесу. Бұл 1 сынып оқушысы немесе еңбек іс-әрекетін жаңа бастайтын жас мамандар. Мұндай адамдар психологиялық қолдауды қажет етеді. Адаптация кезеңі бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Мүмкін қиындықтардың психопрофилактикалау тұлға жаңа жүйеге қосылам дегенше бастауы қажет (балабақша);
2. Мекемелердегі оқушылар немесе жұмыс жасаушылар қалыпты функциясын жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Бұл кезеңде психолог қызметкерлердің жұмыспен қамтылу оқу бағдарламаларының және жоспарының тексерілуіне қатысады, психологиялық қысымды алу, мекемеде жағымды психологиялық климат құруға мүмкіндік береді.
3. Оқыту немесе кәсіби іс-әрекеттің жаңа деңгейіне өтуге мүшелерді дайындау (жоғ. сын. оқушыларымен психологтың кәсіби бағдар беру жұмыстары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет