4. Психологиялық кеңес беру қызметі
Психологиялық кеңесті дұрыс ұйымдастыру клиентке өзіне және өз өмірлік ситуациясына жаңа көқараспен қарауға, өз әрекетінің шынайы мотивін ұғынуға, тұлғаішілік және тұлғааралық шиеленісті тұтастай көруге, ең бастысы- жаңа жеке тәжірибе алуға, шиеленісті шешу тәсілін меңгеруге және проблемалық ситуацияны жаңуге мүмкіндік береді.
Кеңес беру барысында сенімді атмосфера құру үшін төмендегідей жағдайларды сақтау қажет:
кеңес беру барысында басқа іске көңіл бөлмей, барлық зейінді клиентке аудару қажет (телефонмен сөйлесу, басқа адамның араласуы);
клиентке толық жеткізуге мүмкіндік беру, оның өміріне қызығушылық таныту, шектен тыс білуге құмартпау, жауап алмай, сұрау қажет;
әдептілік таныту, шекара сақтау;
психологтың этикалық кодексін сақтау;
клиентті күнәламау және бағаламау;
ақыл-айту керек емес, өмірлік маңызды шешімді өз бетінше жасау үшін жағдай құру;
достық, табиғилық, адалдық таныту;
жекелік және кәсіби қатынастарды шектеу;
тыныш, дыбыссыз, шусыз жерлерде, бір жерде кеңес беру, өте ашық түстің қажеті жоқ.
15-лекция
Психологиялық тренинг жүргізуші әрекетінің әдістемелік ерекшеліктері
Жоспары:
1.Ақпарат берумен шұғылдану
2. Кеңес беру және интерпретациялау
3. Интерверенциямен шұғылдану
1. Психологтың тренинг барысында метаәдістерді қолданудағы жіберетін қателіктері
Ақпарат берумен шұғылдану
Психологтың клиенттері – жеткіншек болсын, ата-ана болсын, ересектер болсын – басқа себептермен қатар тренингке жаңа білім алу үшін келеді. Осы жерде жүргізушінің қатысушыларға мүмкіндігінше көп ақпарат берумен айналысуы кері әсер туғызуы мүмкін.
Тренингтің жүргізушінің монологына, кәдімгі лекцияға айналып кетуі оны негізгі бір атрибуттарынан айырады – қатысушының өз белсенділігінен. Мұнда тренер үнемі сөйлемей отыруы керек деген сөз емес. Оның айтатын сөзі қысқа және мазмұнды болу керек. Нақты ақпарат алуға деген сұраныс туғанда (мысалы, психологтар бұл сұрақ бойынша не ойлайды?) , тренер сұрақты оңай топқа бағыттап жібере алады: «Бұл мәселе бойынша топтың басқа мүшелері не ойлайды?». Бұл жағдайда топ үшін дискуссия өнімді және пайдалы болады, ал тренер талқылаудан соң сөзді түйіндейді.
Достарыңызбен бөлісу: |