13-лекция. Маманданған психолог- ғалым зерттеуші Жоспары: 1. Психология –ғылым
2. Психологиялық зерттеулер – психологтың кәсіби іс-әрекетінің заттық өрісі.
3. Практикалық психология және психологиялық ақпарат ұғымдары
1. Психология –ғылым Психология ғылым ретінде тұлғаны, оның ішкі әлемін және мінез-құлығын зерттейді. Адам- таным пәні болып табылады. Мұны тек психология ғылымы ғана емес, философия, қоғамтану, әлеуметтану, педагогика, анатомия, медицина ғылымдары да мойындайды. Дегенмен психология ерекше орынға ие. Ю.Б. Гиппенрейтер психология ғылымының ерекшелігін үш позицияда түсіндіреді:
1. Психология- адамға әзірге белгілі күрделі жағдай туралы ғылым. Ол адамның психикасын- жоғары ұйымдастырылған материя қасиетін зерттейді.
2. Психологияда субъект пен объект түйістіріледі.
3. Психологияның ерекшелігі оның практикалық салдары болып табылады. Психологиялық зерттеулердің әдістері тек ғана өзін тануға ғана емес, өзін қайта жасауға мүмкіндік береді.
2. Психологиялық зерттеулер – психологтың кәсіби іс-әрекетінің заттық өрісі Психологиялық зерттеулер фундаментальді және қолданбалы болып бөлінеді. Фундаментальді зерттеулердің мақсаты жаңа тұжырымдама құру болса, ал қолданбалы осы тұжырымдардың бөлшектерін зерттейді және нақты ғылыми-практикалық нұсқауларға негіздемелер келтіреді. Кез-келген фундаментальді немесе қолданбалы зерттеулер мәселе қоюды және өзектілікті, объектіні, пәнін, мақсатын, міндеттерін және зерттеу болжамын ұсынады. Бұл зерттеудің ғылыми аппаратын құрайды.
Психологиялық зерттеулер кезеңі:
1-кезең- дайындық;
2-кезең- жеке зерттеушілік;
3-кезең- алынған мәліметтерді сандық және сапалық өңдеу;
4-кезең – мәліметтерді интерпретациялау.
Психологиялық зерттеулер төмендегі талаптарға сәкес болуы керек- объективтілік, жарамдылық және сенімділік.
Ұйымдастырушы әдістер:
1) салыстырмалы әдіс- сыналушылардың түрлі топтарын салыстыру үшін қолданылады;
2) лонгитюдті әдіс;
3) кешенді әдіс.
Мәліметтерді өңдеу әдісі.
1) сандық (математикалық- статистикалық) анализ;
2) сапалық анализ (топтарға, варианттарға материалдарды дифференциациялау, жағдайларды суреттеу)
Интерпретациялық әдістер
Б.Г. Ананьев бойынша төмендегілер жатады:
1) генетикалық әдіс;
2) құрылымдық әдіс
Эмпирикалық әдістер
1) өзін-өзі бақылау;
2) бақылау;
3) эксперимент;
4) әңгімелесу;
5) интервью;
6) анкета;
7) іс-әрекет жетістігін талдау;
8) социометрия;
9) тестілеу