Практикалық бөлімі Ықтималдықтар теориясына есептер шығару Кездейсоқ оқиғалар Бірінші мысал



бет6/63
Дата26.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#193588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Практикалы б лімі Ы тималды тар теориясына есептер шы ару Кезде

Мысал 9
Қорапта бірдей бұйым бар. Қораптан екі сапалы бұйым алудың ықтималдығы 4/15 тең. Қорапта қанша сапалы бұйым бар еді?


Шешуі: Белгілеу енгізелік. А- қорап бірінші рет алғанда сапалы бұйым алынды, В- қорапта екінші рет алғанда сапалы бұйым алынды. Бұл екі оқиғалар тәуелді. Сондықтан, егер - сапалы бұйымдар сан десек онда
Есептің шарты бойынша

Осыдан
Сонымен жәшікте 8 сапалы бұйым болды.



Студенттерге өзіндік есептер


1 Тоқ кернеуі ұлғайтылғанда бір-бірімен тізбектес жалғанған үш элементтің бірінің істен шығуына байланысты электр жүйесінде үзіліс пайда болуы мүмкін. Элементтердің істен шығуларының ықтималдықтары сәйкес 0,2; 0,3; 0,4. Электр жүйесінде үзіліс болмауының ықтималдығын табу керек.
Нұсқау: Электр жүйесінде үзіліс болмау үшін ешбір элемент істен шықпауы керек.
2 Бір партияда 50 зат бар, оның 5-уі сапасыз. Осы партиядан алынған кез-келген 30 заттың ішінде сапасыз зат біреуденартық болмауының ықтималдығын табу керек.
Нұсқау: Белгілеу енгізейік. А- барлық 30 зат сапалы. В- 30 заттың біреуі сапасыз. Сонда А,В оқиғалары үйлесімсіз. Олай болса С=А+В – алынған 30 заттың ішінде сапасыз зат біреуден артық еместігін білдіретін оқиға.
3 Жәшіктегі10 детальдің 4-і боялған. Деталь жинаушы 3 деталь алды.
Алынған үш детальдің ең болмағанда біреуі боялғандығының ықтималдығын табу керек.
4 Ақшалай-заттай лотереяда әрбір 10000 билетке 150 заттай және 50 ақшадайұтыс шығады. Бір билеті бар адамға не заттай, не ақшалай ұтыс шығуының ықтималдығы қандай?
5 Урнада он қызыл, 5 көк және 15 ақ шарлар бар.Түсті шардың алынуының ықтималдығы қандай?
6 Лотереяда 1000 билет бар. Оның әрбір екі билетінің біріне ұтыс шығады. Екі билет сатып алынған. Осы екі билетке де ұтыс шығуының ықтималдығы қандай?
7 Екі ойын сүйегі лақтырылған. Сонда пайда болған сандардың қосындысы 5-тен артық болмауының ықтималдығын табу керек.
8 Үш ойын сүйегі лақтырылған. Сонда үш сүйекте де бірдей сан пайда болуының ықтималдығы қандай?
9 Екі күміс теңгені лақтырғанда ең болмағанда бір рет “цифр” пайда болуының ықтималдығы қандай?
10 Урнада 9 қызыл, 6 көк шарлар бар. Кез-келген екі шар алынды. Алынған екі шардың да қызыл болуының ықтималдығын табу керек.
11 Жұмысшы үш станоктің істен шықпауын қамтамасыз етеді. Бір сағат ішінде жұмысшының қадағалауынсыз жұмыс істеу ықтималдығы бірінші станок үшін 0,3-ке тең, екіншісі үшін – 0,5 және үшіншісі 0,6. Мына оқиғалардың ықтималдығын табу керек:
а) Бір сағат бойында ең болмағанда бір станок жұмысшының қадағалауынсыз жұмыс істейді;
в) Екі сағат бойы үш станок те жұмысшының қадағалауынсыз жұмыс істейді.
12 Семьяда 4 бала бар.Ер бала мен қыз баланың дүниеге келуінің ықтималдықтары бірдей деп алып, мына оқиғалардың ықтималдықтарын табу керек:
а) Барлығы да ұлдар.
б) Барлығы не ұлдар, не қыздар
в) Ең болмағанда біреуі қыз бала.
13 Екі мергент нысанаға атыс жүргізуде. Бірінші мергеннің (А оқиғасы) нысанаға тигізу ықтималдығы –0,5, ал екіншісінікі (В оқиғасы)- 0,4. Егер әрбір мерген 3 рет атыс жасаған болса, ең болмағанда нысанаға бір рет тигізудің ықтималдығын табу керек.

Нұсқау: Әуелі бір атыста ең болмағанда бір рет тигізудің ықтималдығын табу керек.
14 Урнада 10 шар. Урнадан екі ақ шар алудың ықтималдығы 2/15 – ке тең. Урнада қанша ақ шар бар еді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет