Практикалық бөлімі Ықтималдықтар теориясына есептер шығару Кездейсоқ оқиғалар Бірінші мысал


Мысал 1 36 картаның ішінен кез-келген 2 карта алынсын. Осы екі



бет5/63
Дата26.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#193588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Практикалы б лімі Ы тималды тар теориясына есептер шы ару Кезде

2 Ықтималдақтарды қосу және көбейту теоремалары

Мысал 1

36 картаның ішінен кез-келген 2 карта алынсын. Осы екі

картаның бір түсті болуының ықтималдығын табу керек.



Шешуі: Әуелі алынған екі картаның белгілі бір түске жататынының (айталық “қарға” болсын) ықтималдығын табалық. Белгілеу енгізелік. А-бірінші карта “қарға”болсын, В-екінші карта да “қарға” болсын. Бұл екі оқиға тәуелді оқиғалар, яғни В-ның пайда болу ықтималдығы А-ның пайда болуына, не пайда болмауына байланысты өзгеріп отырады.Сондықтан
,

Осыдан


Ал енді ,,, алынған екі карта сәйкес төрт түстің біріне жататындығын көрсететін өзара үйлесімсіз оқиғалар болсын. Сонда алынған екі картаның бірдей түсті (оқиға С) болуы ,,, оқиғаларының кез-келгені орындалса пайда болады, яғни

С=;
Олай болса




Мысал 2
Екі мерген атыс алаңында атыс жүргізуде. Бірінші мергеннің нысанаға тигізу ықтималдығы – 0,7, екіншісінікі – 0,8 тең. Егер екеуі де бір-бірден атыс жасаса, ең болмағанда біреуінің нысанаға дәл тигізетіндігінің ықтималдығы қандай?


Шешуі: Белгілеу енгізелік. А-бірінші мерген нысанаға дәл тигізді. В-екінші мерген нысанаға дәл тигізді. Бұл екі оқиға үйлесімді, себебі екі мерген де нысанаға дәл тигізуі мүмкін ғой. Сондықтан үйлесімді оқиғалардың қосындыларының ықтималдығы туралы теореманы пайдаланып:
екенін табамыз.

Осы мысалды ең болмағанда бір оқиғаның пайда болуы (оқиға D) туралы теореманы пайдаланып та шығаруға болатынын көрсетелік. Шынында да D-оқиғасы ең болмаса біреуінің нысанаға тигізу болсын. Сонда


Бұл жерде , ,




Мысал 3
Екі жәшікке бөлшектер салынған.Бірінші жәшікте 10 бөлшек, оның үшеуі стандартты, екіншісінде –15 бөлшек онда 6 стандартты бар. Әрбір жәшіктен бір-бірден кез-келген бөлшек алынды.Алынған екі бөлшектіңде стандартты екенінің ықтималдығын табу керек.


Шешуі: Белгілеу енгізелік. А-бірінші жәшіктен алынған бөлшек стандартты, В-екінші жәшіктен алынған бөлшек стандартты. Сондықтан /10,/15. Алынған екі бөлшекте стандартты болу үшін оқиғасы пайда болуы керек. Бұл екі оқиғада үйлесімді, себебі екеуі бірдей пайда бола алады, сондай-ақ бұл оқиға тәуелсіз, себебі олардың пайда болуы бір-біріне байланыссыз. Сондықтан

Мысал 4
Бөлшек дайындау процессі үш операциядан тұрады.Бірінші операция кезінде сапасыз бөлшек дайындалуының ықтималдығы – 0,02, ал екінші операция кезінде –0,03 және үшінші операция кезінде – 0,02. Сапасыз бөлшектердің пайда болуын тәуелсіз оқиғалар деп қарастырып, осы үш операциядан кейін сапалы бөлшек дайындауының ықтималдығын табу керек.


Шешуі: Белгілеу енгізелік. А оқиғасы деп бірінші операциядан кейін сапасыз бөлшектің пайда болуы; В – екінші операциядан кейін сапасыз бөлшек пайда; С – үшінші операциядан кейін сапасыз бөлшек пайда болуы. Есептің шарты бойынша А,В,С тәуелсіз оқиғалар. Олай болса оқиғалары да тәуелсіз оқиғалар. Сондықтан D= оқиғасы – үш операциядан кейін сапалы бөлшек дайындалуын анықтайды. Енді тәуелсіз оқиғалардың көбейтіндісінің ықтималдығының формуласын пайдаланып
табамыз.

Мысал 5
Сүңгір қайықты іздеп табудың ықтималдығы 0,8, ал оны жойып жіберудің ықтималдығы 0,6 – ға тең. Іздеп табылған сүңгуір қайықты жойып жіберудің ықтималдығы қандай?

Шешуі: А – оқиғасы сүңгуір қайықты іздеп тауып алуды білдіреді. В – сүңгуір қайықты жқйып жіберуді білдіреді. Сонда

Есептің шарты бойынша іздеп табылған қайықты жойып жіберудің ықтималдығын табу керек, яғни ықтималдығын табу керек.

Сонда
Мысал 6


Үш баскетболшы корзинаға бір-бірден доп лақтырды. Бірінші баскетболшының корзинаға доп түсіруінің ықтималдығы 0,9, екіншісінікі –0,8,

үшіншісінікі – 0,7. Тек бір баскетболшының корзинаға доп түсіруінің ықтималдығы қандай?



Шешуі: А – бірінші баскетболшының корзинаға доп түсіруі, В,С – екінші, үшінші баскетболшының корзинаға доп түсіруі. Бұл оқиғалар тәуелсіз. Енді мына оқиғаларды қарастырайық:-тек А-оқиғасының пайда болуы, -тек В оқиғасының пайда болуы, - тек С оқиғасының пайда болуы.
Бұл соңғы үш оқиғалар үйлесімсіз сондықтан

D=
оқиғасы А,В,С оқиғаларының тек біреуінің пайда болуын білдіреді.Сөитіп



Мысал 7
Үш аңшы ұшып бара жатқан қазды сәйкес 2/3, ¾, ¼ ықтималдықтарымен атып түсіре алады. Ұшып бара жатқан қазды үшеуі де бір мезгілде атты. Қазды атып түсіргендіктің ықтималдығы қандай?


Шешуі: Қазды атып түсіру үшін ең болмағанда бір аңшының оғы дәл тиюі керек. Сондықтан мына формуланы пайдаланып
табамыз.

Мұндағы - қаз атып түсірілді;

- қазды бірінші аңшы атып түсірді;

- қазды екінші аңшы атып түсірді;

- қазды үшінші аңшы атып түсірді;


Мысал 8

Екі қорапқа ақ және қара түсті бірдей шарлар салынған. Айталық бірінші қорапта m ақ, n қара, ал екіншісінде - mақ, n қара шарлар бар болсын. Екі қораптан бір мезгілде, бір-бірден кез-келген шарлар алынған. Алынған екі шардың ең болмағанда біреуі ақ шар болғандығының ықтималдығын табыңыз.



Шешуі: А- оқиғасы бірінші қораптан ақ шар алынғандығын білдірсін, В- екінші қораптан ақ шар алынғандығын білдірсін. Сонда А+В оқиғасы алынған екі шардың ең болмағанда біреуі ақ шар болғандығын білдіреді. Бұл екі оқиға үйлесімді. Сондықтан мына формуланы пайдаланымыз.

Бұл жерде


және А және В оқиғаларының тәуелсіздігін ескеріп
табамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет