Практикалық ЖҰмыс #1: Ежелгі дәуір тіл білімі



бет11/26
Дата16.12.2021
өлшемі46,91 Kb.
#101956
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
ЛИНГВ СОЗДЕР

Араб тіл білімі.

632 жылы әскери-теократиялық Халифат мемлекеті құрылды. Арабтардың жаулап алған елдеріне тигізген ықпалы молаюына байланысты, араб тілінің рөлі артты.

Араб тілі грамматикасын алғаш құруды – Халиф Али (656 – 661 ж) бастаған деген мәліметтер бар.



Араб жазуы ислам дініне дейін пайда болған. 611 жылы Арабияда өмір сүретін халықтың тілі араб тілі болды. Сол кезде ислам дінін әлі ешкім ұстамаған еді.

Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Себебі, ол – батыс семит тілдер тобына жататын тілдер жазуының негізгі принциптеріне сәйкес . Оның прототипі – набатейлік жазу (б. з. д. 4 ғ. – б. з. 1 ғ). Набатейлік жазуды Синай түбегі мен Солтүстік Арабия халықтары қолданған.

Араб жазуы Лахмид патшалығының орталығы болған Хира қаласында VI ғасырдың басында пайда бола бастады. Орта ғасырларда оны көптеген мұсылман мемлекеттері қолданған. Бұл жаңа жазу жүйесін қалыптастыруға әсер етті. Бірақ, XX ғ. араб жазуының таралуы тоқтай бастады.

Араб грамматикасын құруды аңыз бойынша, өз қолына алған – Халиф Алидің замандасы Абу л-Асуад ад-Ду'али. Ол 3 сөз табын бөліп көрсеткен: есімдер, етістіктер, демеуліктер. Оның шәкірттері Яхия ибн Яа'мар, ‘Анбаса ибн Ма'дан ал-Фихри және солардың ішіндегі, ең үздігі Абу ‘Амр ‘Иса ибн ‘Умар ас-Сакафи.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет