Осындай міндеттердің шешілуінде терапевт негізгі үш әдісті қолданады.
Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен науқасты
кӛңіл қоя тыңдап, оған сын жағдайда есептелінген кеңес беруді білдіреді. Қолдау
науқастың күші мен іскерліктерін сезініп, пайдалануға кӛмектесуде анықталады.
Екіншіден, бейімсіз мінез –құлықты жою және проблеманы шешудің бейімді жаңа
тәсілдерін қалыптастыру.
Үшіншіден, ӛзін ӛзі ашу мен инсайтқа, яғни мотивтерін, сезімдерін, дау –дамайлары
мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге ықпал ету.
. Феноменологиялық бағыт гуманистік деп те аталады. Эмоциялы бұзылыстар
қабылдаудың бұрмалануынан немесе сезімдердің жеткілікті сезінілмеуінен тежелген
қажеттіліктірдің ӛсуінің нәтижесі ретінде қарастырылуы бағыттың солайша бағалауының
маңызды негіздемесі болып табылады. Гуманистік психотерапия терапия – дәрігердің
жазып берген дәрі–дәрмегі емес әртүрлі адамдардың кездесуі деп тұжырымдайды. Ол
науқастың табиғи ӛсуін қалпына келтіруге, ӛзінің шын мәніндегі келбетіне сәйкес және
басқалардың ойынша қандай болуы тиіс екендігінен тәуелсіз қалай бола алатынын сезініп
әрекет етуіне кӛмектеседі.
Феноменологиялық терапия да инсайттың туындауына ықпайл етеді, алайда мұндағы
инсайт – бұл бейсаналы шиеліністердің емес дербес сезімдері мен түсіністіктердің сезілуі.
Роджерстің: шартсыз жағымды қатынас, эмпатия, конгруэнттілік атты таныма
«триадасы» терапияның ең жақсы тәсілі болып табылады. Карл Роджерс
психодинамикалық терапияда тәжірибеленуде биресми тұрғының едәуір тиімді екендігіне
кӛзін жеткізіп, «бұйрықшыл емес терапияны» қолдана бастайды. Ол ӛзінің тарапынан
бағыттамай, бағаламай, интерпретацияламай науқастарының не жайында және қашан
айтатынын шешуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғы қазіргі кезде «клиентке орталықтанған
терапия» деп аталады. Оның негізінде маңызды үш принцип жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: