Тақырып 12. Маркетингтегі бақылау және жоспарлау
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетингтегі бақылау және жоспарлау
туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Жоспар
Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
3.SWOT және GAP талдауларын жүргізу әдістемелері
4. Маркетингтік бақылау
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
1. Төмендегі кәсіпорындар үшін бизнес түрін, мақсатын. мәселесін, шаруашылық қоржынға кіретін өнімін анықтап, олардың даму стратегиясын жасаңыздар (анықтаңыз):
университет; 5) көлік фирмасы;
cay да үйі; 6) туристік фирма;
жихаз фабрикасы; 7) құрылыс кооперативі;
кітап дүкені; 8) көкеніс өндіретін фермер
лік шаруашылық
Тоқыма фабрикасы спорттық және басқа да тоқыма бұйымдарын ұсынады. Тоқыма бұйымдары ассортиментінің жаңа бағыттарына мектеп формасы мен кәсіпорындарға
арналған бірегей формалар жатады. Әрбір негізгі үлгінің үш- төрт түрі бар. Осы ассортименттік саясатгың ықтимал мақсаттарын, сегменттеу және өсу стратегиясының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.
Тақырып 13. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетингтегі стратегиялық жоспарлау туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Жоспар
Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспарлауы
СББ-ны (СШБ) стратегиялық жоспарлау
Компания және өнім маркетинг жоспарының кұрылымы мен мазмұны
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
1.Стратегияны жасау жолдарын пайдалана отырып, төмендегілердің стратегияларын тандап алуына әсер ететін факторларды сипаттаңыздар.
а) жеміс консервілеу комбинаты;
э) кондитер фабрикасы;
б) шағын наубайхана;
в) жанармай станциясы;
т) темір жол вокзалы;
ғ) әуежай.
2.Шағын фирма жұмсақ ойыншыктар өндіру жайында шешім қабылдады. Республикадағы балалар саны - 4,3 млн. Балалар үшін жұмсақ ойыншықты бір жылда сатып алу ыктималдығы 0,25. Фирманың алғашқы жылдағы нарық үлесі 8%, ал бәсекелестермен салыстырғанда 4% болуы мүмкін. Ойыншық бағасы - 100 теңге, өндіріске кеткен шығыны – 70 тенге. Фирманың даму стратегиясын және алатын пайда болжамын жасаңыздар.
3. Мына кәсіпорындар үшін жағдайлық талдау жүргізіп, маркетинг жоспарын құрыңыздар.
а)көкөніс өндіруші фермерлік шаруашылык;
э) жеке құрылыстармен айналысатын құрылыс фирмасы;
б)дәрі-дәрмек жасаушы фирма;
в)косметикалық фирма;
г)шәй фабрикасы;
д)өзіңізге ұнаған кез келгсн казақстандық компания.
Тақырып 14. Халықаралық маркетинг
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта халықаралық маркетинг және оны қоршаған орта, олардың маркетинг-микс стратегиялары туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Жоспар
Халықаралық маркетингтің ерекшеліктері және оны қоршаған орта
Шетел нарықтарына шығу стратегиялары
Халықаралық маркетингтегі маркетинг-микс стратегиясы
Халықаралық маркетингтің мәдени және этикалық мәселелері
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
1. Ұлттық стильде сырт киім тігетін фирма басқа ел нарығына енуді жоспарлауда. Сол ел үшін нарық мүмкіндігін бағалаңыз.
а) натуралды шаруашылық типіндегі экономикасы бар ел;
э) шикізатты экспорттаушы елдер;
б) өнеркәсіптік дамушы елдер;
в) өнеркәсіптік дамыған елдер;
г) экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер.
Қазақстанда біріккен кәсіпорын құру үшін шетелдік капитал көбінде ауыр және технологиялық тауарлар өндіруге емес, тұтынушы тауарларын өндіруге және сатуға бағыттаәлады. Неліктен?
Қазақстан нарығында «Coca-Cola» компаниясының мүмкіндіктері мен болашағын бағалаңыз. Неліктен компания республика аумағында бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім кабылдады?
Қазақстан нарығындағы төмендегі фирмалардың маркетингтік кешенін бағалаңыз: «Nestle», «Coca-Cola», «Филлип Моррис» компанияларының тауар және коммуникациялық саясаттарының ерекшеліктерін атаңыз.
Келесі тауарлар бойынша сыртқы нарықка бейімделу стратегиясының қайсысын қолдануға болады?
жеміс шырыны;
тұрмыстық электр кұралдары,
тігін машинасы;
компьютер;
жихаздар;
маталар.
6. Төмендегі мысалдарға халықаралық маркетинг ұйымдастырудың қандай түрін ұсынуға болады?
пластмасса ойыншыктар өндіретін шағын фирма;
ірі автогигант;
тез дайындалатын жартылай фабрикат өндіретін орташа фирмалар.
тұрмыстық техника өндіретін ірі фирмалар.
Тақырып 15. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Жоспар
Қызмет көрсету маркетингінің ерекшеліктері
Коммерциялық емес іс-әрекеттегі маркетингтің мәні
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Қызмет көрсетулерді топтарға бөліңіздер: тоңазыткыштарды жалға беру, кілем тазалау, баспа машиналарын жендеу, машиналарды жуу, шаштараздық қызмет, аяқ киімжөндеу, бөлмелерді жалға беру, инженерлік консалтинг, автомобильді жөндеу, туризм, байланыс, тіс емдеу.
Алматы қаласында жаңадан ашылған туристік фирма үшін әр түрлі ақпарат құралдарын қолдану графигін және жарнамалық науқанның жобасын жасаңыз.
Тұлға (өзіңіздін) іс-әрекетінің бағдарламасын, қысқаша анықтамасын және қолдау хатын дайындаңыздар. Кадр бөлімі өкілімен сұқбаттасуга дейін, дәл сол кезде және оданкейін істейтін шаралар жоспарын жасаңыздар.
4. Мына фирмалар үшін қызмет көрету стандартын жасаңыз:
туристік фирма;
аудармашыларды дайындайтын курстар;
техникалық қызмет көрсету станциясы;
автокөліктерді жуу.
5. Сұранысқа әсер ететін факторларды атаңыз және төмендегілер үшін тұтынушылардың мінез-қүлық моделін кұрыңыз:
а)тарихи мұражай;
ә) сақтандыру компаниясы;
б)шаштараз;
в)санаторий;
г)кафе.
Банктегі маркетинг бөлімінің басқарушысының атынан өнім сапасы туралы анықтама қағазын дайындаңыздар.Анықтамада өнім құрылымы, сапасы, бәсекеге түсу мүмкіндігі туралы жалпы ақпарат болуы қажет.
Төмендегілер үшін сегменттеудің қағидалары мен критериилерін анықтаңыздар:
«ТұранӘлем» банкі;
Туристік фирма;
Мейманхана.
Негізгі тұтынушылардың бейінін жасап, мақсатты нарыққа сипаттама беріңіз.
3. Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Хожаназаров. Маркетинг негіздері. Алматы., Экономика. 1996.-288б.
2. С. Н. Нысанбаев, Г. А. Садыханова. Маркетинг негіздері - Алматы: Эверо, 2010. - 168 б.
3.Филипп Котлер. Основы маркетинга. С-П.» Коруна», 2007.- 656 стр.
4. С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. Маркетинг негіздері - Астан -Фолиант, 2007. - 252 б.
5. Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2011.- 284б.
6. С.Қ. Тойкин. Маркетинг курсы бойынша ойын, тесттер, тапсырмалар. Семей, 2002.- 54б.
7. С. С. Сатыбалдыұлы, Б. А. Байтанаева. Маркетинг және менеджмент негіздері.- 2-басылым. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2013. - 319 б.
8. Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай. Маркетинг негіздері.- Астана. "Фолиант" баспасы, 2014. - 192 б
Қосымша әдебиеттер «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі №456 Заңы(2005.11.22. толықтырулар мен өзгертулер) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңы. (толықтырулар мен өзгертулер 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен)
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-IV Заңымен
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III Заңы(толықтырулар мен өзгертулер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңымен енгізілді) Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы
С. Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы. Оқу құралы. – Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет
Пәннің бағыты бойынша ұсынылатын журналдар тізімі
1.Экономикалық журнал «Ақиқат»
2.Экономический журнал «АльПари»
3. Республиканская экономическая газета «Деловой Казахстан»
4. Журнал «Экономика и право Казахстана»
Интернет-ресурстар
1. www.mks.gov.kz/
2. http://www.npfcapital.kz/kazakhstan
3. http://government.kz/
4. www.stat.gov.kz
5. www.edu.gov.kz/
6. www.mzsr.gov.kz
7. http://www. Sciencedirect.com.Электронные научные журналы
8. http://diss.Rsl.ru Электронная библиотека диcсертаций Российской государственной библиотеки
Білім алушылар білімін бағалау критериялары
«А», «А-» («өте жақсы») – егер білім алушы барлық бағдарламалық материалды тереңнен игеріп, сәйкесінше, оны еш бұлжытпай баяндай білсе, тапсырма типі өзгерген кезде жауап беру барысында қиналмаса, қойылған мәселелерді еркін шеше алса, монографиялық материал білімін көрсетсе, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздей білсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда жанжақты дағды және ептіліктерді меңгере білсе, қателіктерді жібермей, материалды дербес талқалай білсе аталмыш баға қойылады;
«В+» «В», «В-» («жақсы») – егер білім алушы бағдарламалық материалды нақты білсе, оны мәні бойынша сауатты баяндай білсе, сұраққа жауап беру барысында айқынсыздықтарды жібермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік мәселелерді шешуде қажетті дағдыларды қолдана білсе аталмыш бағалар қойылады;
«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағат») – егер білім алушы тек негізгі материалды ғана меңгеріп, бірақ жекелеген бөліктерді білмесе, айқынсыздықтарды жіберсе, тұжырымдамалары жеткілікті түрде дұрыс болмаса, бағдарламалық материалды баяндауда ілеспелілікті бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қиналса аталмыш бағалар қойылады;
«F» («қанағат емес») – егер білім алушы бағдарламалық материалды білмесе, айтарлықтай қателіктер жіберсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда үлкен қиындыққа ұшыраса аталмыш баға қойылады.
Аталмыш криетрияларды оқытушы емтихан бағасын қою барысында да басшылыққа алады.
А- дан А, В-дан В+-ға дейін, D дан С+-ға дейінгі амплитуда бағаны таңдау білім алушының жоғарыда келтірілген критерияларға білімі мен ептілігінің сәйкес келуі дәрежесімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |