Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


АВО жүйесінде адам қан топтарының тұқым қуалауы



бет61/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

6.5 АВО жүйесінде адам қан топтарының тұқым қуалауы
Адамда көптік аллельдер типi бойына қан топтары тұқым қуалайды. Қан топтарын бiр ғана ген (I) бақылайды. Осы геннің үш типті аллелі белгілі IА, IВ, I0.
Генотипі IOIO болып келетін адамның көбеюі бiрiншi топқа, генотиптері IАIА немесе IАIО екінші, IВIВ немесе IВIО – үшінші, IАIВ – төртінші топқа жатады. I – топ генотипі жағынан О гені бойынша рецессивтi гомозигота, II-ші топ генотипі жағынан А және О гендері бойынша гетеро немесе гомозиготалы. III-топ генотипі жағынан В жене О гендері бойынша гетеро немесе гомозигота, IV- А және В гендері бойынша доминантты гетерозигота. Қан топтарының тұқым қуалауын білудің үлкен практикалық маңызы бар. Мысалы, қан құю мәселесінде бiрiнші топқа жататын қанды барлық адамдарға құюға болады, қанның екінші тобын тек екiншi және төртінші топқа, үшінші топқа жататын қанды тек үшiнші және төртінші топқа, ал төртінші топқа жататын қанды тек төртiншi топтағы қаны бар aдамғa құюға болады.
Осымен катар, қан топтарының тұқым қуалауын медицинада
әкелік, шешелiк міндеттерді анықтауда, сот-тергеу жұмыстарында
кеңінен пайдаланады. Төмендегі кестеде ата-аналарының қан
топтары негiзiнде балада мүмкін болатын қан топтары
көрсетілген.
Адам қанының резусы оң (Rh+) қасиетін доминантты ген
басқарса, ал резусы теріс (rh-) белгiнi рецессивтi ген а анықтайды.
Бұл белгiлер Мендель заңдарына сәйкес тұқым қуалайды. Резусы
тepic қанды резусы оң адамға ешқашан құюға болмайды. Бұл
құбылысты 1939 жылы Винер, Левин және Ландштейнер ашқан.
Зерттеулерге қарағанца еуропоидты нәсілдердің 84 пайызында ре-
зусы оң гені (Rh+), ал 16 пайызында резусы теріс (rh-) гені бары
екені анықталған. Негроидты типтес нәсілдерде және Австра-
лияның байырғы, тұрақты тұрғындарының қанында резусы оң (100
пайызды құраса, монголоидтарда (кәрістерде, қытайлықтарда,
жапондықтарда) 99-100 % жақын болады.
22-кесте. Қан топтарының тұқымқуалауы

Ата-ана

Бала

Әке

Шеше

Мүмкін

Мүмкін емес

Топ

Генотип

Топ

генотип

І

IOIO

І

IOIO

І

ІІ, ІІІ және IV

І

IOIO

ІІ

IАIО

І және ІІ

ІІІ және IV

І

IOIO

ІІІ

IВIО

І және ІІІ

ІІ және IV

І

IOIO

IV

IАIВ

ІІ және ІІІ

І және IV

ІІ

IАIО

II

IАIО

І және ІІ

ІІІ және IV

ІІ

IАIО

III

IВIО

І, ІІ, ІІІ және IV

-

ІІ

IАIО

IV

IАIВ

ІІ, ІІІ және IV

І

ІІІ

IВIО

I

IOIO

І және ІІІ

ІІ және IV

ІІІ

IВIО

III

IВIО

І және ІІІ

ІІ және IV

ІV

IАIВ

I

IOIO

ІІ және ІІІ

І және IV

ІV

IАIВ

IV

IАIВ

ІІ, ІІІ және IV

І

Егер Rh+ гені бойынша гомозиготалы немесе гетерозиготалы


еркек резусы тepic (rh-) әйелге үйленсе, пайда болған ұрпақтын
резусы оң (Rh+) болады. Резусы теріс ананың денесінде резусы оң
баланың өcyi, ана мен бала арасында қайшылықтар тудырады. Бiрiншi балада бұл қайшылық білінбейді. Екiншi баладан бастап, баланың қанында шешесі арқылы өткен антиденелер көбейе бастайды. Бұл табиғи iш тастауға, өлi тyyғa, тірі туылған жағдайда баланың ой-өрici кем болады. Баланы аман сақтап қалу үшiн стерильдi жағдайда кіндік артериясы арқылы баланың денесiндеri қанды алып, ал кiндiк венасы арқылы донорлық қан құяды.
Сонымен, генетиканың тұқым қуалау заңдарын бiлy, мұндай
мәселенің алдын ала жоспарлауға және (rh-) анадан туған (Rh+)
баланың қанын толық ауыстыруға жағдай жасауға мүмкiндік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет