Тапсырмалар
1. Әке-шешесінің қаны екінші және үшiншi топқа жатады. Балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін.
2. Мына отбасында балалардың қан топтары қандай сан катынасында болады? IАIВ х IАIВ; IАIВ х IОIО
3. Ата-анасынын канының топтары А және В болса, отбасында қанының тобы О бала туа ма? Болса қандай жағдайда және қандай ықтималдықта?
4. Әке-шешесінің бiреуiнің қаны І топқа, ал екіншісінікі Ш
топқа жатады. Олардың бiр баласы бар. Сол баланың қанының тобын және оның генотипін анықтау керек.
5. Сот процесінде алимент төлемегені үшiн іс қаралып жатыр.
Шешесінің қаны бiрiнші топ, ал баласының қаны екінші топқа жатады. Баланың әкесі ретiнде қаны ІІІ топқа жататын еркек болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтау керек.
6. Әкесінің қаны бiрiнші топ, ал шешесінің қаны үшlншi топ болған жағдайда, олардың балаларының қан топтары қандай болуы мүмкін?
7. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаны гетерозиготалы Ш топқа, ал екіншісінікі гетерозиготалы 1I топқа жатады. Олардың төрт баласы бар. Сол балалардың қанының топтарын және оның генотиптерін анықтаңдар.
8. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де, қанының топтары гетерозиготалы ІІІ топ болған жағдайда, олардан П және lV топқа жататын балалар тууы мүмкiн бе?
9. Баланың қаны екінші топ, оның iнісінікі үшiнсі топ. Олардың ата-аналарының қаиының топтары туралы не айтуға болады? '.
10. Ата-аналарының бiреуінің қаны А тобына, екіншісінікі В тобына жатады. Егер оларлың көп балаларының қанының топтары төмендегідей болса, онда ата-аналарының генотиптері қандай?
1) барлығы AВ; 2) жартылай АВ, жартысы В?; 3) жартысы АВ, жартысы А; 4) ¼ АВ, 1/4 А, 1/4 В, 1/4О.
11. Баланың қаны О топқа, ал оның қарындасының қаны АВ топ болса, олардың ата-анасының қан топтары туралы не айтуга болады?
12. Перзентханаға бір кештің ішінде төрт сәби дүниеге келедi, олардың қанының топтары О, А, В және АВ болады. Ал, олардың 4 жұп ата-аналарының қан топтары мынадай болған:
1) О және О; 2) АВ және О; 3) А және В; 4) В және В.
Сәбилерді өз ата-аналарының толық дәлелмен бөліп беру керек. Оны қалай орындауға болады?
14. Әрқашан әкесінің қанын балаларына, қарындасынан туылған туған ағасына құюға болады ма?
15. Шешесінің қаны О топқа, ал әкесінің қаны АВ топ болғaн жағдайда, балаларына ата-анасының бiреуiнiң қанының тобы берiлуi мүмкін бе?
16. Ерлі-зайыптылардың бiреуiнің қаны АВ тобына, екіншісінікі – А тобына жатады. Осы некеден қан топтары В, АВ және О үш бала туады. Ата-анасының, балалардың генотипiн анықтаңдар? Балалардың қан топтарында күдікті сенiмсiздiк тудыратындай мәселе бар ма?
17. Баланың әжесі мен атасының қаны 1 топқа, ал нағашы атасының қаны IV топқа жатады. Баланың қанының тобының ІІ, III, IV және І болуының ықтималдығы қандай?
18. Қаны І топқа жататын еркек қаны II топқа жататын әйелге үйленеді. Әйелдің әкесінің қан тобы І. Осы некеден туатын баланың қаны І топ болуының ықтималдығы қандай?
19. Егер шешесінің қанының тобы А, әкесінің қанының тобы О болса, олардан қанының тобы В болатын бала туа ма? Жауапты түciндip.
20. Көп адамдардың қанында антиген резусы оң (Rh+) доминантты белгі ретiнде тұқым қуалайды. Кейбiр адамдардың қанында бұл антиген жоқ болғандықтан, резусы теріс (rh) рецессивті белгі ретiнде ұрпақтан-ұрпаққа берiледi. Ата-анасының екеуінікі де (rh-) резусы теріс болса, ата-анасының біреуiнiкi резусы теріс (rh-), екiншiciнiкi резусы оң (Rh+) болған жағдайда, осы некелерден туатын балалардың қанының тобы қандай болуы мүмкін?
21. Көздерi қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала бар. 4 ` Олардың екеуінің көздерi көк, қан топтары І және IV, ал екеуінің көздерi қара, қан топтары II және ІІІ. Қара көздiлiктi аутосомдық доминантты белгi деп алсақ осы отбасында қара көздi І топты қаны бар баланың туылуы мүмкін бе?
22. Пробанда - бала дальтоник, гемофилиямен ауырады, резусы
теріс (rh-), қан тобы І. Ата-анасы сау, көзi қалыпты көреді, резусы оң (Rh+), қан тобы IV. Отбасының барлық мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
23. Апалы-сіңілі егiз қыздардың бiреуiнің қанының тобы ІІІ, азу тicтepi жоқ (шешесiнен берілген), екіншісінің азу тістері бар, қанынын тобы ІІ. Ата-анасының қан тобы IV болған. Апалы-сіңілі қыздар бiр жұмыртқалы егiздерге ме, немесе әртүрлi жұмыртқалы егiздерге жатады ма? Отбасының мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
24. Қанының тобы А, канының ұюы дұрыс (сау) әйел, қанының тобы В сау еркекке тұрмысқа шығады. Осы некеден үш бала туады. Айша - денi сау, қанының тобы А; Аскар - дені сау, қанының тобы О; Айқын-гемофилик, дені сау, қанының тобы А. Әйелдің ата-анасының денi сау, шешесінің қан тобы О, ал әкесінікі - АВ. Еркектің ата-анасының дені сау, шешесінің қан тобы В, әкесінікі – А. Айқын гемофилия ауруын кімнен алғанын түсiндіріңдер. Отбасының барлық мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
25. Қанының тобы АВ, дені сау (гемофилик емес) еркек, қанының тобы О сау әйелге үйленеді. Әйелдің әкесі гемофилиямен ауырады. Олардың генотипін анықтаңдар. Осы некеден болатын ұрпақтардың генотипін анықтаңдар.
26. Қанының тобы В, дальтоник еркек, қанының тобы О сау қызға үйленеді. Қыздың әкесі дальтоник және қан тобы А. Бұл некеден 2 бала туады. Қызының қан тобы А, көзі қалыпты көреді, ұлының қан тобы В, көзi қалыпты көреді. Отбасы мүшелерінің генотипін анықтаңдар. Олардың балаларының дальтоник болуының ықтималдығы қандай?
27. Ата-анасының қанының тобы В және О. Баласының қан тобы О. Енді келесі туатын баланың қан тобының О, А, В және АВ болуының ықтималдығы кандай?
28. Жұп ерлі-зайыптылардың қандарының топтары В және А жатады. Екіншісінікі - В және АВ. Баланың қанының тобы О. Бала ерлі-зайыптылардың қайсысына жатады?
29. Егер балаларының қан топтары А, В және АВ болған жағдайда анасының қан топтары қандай болуы мүмкін, ал әкесінде қандай қан топтары болмауы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |