Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет60/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Сарысу-реагенттерді дайындау. Қан топтары бойынша иммуногенетикалық зерттеулерді дамыту моноспецификалық сарысу алғанда ұзақ және көп еңбек қажетті болады. Толық реагенттер жиынтығын дайындау мыңдаған иммундау, абсорбция өткізу жұмыстары арқылы ғана мүмкін болады. Моноспецификалық сарысуды дайындау үздіксіз жүруге тиісті. Эритроцитарлы антигендердің әртүрлі болуының арқасында алынатын изоиммунды сарысулар құрамына бір емес, бірнеше антиденелер кіреді. Мұндай сарысулар «шикі» деп аталады.
Реципиентті көптеген иммундаудан кейін антидене титрі 1:32 және одан жоғары болғанда қан алып, оны бөлме температурасында сарысуын бөлуге қалдырады. Одан соң сарысуды 3000 айналыс/минут жағдайында 10 минут центрифугадан өткізеді.
Центрифугадан өткізген «шикі» сарысуға 56ºС температуралы су буында 30 минут қой комплементін жою үшін инактивация жүргізеді. Содан соң, бөлме температусында суытып, көлемі 100 мл полиэтиленді флакондарға салады. Сынама абсорбция антиденелер құрамын талдау үшін бір уақытта бірнеше пенициллинді флакондарға құяды. Флакондардағы сарысуларды температурасы 18-20ºС тоңазытқыштарға қояды.
«Шикі» сарысулар үлгілеріндегі антидене құрамы мен титрін анықтау мақсатында 2, 4, 8 және бірнеше рет араласқан сарысу және 30-40 қойлардың 2,5% суспензия эритроциттерін белгілі антиген құрамымен гемолиз реакциясын жүргізеді. Бұл суспензиялар сыналатын сарысуда антидене болуын анықтаудың үлгісі болады.
Түрліше спецификалық сарысуға кітапша арнайды, оны дайындау үшін қолданылған донор мен реципиент, оның абсорбциясының эритроциттері, антиденелер құрамы, антидененің бастапқы және кейінгі сақтаудағы титрі жазылады.
Моноспецификалық сарысуға қойылатын талаптар.
Моноспецификалық сарысуға қойылатын негізгі талаптар айқындалған. 1973 жылы Жуиан-Жоза (Франция) қойлар иммуногенетикасына арналған халықаралық конференцияда ең басты қойлардың моноспецификалық сарысулары иммунды болуы керек деп шешілді (R жүйесінің реагенттерінен басқа). Сонымен қатар, сарысулардың келесі қасиеттері болуы қажет:
а) спецификалық, яғни белгілі бір антигендерге жауап беру қасиеті;
б) осы антигенмен тез немесе баяу қосылуы;
в) өзінің температурасының оптимальды болуы;
г) әсерін көрсету үшін рН-тың оптимальды болуы;
д) сарысу құрамына кіретін антиденелер титрінің болуы;
Осыдан басқа таза күйінде кем дегенде 3000 үлгілерді сынау үшін қажетті сарысу-реагент болуы керек.
Реагенттерді сақтау.
Реагенттер көлемі 0,1-0,5л полиэтиленді флакондарда температурасы 18-20оС тоңазытқыш камераларда сақталады. Күнделікті жұмысқа ұсақ 10-20 мл флакондар қолданылады. Реагенттерді бірнеше рет қатыру мен ерітуден сақтану қажет.
Спецификалық реагенттерді идентификациялау және бақылау.
Реагенттердің жұмыс титрі 1:4 төмен болмауы қажет. Әрбір спецификалық реагент параллельді реакция бойынша ерте сынаудан өткізілген үлгілер эталондарымен тексеріледі. Дайындалған сарысулар флакондарына реагент жасалған жер, реагенттің атауы (анти-Bb, анти-Da және т.б.) титрі, серия нөмері, жасалған уақыты, сақтау шарттары мен мерзімі жазылған этикетка жапсырылады. Реагент-сарысулар нөмірлер дайындаған өндіріс ұйымы тәртібіне сәйкес белгіленеді. Серия болып берілген жануарды бір донормен иммундау арқылы және бірдей жануарлар эритроциттерін моноспецификалыққа келтіру болып саналады. Басқа жануарлар эритроциттерімен абсорбциядан өткен осы жануар сарысуын басқа нөмір сериясымен белгілейді.
Моноспецификалық сарысулар қоры.
Өкінішке орай, қазіргі уақытқа дейін өндірістік негізде реагент-сарысуларды алу жолы ендірілмеген. Реагент өндіру өте қиын жұмыс, онымен ТМД елдерінде бірнеше зертхана айналысады. Қан топ жүйелерінің дұрыс анықталуы моноспецификалық сарысулар көлемі мен сапасына тікелей байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет