Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет64/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Ipi қараның популяциясында ала түсті мал 64% немесе 0,64,
ал қызыл түсті малда кездесу жиiлiгi 36% немесе 0,36 болатыны анықталды. А доминантты гені қызыл түсті, ал сол геннің а рецессивті аллелi ала түсті белгілейді. Популяциядағы гомозиготалы және гетерозиготалы генотиптердің таралу жиілігін анықтау керек.
2. Адам популяциясында қан тобы NN адамдар 16 % құрайды. N және n аллелдерінің және ММ, MN, NN қан топтарының
жиілігін анықтаңдар?
3. Популяцияда дальтонизм жиiлiгi ерлер арасында 0,08 тең. Бұл
белгi жыныс хромосомамен тiркесiп, тұқым қуалайтын рецессивтi аллель. Үш әйелдің генотипінің күтiлу жиілігі қандай болуы мүмкін?
4. Адам популяциясында қой көздi адамдар 51% құрайды немесе 0,51. Ал, көк көздiлер 49 % немесе 0,49 болады. Қой көздi
белгі көк көздi белгімен салытырғанда доминантты. Популяциядағы генотиптердің жиiлiгiн есептеп шығарыңдар.
5. Төрт популяция генотиптерінің жиiлiri жөнiнен мынандай
болса:
1. АА 60 % және аа 40 %
2. АА 40 %, Аа 40 % және аа 20 %
3. АА 30 %, Аа 60 % және аа 10 %
4.АА 20% және аа 80 %
Панмиксия жағдайында F1 ұрпақтағы әрбір популяциядағы
АА, Аа, аа генотиптерi жиiлiгiн анықтау керек.
6. 313 Ipi қара малдың популяциясында 4169 малдың түсі қызыл,
3780 бурыл және 756 ақ болған. Панмиксия жағдайында
үшiншi ұрпақ (Fз) популяциясындағы генотиптердің және аллельдердің жиiлiгiн анықтаңдар.
7. Тышқан популяциясында жыл бойына 2% альбинос ұрпақ алынған. Альбинизм рецессивті белгі. Панмиксия жағдайында
аллельдердің жиiлiгiн және гетерозиготалардың санын есептеп
шығару керек.
8. Жалпы альбинизм аутосомалық рецессивті белгi peтiндe тұқым қуалайды. Аурудың кездесу жиiлiгi 1:20000. Популяция iшiндегi гетерозиготалардын санын есептеңдер.
9. Өсімдіктер жиынтығы 30 гетерозиготадан және 1000 гомозигота АА тұрады. Популяциядағы А және а аллельдің жиiлiгiн, панмиксия жағдайында келесi ұрпақтағы генотиптердің жиiлiгiн анықтау керек.
10. Жануарлар тобы 60 гомозиготалы ВВ және 4 гoмозиготалы вв тұрады. Топтағы доминантты және рецессивті гендердiң
жиiлiгiн, панмиксия жағдайында ұрпақтың генетикалық
құрылымын анықтау керек.
11. Адамда дальтонизм ауруын анықтайтын аллельдің көріну жиiлiri 0,08. Еркектерде дальтонизм әйелдермен салыстыр-
ғанда қанша есе жиi кездеседi?
12. Гемофилия ауруын анықтайтын аллельдің көріну жиiлiгi 0,0001. Әйелдермеи салыстырғанда еркектердің iшiнде гемо-
филиктер неше есе жиi кездеседi?
13. АВО жүйесiнде адам қан топтары тұқым куалауы І генінен және оның үш аллелiнен (ІА, ІВ, ІО) тұрады. Популяцияда қан
топтарының фенотипінің жиiлiгi мынадай болса: А-0,45; В-
0,13; АВ-0,06; О-0,36. ІА, ІВ және ІО аллелдер жиілігін есептеп шығарыңдар.
14. Мына популяциялардағы А аллелінің жиiлiгiн (р) және а аллелінің жиiлiгiн (q) есептеп шығару керек.
1) АА = 36 %, Аа = 48 %, аа = 16 %.
2) АА = 64 %, Аа = 32 %, аа = 4 %/
3) АА = 49 %, Аа = 42 %, аа = 9 % /
15. Еркін көбейетін популяцияда «АА» дарақтардың жиілігі 0,81. Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, гетерозиготалы
«Аа» дарақтардың кездесу жиiлiгiн анықтаңдар.
16. Жүгерi сортында альбинос өciмдiктep 0,0025 жиілікте кездеседi. R және r аллельдерінің және RR, Rr генотиптердің
жиiлiгiн есептеп шығарыңдар.
17. 84000 арпа өсімдігінің ішінде 210 өсiмдiк альбинос болып
шыққан, себебi олардың рецессивтi гендерi гомозиготалы. R
және r аллельдердiң гендері гомозиготалы. R және r аллельдердің жиiлiгiн және альбинизм белгiсi бойынша гетерозиготалы өсімдіктің жиiлiгiн анықтау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет