Практикум для академического бакалавриата / О. В. Хухлаева, О. Е. Хухлаев. Москва: Издательство Юрайт, 2019. 423 с. Практикум по психологии: учебно-методическое пособие / авт сост. Э. В. Котлярова. Могилев: мгу имени А


Психологиялық көмек көрсетудің бірнеше түрі бар



бет3/8
Дата04.11.2022
өлшемі80,94 Kb.
#156627
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Клиент тұлғасы

Психологиялық көмек көрсетудің бірнеше түрі бар:

  • Клиентпен сұхбаттасу және оған объективті психодиагностикалық ақпаратты хабарлау жолымен көмектесу. Осындай қызметті ұсынған психолог ақпараттың сенімділігіне және оны клиентке хабарлау формасына жауапты болады. Клиент алынған ақпаратқа қатынасты анықтап оны қалай қолданатыны жайлы шешімді өзі қабылдайды. Сұхбаттасу ең алдымен ақпарат жинау әдісі болып табылады, алайда оған клиенттің көмек ретінде қабылданатын нақты шешімдері мен қысқа ықпалдары арқау болады.

  • Психологиялық кеңес беру көмек көрсетудің бір түрі болып табылады. Кеңес беру психикалық қалыпты адамдардың мақсаттарына жетуде сұхбаттасумен салыстырғанда едәуір терең көмек көрсететін процесс. Ол клиенттердің тұлғалық дамудың мақсаттарын жүзеге асыруға, өмірлерінің өнімділігін арттыруға бағытталған. Өнімділік адамның дербес мәдениетінің ішінде, сондай-ақ оның шеңберінен тыс аумақта адамдардың ең жоғары дәрежедегі көп санымен араласу мүмкіндігіне ие болу үшін мінез-құлық ұғымдардың сезімдердің қылықтардың көп түрін анықтау мүмкіндігімен байланысты. Бұл – адамның өмір мен іс-әрекет жағдайларына жақсырақ бейімделу мүмкіндігін дербес мәдениетінің аса шектемеу мүмкіндігін табыс етеді.

    Кеңес беру, сұхбаттасу мен психотерапияның арасындағы айқын шекараны нұсқау қиын. Кеңесші көбінде терапевт ретінде көрінеді, сондай-ақ сұхбаттасады.
    Әдетте, ол қалыпты жағдаймен жұмыс жасай отырып, патологиямен істес болуға мәжбүр. Психолог – кеңесшілер психотерапевтерге қарағанда көбінде клиенттермен жиірек кездесіп, тереңірек жұмыс жасайды. Кеңес беру іскерлігі, дәрігерлерге, коммерсанттарға, оқытушыларға, менеджерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, кемістігі бар балалар мен жұмыс жасайтын психологтарға, ата-аналарға, сондай-ақ пайдалы ақпаратқа ие болған кез келген адамға қажет.

    1. Психологиялық түзету көмек көрсету түрі ретінде клиенттің белсенділігін және психикалық дамудың жас ерекшелік нормаларына сәйкестігін өзгерту мақсатында оған ұйымдастырылған ықпалды болжайды. Психолог іс -әркеттің қайсібір түрін (жазу, оқу-есептеу және т.с.с) меңгерудің жас ерекшелік нормасы және оны меңгерудің жеке-дара ырғағы сияқты ұғымдармен жұмыс жасайды психологиялық түзетудің кейбір бағыттары тәрбие жұмысына жақындай түсіп әлеуметтік – адамгершілік нормаларға сәйкестікте мінез-құлықты түзеуді мақсат етеді.

    2. Психотерапевтік көмек тұлға құрылымындағы үлкен өзгерістермен сипатталатын реконструкциясының өңделуінің ұзақ мерзімді үрдісі. Клиент, тұлғасының реконструкциясына мұқтаж болғандықтан оған белсенді ықпалды болжайды. Психотерапевтің клиенті бұл – психикалық ақиқатының қайта жасалуы немесе реконструкциясы қажет адам. Психотерапия ойлаудың, мінез-құлықтың және тұлғаның өзгеруімен клиентпен ұзақ қатынасумен ассоциацияланады. Өте жиі психотерапияны психикалық патологияның проблемаларымен айналысады деп есептейді.

    Шынымен, психотерапия көбінде «қалыпсыз» клиенттермен жанасады. Жиі психотерапия клиентке медикаментоздық ықпал етудің фонында жүзеге асып, емдеудің қосалқы әдісі ретінде анықталады.
    Психотерапияның маңызды ерекшелігі клиент тұлғасының реконструкциясына, әсіресе, оның бірінші сатыларында жауапкершілік психотерапевтің мойнында болатынында. Психологиялық кеңес беруде тұлға өнімділігінің өзгеруімен байланысты нәтижелерге жауапкершілік психолог пен клиенттің арасында бөлінеді.
    Тәжірибеде психологиялық көмектің жеке түрлерінің арасындағы айырмашылықтар жоғалады, өйткені көптеген мамандар оларды бір-бірінен ажыратпайды. Сұхбаттасушы клиенттің күрделі проблемаларын анықтаса, бірден кеңес беруге немесе психотерапевтік әдістерге көше алады. Психотерапевт үнемі сұхбаттасу мен кеңес беруді қолданады.
    Психологиялық көмектің кейбір түрлері әлеуметтік қолайлы тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Бұл – терапия алдын–ала келісімсіз жүзеге асатын мекемелерге тән. Терапияның көптеген түрлерінің жарияланатын мақсаты – «тұлғаға дербес бағытын табуға, одан кейін сол бағытпен байланысты мақсатқа жетуге көмектесу». Алайда психологтардың барлығы сол мақсаттарды қол жетерліктей жасай алмайды.
    Осылайша психологиялық көмек, бұл – жалпылама ұғым. Сұхбаттасу, диагностика, кеңес беру және психотерапия клиентке көмек көрсетуге бағытталғандықтан сол ұғымға кіреді. Сонымен бірге, әлемде интернационалды тәрбиеден (этноцентризмнің шеткі түрлерін жеңу) жасырын алқаштар топтарына дейін психологиялық көмек көрсету бағдарламалары көптеп кездеседі.
    Әрбір нақты жағдайда клиенттің проблемалары мен тұлғасының ерекшеліктерін ескеріліп, психологиялық көмектің жеке-дара бағдарламасы құрастыралады.
    Адамдарға психологиялық көмек көрсету бірқатар жағдайлардың негізінде өте қарапайым іс бола қоймайды. Көбінде психологиялық көмек көрсетуде тіл, мәдениет және басқа да жағдайлар кедергі келтіреді. Терапияның кейбір түрлері вербалды емес қарым – қатынасқа негізделгендіктен көбісі адамдардың сөйлегенін талап етеді. Сондықтан, психолог пен клиенттің вербалды қабеліттері маңызды рөл ойнайды. Олардың тілдегі, мәдениеттегі және материалды жағдайларындағы кедергілер бір-бірімен тіл табысуда әсер етуі мүмкін.
    Көмекке мұқтаж адам психологқа қарағанда едәуір тәуелді жағдайда болады. Сол себептен, білікті маман әрқашан басқа адамдарға көмек ұсынуда сол жағдайды ескеруі тиіс. Терапевтен қарапайымдылық пен даналық талап етіледі. Ол адамға қалай көмектесуге болатынын әрдайым біле бермейді, өйткені проблемалар жиі психологиялық теория мен тәжірибенің қазіргі жағдайы үшін тым күрделі келеді. Сондай-ақ, психологтың клиентпен өткізетін шынайы уақыты оның өмірімен салыстырғанда өте аз.
    Дегенмен, осындай қиыншылықтарға қарамастан адамдарға психологиялық көмек қажет-ақ, әрі олардың өмірін және тұтастай қоғамның жайын біршама өзгерте алады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет