Практикум для академического бакалавриата / О. В. Хухлаева, О. Е. Хухлаев. Москва: Издательство Юрайт, 2019. 423 с. Практикум по психологии: учебно-методическое пособие / авт сост. Э. В. Котлярова. Могилев: мгу имени А



бет2/8
Дата04.11.2022
өлшемі80,94 Kb.
#156627
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Клиент тұлғасы

Психикалық денсаулық – адамдардың психофизикалық күйінің, ахуалының бағдарлануы мен мінез-құлқының организмнің даму деңгейіне, психофизиологиялық мүмкіндіктеріне, шығындарына, тұлғалық дамудың қажеттіліктері мен мақсаттарына, сондай-ақ адам психикасының бейімделуші — компенсаторлық мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтайтын тіршілік әрекетінің көп деңгейлі кешенді қасиеті. Психикалық денсаулық ұғымы жалпы денсаулық жайындағы жалпыға ортақ мойындалған түсініктен туындайды. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының уставында «аурулар мен дене кемістіктерінің болмауымен бірге, дене, рухани және әлеуметтік толыққанды амандық күйі ретінде анықталады. Индивидумның және тұрғындардың денсаулығы ерекшелінеді. Соған сәйкес психикалық денсаулық бұл –басты шарты, көбінде психикалық норма ретінде анықталатын психикалық аурулардың болмауы болып табылатын рухани және әлеуметтік саулық күйі.
Психикалық норма – қоғамның тарихи дамуының нақты кезеңінде қабылданған адамның психикалық белсенділігі көріністерінің әртүрлі өлшемдеріне қатысты нақты ережелер мен талаптар. Нормалар психологиялық көмек көрсетудің мақсаттарын анықтаудың бағдарын білдіреді.
«Нормативті» өлшемнің негізінде клиенттерге психологпен өзара әрекеттестік жағдайында ұсынылатын міндеттерідің төрт типін бөліп көрсетеді.
Бірінші тип психикалық денсаулықтың әлеуметтік формаларынан туындайтын міндеттерді қамтиды. Клиент өзінің психологиялық жағдайын және оған қатысты ақпаратты «қалыпты-қалыпты емес» критерийі бойынша бағалайды. Осының негізінде пайда болатын күйзелістер нормаға сәйкес келмеу себебінен эмоцияларда анықталады. Клиенттің тапсырысындағы осындай күйзелістер: «Мен қалыптымын ба, тексерңізші?» деген сұраныс түрінде қалыптасады. Адамдардың өз-өзіне деген осындай қатынасы көбінде басқалардың көзқарасына деген мөлшерден тыс реакциясымен міндеттеледі. Психологтың осындай жағдайдағы стратегиялық міндеті клиенттің бағалаушы бағдарларын өзгертуде. Бұл – клиенттің өз өмірін басқа қырынан көруге, жетістіктерін кеңейтуге, бір үлгідегі мінез – құлықтан және күйзелістен алшақтауға мүмкіндік береді.
Клиенттің ұсынатын міндеттемелерінің екінші типі әдептік бағалардың жүйесінен туындайды. Клиенттің күйзелістері жақсылық мен зұлымдық мәселелеріне немесе: «жақсы-жаман», «дұрыс-бұрыс» атты әдептік бағанаға бағдарланады. Клиент мінез-құлқының адамгершілік тұрғысындағы өлшемдеріне, өзінің басқа адамдарға деген қатынасына қанағаттанбайды. Мұнда ол мінез-құлқының қоғамдық және тұлғааралық бағаларына да бағынады. Сонымен бірге, оның өзіне тән мінез-құлқы басқалардың «бұрыс» мінез-құлқымен аяқталады. Яғни: «Баланың тіл алмағаны жаман ғой, оның бір айтқаннан тіл алғаны қажет емес пе?», «Оны әрқашан мақтау беруге болмайды ғой, оны еркелетіп жібергеннің несі жақсы» және т.с.с.
Клиент психологпен қарым-қатынасының барысында өзін-өзі бағалауы мен әлеуметтік бағаның арасындағы кеңістікте қозғалып, психологиялық ақпаратты таңдап қабылдайды. Егер ол сезімдерін өз бетінше бағалауда қиналса, күйзелісін «жақсы» не «жаман» деп бағалауға көмектесетін өзге адамдарға бағдарланады.
Психолог клиенттің осындай сұранысымен жұмыс жасауда оның бағаларының жүйесін талқылауы тиіс. Психолог клиенттің психологиялық ақпараттың динамикалылығын талдауға мүмкіндік бермейтін «жақсы-жаман» деп бағалайтын өлшемнің шектеулігін және мөлшерден тыс қатігездігін көрсетуі мүмкін. Психологтың мақсаты клиенттің басқалардың бағасына бағдарлануынан қалыптасатын сыртқы тәуелділіктен босап, өзінің күйзелістеріне және бағалау критерийлеріне бағдарлануға үйретуде. Мейірім табиғатынан адамнан тұлғаның сыртқы талаптарымен емес, барлық күйзелістердің қозғайтын өмірлік философиямен міндеттелетін ерекше қатынасты талап етеді. Әртүрлі адамдар үшін жақсылық пен зұлымдық критерийлерінің дифференциалдылығын және сол критерийлерге негізделетін күйзелістердің әртектілігін сезінуге жақындау қажет.
Клиентті мазалайтын және психологқа хабарланатын міндеттердің үшінші типі экзистетциялы сипатқа ие, өйткені өзегі өмір мен өлім мәселесі болып табылатын мәңгілік құндылықтарды қозғайды. Бұл мәселелердің ақырғы шешімдерінің жоқ екендігі белгілі. Алайда, психолог – нақты жағдайларда адамгершілік тұрғысынан таңдау жасау қажет:
Психолог пен клиенттің экзистенциялы міндеті бойынша жұмыстары өмірдің шексіз әрі шешілмейтін проблемаларын қабылдаудың даралық формаларын анықтаудан және күнделікті күйзелістер мен жеке-дара құндылықтардың сол проблемалардан тәуелділігін әлсіретуге тырысудан тұрады.
Клиенттің психологпен өзара әрекеттестік жағдайына енгізілетін міндеттердің төртінші типі психологиялық болып табылады. Олар клиенттің қайсыбір күйзелістің мәні жайлы мәселені ұсынуымен ерекшеленеді. Психологқа қойылатын сұрақтар: «Қалай түсінуге болады? Бұл не? Аяғына дейін түсіне алар емеспін?» деген сөздерден тұрады. Сұрақтардың осылайша қойылуы клиенттің өзінің проблемаларын қалыптастыратын психологиялық ақиқатқа өте жақын екендігін білдіреді. Ол өз-өзімен өнімді қатынасқа түсуге даярлықты білдіруде. Ал бұндай жағдай, психологиялық проблема өмірдің әрқилы нормативтік, экзистенциялы, тіптен материалды каржылық қиындықтарымен бүркелетін алдыңғы типтегі міндеттерде байқалмайтын. Клиент күйзелістерін бағалап қана қоймай, бағалаушы тұрғыларды салыстыруға және бағаларды өзгертуге дайындықты танытады. Бұл оның мінез-құлықтың едәуір өнімді формаларын меңгеруге ашық екендігінің, басқа күйзелістерге, іс-әрекетінің жетістіктері мен мақсаттарына қабілеттілігінің нышаны болып табылады.
Практикалық психолгтардың тәжірибесінде мұндай клиенттер сирек кездеседі. Клиенттер көбінде әлеуметтік және әдептік міндеттерге бағдарланады. Сонымен бірге, практикалық психологтың жұмысы клиенттің проблемасы психологиялық ақиқатты ашып, психологтың тарапынан психологиялық көмекті қабылдауға мүмкіндік береді.
Клиент міндетінің психологиялық міндетке өзгеруі оған психологиялық көмекті көрсетудің алғашқы қадамы болып табылады.
Психолог клиенттің психологиялық міндетін сипаттау үшін: тілектер, әрекеттер, сезімдер мен танымдар сияқты төрт модальдылықты пайдалана алады. Тілек модальдылығы қажеттіліктермен және әуестіктермен байланысты, әрі «мен қалаймын» деген сөздерге ұласады; әрекет модальдылығы мінез-құлыққа даярлықпен және мотивтермен байланысты болып, «менің қолымнан келеді» деп айтылады; сезімдер модальдылығы (эмоциялар, көңіл күйлер және адамның эмоциялы сферасының басқа да көріністері), «мен сеземін» деген сөздермен айтылады. Танымдық модальдық бұл – қабылдау бейнелері, естеліктер, ойлар және адамның танымдық сферасының басқа да көріністері, ол «мен ойлаймын, көремін, есіме түсіремін, елестетемін, шырашытамын» деген сөздермен айтылады.
Практикалық психолог психологиялық ақпаратты жинастыруда осы модальдылықтарды пайдаланып, клиенттің дербес психологиялық міндетінің қалыптасуына ықпал етеді және оған өзінің кәсіби ұстанымын көрсетеді.
Адамдар практикалық психологтан көмек сұрап келгендіктен, үміттенген көмегін алған жағдайда ғана қанағаттанады. Психологиялық көмек бұл практикалық психологиялық құралдарымен адамды немесе адамдар тобында пайда болған психологиялық проблемаларды шешуге, жұмсартуға немесе жеңуге бағытталған іс – шаралардың жүйесі.
Кейбір терапевтік процедураларда, мәселен клиентке орталықтандырылған процедурада көмек алу дерегі айқын көріне қоймайды.
Карл Роджерстің 1986 ж Мәскеудегі терапевтік сеанстары клиенттердің көңілін қалдырды, өйткені танымал психотерапевт мәскеулік клиенттерінің ойынша ешқандай кеңес бермеген және рецепт жазбаған. Ол клиентті мұқият тыңдап (олардың әрқайсысы келісуге даяр бола қоймайтын) проблемасын түсініп, жаңаша күйзелу мүмкіндігін ұсынады.
Көмек бұл – адамға арқау болу, қол ұшын ұсыну. Адамдар арасындағы көмек, досыңа тыңдаудан психиатриялық клиникадағы күрделі процедураларға дейін әрқилы формада жүзеге асады. Практикалық психологияның шеңберінде көмек сұхбаттасу, кеңес беру немесе психотерапия формасында тұлғаға немесе топқа көрсететін арқау ретінде анықталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет