Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады


Сілтілік металдар атомдарының спектрлері



бет22/66
Дата09.03.2022
өлшемі2,08 Mb.
#134766
түріПрактикум
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
Байланысты:
treatise136775

Сілтілік металдар атомдарының спектрлері
21. Сілтілік металдар: а) Li; б) Na; в) K; г) Rb; д) Cs атом­дары­ның негізгі күйлерінің спектроскопиялық белгіленулерін кел­тіріңіз.
22. Сілтілік металдар атомдарының энергия деңгейлері үшін өрнектерді келтіріңіз. Атом энергиясы қандай кванттық сандардан және неліктен тәуелді болады?
23. Сутегі және сілтілік металдар атомдарының энергия дең­гейлерінің сызбаларын үстірт салыстырғанда сутегі деңгейлері едәуір терең орналасатындай әсер қалдыруы мүмкін. Бірақ бірдей күйлер деңгейлерінің орналасуын салыстыру бұлай еместігін көрсетеді. Мысалы, сутегі атомының 3S-күйінің энергиясы – эВ, ал литий атомынікі – эВ, натрийдікі – эВ . Келтірілген деректерге түсінік беріңіз.
24. Сілтілік металдар: а) Li; ә) Na атомдарының негізгі серия­ларының сәуле шығарылуына алып келетін кванттық ауысуларды көрсетіңіз.
25. Қандай серияның сызықтары сілтілік металл атомдарының сәуле шығаруында ғана емес, жұтуында да байқалады?
26. Натрий атомының иондану энергиясы – Eион=5,12 эВ. Осы атом үшін ΔS кванттық ақауды табыңыз.
27. Литий атомының резонанстық потенциалы – Vрез=1,84 эВ. Литий буы жарық шығара бастауы үшін оны қандай температураға дейін қыздыру қажеттігін бағалаңыз.
28. Калий атомының иондану энергиясы – Еион=4,4эВ, ал ең кіші қоздыру энергиясы – Еқоз=1,6эВ. Осы деректер бойынша калий үшін ΔS және ΔP кванттық ақауларын табыңыз.
29. Натрий атомының бас сериясының қысқа толқынды шека­расына λ = 243 нм толқын ұзындығы сәйкес келеді. Атомның:
а) Vi(B) иондану потенциалын; ә) ΔS кванттық ақауын табыңыз.
30. Литий атомы валенттік электронының 2s және 2p күй­леріндегі байланыс энергиясы тиісінше – 5,39 және 3,54 эВ. s- және p-термдері үшін ΔS және ΔP кванттық ақауларын есептеңіз.
31. Бірінші қоздыру потенциалы – 2,10 В, ал негізгі 3s күйдегі валенттік электронның байланыс энергиясы 5,14 эВ болатын натрий атомының 3Р-термі үшін кванттық ақауды табыңыз.
32. Қоздырылған литий атомдары 3s күйден 2s негізгі күйге ауысқанда пайда болатын спектрлік сызықтардың толқын ұзын­дық­тарын анықтаңыз. s- және p-термдері үшін кванттық ақаулар: ΔS = 0,41, ΔP = 0,04.
Энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтардың нәзік түзілісі
33. Релятивтік эффектілер және спин-орбиталық әсерлесу ескерілгенде сутегі тәрізді ионның энергия деңгейлерінің мына шамаға ығысуы болады:
,


мұндағы – нәзік түзіліс тұрақтысы,
– күйдің толық моментінің кванттық саны, Ze – ядро заряды; эВ. Сутегі атомының 2р дең­гейінің Δε нәзік жіктелуін анықтаңыз. Деңгей құраушылары қандай кванттық саны бойынша өзгеше болады?
34. Сутегі атомы үшін 3d→2p мультиплетіндегі (nljnljауы­сулары) рұқсат етілген ауысуларсыз басын салыңыз. Мультиплет­тегі құраушылар санын көрсетіңіз. Осы ауысулардан сызықтардың қандай сериясы пайда болады?
35. Не+ ионы үшін а) Бальмер; ә) Пашен серияларының бас сы­зығы нәзік түзілісінің құраушылары санын және құраушыларының аралығын (см-1 және толқын ұзындықтарда) анықтаңыз.
36. Цезий атомының айқын сериясының бас сызығы – дублет, оның толқын ұзындықтары – 1358,8 және 1469,5 нм. Осы серияның келесі сызықтарының құраушылары аралықтарын жиіліктерде (с-1-де) табыңыз.
37. Валенттік электронының бас кванттық саны n = 4 болған­дағы натрий атомының толық механикалық моментінің мүмкін max мәнін және бұған сәйкес атом термінің спектрлік белгіле­нулерін анықтаңыз.
38. Төменде келтірілген кванттық ауысулардың қайсылары бірэлектронды жүйелердегі (сутегі тәрізді ион, сілтілік метал атомы) электр дипольдық сәуле шығару үшін сұрыптау ережелері бойынша тыйым салынған:


а) ; ә) ; б) ; в) .


39. Термдердің нәзік түзілісін ескеріп, а) Li атомының айқын сериясы; ә) Na атомының диффузиялық сериясы бас сызығы үшін деңгейлердің және кванттық ауысулардың сызбасын кескіндеңіз. Мультиплеттердегі құраушылар санын көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет