Электронныңорбиталықимпульсжәнеорбиталықмагниттікмоменті 11. Сутегі атомындағы 1) s-күйде; 2) p-күйде тұрған электронның орбиталық қозғалысының импульс моментін есептеңіз.
12. Сутегі атомындағы электронның орбиталық импульс моментінің сыртқы магнит өрісі бағытына проекциясының мүмкін мәндерін анықтаңыз. Электрон d-күйде тұр.
13. Алғашында негізгі күйде тұрған сутегі атомы энергиясы ε = 10,2 эВ жарық квантын жұтады. Электронның орбиталық қозғалысының ΔLlимпульс моментінің өзгерісін анықтаңыз. Қозған атомда электрон p-күйде болады.
14. Бас кванттық саны n= 4-ке тең электронның сутегі атомында бола алатын күйлерінің спектроскопиялық белгіленулерін жазыңыз.
15. Сутегі атомындағы электронның орбиталық қозғалысының Llимпульс моменті – 1,83 10-34 Джс. Электронның орбиталық қозғалысынан пайда болатын µeмагниттік моментті анықтаңыз.
16. Сутегі атомында 2p-күйде тұрған электронның Е толық энергиясын, Llорбиталық импульс моментін және µeмагниттік моментін есептеңіз.