Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет5/66
Дата09.03.2022
өлшемі2,08 Mb.
#134766
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
treatise136775

ЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ

НЕГІЗІ ТҮРЛЕРІ

      1. Қысқаша теориялық кіріспе 209

Ядролық реакциялар.
Ядролардың бөлінуі.
Атомдық ядролардың синтезі.
2.3.2. Есеп шығару үлгілері 219
Ядролық реакциялар.
Ядроның бөлінуі.
Термоядролық реакция.
2.3.3. Өз бетімен шығару үшін есептер 235
Ядролық реакциялар



    1. ЭЛЕМЕНТАР БӨЛШЕКТЕР

      1. Қысқаша теориялық кіріспе 240

      2. Есеп шығару үлгілері 245

Элементар бөлшектер

      1. Өз бетімен шығару үшін есептер 252

      2. «Ядролық реакциялар. Элементар бөлшектер» бойынша

бақылау жұмысы үшін есептер 253


Жауаптар 255


ҚОСЫМШАЛАР 268
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ 273


АЛҒЫ СӨЗ

Ұсынылып отырған есептер жинағы атомдық және ядролық физика бойынша есеп шығаруды үйрену үшін студентке көмек беретін құрал болып табылады. Пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес барлық есептер: «Резерфорд – Бор атомы», «Бір электронды атомдық жүйелер», «Көп электронды атомдар», «Атомның магнит­тік қасиеттері», «Атомдық ядролардың құрамы мен қасиеттері», «Радиоактивтік», «Ядролық реакциялар», «Элементар бөлшектер» сияқты сегіз бөлімге бөлінген. Бөлімдегі есептер тақырыптар бойын­ша орналастырылған. Әрбір бөлімде 1) алдымен есептердің мазмұн-мағынасын түсіну және оларды шығару үшін қажетті негізгі физикалық ұғымдар, шамалардың тұжырымдамалары мен түсіндіруі және формулалар қамтылған қысқаша теориялық мате­риал баяндалады; 2) бұдан кейін есептің қалай шығарылғаны түсін­діріледі. Бұл үшін күрделілік деңгейі әр түрлі оншақты есеп толық қарастырылады; 3) әрбір бөлім соңында студенттің өз беті­мен шығаруы үшін есептер, бақылау жұмысы үшін есептер беріл­ген. Есептер көп тараған белгілі есептер жинақтарынан [1-14] алынды.


Барлық есептердің жауаптары берілген. Есептердің шарттарын­да және жауаптарында СИ бірліктерінен құралған еселік және үлестік бірліктер қолданылған.
Есептерді шығарғанда мына әдістемелік нұсқауларды пайдаланған жөн:

  1. Есептің шартын жете ұғынып алып, есепте берілген шамаларды, нені табу керектігін қысқаша жазып алып, барлығын СИ-де өрнектеп, есептің мазмұнын түсіндіретін сызба-сурет салу керек.

  2. Берілген есептің негізіне қандай физикалық заңдар алынғанын анықтап, есепті жалпы түрде, яғни ізделіп отырған физикалық шаманы есепте берілген шамалар арқылы (аралық формулаларға сан мәндерін қоймай, әріптік белгілер арқылы) өрнектеп шығару керек.

  3. Жалпы шешімнің дұрыстығын тексеріп алып, аяққы формулаға сан мәндерін қойып, оның өлшемділігін тексеріп, табылған физикалық шаманың бірлігін көрсету керек.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет