Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет37/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

Геронтология – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық және медицинаның гернатрия (грек. герон және иатрия-емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.
20-ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронто және гериатрия кабинеттер (Алматы, Қарағанды және т.б.) ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді. Егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді.
Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрігерлердің қартайған ағзаға тигізетін әсері, вегетативті жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфологиялық және гистохимиялық өзгерістер зерттейді.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психологиясы зерттейді.
Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерін (сыртқы әсерлерді қабылдауы, көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш қуаты азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық ңішкі әлемге кетуң өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мысалы, қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі. Осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударса, да геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамның көбеюі; олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгерулеріне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланыста пайда болады. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке даярлау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі, амалдарын зерттеу т.б. жатады.
Қартаю – биологиялық процесс; белгілі-бір жасқа жеткеннен кейінгі ағзаның мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінді, иммундық, жүрек қан-тамырының жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айрықша бездерінің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Қартаю кезінде тәннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып, әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды.
Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болады. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе т.б. ішкі ағзада олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды.
Дәнекер тіндердің өзгерістерден қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді.
Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде ішкі секреция бездерінде иммундық, жүрек қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады.
Қарт адамдарда гипоксия ауруының дамуы байқалады. Қан тамырының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек-қан тамырларының жүйкелік және гуморальдік реттелулері өзгереді. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю егде тартқан жасқа кедсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өз-өзін күтіп айналасына назар аударып, белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы ауруы мен немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады.
Қартаюдың қазіргі теориялары жас шамасының ұлғаюына байланысты ағуыз синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклейн қышқылдары (ДНК) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған ағзада түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес, қалыпты жасушаларды да бұзып, жоятыны анықталды.
Қартаю кезінде жасушалардың энергетик (жылу бөліну) процесстері өзегереді. Толықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, метохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен роль атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы да байқалады, бұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – гетчинсон – Гильфорд синдромы, балалардың аутосомдық – регрессивтік жолымен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауру.
Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың 1 жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10-20 жаста жүрек инфарктына өлімге әкеледі. Баланың бой өсуі баяулайды, шашы ағарып түсе бастайды, терісі жұқарланып, қатпарланып кетеді, көз бұршағының бұлыңғырлауы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырының атеросклерозы т.б. дамиды.
Осындай кәрілікке тән белгілердің 15-25жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшықет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия).
Қартаюға байланысты ағзада зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді.
Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ол жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім болып табылады.
Әдетте адам өмірінің соңғы кезеңін кәрілік деп атайды. Көптеген ғалымдар 60 жастан жоғары кезеңді геронтогенездепте атайды. Ал бұл жасты зерттеумен геронтология айналысады. Геронтология – адамның қартаю үрдісін зерттейтін ғылым. Кәрілік психологиясына тән нышандарға мыналар жатады: уайымшылдық, мақтаншақты, өткен өмірінің мәнсіз сәттеріне өкіну, жастарды, шуды жақтырмау, тыныштық іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу, сөздері мен істерін қайталай беруі, белгілі бір деңгейде писсимизм, түңілу. Кәрілік әр адамда әр түрлі өтеді. Шығармашылықпен айналысатын адам өзінің белгілі идеяларын іске асырып немесе жазып қалдыру үшін барын салуы мүмкін. өмір бойы белсенді қызмет атқарған адам зейнетке шығуды ауыр қабылдайды, жанталасып мамандығы бойынша жұмыс істей бергісі келеді. Ал көп азап көріп, бейнеті мол еңбек еткендер зейнетке шығуды қанағатпен қабылдап, күнделікті тіршілікпен өмір сүре береді. Кәрілік адам өмірінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Осы жасқа жеткен алдамдар үш топқа бөлінеді.
1. Кемел жастағы адамдар
2. Қартайған адамдар.
3. Ұзақ өмір сүретіндер.
Қартаю кезеңі ересектік жастан кәрілікке өту кезеңі болып табылады. Генетикалық бағдаламаланған қартаю үрдісі осы кезеңін ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Бұл жастағы адам физикалық жағынан әлсіз болады, энергиялық қоры азайады, қан тамырлары мен иммунндық жүйесінің қызметі нашарлайды, яғни организмнің жалпы қартаюы жүреді.
Сенсорлық қызметтердің көпшілігі нашарлап, соның салдарының когнетивті жүйенің дамуында өзгерістер болады. Біріншіден интеллектуалдық қызметтері зардап шегеді. Бұл үрдістердің динамикасы субъективті факторларға, тұлғаның ерекшелігіне, оның кәсіби ерекшелігіне байланысты.
Есте сақтауы ойлауымен тығыз байланысты логикалық байланыстарға негізделеді,сондықтанда қарт адамның ойлауы өзге таңымдық үрдістерге қарағанда жоғары дамыған.
Эмоциялық сфераларында басқаруға келмейтін күшті аффективті реакциялар (күшті жүйкелік қозу) көрініс береді. Адам эгоцентрлі болады. Күрделі жағдайлармен күресу қабілеттері төмендейді. Ертектер пассивті болса, әйелдер – агрессивті бейлікке құштар болады. Қарт адамдар өлім туралы көп ойлайды. Пенсияға шығу адамның қоғамдағы рөлін өзгертеді және ол мативациялық сферасына әсер етеді. 60 жастағы адамдар мотивациясы ұрпаққа рухани байлық беру.70 жастан кейін денсаулықтты дұрыс қалпында ұстау өзекті мәселе болып табылады. Коллекциялар жинауға, музика мен көркем суреттерге қызығушылықтар пайда болады. Қарт адам үшін отбасындағы қарым-қатынас манызды болып табылады, себебі отбасылық қатынас оған қорғаныс,тұрақтылық сезімен береді.
Қарттық кезеңде ңмен концепциясың өзгерістерге ұшырайды. Адам өзінің өткен шағын, қазіргі және болашағын салыстыруға, тырысады. Егер адамда мен концепциясы позетивті болса, онда оның тұлғалық дамуы одан әрі жалғаса береді және қартаю үрдісін байаулапуға мүмкіндік беретіен оптимистік бағыт байқалады.
Қартаю кезеңге деген еңбектілікке қабілеттіліктің сақталуы адамның еңбек іс-әрекетінің ұзақтылығына байланысты.Физикалық денсаулық, қабілеттер, іс-әрекеттің қалыптасқан тәсілдері, білім деңгейі – осылардың барлығы еңбек қабілеттерін сақталуына ықпал етеді.
Қарт адамның мінез-құлығын келесідей факторлар анықтайды: психофизикалық мүмкіндіктердің төмендеуі, жынысы, тұлғаның типі, белсенді әлеуметтік өмірден біртіндеп қол үзуі, жақын адамдарынан айырылу және жалғыздық , өлімнің жақындығын сезіну.Физикалық дүниесі тарылады да дінге деген қызығушылық арта бастайды.
2. Соңғы кезеңнің басталуы әдетте биологиялық картаюдың жылдамдауымен байланысты. Физикалық күші төмендейді, денсаулығының жалпы күйі нашарлайды. Кейбір психикалық қызметтерінің деңгейі төмендейді. Сезім мүшелерінің қызметтері нашарлайды. Осы регрессиялық үрдістердің көрініс беруі әр адамда әр түрлі болады. Осы шақта адам нақты даналыққа ие болады. Даналық дегеніміз-бұл өлім алдында өмірдің мәнің сөзсіз саналы түсіну.
Қазіргі таңда геронтологтардың зейіні қартаюдың медико-биологиялық себептерін анықтауға бағытталған. Осы мәселені шешу адам өмірін 100-150 және оданда артық жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Егер адамның психологиялық болашағы болмаса, адамның ұзақ өмір сүруіне ешқандай медико- биологиялық құрал көмектеседі. Психологиялық жасты ескеру арқылы тұлғаның даму ерекшелігін түсініп болжауға мүмкіндік береді. Қартаю кезіңде психологиялық жастың адекватты болуы әсіресе жастық сезімнің сақталуы тұлғалық дамумен байланысты. Соңғысы өте маңызды болып табылады: Тұлғаның қарқынды дамуы, өзін дамытуға талаптаңу кез келген жас кезеңге тән. Осыған байланысты психологиялық жас хранологиялық жасқа қарағанда маңызды.
Кәрілік адам өміріндегі соңғы кезең болғандықтан өлім мен оған деген қатынас туралы бірнеше мәселелер туындайды. Өлімге дайындалу керек пе? Оны адам қалай уайымдайды? Өлім әрқашанда қайғылы ма? Немесе табиғи үрдіс болып табылады ма? Өлім мәселесі – философиялық және діни мәселелермен байланысты болғанмен де психологиялық мәселе болып табылады.
Өлімге деген қатынасқа антикалық замандағы философтардың өздері көңіл бөлген. Эпикурдың айтуынша, өлім адам қайғысының маңызды бір көзі болып табылады екен.
Кәрілік жасы – адамның орта жастан кейін келетін, қоғамдық еңбектен босап, еңбегінің зейнетін көретінматериалдық қамтамасыз етілетін құрметті демалысқа шығатын жасы. Шартты түрде кәрілік адамның зейнетке шығу жасына жетуінен басталады деп есептеледі. Алайда, шын мәнінде, кәрілік адамның жеке басының қасиеттеріне, психологиясына, өзін сақтауына, өмір салтының салауаттылығына, ішкі мәдениетіне байланысты. сондықтан, кейбіреулер зейнеткер жасына жетпей немесе жете салып өзөін қаусаған кәрі сезінсе, екінші біреулер зейнеткер жасына келгеннен кейін де ондаған жылдар бойы кәрілігін сезінбей, қоғамдық белсенділігін жалғастыра береді.
Кәрілік жаста кәрілік кемақылдылық деген ұғым жиі кездеседі. Ол дегеніміз қартайған адамның ақыл-ойының сарқылуының салдары болып табылатын, оның өмірлік қызметі үрдісінде қисынсыздық мөлшерінің артуы, бұрын атқарып келген ісін одан әрі жалғастыруға жарамсыз болып қалуы. Кәрілік кемақылдылыққа душар болған адамның сөзі көп, ісі шалағай, пайдасыз болады. Кейде ол артық сөздер айтады. Ұмытшақ болып, ақылға сиымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. Бірақ ол онысын мойындамайды, кезінде атқарған ісін әлі де жасай алатындығына және оны өзгелерден артық жасайтындығана сенімі мол болады. Сондықтан ол өзгелердікін жаратпай, тек өзінікін үлгі ретінде ұсынып, өзгерелдікінің барлығын сынға алады.
Кәрілік кемақылдылық кейде шектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін құлдырап қалуы мүмкін. Қазақта мұны алжу дейді. Кәрілік кемақылдылық қартайған адамдардың бәріне тән емес, ол ақыл-ойы мен жеке басының мәдениеті жоғары, өзіне сыншыл көзқараспен қарайтын, парасатты адамдарда сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет