Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


Тұқымның  ісіну  жылдамдығы



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)
Агрохимия СПУ- экзамен 02.04

Тұқымның  ісіну  жылдамдығы  бұршақ  тұқымдас  өсімдіктерді 
(жоңышқа,  беде)  КОН  немесе  NaОН-дың  0,5%  ерітіндісінде  өлі  тұқым 
қабықтарының  әртүрлі  өткізгіштігіне  негізделген.  20°С  жылылықта  45 
минут  өткенде  тіршілікке  қабілетті  тұқымдар  ісінеді,  ал  өлі  тұқымдар 

 
22 
 
ісінбейді. 
Люминесценттік  тәсіл  ылғалдандырылған  сүзгіш  қағазда  30-45 
минөттен соң өлі тұқымдардан бөлінген заттардың флуоресценциясына 
негізделген.  Жарықтың  ультракүлгін  сәулелермен  қарағанда  (УФС, 
жарық  сүзгішті  ОИ-18  жарықтандырғышпен)  өлі  тұқымдардың 
айналасында  тұқым  мөлшерінен  үлкенірек  ашық  флуоресценцияланған 
дақтар  байқалады  (беде  тұқымында  қызыл,  ал  жоңышқа  —  көкшіл 
түсті). 
Көптеген  екпе  дақылдар  тұқымдарының  тіршілікке  қабілеттілігін 
тетразол,  индиго-кармин  немесе  қышқыл  фуксин  бояғыш  заттармен 
анықтағанда тұқымды алдын ала 18-20°С жылылықта белгілі бір  уақыт 
аралығында  (қара  бидай,  сұлы  ж.б.  —  1-2  сағ.;  арпа,  күнбағыс  —  4,5; 
бидай, жүгері – 5-6; қарақұмық – 16-17, асбұршақ, сиыржоңышқа т.б. — 
16-18  сағ.)  суда  дымқылдандырады,  содан  соң  тұқымды  ұзын  бойымен 
тең  екі  жартыға  бөледі  (бидай,  арпа,  сұлы,  жүгері,  күріш),  немесе   
тұқымдық      қабығын      алып      тастайды      (асбұршақ,      күнбағыс, 
сиыржоңышқа т.б.). талдауға тұқымның бірінші жартылары алынады, ал 
екінші  жартысы  суы  бар  ыдысқа  қалдырылады  да  қажет  болғанда 
анықтауды қайталайды. 
Тұқымды  тетразолда  бояу  тәсілі  ұрықтың  тірі  клеткаларының 
түссіз хлорлы тетразолды фармазанға айналдыру қабілетіне негізделген. 
Осының  нәтижесінде  тұқымның  ұрығы  қызыл  түске  боялады,  ал  өлі 
тұқымның  ұрығы  түссіз  қалады.  Бұл  тәсілді  қолданғанда  дайындалған 
әрбір  жүз  жартыкешті  суда  мұқият  жуады,  соңынан  оларды  стақанға 
салып үстінен 0,5% тетразол ерітіндісін құяды да 20
о
С жылылықта 1 сағ. 
30  мин. немесе 30°С  жылылықта 40-50  мин  уақытқа  қалдырады.  Тиісті 
уақыт  өткен  соң  тұқымды  мұқият  тексереді.  Тіршілікке  қабілетті 
тұқымдарға ұрығы боялған тұқымдарды жатқызады. 
Тұқымның  индигокармин  немесе  қышқыл  фуксинде  боялу 
тәсілі  ұрықтың  тірі  клеткаларының  ерітіндіні  өткізбейтін,  ал  өлі 
клеткалардың  жеңіл  өткізіп  боялатын  ерекшелігіне  негізделген.  Бұл 
тәсілде  стақандағы  жуылған  тұқым  жартыкештеріне  немесе  қабығы 
алынған бүтін тұқымдарға 0,1 % индигокармин немесе қышқыл фуксин 
ерітіндісін  зерттеліп  отырған  материал  толық  жабылғанша  құяды. 
Белгілі бір уақыт өткеннен кейін (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қара құмық 
т.б. үшін 10-15 мин; асбұршақ, атбас бұршақ, майбұршақ, сиыржоңышқа 
т.б.  2-3  сағ.)  тіршілікке  қабілетті  (ұрығы  боялмаған)  және  тіршілікке 
қабілетсіз (ұрығы боялған) тұқымдарды есептейді. 
 
Екі  талдау  нәтижелері  8-кестеде  келтірілген  жұмыс  бланкісіне 
жазылады. 
8-кесте – Тұқымның тіршілікке қабілеттігін анықтау 
Үлгі 
Анықтау тәсілі 
Тіршілікке қабілеттілік көрсеткіші, % 

 
 

 
 
Орташа  
 
 

 
23 
 
Екі  талдау  нәтижелерінің  ауытқулары  9-кестеде  келтірілген 
көрсеткіштерден аспауға тиіс. 
 
9-кесте – Тұқымның тіршілікке қабілеттілігінің орташа арифметикалық 
көрсеткіші және екі үлгіні талдау нәтижелеріндегі рұқсат етілгені 
Тіршілікке 
қабілеттіліктің 
орташа 
арифметикалық 
көрсеткіші, % 
Екі үлгі 
бойынша 
ауытқулар, 

 
Екі үлгі, 
нәтижелері 
бойынша 
рұқсат 
етілген 
ауытқулар, 

Тіршілікке 
қабілеттіліктің 
орташа 
арифметикалық 
көрсеткіші, % 
 
Екі үлгі 
бойынша 
ауытқулар
, % 
Екі үлгі 
нәтиже-
леріне 
сәйкес 
рұқсат 
етілген 
ауытқу-
лар, % 
 
99 


88-89 
11-12 

98 


84-87 
13-16 
10 
97 


79-83 
17-21 
11 
95-тен 96-ға 
дейін 
4-5 

74-78 
22-26 
12 
93-,94 
6-7 

65-73 
 
 
90-, 92 
8-10 


27-35 
13 
 
Үлгілерді талдаудың нәтижелеріндегі айырмашылықтар рұқсат етілген 
ауытқулардан асып кетсе анықтауды қайталайды. 
Тұқымның  тіршілікке  қабілеттілігін  бояу  тәсілімен  анықтаудағы 
жұмыс тәртібі: 
- негізгі дақылдың таза тұқымынан 100 данадан екі үлгі бөлінеді; 
-  екі  үлгіні  де  температурасы  18-20°С  жылылықта  сонша  уақыт 
суландырады (дымқылдандырады); 
- суланған   тұқымдарды   (сұлы   мен   күрішті   әуелі   гүл қауызынан 
ажыратады) ұрық бойымен екі жартыға тіледі; 
-  талдамаға  бір  жартылар  алынады,  ал  екінші  жартыларды  суы  бар 
стақанға  сальш  қояды  және  оларды  талдауды  қайталауға  тура  келген 
жағдайда пайдаланады
-  дайындалған  әрбір  100  жартыкешті  ерітіндіге  салады  да  қараңғыда 
ұстайды: тетразолда 20°С жылылықта 1 сағ 30 минөт, 30°С да 40-50 мин; 
индиго-кармин, немесе қышқыл фуксин ерітінділерде — 10-15 минөт; 
-  белгіленген  уақыт өткеннен кейін тұқым жартыкештері  ерітіндіден 
алынады,  сумен  жуылады  және үлкейткіш  шынының  көмегімен  немесе 
жай көзбен қаралады; 
-  боялған  (тетразолда)  немесе  боялмаған  (қышқыл  фуксин,  немесе 
индиго-карминде)  ұрықтар  саны  бойынша  тіршілікке  қабілетті  тұқым 
пайызын белгілейді; 
есептеу нәтижелерін жұмыс бланкісіне (8-кесте) жазады; 
- екі үлгі деректері бойынша тұқымның тіршілікке қабілеттілігінің 
орташа  арифметикалық  көрсеткіші  есептеледі  және  рұқсат  етілген 
ауытқулармен салыстырылады; 

 
24 
 
-  талдама  нәтижелері  рұқсат  етілген  ауытқулардан  асып  кеткен 
жағдайда  анықтауды  стақанда  қалдырылған  екінші  жартыкештерде 
қайталайды. 
 
                ТҰҚЫМ  ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ (МҮҚ 12041-82) 
 
Тұқым  ылғалдылығы  –  себу  сапасының  маңызды  көрсетікіші. 
ЬІлғалдылығы  жоғары  тұқым  сақтауға  рұқсат  етілмейді,  өйткені  мұндай 
тұқым  өздігінен  қызудың,  көгеріп  кетудің  т.б.  әсерінен  зертханалық 
өнгіштікті  шарасыздан  төмендетеді.  Осыған  байланысты  тұқым 
ылғалдылығы  әртүрлі  екпе  дақылдар  үшін  және  географиялық 
аймақтарға  үлгіқалыптармен  мөлшерленеді.  Тұқым  ылғалдылығы 
бидайда,  арпада,  қара  бидайда  астық  тұқымдас  шөптерде  Солтүстік 
Қазақстанда  16-17  пайызбен,  ал  Қазақстан  Республикасының 
оңтүстігінде  15-16%-тен  аспағаны  жөн.  Аймаққа  байланысты  тары 
тұқымының  ылғалдылығы  14-16%,  қара  құмық  пен  асбұршақта  14-17% 
болуға тиіс. 
Тұқым  ылғалдылығы  –  тұқымдағы  ылғалдың  пайыздық  мөлшері. 
Оны  тұқымдық  инспекцияға  үлгі  жеткізілгеннен  кейін,  екі  тәуліктің 
ішінде,  кептіргіш  шкафта  көшіру  тәсілімен  (негізгі  тәсіл)  немесе 
электрылғал  өлшегіштерде  анықтайды.  Осы  мақсат  үшін  екінші  орташа 
үлгіден (шыны сауыттан) мына мөлшерден кем болмайтын үлгі бөлінеді: 
дәнді,  бұршақ  дақылдары,  күнбағыс,  сиыржоңышқа  және  басқа  ірі 
тұқымды  дақылдарда  –  50  г,  жоңышқа,  итқонақ  т.б.  ұсақ  тұқымды 
дақылдарда  –  20  г.  Тұқымды  шөлмектен  төмен  төккен  кезде  оның 
ағысының  басында,  ортасында  және  соңында  қалақшамен  қиып  алу 
арқылы  алады.  Тұқым  ылғалдылығын  кептіргіш  шкафта  анықтағанда 
мына шарттарды орындау қажет (10-кесте). 
 
     10-кесте – Кептіргіш шкафтарда тұқым ылғалдылығын анықтаудың шарттары 
№ 
қатары 
Дақылдар 
Кептіруге дейін 
тұқымды алдын 
ала дайындау 
Кептіру 
температурасы, 
°С 
Кептіру 
уақыты, 
минөт 

Дәнді,     дәнді 
бұршақ 
Зертханалық 
диірменде 
ұнтақталады 
130 
40 

Күнбағыс, 
қыша, шөптер 
ж.б. 
Бүтін күйінде 
көшіреді 
130 
60 

Техникалық 
ж.б. дақылдар 
Бүтін күйінде 
көшіреді 
100-105 
300 
 
Бүтін  немесе  ұнтақталған  тұқымдардың  әр  жерінен  шамалы 
тұқымнан  алып  әрқайсысы  5  г  екі  шөкім  құрастырылады  да  солар 
арқылы  тұқым  ылғалдылығы  анықталады.  Шөкімдерді,  алдын-ала 
қақпағымен  бос  күйінде  өлшенген,  металл  бюкстерге  салып  өлшейді. 

 
25 
 
Кептірілгеннен  кейін  бюкстерді  тұқымымен  кептіргіш  шкафтан  алып 
эксикаторда 15-20 мин. салқындатады да өлшейді. 
Барлық  өлшеу  нәтижелері  мен  есептеулер  төмендегі  кескіндегі 
жұмыс бланкісіне жазылады (11-кесте). 
 
11-кесте – Тұқым ылғалдылығын анықтайтын жұмыс бланкісі 
Бюкс 
нөмірі 
Массасы 
20г 
шөкім-
нің 
кептр-
геннен 
кейінгі 
массасы, 
г 
Қақпа-
ғы мен 
бюкстің 
нөмірі 
 
 
Қақпа-
ғы мен 
бюкстің 
салма-
ғы, г 
Қақпағы мен 
бюкстің бес 
грамдық 
шөкіммен 
салмағы, г 
Бес 
грам-
дық 
шөкім

нің 
кептір-
геннен 
кейінгі 
масса-
сы, 
г 
ЬІлғалдылық, 

кептір-
генге 
дейін 
кептір-
геннен 
кейін 
шөкім-
дердің 
орташа 
көрсет-
кіші 

 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
Орташа    
 
 
 
 
 
 
 
 
Шөкімді       кептіргенге      дейінгі      және      кептіргеннен      кейінгі 
өлшеулердің айырмасы шығындалған ылғалға тең. 
Тұқым  ылғалдылығы  (%)  шығындалған  ылғалды  100-ге  көбейтіп 
шөкім мөлшеріне бөлгенге тең: 
Ы 


а
б
а
100
*


мұнда, Ы — тұқым ылғалдылығы, % 
     а — шөкімнің кептіруге дейінгі массасы, г.  
     б — шөкімнің кептіргеннен кейінгі массасы, г. 
Екі  шөкімнің  ылғалдылық  көрсеткіштерінің  айырмасы  0,2%-тен 
аспауға тиіс, олай болмаған жағдайда талдау қайталанады. 
Ылғалдылығы  жоғары  (20%-тен  жоғары)  тұқымдарды  алдын  ала 
кептіреді.  Ол  үшін  үлгіден  20  г  шөкім  алынады  (жоғарыда  келтірілген 
әдістеме  бойынша),  оны  кептіргіш  шкафта  105°С  температурада  30  мин 
бойы кептіреді. 
Осыдан кейін эксикаторда салқындатылады да өлшенеді, ал соңынан 
үлгі ұнтақталады және одан 5 г екі шөкім алынады. Қайтадан ұнтақталады 
және 130°С-да 40 мин кептіреді. Бұл жағдайда тұқым ылғалдылығын (Ы) 
мына анықтама бойынша есептейді: 
 
Ы = 100 – (А*б), 
 
мұнда,    А  –  ұнтақталмаған  шөкімнің  алдын  ала  кептрілгеннен 
кейінгі массасы, г; 
   Б  –  алдын  ала  кептірілген  және  ұнтақталған  тұқым  шөкімінің 
кептірілгеннен кейінгі массасы, г. 

 
26 
 
Тұқым  ылғалдылығын  анықтауды  тездету  үшін  әртүрлі  электр 
ылғалөлшегшітерді  пайдаланады.  Оларға  арнаулы  нұсқаулар  жасалған, 
солар бойынша ылғалдылық анықталады. 
Жоғары  ылғалдылықтағы  тұқымның  ылғалдылығын  кептіру 
тәсілімен анықтағаңдағы жұмыс тәртібі: 
екінші орташа үлгіден (шөлмектен) дақылдарға байланысты тиісті 
мөлшерде  үлгілер  бөлінеді  (үлгіқалып  талаптарына  сәйкес)  тұқымды 
шөлмектен  төккен  кезде  оның  ағысының  басында,  ортасында  және 
соңында қалақшамен қиып алу арқылы алады; 
бүтін немесе ұнтақталған тұқым ер жерінен 5 грамнан екі шөкім 
құрастырылатындай нүктелік үлгілер алынады; 
қақпағымен өлшенген бюкстерге шөкімдерді салып өлшейді
кептіргіш  шкафты  тұқым  үлгілерін  кептіруге  дайындайдьі  ол 
үшін оның температурасын қажетті дәрежеге дейін (үлгіқалыпқа сәйкес) 
жеткізеді; 
қақпағы  ашық  бюкстерді  тұқым  шөкімімен  кептіргш  шкафқа 
орналастырады; 
белгіленген уақыт өткен соң кептіруге қойылған металл бюкстер 
шөкіммен бірге көшіргіш шкафтан алынып, салқындату үшін эксикаторға 
салынады; 
15-20  минөттен  кейін  шөкім  салынған  бюкстеі  эксикатордан 
түсіріледі де 0,01 г дәлдікпен өлшенеді; 
барлық  өлшеулер  мен  есептеулердің  нәтижелері  кесікін  жоғарыда 
келтірілген жұмыс бланкісіне жазылады. 
Тұқымның      ылғалдылығын      пайызбен    екі  шөкім  бойынша  бұдан 
бұрын келтірілген анықтама бойынша есептейді. 
 
ТҰҚЫМНЫҢ ӨСУ КҮШІН АНЫҚТАУ (МҮҚ 12040-66) 
 
Тұқымның  өсу  күші  дегеніміз  тұқым  өскінінің  белгілі  бір  құм 
қабатын жарып шығу қабілеті мен осы өскіндердің массасы. 
Тұқымның  өсу  күшін  оның  өну  энергиясы  төмен  болғанда, 
аурулармен  залалалданғанда  және  айтарлықтай  көп  шамада  қалыпсыз 
өскіндер  мен  жарақаттанған  тұқымдар  болғанда,  сонымен  қатар  бір 
сорттың  бірнеше  тұқым  тобын  салыстырмалы  түрде  бағалағанда 
анықтайды. 
Өсу  күшін  анықтаудың  әдістемесі  тек  қана  дәнді  дақылдар,  зығыр 
және күнбағыс үшін жасалған. 
Дәнді дақылдар мен зығыр тұқымның өсу күшін анықтау үшін негізгі 
дақылдың  таза  тұқымынан  100  данадан  екі,  ал  күнбағыстан  25  данадан 
төрт үлгі санап алынады. Тұқым қалың қабырғалы шыны, немесе саздан 
жасалған  биіктігі  16  см  және  диаметрі  18  см  сауыттарда  көктеледі. 
Сауытты  саңылауларының  диаметрі  1  мм  елеуіштен  өткізілген  кварц 
құмымен толтырады, зығыр мен дәнді дақылдардың тұқымы үшін оны ең 
аз ылғал сиымдылықтың 60%, ал күнбағыс тұқымы үшін 15% мөлшеріне 

 
27 
 
дейін  дымқылдандырады.  Ішінде  бос  қуыс  қалмайтындай  етіп  құмды 
тығыздайды  және  бетін  тегістейді,  оның  қалыңдығы  сауыт  ернеуінен  2 
см  төмен  әрі  дәнді  дақылдар  мен  зығыр  тұқымының  сіңіру  тереңдігіне 
тең болуы керек, ал күнбағыс тұқымына төсеніш қалыңдығы 7 см болған 
жөн.  Тұқымдарды  сепкеннен  кейін  олардың  бетіне  1,0-1,25  мм 
шамасындағы ірірек құрғақ – ауа күйіндегі құммен дәнді дақылдарды 3 
см, ал зығыр тұқымын 2 см қалыңдықта жабады. Күнбағыс тұқымдарын 
үшкір  ұшымен  төмен  қаратып  құмға  сіңіреді  де  бетін  қалыңдығы  7  см 
етіп  зығырға  пайдаланылғандай  шамадағы  құрғақ-ауа  күйіндегі  құммен 
жабады.  Барлық  дақылдардың  тұқымдары  құмға  сіңірілгеннен  кейін 
сауыттың ернеуі жабылған құмнан 2 см биік қалуға тиіс. Дәнді дақылдар 
мен  зығыр  себілтен  сауыттардың  беті  шыны  табақшалармен  жабылады 
және тұқым 16-18°С жылылықта жарықтанған ортада көктетіледі. Жаңа 
жиналған  тұқымдар  алғашқы  төрт  тәулікте  8-12°С  температурада 
көктетіледі. Алғашқы  өскіндер шыны табақшаға жеткен  кезде  оны  алып 
тастайды,  ал  өсу  күшін  10  тәулікте  анықтайды.  Күнбағыс  тұқымы 
себілген  сауытты  шыны  табақшамен  жаппайды  және  20  С  жылылықта 
көктетеді,  әрі  өсу  күшін  12-ші  тәулікте  анықтайды.  Егер  қажетті 
температурамен  қамтамасыз  ету  мүмкіншілігі  жоқ  болса,  онда  тұқым 
25°С-да көктетіледі де өсу күшін 9-ші тәулікте анықтайды. 
Есептеу жүргізілген күні барлық дақылдардың егін көгін (өскіндерді) 
құм бетімен бірдей етіп кеседі де жеке-жеке мыналарды санайды: 
1. Сыртқа шыққан қалыпты өскіндер. 
2. Өнген бірақ сыртқы бетке шыға алмаған өскіндер; 
3. Ауру және шіріген өскіндер; 
4. Қалыпсыз өнген тұқымдар; 
5. Ісінген (бөрткен) тұқымдар; 
6. Шіріген тұқымдар. 
Сонымен бірге сыртқы бетке шыққан өскіндерді өлшеп, 100 өскінге 
шыққан массасын (г) анықтайды. 
Тұқымның  өсу  күшінің  қорытынды  көрсеткіштеріне  өскіндердің 
пайызбен алынған орташа мөлшері мен 100 өскінге шаққандағы массасы 
(г)  жатады.  Барлық  есептеулер  мен  өлшеулердің  нәтижелері  төмендегі 
кескіндегі жұмыс бланкісіне жазылады (12-кесте). 
Тұқымның өсу күшін анықтаудағы жұмыс тәртібі: 
-  негізгі  дақыл  тұқымынан  дәнді  дақылдар  мен  зығыр  үшін  100 
данадан екі үлгі жөне күнбағыс үшін 25 данадан төрт үлгі санап алынады; 
-  күні бұрын қыздырылған кварц құмын саңылау диаметрі 1,0 мм 
елеуіштен өткізеді (елейді); 
-  дәнді 
дақылдар  мен  зығыр  тұқымына  құмды  ең  аз 
ылғалсыйымдылықтың  60%,   ал  күнбағысқа   15%   мөлшеріне  дейін 
дымқылдандырады; 
-  сауыттар  дымқылданған  құммен  толтырылады,  тығыздалады, 
беті тегістеледі, тиісті тұқымдармен себіледі; 
 

 
28 
 
12-кесте – Тұқымның өсу күшін анықтаудың жұмыс бланкісі 
Үлгі 
 
 
 
Есептеу жүргізілген күнгі 
сыртқа шыққан қалыпты 
өскіндер 
Саны, % 
cаны, 

 
 
массасы, г 
есептеу жүргізілген 
күнгі сыртқа шыға 
алмаған қалыпты 
өскіндер 
 
 
қалып- 
сыз 
өскен 
тұқым- 
дар 
 
 
бөрткен 
тұқымдар 
 
 
нақты 
өскін-
дердің 
100 өскінге 
шаққандағы 

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
Орта- 
ша 
 
 
 
 
 
 
 
-  МҮҚ  12040-66  талаптарына  сәйкес  тереңдікке  тұқымдар  себіледі 
де беті құммен жабылады
-  Дәнді  дақылдар  мен  зығыр  себілген  сауыттардың  беті  шыны 
табақшалармен жабылады; 
-  Көктету уақыты өткеннен кейін барлық егін көгі (өскіндер) кесіп 
алынады,  жеке-жеке  үлгілер  бойынша  саналады,  әрі  өлшенеді,  басқа 
күйдегі тұқымдар да саналады
-  Есептеулер  мен  өлшеулер  нәтижелері  жоғарыда  келтірілген 
арнаулы жұмыс бланкісіне жазылады
-  Тұқымның  өсу  күшінің  сандық  (%)  және  сапалық  (г) 
көрсеткіштері анықталады. 
 
ТҰҚЫМНЫҢ АУРУЛАРМЕН ЗАЛАЛДАНУЫН АНЫҚТАУ  
(МҮҚ 12044-66) 
 
Тұқымтану  практикасында  (іссанасында)  тұқымның  аурулармен 
залалдануын (дерттенуін) анықтауға үлкен мән беріледі. Ауру тұқым жиі 
түрде  ауылшаруашылық  дақылдарының  өнімі  мен  сапасының 
нашарлауына  әкеліп  соғады.  Сондықтан  да  тұқымның  аса  қауіпті 
аурулармен  залалдануына  жол  берілмейді,  немесе  мемлекеттік 
үлгіқалыптармен шектеледі. 
Тұқымның  аурулармен  залалдануын  анықтағанда  саңырауқұлақ  және 
бактериялық  аурулардың  бар-жоғын,  олардың  түр  құрамын  және 
тұқымның залалдануы дәрежесін белгілейді. 
Аурулармен  залалдану  нәтижелерін  дақылға  және  ауру  түріне 
байланысты  массаның  пайызымен  немесе  1  кг  тұқымға  шаққандағы 
санымен  есептейді.  Тұқымның  аурулармен  залалдануын  анықтау  үшін 
мемлекеттік  үлгіқалыптармен  төмендегідей  4  тәсіл  қарастырылған: 
макроскопиялық, центрифуга тәсілі, биологиялық және люминесценттік. 

 
29 
 
Біз екі тәсілді баяндаумен ғана шектелмекпіз. 
Макроскопиялық  тәсіл.  Тұқым  тазалығын  анықтағанда  жай 
көзбен,  немесе  үлкейткіш  шынының  көмегімен  ондағы  қоспаларды  да 
анықтайды:  бидай,  арпа,  сұлы,  астық  тұқымдас  шөптерде  –  қара  күйе 
қапшықтары  мен  қастауыш  (спорынья)  склероцийлерін  тұқым 
массасына  пайызбен,  ал  бұршақ  дақылдарында  –  ақ  және  сұр  шірік 
склероцийлерінде де тұқым массасына пайызбен. 
Люминесценттік  тәсіл.  Негізгі  дақылдың  тұқымдары  қара  қағаз 
бетіне  салынып,  ультра  күлгін  жарықтағыш  аспаптың  астына 
орналастырылады.  Бидайдың  сау  тұқымдары  көкшіл-жасыл  немесе 
көкшіл-күлгін  түспен  жарықталады,  ал  қара  күйе  ауруымен  жоғары 
дәрежеде залалданған тұқымдар қоңыр, көмескі түсте қалады. 
Асбұршақ  тұқымының  кесел  (аскохитоз)  және  фузариозбен 
залалданған жерлері көмескі қызыл-қоңыр түспен жарықталады. 
Қант  қызылшасының  тұқымдары  құрғақ  шірікпен  (фомоз) 
дерттенгенде тұқымның бетіндегі саңырауқұлақ пикнидалары ақ күңгірт 
түспен, ал фузариозбен залалданған жүгері тұқымы ашық қызғылт-сары, 
немесе қызыл-күрең түспен жарықталады. 
Тұқымның  аурулармен  залалдануын  (дерттенуін)  анықтау 
жұмысының тәртібі: 
-  тұқым  тазалығын  анықтауға  арналған  бірінші  орташа  үлгі 
үлкейткіш  шынының  көмегімен  тыңғылықты  түрде  қаралады  және 
ондағы  қоспалардың  барлығы  анықталады,  сонымен  бірге  қаракүйе 
қапшықтары  мен  қастауыш  склероцийлері  үлгі  массасының  пайыз 
мөлшерімен есептеледі; 
-  ас бұршақ тұқымын қара қағазға жайып, ультракүлгін жарықтағыш 
аспабының астында тексереді; 
-  аскохитозбен  (кеселмен)  дерттергендігі  анықталса,  оның  пайыз 
мөлшерін үлгі массасы бойынша есептейді. 
 
ТҰҚЫМНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН ЗАҚЫМДАНУЫН 
АНЫҚТАУ (МҮҚ 12045-66) 
 
Тұқымның  зиянкестермен  зақымдануын  айқын  және  жасырын 
түрінде  анықтайды.  Оның  үстіне  пакетпен  алынған  үшінші  орташа 
үлгіні тұқым инспекциясына түскеннен кейін екі тәуліктен кешіктірмей 
талдаған жөн. Егер талдама (талдау) жылдың суық кезеңінде жүргізілсе, 
онда  тұқым  үлгісі  комната  температурасында  1,5-2,0  сағат  ұсталады. 
Кенелерді  қозғалысқа  келтіру  үшін  тұқым  үлгісін  25-28°С  20-30  минөт 
бойы жылытады. 
Тұқымның айқын жарақаттануын (зақымдануын) анықтау. Тұқым 
үлгілерін  диаметрі  2,5  және  1,35  мм  дөңгелек  саңылаулы  екі  елеуіште 
елейді.  Ұсақ  тұқымды  дақылдарға  саңылау  диаметрі  1  мм  елеуіш 
қолданылады. Тұқым 3 минөт еленеді. Елеуіштен өткен массаны астына 
қара  қағаз  салынған  шынының  үстіне  төгеді  де  кенелердің  бар-жоғын 

 
30 
 
тексереді. Саңылау диаметрі 1,5 және 1,0 мм елеуіштерде қалған тұқымда 
бізтұмсық,  зауза  қоңыздары  және  олардың  балапан  құрттарының 
(личинкаларының) бар-жоғы қаралады; саңылау диаметрі 2,5 мм елеуіште 
қалған  тұқым  ірі  зиянкестер  және  олардың  балапан  құрттары  мен 
гусеницаларының бар-жоғы қаралады. 
Талдау  кезінде  табылған  тірі  зиянкестердің  әр  түрінің  санын  1  кт 
тұқымға  есептейді.  Кенемен  зақымданудың  үш  дәрежесі  белгіленген: 
бірінші  дәрежеде  –  1  кт  тұқымда  20  данадан  аспайтын  тірі  кенелер 
болады;  екінші  дәрежелі  зақымдануда  –  1  кг  тұқымда  тірі  кенелердің 
саны  20-дан  артық  және  олар  колония  түзбейді,  әрі  еркін  қозғалады; 
үшінші  дәрежелі  зақымдануда  –  кенелер  киізденген  тұтас  масса  түзеді 
және олардың қозғалуы қиындайды. 
Тұқымның бізтұмсықпен жасырын зақымдануын анықтау.  Бидай, 
қара бидай, күріш және арпа тұқымының жасырын  зақымдануын тұқым 
үлгісінде  тірі  зиянкестер  болмағанда,  оның  есесіне  әлі  бізтұмсықтар 
немесе  олармен  зақымданған  тұқым  болғанда  анықтайды.  Жасырын 
зақымдануды анықтау үшін шөкіммен негізгі дақылдың 200 дана тұқымы 
сұрыпталады,  абайлап  оларды  тілік  бойымен  екіге  жарып  кеседі  және 
үлкейткіш  шынының  астында  балапан  құрттар,  қоңыздар  және 
куколкаларды  айқындайды.  Зақымданған  тұқымдарды  санап,  олардың 
пайызын анықтайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет