Практикумы алматы, 2009 (075) ббк 46. 6 я 7 б 83 сараптамашылар



бет3/8
Дата27.08.2017
өлшемі2,89 Mb.
#29770
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8



2 Тапсырма. Жүн үлгісіндегі талшықтың табиғи және нақты ұзындығын анықтау.

Жүннің табиғи ұзындығын миллиметрлік сызғышпен штапельдің немесе жүнді кластау кезінде бумадағы күйінде түзелмей 0,5 см дәлдікке дейін анықтайды және қой малдарын класстық бонитировкалау кезінде де, ал жекелеме бонитировка кезінде 0,1 см дәлдікке дейін түзіледі.Нақты ұзындықты бір талшықтан алып, 0,1 см дәлдікке дейін, қатты тартпай, түзулеп өлшейді. Нақты ұзындықты өлшеу үшін, жұмыс алдында миллиметрлік қағаз бекітілген шыны бетіне вазелин немесе глициринді жұқалап жағады. Зерттелетін үлгіден инемен бір талшықты бөліп алады.Одан кейін бір жақ шетінен шыны шетіндегі миллиметрлік қағаздың нөлдік дәрежесіне қояды да оны сол қолмен ұстап тұрады, ал оң қолымен пинцетпен оны созады.Бір уақытта миллиметрлік қағазға талшықтың нақты ұзындығы сәйкес келетін салды белгілейді.Осындай жолмен үлгідегі басқа да талшықтардың нақтылы ұзындығы өлшейді.


3 Тапсырма. Эксперттік жолмен жүн жіңішкелігін анықтау.

Жүн жіңішкелігін эксперттік анықтау – бұл талшық жуандығын көзбен және біртекті жүндердің жуандығын анықтаудың Советтік жіктеуіне сәйкес сапасына байланысты анықтайды.Эксперттік жолмен жүн жуандығын анықтау техникасы мен принципін тусіндіру үшін жүннің жоғарыдан төменгі (80-32-ге дейінгі сапасы) дейінгі сапасының эталондарымен танысу қажет.Жеке сапалар арсындағы айырмашылықты көзбен ажырата білу керек. Қарау кезінде бумадан талшықты бөліп алып, өніп екі қолмен саусақ арасына қойып, түзету қажет. Одан кейін талшық қалыңдығын берілген жүн үлгісі бойынша анықтайды.Сонымен қатар бір уақыт бір уақытта талшық иректілігіне де назар аудару қажет, онда жүннің 1 см ұзындығындағы ирек саны мен оның бумадағы пішіне бойынша, яғни иректілігіне байланысты жүн жіңішкелігі анықталады.Көптеген зерттеуден кейін жүн жіңішкелігін эталонның қажнтінсіз, де жүзеге асырылады (3.2.2 кесте).

3.2.2 кесте. Жүн жіңішкелігін эксперттік анықтаудың нәтижесі.


Үлгі №

Жүн иректілігінің пішіні

1см жүн ұзындығындағы ирек саны

Жүн жіңішкелігі

Сапамен


микрометрмен

1













2













3













4














4 Тапсырма. Эксперттік әдіспен жүн мықтылығын анықтау.

Эксперттік әдіспен жүн мықтылығын анықтау әдістемесі.Жұмыс істеу үшін:әр түрлі мықтылықтағы жүн үлгілері қажет.Жүннің біраз бумасын алып бас бармақпен сұқ саусақ көмегімен екі қолмен (үзбегі)тартады. Егер буманы тартып тұрып шерткенде үзілмей, қатты дыбыс шығарса,жүн мықты,ал егер жүнді тартып тұрып шерткенде үзілсе және дыбыс ақырын шықса, жүн әлсіз мықтылықта деп есептелінеді. Ал егер жүн бумасын тартып шерткенде орташа дыбыс шығарып және бума түгелдей дерлік үзілмесе, жүн мықтылығы орташа немесе қалыпты деп есептелінеді.(3.2.3кесте).


3.2.3 кесте. Жүн мықтылығын эксперттік анықтаудың нәтижесі



Үлгі №

Үзу мықтылығы(өте мықты,әлсіз,орташа)

Мықтылығын дыбыс арқалы анықтау(жоғары.орташа.төмен)

Ескерту

1










2










3









Бақылау сұрақтары.


1.Жүн иректілігі мен ұзындығының өлшеудің техникасы.

2. Жүн иректілігі пішініне сипаттама

3.Жүн иректілігінің маңызы

4. Жүн ұзындығының селекциялық және технологиялық маңызы.

5. Жүн мықтылығын анықтау әдістері

6. Жүн мықтылығына әсер ететін факторлар

7. Жүн созылғыштығы, серпінділігі және мқталығының маңызы.

8. Жүн жіңішкелігін эксперттік және лабораториялық әдістермен анықтаудың техникасы

9.Жүн жіңішкелігі қандай бірліктермен анықталады.

10.Бір текті жүн қандай салаларға бөлінеді.

11.Жүн жіңішкелігіне әсер ететін факторлар.

12.Жүн жіңішкелігінің селекциялық және технологиялық маңызы.




3.3 Тақырып. Шайыр және жабағы жүн элементтері

Сабақ мақсаты.

Студент жүн шайыры сапасы мен көлемін, шайыр маңызы мен түзілуін, ондағы май мен тердің ара қатынасын, әр түрлі бағыттағы қой малдарындағы шайыр көлемі, жабағы жүн сапасы көрсеткіштері ретіндегі тұлым мен штапель көлемі мен пішінін анықтап үйрену қажет.


Шайыр-терідегі май және тер бездерінің бөлінуі нәтижесінде пайда болған май тәрізді зат.Ол жүннің физикалық қасиеттерін сақтауда маңызды қызмет атқарады. Шайырдың пайда болуынан жүнге ылғал, қым және әр түрлі өсімдік қоспалары ене алмайды. Шайыр талшыққа жұқа қабат болып жағылады да оларды өзара бір-бірімен жабыстырады. Шайыр-жүннің техникалық қасиетін бұзатын әр турлі ластайтын қоспалардан, судан қорғайтын, қажет зат болып табылады.

Қой шаруашылығында жабағы жүннің ластану тереңдігіне байланысты шайыр көлемінкең қолданылатын әдістерді игеруқажет.

Егер қарындағы жүн қалыпты жүн қоюлығында минералды қоспалармен тұлымның 1/5-1/6 тереңдігіне дейін ластанса, онда жүн шайыры қалыпты.

Егер жүн тұлымда 1/3 тереңдіктен артық ластанса, шайыр жеткіліксіз. Шайыр көлем сенімсіздік туғызған жағдайда, жүндерді бұрау арқылы анықтайды. Егер бұраған кезде сәл ғана шәйір жеке талшықтардың бетін біркелкі қабатпен жапса, жүн майы қалыпты.Ал егер шайыл көп болса, талшық бетіне тамшы түрінде шығарады жетіспесе, май шықпйды және талшықтар бірікпейді.

Шайырдың екі түрін ажыратады: 1. Бөлме температурасындағы жай суда оңай жібитін, консистенциясы біркелкі крем тәрізді түстен ақ туске дейін болады.және 2. қиын жібитін(еритін)-сары түстен әр түске дейін.Қиын жібитін зиян сапалы шайыр – бұл бал тәрізді қабаттардан немесе смала (шайыр)ттәрізді қатты бөлшек түрінде жиналып қалған, әр жерінде жасылдау – лимон тәрізді түсте болып, жүнді жуған кезде мұндай шәйір қалдық пен шикізаттың қымбаттауын туғызады.

Егер қой жүнін қарағанда, олардың бір-біріне жабысып,аздағы көлемдегі бумалар түзетіндігін байқауға болады, яғни оны біз тұлым деп айтамыз. Меринос жүні тұлымдары мен қылшық жүн тұлымдары арасында үлкен айырмашылық бар екендігін байқауға болады.

Тұлым жабағы жүннің ұсақ элементтерін сипаттайды.

Жүн талшықтары тұлымдарға бірігеді, ол келесідей себептердің әсерінен болады. Меринос жүнінің талшық қынабы тығыздық бір-бірімен тығыз бекиді,олар бір уақытта бірнеше жүн талшығы шығатын бір тесік түзеді.Осы жүн талшықтарының барлығы иректелген, олар тығыз орналасқандықтан және шайырдың болуына байланысты бір-бірімен жабысып тұрады.

Иректілік пішіні мен сипаттамасы меринос жүнінің сапасын белгілі бір дәрежеде оның әр түрлі мақсатта пайдалану жарамдылығын анықтауда белгілерін құрайды. Сондықтан қойларды бонитировкадан өткізу кезінде және күнді реттеу кезінде ең басты назарды тұлым сипаттамасына аударады.Тұлымда штапельді жанындағы беткі (боковая поверхность ), жоғарғы және төменгі ұштарына ажыратады.

Штапельдің қалыпты пішіні ретінде цилиндрлі саналады, ол барлық жүн талшықтарының біркелкі жіңішкелігін, иректілігі мен ұзындығын қамтамасыз етеді.

Штапельдің конус тәрізді пішінінде штапель түзетін жүн талшықтары біраз жетіспейді, яғни тығыз емес немесе талшықтың төменгі бөлігінде иректілік ірі, ал жоғарғы бөлігінде ұсақ болуымен сипатталады.

Воронка тәрізді пішін талшықтағы иректіліктің бір келкі емес жағдайында болады. Иректілік төменгі жағында ұсақ, жоғарғы жағында ірі немесе ұзын жүн талшығында ірі және жалпақ иректілікпен шайыры аз көлемде болады.

Қылшық жүнді қой малдарының жабағы жүні меринос жабағысына қарағанда неғұрлым жуан бумалардан құралады. Бұл бумалар қылшық жүнді қойларда тұлым деп аталады. Қылшық жүнді қойлардың тұлымы қылшық пен түбіттен тұрады да, болып саналады.

Ішкі штапель пішіні штапелькалар пішіне байланысты, сондықтан олар: цилиндірлі, конусты және қайта конусты немесе воронка тәрізді болады.

Ішкі штапель пішінінен басқа иректілік сипатына назр аударады. Қазіргі уақытта бірнеше әр түрліліктен штапельдерді ажыратады.

Ағынды штапель – қалыпты иректілік пе тығыз жүндермен сипатталады. Штапель цилиндрлі, иректілігі жартылай дөңгелек пішінді.

Анық штапельді – иректілігі анық көрінеді. Иректілік пішіні жартылай немесе сәл биік. Анық штапель жүн тығыздығының көп еместігін көрсетеді.

Маркитті штапель. Иректілігі өте айқын көрінеді, иректілігі биік, қысылған. Штапельдің бұл әркелкілігі жүннің тығыз еместігін көрсетеді.

Дамып кеткен штапель – барлық жүн жабағыда «жіптен» ғана тұрады.

Жабағының сыртқы беткі түрі сыртқы штапельдің өзара бірігуімен сипатталады. Егер штапельдер бір – бірімен тығыз байланса, онда олар жабық немесе тұйық жабағы түзеді, егер штапельдер ажыраса немесе бір – бірімен әлсіз байланысса, жабағы ашық деп аталады. Қысқа жүнді биязы жүнді қойлардың сыртқы штапелі өте ұсақ, ұштары әр түрлі пішінді болып келеді. Штапельдің ұшындағы пішіні инелі, рапсты, үшкірленген, ұсақ квадратты және т.б. деп аталады. Қойлардың орташа және ұзын жүндегі сыртқы штапелі неғұрлым ірі пішінді болуы мүмкін, сондықтан оарды пішініне байланысты:

Дөңгелектенген штапель – пішіні көбірек немесе азырақ домалақ, орташа ұзындықтағы жағымды сапалылығымен сипатталады.

Жалпақ немесе ірі квадратты штапель – төртбұрышты немесе көпбұрышты пішінді.

Тақтай тәрізді (досчатый) штапель – орташа көп немесе аз көлемдегі жалпақ және ұзын тік бұрыштан тұрады. Бұл штапель орташа жіңішкеліктегі жүнге негізделген.

Смалалы (шайырлы) штапель – артық шайыры көп әр түрлі ұзындықтағы жүндерге негізделген. Неғұрлым жүн ұзын болса, штапель соғұрлым ірі.


1 Тапсырма. Экспертік әдіспен жүндің ша»ыр көлемі мен сапасын анықтаңыз.

Сабақта берілген жүн үлгілеріне қарап және ұстап көріп, шайыр көлемін, түсін анықтаңыздар және шайырдың жетіспеушілігі мен артықшылығын қандай белгілері бойынша анықтайтындығын, оның биязы жүнді қой тұқымдары үшін асыл тұқымдандыру жұмысындағы маңызын түсіндіріңіз (нәтижесін 3.3.1 кестеге жазыңыздар).


3.3.1 кесте. Жүндегі шайырды зерттеу нәтижесі


Бума



Түсі

Консистенциясы

Тұлым биіктігі, см

Ластану тереңдігі, см

Шайыр сапасы

Шайыр көлемі (қалыпты, артық, жетіспеушілігі)























2. Тапсырма. Жабағы құрылымен танысу.

Тутас жабағы құрылымымен танысып, штапель пішіні мен тұлымын анықтау керек. Нәтижесін 3.3.2 кестесіне жазыңыздар.

3.3.2 кесте. Жабағы құрылымын сипаттаңу (жүн үлгілеріне қарап)


Жүн үлгілерінің нөмірі

Жабағының ішкі құрылымы

Иректілік бойынша штапель сипаттамасы

Штапельдің сыртқы пішіні

1.










2.










Бақылау сұрақтары.


1. Шайыр маңызы.

2. Шайыр көлемі мен сапасы қандай факторларға байланысты.

3. Шайыр көлемін анықтау әдістері.

4. Шайыр көлемін анықтаудың эксперттік әдісі.

5. Шайыр сапасының жақсы белгілері.

6. Шайыр сапасының нашар көрсеткіштері.

7. Штапельдің сыртқы пішіні.

8. Штапель иректілігінің әр түрлілігіне сипаттамы беріңіз.



3.4 Тапсырма. Таза талшық шығымын анықтау

Сабақ мақсаты.

Шаруашылық жағдайындағы таза талшық шығымын анықтауды үйрену.


Таза талшық шығымын анықтауды қой қырқымы кезінде әрбір отардан қырқылған жүннен жабағыны сұрыптаудан бастайды. Егер отардағы саулықтар бонитировканың класс бойынша қалыптастырылса, таза талшық шығымын анықтау үшін, әрбір 20-25 жабағы сұрыптап алады. Ал егер отар әр жастан және әр түрлі бонитировкалық кластан қалыптастырылса, әрбір 15-жабағыны сұрыптап алады. Әрбір жабағыдан 100г салмақтағы үлгіні алып, біріктіреді. Бұл жүнді қысатын құралдың 200 г үлгіге арналғандығына байланысты. Егер аталық қошқарлардың немесе селекциялық ядродағы аналықтардың таза талшық шығымын анықтау керек болса, әрбір жабағыдан міндетті түрде (негізгі, қосымша және бақылау) 200 г салмақтағы үлгі алынады. Жабағыдан үлгі алу техникасы екі жжжағдайда да бірдей және келесідей анықталады.

Жабағыны арнайы жұмыс столына жайып салады да, одан қи-көңмен лсаианған және төменгі сортты жүндерді бөліп алып, 10 г дәлдікке дейін өлшейді. Одан кейін жабағыны қайтадан тегіс етіп жайып қояды, штапельдің жоғарғы жағы аралығында ешқандай да қиық болмауы керек, ал малдың үстінде қандай тығыздықта болса, жабағыда да сондай болуы тиіс.

Егер қалыпты жағдайдағы түрге келтіріп, жеке топографиялық бөліктері өз орнына келіп тұрса, ондай жабағы жүнге тор көздері трафарет қойылады. Ондағы тор көздерінің 1,0*1,6 метр көлемде ұзынынан 8 және жабағы ені бойынша 5 ұяшық (20*20 см) орналасады. Одан кейін тор көздің жан – жағына шығып тұрған жүндерді кіргізіп, жабағының шет жағынан тек, тор көз неғұллым тығыз орналасқан немесе жарты аумағына жеткен жүннен алады. Жабағыдан жүн үлгісін 100гр (200гр) салмаққа жететіндей етіп алады.Егер жабағы аумағы, біркелкі болмаса, жүн үлгісін алу кезінде жабағының көлемін қанша ұяшық алып жатқандығына байланысты, әрбір ұяшықтағы бума салмағын есептеуге болады. Буманы үш саусақпен алады. Алу кезінде жабағының қалған аймағындағы жүнді екінші қолмен ұстап тұоады да, өйткені буадағы минералдық қоспалардың шашылуы мүмкін және буманы штапельдің жоғарғы жағынан ғана столға саусақ тигенше, түбіне дейін (негізіне) алу қажет.

Алынған үлгіні техникалық таразыда 1 г дәлдікке дейін өлшеп, қағазға орайды немесе арнайы қапшыққа салады. Отардың таза жүн шығымын анықтау кезінде үлгі салынған ыдысқа:жүн үлгісінің номерін, отар нөмірін немесе шопанның тегін, тұқымын, малдың жасы мен жынысын, жүн түрін, жабағы класын, үлгі алынған күнді және тағы басқа қажет мәліметтерді жазады. Дәл осындай этикетканы қап ішіне салады.

Жүн үлгілерін сұрыптау кезінде таза талшық шығымын жекелеме анықтау үшін этикеткаға малдың жеке нөмірі де жазылады.

Таза талшық шығымын анықтау үш кезеңнен:жүн үлгілерін жуу, оның тұрақты құрғақ салмағын анықтау және ол арқылы таза талшық шығымын бекітуден тұрады.Жуу процесін тездету үшін қосымша әрбір үлгіні 30-40 мин 1 л суда 1 г содасы бар, 38-4º С температурадағы, ерітіндідегі жеке ыдыста жібітеді.

Жібітуге жүн жуылған ерітіндіні пайдалануға болады. Төменгі сортты және қилы жүнді 4 сағаттан көп уақыт аралығында ластануды жеңілдету үшін салып қояды. Жібітуді бір ыдысқа бірнеше үлгіге жүргізуге болады, ол ұяшықтарының көлемі 1-2 мм капрон торға салу арқылы жүзеге асады.

Үлгіні жуу алдында қолмен қысады, ал жібіту ерітіндісі бачоктағы торлы карзинаға өтеді. Үлгіге барлық бүлінген жүн талшықтары мен клочки кіреді.

Үлгілерді жіберуін 5-6 мин аралығында 5 бачокта жуады және шаяды. Биязы және биязылау жүнді 1 л суда 3 г сабын және 3 г содасы бар сабын-содалы қоспада, ал ұяң және қылшық жүнді 3 г сабын және 2 г содасы бар қопада жуады. Бірінші, екінші және үшінші бачоктарға 15-20 л қоспадан құяды. Төртінші ыдысқа жылы су, бесінші бачокқа – бөлме температурасындағы суды қояды. Қоспа температурасы үлгілерді жуу үшін келесідей:бірінші 40-45º С, екінші және үшінші 48-50º С; ал төртінші бачоктағы су темперасы – 38-40; бесіншіде 20-25º С.

Үлгілерді жуу үшін шаруашылықтық немесе 40 проценттік сұйық сабынды және кальциленбеген соданы пайдаланады. Егер жууға басқа май қышқылдары бар сабынды пайдаланса, онда жууға арналған қоспа дайындағанда сабын салып өзгерту қажет.



Мысалы 60 проценттік сабынды 1 л суға келесідей есеппен салу қажет:

Жұмыс жағдайын жақсарту үшін, көбінесе сабын содалы қоспаның жоғарғы көлденең трациясын алады. Қоспа көлденең трациясын 30 есе арттырады, яғни 10 л ыстық суға 900 г сабын және 600 г содыны ерітеді.

Сабын – содалы қоспаның орнына жүн жуу үшін синтетикалық жуу заттарын (әмбебап немесе тоқылған өнімдерге арналған) 1 л суға 2 г концентрацияда пайдалануға болады.

Негізгі және қосымша үлгілерді торлы карзиналарға бірінен соң бірін жуады. Бір бачоктан келесісіне жүн үлгілерін карзиналармен бірге ауыстырады. Қоспадан карзинаны алып шыққан соң, үлгіні мұқият соғады, содан кейін ғана осы карзинамен келесісіне салады. Төрт (200 г) немесе 8 үлгі (100 г) үлгі жуылған кейін бірінші және екінші бачоктағы қоспаны құйып алады, ал үшіншідегі қоспаны бірінші бачокка құяды. Екінші және үшінші бачоктарға үшінші қоспа құйылады. Төртінші және бесінші бачоктардағы суды ластануына қарай ауыстырып отырады.

Үлгілерді жуып, шайғаннан кейін, ондағы ірі ошағандарды ажыратады. Ал шөп – шаламды жүн талшықтарын жұлып алынбайтындай етіп, ақырындап тазалайды.

Жуылған жүн үлгісінде ст 25590-83 сәйкес 1 процент өсімдік арамшөптің 1процент май қалдықтары және 1процент минералды қоспалардың болуына рұқсат етілген. Жуу сапасын бақылау, органолиптикалық әдіс бойынша жүргізіледі. Нақты бақылау болу үшін бірнеше жуылған үлгілерді шаруашылықта негізінен республикалық немесе аумақтық жүн зертханаларға жіберуі тиіс.

Жүн үлгілерін арамшөптерден тазартқаннан кейін, оны тұрақты құрғақ салмағын анықтайтын кондициялық аппаратқа немесе осы мақсатта пайдаланылатын: ГПОШ-2м, ЦС-53Б,ЦС-153-1 немесе зертханалық пресс ПЛФ-10 аппараттар береді.

Зерханалық процесс ПЛ-Ф-10 және ГПОШ-2м, ЦС-53А, ЦС-53Б гидроаппараттарын пайдалану жуылған және ылғалды жүн үлгілерін тұрақты қысыммен, манометрмен тіркеу арқылы сығуға негізделген. Осындай қысыммен жүн үлгілерін сыққанда белгілі бір мөлшерде ылғал қалады., соның салдарынан үлгі салмағы оның құрғақ салмағы арасында арақатынас пайда болады.

Үлгінің құрғақ салмағын оны гидроаппаратта қысқаннан кейінгі салмағына көбейту арқылы немесе лабораториялық престегі сәйкес келетін коэффициент арқылы анықтайды.

ГПОШ-2м, ЦС-53А, ЦС-53Б аппараттарында жүннің құрғақ салмағын анықтау үшін бекітілген коэффициенттер келесідей:бір текті жүн үлгілері үшін (биязы,биязылау)-71, әр текті )ұяң, қылшық( жүндер үшін, оған каракуль және құйрықты қылшық жүндер кірмейді -70 және каракуль мен құйрықты қылшық жүнді қой малдары үшін 68; зертхананың ПЛ-ф-10 пресі үшін біртекті жүндерде – 70. Ал әр текті жүндерде -69;

ПЛ-ф-10 зертханалық пресі мен ГПОШ – 2м, ЦС-53А, ЦС-53Б гидроаппаратының жұмысын жыл сайын тексеріпотыру қажет. Ол үшін қойды қырқу алдында 5 үлгіні жуу қажет және тексерілетін пресе немесе аппаратта құрғақ салмағын анықтау қажет, одан кейін осы үлгілерді құрғақ салмаққа дейін АК-2 немесе ЦС-153-1 аппараттарында кептіру қажет. Егер шаруашылықта аталған кептіргіш аппараттар болмаған жағдайда, жуылған сығылған (тексерілетін аппаратта) және өлшенген үлгілерді республикалық немесе зоналық жүн зерттеу зертханасына жіберіледі. Онда жүнді тұрақты құрғақ салмағына дейін кептіріп, нәтижесін жіберушіге хабарлайды. Кордициялық аппараттағы нәтижесі тексерілетін аппараттан алынған шығымнан -/+ аспауы керек.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет